24
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Үміттеніп отырған орны:
АТФ
банкінің вице-президенті
Білімі:
жоғары
Бітірген оқу орындары:
2009-2011 жж. Канада,
Калгари қаласы,
Калгари техникалық институты.
Магистратура;
2005-2009 жж. Алматы қаласы,
Халықаралық Бизнес Академиясы
Бакалавр.
Мамандығы:
менеджмент
Еңбек өтілі, жұмыс тәжірибесі:
2016-2020 жж. Астана қаласы,
Халық
банкі АҚ, бөлім бастығы;
2013-2016 жж. Астана қаласы,
Халық банкі АҚ,
бас менеджері;
2011-2013 жж. Алматы қаласы,
АТФ банкі АҚ, менеджер.
Ғылыми атағы, дәрежесі:
экономика ғылымдарының
кандидаты
Жетістіктері:
2018 ж. «Банктің үздік қызметкері»
Тілдерді білуі:
қазақ тілі –
ана тілі,
орыс тілі – еркін,
ағылшын тілі – жетік
Компьютерді білуі:
Microsoft Word, AutoCad, Turbo
Pascal, C++, Power Point, Internet,
Exell, Photoshop, Corel DRAW.
Жеке қасиеттері:
жауапты, ұқыпты,
еңбекқор
Қызығушылығы:
кітап оқу, спорт, музыка, саяхат
Қосымша ақпараттар:
автокөлік жүргізудің «А, Д»
категориялары
Ұсыным хат немесе кепілдеме: Ұсыным хат қосымшада тіркелген.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Түйіндеме қандай жағдайда жазылады?
2. Түйіндеме нешінші жақта жазылады?
3. Түйіндеменің қызметі мен ерекшелігі қандай?
4. Түйіндеменің қандай жазылу тәсілдері бар?
25
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
• ұлты
• жынысы
• мекенжайы
• отбасы жағдайы
• азаматтығы
• білімі
• мамандығы
• еңбек өтілі
• тілдерді
білуі
• компьютерлік сауаттылығы
• ғылыми атағы, дәрежесі
• жетістіктері
• жеке қасиеттері
• қызығушылығы
• кепілдеме
• ұсыныс хат
• әйел
• ер
• тұрмыс құрған
• тұрмыс құрмаған
• күйеуге шыққан
• күйеуге
шықпаған
• үйленген
• үйленбеген
• бойдақ
• жоғары
• орта
• арнайы орта
• бөлім бастығы
• сәулетші
• дәрігер
• бас есепші
• құрылысшы
• инженер
• технолог
• жүргізуші
• тәрбиеші
• меңгеруші
• орынбасары
• бас менеджер
• ана тілі
• еркін
• жетік
• сөздікпен
• жауапты
• ұқыпты
• еңбекқор
• ұйымдастырушылық қабілеті
• тез
тіл табысады
• адамгершілігі мол
• кітап оқу
• спорт
• музыка
• саяхат
• саятшылық
• әдеби кітап оқу
1-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Азаматтығы туралы мәлімет, тілдерді білуі, жұмыс тәжірибесі, қысқа
әрі нақты, жұмысқа орналасу, компьютерді білуі, ұйымдастырушылық
қабілеті, алға қойған міндеттері, спортқа қатысы, бос уақытында
шұғылданатын ісі, ғылыми дәрежесі.
2-жаттығу. Сұхбатпен танысыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
– Арман, маған көмектесіп жіберші.
– Қандай көмек керек, Әсел?
27
Орынғазы Әбутәліп
МЕНІҢ АНКЕТАМ
Туған жерің?
Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
Туған жылың?
1931. Құрдасымын Шәмілдің.
Жынысың кім?
Еркекпін ғой, еркекпін!
Және-дағы тәуірмін...
Партияда барсың ба?
Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
Шыққан тегің?
Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
Білімің ше?
Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
Ана тілің?
Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
Қайда істедің?
Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
Міндеттісің бе әскерге?
Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
Сөгіс алып көрдің бе?
Ол жағынан
періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...