16
тезистер түрінде түртіп алуы қажет. Мұндай жоспар автордың әрі қарай мәтін құруына, өз
ойын қағазға түсіруіне және жұмыс құрылымын анықтауына негіз болады.
5-кезең.
Жұмыстың құрылымын анықтау.
Келесі кезекте жұмысты дайын жоспарға сәйкес жүйелі құрылымдық элементтерге: бө-
лімдерге,
тарауларға, параграфтарға бөлу қажет.
6-кезең.
Теориялық материалдарды зерделеу және жинақтау.
Бұл кезеңде жиналған материалдар мен фактілердің көлемі емес, олардың (автор пози-
циясын түсіндіру, дәлелдеу үшін) өзектілігі мен қажеттілігі маңызды екенін есте ұстаған жөн.
Басқаша айтқанда, автор өзі ұсынғалы отырған әдістемелік құралдың мұғалімдер немесе
оқушыларға
қаншалықты пайдалы болатыны, оларға қандай көмек бере алатыны туралы
ойлануы керек. Бұл барлық теориялық материалдардың жақсы құрылымдалуына, логикалық
жүйелі және қабылдау үшін түсінікті, дәйекті болуына көмектеседі.
7-кезең.
Жоспарға сүйене отырып, жұмыстың теориялық және тәжірибелік/әдістемелік
бөлімдерін жазып шығу.
Жазу барысында мәтінді баяндау тілі мен стиліне көңіл бөлінеді. Күрделі
фразалар мен
үлкен абзацтарды қолданбау ұсынылады.
Тақырыпқа сәйкес теориялық ақпараттармен бірге автор өзінің жеке іс-тәжірибесіне
негізделген практикалық, әдістемелік кеңестер,
ұсыныстар, жаттығулар мен тапсырмалар, оқу-
шылардың өзін-өзі бақылауына, бағалауына арналған сұрақтар және тағы басқа жұмыстармен
толықтырса, сондай-ақ тапсырмаларды орындауға
байланысты алгоритмдер, нұсқаулар, нақты
мысалдар келтірсе, жұмыстың маңыздылығы арта түседі. Қажет
болған жағдайда пәнаралық
байланысты іске асыруға мүмкіндік беретіндей ұсыныстар келтірген дұрыс. Мұндай тәсіл
оқушылардың тек бір пән шеңберінде ғана емес, сонымен қатар әртүрлі пәндер арасында
себеп-салдарлық байланыстарды құра білу қабілетін дамытуға үлкен көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік басылымдарда пайдаланылған әдебиеттердің толық тізімі беріледі.
Сонымен қатар, қажет болған жағдайда мұғалімдер сабаққа дайындалу
кезінде қолдана
алатын ғылыми еңбектердің де тізімін көрсеткен дұрыс. Дереккөз ретінде сенімді желілік
ресурстар, тақырыптық телеарналар, ғылыми конференция материалдары ұсынылуы мүмкін.
8-кезең.
Қорытынды кезең: баспаға ұсыну үшін жұмыстың сапасын бағалау.
Баспаға ұсынылатын кез келген жұмыс сапалы болу үшін сараптамадан өтуі тиіс. Сарап-
тамашыларға /рецензенттерге көмек ретінде оқу-әдістемелік басылымның ерекшелігі мен
түріне сәйкес жұмыс сапасын бағалауға арналған критерийлер (тексеру парақтары)
арнайы
дайындалып, ұсынылып отыр (4-7-қосымшаларды қараңыз). Бұл критерийлер авторлар мен
құрастырушыларға да өз жұмыстарын бағалауға, қажет болған жағдайда,
кемшіліктері мен
қателерін түзетуге және оны қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Дайын жұмысты ғылыми-әдістемелік кеңеске ұсыну үшін мына құжаттар қажет:
а) жұмыстың қағаз (бір дана) және электронды нұсқасы (Word форматында);
ә) жариялауға ұсыну туралы мектептің әдістемелік кеңесі отырысының хаттамасынан
көшірме;
б) екі пікір (рецензия) (мектеп мұғалімінен ішкі пікір және сол саладағы ғылыми дәрежесі
бар маманнан сыртқы пікір).