О.Конттың ғылымды классификациялауы
Адам ойының эволюциясына үлкен ықпалды ғылыми біліммен, ғылыми пәндер жіктемесі тигізген. Логикалық әдістің түрі ретінде жіктеме ғылыми зерттеудің типология амалының негізгі элементі болып табылады. Ол ғылыми білімді ұйымдастырудың логикалық-әдістемелік амалы ретінде қолданылады, бірақ оның эвристикалық мүмкіндіктері шектеулі болып келеді.
Ғылыми таным методологиясын дайындау барысындағы көрнекті орын позитивизмге тән. ХІХ ғасыр ғылыми зерттеулері физиканың дамуына ықпал жасады. Жаңа бөлімдер пайда болды, олар: электр тоғы туралы оқулықтар; магнетизм; жаңартылған жылу теориясы; оптика. Физика математикамен тығыз байланыста дамып отырды, ол тек Ньютонның ғана заңдарына сүйеніп қана қоймай, сонымен бірге Ж.Л.Лагранж және П.С.Лапластың да зерттеулеріне сүйенген. Математикалық есептеулер мен тәжірибесіне сүйенген нақты білімді Сен-Симон «позитивті білім» деп атаған. Егер ХVII ғасыр ғылыми революция классикалық метафизика (Р.Декарт, Г. Лейбниц) шеңберінде енгізілсе, онда ХІХ ғасыр ғылыми прогрестің философиялық контексі ретінде антиметафизикалық ағымдар дами бастаған. Өнеркәсіптің, құрылыстың, сауданың, мемлекеттік басқарудың дамуы жаңа мамандарды талап етті, олардың білімдері қабілеттеріне сай болуы тиіс еді. Позитивті білім – білім беру жүйесінде де қажет болды. Осының барлығы жаратылыстануға қажетті натурфилософияның аяқталуын білдіретін. Жеке ғылым қоғамдастығында кейбір өкілдерде Гегельдік және «дәстүрлі» философияның қажеті жоқтығына байланысты ойлар туа бастады.
Позитивизм өзінің дамуында үш кезеңнен өтті: - ХІХ ғасырдың басы – ХІХ ғасырдың аяғы –«бірінші позитивизм» (О.Конт, Дж.С. Милль, Г. Спенсер) - классикалық; - 1920 жылға дейін – «екінші позитивизм» (Э. Мах, Р. Авенариус) эмпириокритицизм; - 1920 жылдан бастап –«үшінші позитивизм» (М.Шлик, Б. Рассел, Р. Карнап, К. Поппер және .б.) логикалық позитивизм. Позитивизмнің бірінші даму кезеңі. Позитивизмнің негізін қалаған француз философы Огюст Конт (1798- 1857). «Позитивтік философия курсы» атты жұмысында ол интеллектуалдық дамудың үш даму кезеңін анықтады:
1. Теологиялық, мұнда жоғарғы күштер қызметі басым болған;
2. Метафизикалық, мұнда құбылыстар абстрактілі негіз бойынша түсіндірілетін;
3. Позитивті (ғылыми), мұнда табиғат феномендерін алынған заңдылықтар негізінде түсіндіруге болады.
Огюст Конттың классификациясы қарапайым қозғалыстарды зерттейтін ғылымдардан басталып – механика мен физикадан, қозғалыстың жоғары түрлерін зерттейтін әлеуметтанумен бекітілді. Сөйтіп, келесі ғылымдар әуелгі ғылымдардың заңдары мен принциптарын қолданып, өздерінің ережелерін енгізген.
Жалпы заңдылыықтардың азаюы
Ғылымның пәнінің қиындығы, позитивті кезеңге көшу реттілігі
Социология
Биология
Химия
Физика
Механика
Астрономия
Математика
Ғылымның даму нәтижесінде адам санасы сенімнен жоғары болуы тиіс, ғылым діннен, оң білім- теология мен метафизикадан жоғары болуы тиіс. Конттың философиясының негізі болжамы осыдан туындады. Конттың пікірі бойынша позитивті білім барлық білімнің негізі болып есептлінеді. Сондықтан, позитивті ғылым –сипаттауға болатын шынайылық туралы ғылым. Ғылымның мақсаты – заңдылықтарды зерттеу, өйткені тек заңдылықтар болашақты болжауға мүмкіндік береді және біздің белсенділігімізді табиғат пен қоғамның өзгерісіне бұра алады. Соңғы мәселені шешу үшін, Конт «әлеуметті физиканы», яғни ғылыми әлеуметтануды құруды қажет көрген. Философ пікірі бойынша позитивті білім әрқашан қатысты, өйткені қабылдау процесі – тек құбылыстардың уақытша тізбектілігі және олардың кеңістіктік координациясы. Осыдан фактілердің жиынтығы имманентті болып табылады. Имманенттілік көзқарасы бойынша – позитивті ғылым қағидасы метафизикаға қайшы келеді. Конт метафизикалық категорияларды қолдануға қарсы шыққан болатын, олар «абсолютті субстанция», «абсолютті объект», «трансценденттілік» және т.б., себебі аталған талпыныстар абсолютті рухтың құпиялы әсерін айқындайды, ал ол өз кезегінде теологофизикалық ойлауға тән қасиет болып табылады. Бірақ, нақты фактілермен қатар Конт абстрактілі түсініктердің болуын да мойындайды. Математикалық формулалар көмегімен ғылым құбылыс әлемінің уақытты тізбегі мен кеңістікті қатынастарды тіркейді. Табиғи заңдылықтарды ретке келтіру мақсатымен Конт ғылымдар классификациясын құрған болатын. Осы классификация бойынша ғылым қарапайымдылық абстрактілік дәрежесіне байланысты кеміте орналасқан – математика, астрономия, физика, химия, биология, әлеуметтану. Олардың жүйелі реті құбылыстардың қарапайым ретіне сәйкес келеді және ол позитивті білімнің даму ретін сипаттайды. Математика бірінші орынды иеленді, өйткені ол ең қарапайым объектілер туралы ғылым, ол абстрактілі және позитивті ғылыми пән ретінде бірінші болып қалыптасқан. Әлеуметтану, фундаментальды пәндердің ең соңғысы, өйткені ол өте күрделі, нақты және тарихи жағынан кейіннен қалыптасқан ғылым болып табылады. Әлеуметтану, басқа пәндерге қарағанда қатаң заңдылықтарды көбірек қажет етеді, себебі ол күрделі құбылыстармен көп байланысты. Екінші жағынан, оның әр түсінігі байланыстар жүйесіне кіреді, ал олар үнемі кеңейіп, нығайып отырады. Конт жіктемесінде философия ескерілмеген, өйткені оның пікірінше «ғылым өздігінен философия болып табылады».
Философия міндеті – «әрбір ғылым руханилығын ашу, олардың байланысын және қатынастарын анықтау, позитивті әдіске сәйкес қағидаларын қосу». Сонымен, философия ғылымдар методологиясына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |