Нурмаханова Гульнура Шамельевна Ырғыз №2 орта мектебінің



жүктеу 136,79 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі136,79 Kb.
#4245
түріСабақ

Нурмаханова Гульнура Шамельевна

Ырғыз №2 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


           Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.
Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, өмірлік мақсаттарды жүзеге асыруға арналған оқығанын пайдалану бағаланады. Бүгінгі күні функционалдық сауаттылықты  дамытуда оқытудың сындарлы тәсілінің маңызы өте зор болып отыр. Орта білім беру жүйесінде әлемдік ойлауын дамыту олардың алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. Жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теорияға негізделген тәсіл кең тараған.
Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын, қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау гректік Сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады. Сол кездің өзінде беделді негізде алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан: олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты.
Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе толғану, ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады.  Жалпы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың фукнкционалдық сауаттылығын дамытуда  топтық жұмыстың маңыздылығы зор деп білемін. Қазақ тілі және әдебиет сабақтарында күнделікті сабағымда  топтық жұмысты жүргізіп отырамын. Ытымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Ынтымақтастық оқу – бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Бірлескен жұмыста оқушылар ақпаратты өздері игеріп, бұрынғы алған білімдерімен байланыстыра алады. Топтағы оқушылар топтың әр мүшесінің көзқарасымен танысудан пайда алады. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі. Өйткені олар түрлі көзқарасты тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Қазақ тілі сабағында мәтінмен жұмыста оқушылар тек мәтіннің мазмұнын біліп қана қоймай, сондай-ақ олар бірігіп, мәтіннен қажетті ақпараттарды табу, мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу, мәтіндегі ақпаратты жіктеу, терең мазмұнды ақпаратты табу, мәтіннен ой түю сынды тапсырмаларды орындайды. Мәтін бойынша өздерінің пікірлерін қосады. Автордың ойымен өзінің ойын салыстырады. Сабағымда қолданылатын әдістерге тоқтала кетсем, «екі түрлі түсініктеме күнделігі» оқушылар мәтінді оқу барысында олар бөліктің оң жағына әсер еткен  тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптарын  алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс. Мысалы: сіздің ойыңызда не сақталып қалды? Автор оқырманды қалай қызықтырады?, кейіпкерлердің іс-әрекетін сіз қалай бағалайсыз? Сіз осы кейіпкерге ұқсайсыз ба? Қай жағынан ұқсайсыз? осындай кейіпкерлерден қандай үлгі алуға болады? Сіз осы кейіпкерге қандай ақыл айтасыз?
Сыныпта сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады, және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес сұрақтар» деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған, берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Қазіргі оқыту үдерісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп, оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенмен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда  оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей оқушылардың мүмкіндіктерін шектейді. Оқушылардың сыни ойлауын дамытуда қай пәннен болмасын БЛУМ таксономиясын қолданған тиімді деп ойлаймын. Таксономия  грекше! taxis-орналасу, құрылыс, тәртіп және nomos заң) Таксономия олардың иерархиясын құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген. БЛУМ таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар түрлері:

1.Білу: таным мен ойлауы төмен деңгей.Оқушы нақты фактілерді біледі,жұмыстың орындалу ретін біледі, негізгі ұғымдарды біледі, анықтамалар мен ережелерді біледі. Білу кезеңінде қазақ тілі пәнінде зат есім дегеніміз не бастауыш, не яғни нақты анықтамасын, ережесін біледі. 2.Түсіну: таным мен ойлауы орта деңгей, оқу материалын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау. Түсіну кезеңінде осы өздері білген ережелерді өз сөздерімен түсіндіреді, топ мүшелерінің арасында түсіндіреді немесе сыныптың алдында түсіндіреді. Оқушының осылай күнделікті сабақта топтың алдына шығып немесе күнделікті сабақта өз ойын айтудан өзіне деген сенімділігі артады, сыныптастардың арасында бір-біріне деген сенім пайда болады 3.Қолдану: таным мен ойлауы орта деңгей, оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді. Қолдануда осы өткен ережелерді қолданып сөйлемдер жаздыруға болады, әңгіме жаздыруға болады.

4.Талдау: таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей, оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу бүтіннің бөліктерін ажырату. Талдау кезеңінде оқушылар сол күнгі сабақтан алынған мәліметтерді салыстырады, талдайды.

5.Жинақтау: таным мен ойлау жоғарғы деңгей. Бұл бөлімде оқушы шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма жазады, тәжірибе жасаудың өзіндік жұмысын ұсынады. Алынған мәліметтер бойынша кесте құруы мүмкін.

6.Бағалау: таным мен ойлауы – ең жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңызын анықтап, өз пікірін келтіреді, ойын білдіреді. Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін күнделікті сабағымда қолданамын. Блумның анализ, синтез, бағалау тараулары арқылы кез келген тақырыпта сұрыптау жасап, пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап, баға бере алатын жеке тұлғаны дайындау біздің міндетіміз. Педагогтың шеберлігі,яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – заман талабынан туындап отырған мәселе.

Баяндама тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану"


Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын  өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу  – адамзат баласы үшін тысқары  бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі. Жер бетінде бар адамзат тілдерін күнделікті өмірдегі қарым- қатынас  барысында үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Қазақстан Республикасының  «Тілдерді дамытуға арналған мемелекеттік бағдарламаларының  негізгі талабы - мемлекеттік тілді  оқытудың саны мен сапасына көңіл  бөлу керек». Орыс мектептерінде өтілетін қазақ  тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың  сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты  жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Оқушылардың білімін  арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Бүгінгі таңда оқу процесінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни инновациялық әдістері де жиі қолданылады.Оқу процесінде оқытудың озық технологиясын қолдану –бүгінгі  күннің өзекті мәселесі.

Ұстаз ретінде заман  талабына сай оқушылардың білімін  тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын  арттыру үшін көп еңбек етуіміз қажет. Басты  талап – сабақтың сапасын арттыра  отырып сабақ түрлері мен әдістерін  танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Қазіргі  уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың  ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ  өткізу барысында оқушыларды халық  педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай  дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі – «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы». Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. В.П.Беспалько оқу материалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады:

1 – деңгей базалық  деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей болғандықтан  барлық білім алушы тапсырманы  толық орындауы тиіс.

2 – деңгей Қосымша  мәліметтер алғашқы деңгейде  алған білімді одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын  нақтылайды, ұғымдардың не үшін, қалай  қолданылатынын көрсетеді.  Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

3 – деңгей Өз бетіндік  жұмысты қалыптастыру мақсатында  білім алушылар жаңа тақырып  бойынша меңгерген қарапайым  білімдерін жетілдіріп тереңдетеді.  Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру  арқылы меңгеруіне, қорытындылай  білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде  ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.

4 – деңгей Бұл деңгейде  берілген тақырып бойынша өз  бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.  Реферат, баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш  құрастыру тапсырмалары беріледі.

Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясының  жемісі сол, ол оқушыны күштеп оқудан аулақтатып, өз бетімен оқуына, ақпаратты  өз бетімен өңдеуге, ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыландырады .

Қорыта келгенде деңгейлік  тапсырмалар орындау негізінде  оқытудың тиімділігі:

- оқушы өз бетімен жұмыс  істеуге дағдыланады ;

- оқушының жеке қабілеті  айқындалады; 

- іштей бір-бірінен қалмауға  тырысады;

-тапсырманың күрделену  деңгейіне сәйкес оқушының ойлау  қабілеті артады;

-сынып оқушылары толық  бағаланады;

-әр бала өз деңгейіне  ,қабілетіне қарай бағаланады.



Қазақ тілін оқыту барысында оқушының сөздік қорын байыту арқылы тілін дамытуға болады. Қазақ тілін үйрету, білу қазіргі таңда басты мәселе болып отыр. «Тіл дамыту дегеніміз  – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» ,-дейді ғалым М. Балақаев. Тіл үйренуде ең басты міндет-оқушылардың сөйлеу тілін дамыту. Тіл дамытудың шарттары:

1.Сөздік қорын дамыту.  2.Сөйлеудің грамматикалық  жағын ескере отырып қалыптастыру. 

3.Ауызекі сөйлеу тілін  дамыту. 4.Әңгімелеуге үйрету. 

  Қазақ тілі сабақтарында бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, жаңа технологияларды енгізу. Сабақта оқушылардыңтілін диалог, монолог дамытуға болады. Диалогтық, монологтық сөйлеу барысында туындайтын қиыншылықтар да бар:



  • Диалогтық сөйлеуде қабылдаушы  баяндаушының айтқан ойын, көзқарасын  бірден түсінуі қажет. 

  • Қабылдаушы бірден аяқ  асты жауап беруі тиіс.

  • Сөйлеу барысында қабылдаушы  тыңдалым мен айтылым әрекетін  бір-бірімен сабақтастыра меңгеру  керек. 

Монологтық сөйлесу барысында  қабылдаушы баяндаушының айтқан  ойын, көзқарасын саналы түрде  ұғынып, оны логикалық жүйеікпен  айтуы керек. Монолог арқылы оқушылардың  мынадай іскерліктері қалыптасады:

  • белгілі бір тақырыпқа  өз көзқарасын білдіреді 

  • белгілі бір тақырып  бойынша ақпарат береді

  • сөз тіркесі мен сөйлем  құрай білу дағдылары қалыптасады 

  • сөйлеу тілін байтады 

  • сөздік қорын байытады 

  • нақты, дәл, анық жауап  беруге үйретеді 

  • әдеби тіл нормасында  сөйлеуге дағдыландырады 

Тіл дамытуда атқарылатын жұмыстың ең негізгі түрі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту көзделеді. Сөздік қоры бай адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді меңгеру сөз үйренуден басталады.

Тіл үйрету дегеніміз – кез келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, кесте сөздердің орыс тіліндегі аудармасын айту, түсіндіру сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды. 
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс.
1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің мағынасын түсініп

есте сақтаумен бірге, дұрыс айтып үйренудің мәні зор.
2. Заттың өзін көрсету арқылы меңгерту. Затты нақты көрсеткенде оқушының

көру қабілеті арқылы сөздің мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады.
3. Жаңа сөзді аудару арқылы меңгерту. Жаңа сөздерді оқушылардың ана тіліне

аудару сөздің дәл мағынасын ашатын бірден – бір тәсіл деуге болады.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында оқушыға жаңа сөздерді үйретуде мынадай әдістемелік талаптар ескеріледі:
1. Жаңа сөздер жеке, дара алынбай, басқа сөздермен байланыста мәтінде

алынып, қолданыстағы жағдайда беріледі.
2. Оқушының белсенді түрде меңгеретін жаңа сөздері 7 - 8 сабақ бойынша еске

түсіріліп, қайталанып отырады.
3. Сондай - ақ, жаңа сөз оқушының түсінуіне ыңғайлы, жеңіл түрде беріледі.
4. Ол сөздің сөйлемде түрлі грамматикалық тұлғада қолданылатыны

оқушыларға сөздердің бастапқы айтылу негізі бекітіліп түсіндіріледі.
5. Бір сабақтың ішінде жаңа сөздер мен грамматикалық ереже бір мезгілде берілмейді.

Демек,жаңа технологиялық  әдіс-тәсілдерді пайдалану білім  сапасын арттырудың бірден-бір жолы.Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.



Пайдаланған әдебиеттер: 
1.Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».-М.Педагогика, 1989. 44 б. 
2. Кобдикова Ж.У. Оқыту процесін технологияландыру. А:2000 ж.61б. 
3. Қараев. Ж.А,Кобдикова Ж.У. Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода. А: 2005.34 б. 
4. Бақзыбекова.Н. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б. 
5.Қуанышбаева А.Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалану.А: Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал, №2 ,2004. 47 б. 
 
жүктеу 136,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау