Нұсқаулар Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылған


Балаларға қосымша білім беретін оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар үлгісі



жүктеу 0,66 Mb.
бет3/4
Дата10.12.2017
өлшемі0,66 Mb.
#3789
түріНұсқаулар
1   2   3   4

Балаларға қосымша білім беретін оқу бағдарламаларына қойылатын талаптар үлгісі

Кез келген оқу бағдарламалары оны жобалаушы педагогтың өзіне алған міндеттерін айқындайды. Оқу бағдарламаларын дайындаудағы жеке тәсілдерге қарамастан, аталған бағдарламаларды дұрыс құрастыру және рәсімдеуде айқын талаптар қойылады.

Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары нормативтік-құқықтық базаға сәйкес әзірленеді және педагог пен білім алушылардың қызметін бағыттайтын нормативтік құжат болып табылады, оқу-әдістемелік құралдар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу үшін негіз болады.



Білім беру жүйесін модернизациялау аясында қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында төмендегілер ескерілуі қажет:

  1. Қосымша білім беру мазмұнын қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қазіргі сұраныстарға жаңарту.

Білім беру деңгейінің сабақтастығын ескере, білімнің терең және қолданбалы сипатын сақтай отырып, дәстүрлі мазмұнды сақтаумен қатар тең көлемде жаңалықтар енгізу арқылы қосымша білім беру мазмұнын қайта қарау және нақты жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу.

  1. Қосымша білім беретін оқу бағдарламаларының білім алушылардың психофизиологиялық даму заңдылықтарына, жас ерешкеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкестігі.

  2. Білім берудің денсаулық сақтай функциясы – білім алушылардың күш-қуат мүмкіндіктері мен психикалық саулығын қамтамасыз ету.

Оқу жылы бойынша қосымша білім беру мазмұнының көлеміне қойылатын спнитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

  1. Танымдық, тәжірибелік және шығармашылық қызметтерді қалыптастыруға, қызмет бөлігін күшейтуге бағдарлау.

Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың танымдық, коммуникативтік, практикалық және шығармашылық қызмет тәсілдерін меңгеруге, қосымша білімге қызметтік сипат беруге бағытталуы тиіс.

  1. Біліктілік әдіст-тәсілдерге бағдарлау, демек, білім алушылардың меңгерген білімдері мен дағдыларын нақты өмірде практикалық түрде пайдалана білу қабілеттерін қалыптастыру.

Біліктілік әдіс-тәсілдері берудің әлемдік тенденциясының біріне айналуына байланысты, сондай-ақ білім беру сапасы мен тиімділігінің өлшемі ретінде бүгінде өзекті болып отыр. Осыған байланысты қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын білім алушылырдың төмендегілерді меңгеруіне бағыттау қажет:

  • практикалық міндеттерді анықтап тану;

  • оларды қалыптастыру;

  • проблемаларды міндет форматына аудару;

  • оларды меңгерген білімдерімен пайымдау;

  • талдау және нәтижесін бағалау.

  1. Білім беру мазмұнының тұтастығы мен сабақтастығы, ішкі және пәнаралық байланысты қамтамасыз ету.

Қосымша білім беретін оқу бағдарламалары білім беру деңгейіне, сондай-ақ басқа білім беру саласына қатысты тұтас және сабақтас борлуы керекю

  1. Түрлі қабілеттілік беңгейіне қарамастан барлық балалар үшін қосымша білім берудің қолжетімділігі, оның ішінде дарынды және арнайы күтімді қажет ететін балалар бар, сондықтан да білім алу деңгейін сипаттау арқылы оқытудың жеке траекториясын дұрыс жасау балалар үшін жағымды орта қалыптастырады.

  2. Білім алушылардың құзіреті ретінде білім алу жетістіктерінің жүйесін түзу соңғы нәтижеге бағытталуы.

Қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын дайындау теориясы мен пркатикасы оларды құрастыру мен рәсімдеуге төмендегідей талаптарды қояды.

  1. Оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының ережелеріне, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, педагог қызмет ететін білім ұйымдарының ережелеріне, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсыныстарына сәйкес жасалады.

2. Оқу бағдарламалары мыналар айқындалатын заманауи оқу технологияларын ескере отырып жасалынуы тиіс:

  • нақты ғылыми принциптер (ізгілендіру, демократияландыру, дифференциациялау және даралау, дамыту, үздіксіз және кешенді);

  • оқыту принциптері (даралап оқыту, қолжетімділік, сабақтастық, нәтижелелік);

  • оқыту түрі мен әдістері, дифференциациялап оқыту, сабақтар, сайыстар, жарыстар, саяхат жасау, жорыққа шығу және т.б.);

  • оқыту үдерісін бақылау және басқару әдістері (тестілеу, сайыстар, жарыстар және т.б. нәтижелерін талдау);

  • оқыту құралдары (балалардың шығармашылық бірлестігіне қажетті жабдықтар, құралдар мен материалдар тізімі).

3. Оқу бағдарламаларының мазмұнымен келесі міндеттер шешіледі:

  • негізінен іс-әрекеттің түрі мен бағыттарына мүдделі балалардың білімін теңестіру;

  • балаларды жағымды эмоциялық ортамен, «табысты жағдаймен» және дамытылған карым-қатынаспен қамтамасыз ету;

  • білімнің зиялы және ізгілікті сипатын, адами құндылықтың басымдылығын, бала өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның дамуын сақтау.

4. Оқу бағдарламаларына мынадай қасиеттер тән болуы тиіс:

  • өзектілік – осы нормативтік-басқару құжатын неғұрлым қомақты мәселелерді шешуге бағдарлау;

  • бағдарлау – бағдарламаның келешекке бағыттап жұмыс үстеуіне талап қою, өзінің мақсаты мен іс-әрекетін жоспарлау барысында тек бүгінгі ғана емес, сондай-ақ келешекте болжанатын (жоспарланатын) өзгерістерді, шығармашылық бірлестік жұмысына жаңа талаптарды айқындау (ертеңгі күннің талаптарына, сондай-ақ өзгерістерге сәйкес болу;

  • сабақтастық – бағдарламаға қойылатын бұл талап шығармашылық бірлестік іс-әрекетінің өткен тәжірибесіне сүйеніп жасалатынын ескереді;

  • шынайлық – нақты шығармашылық бірлестіктің өзіндік қасиетін, мазмұнының, оның іс-әрекетінің бағытының, түрі мен әдістерін, қойылған мәселені дәстүрлі емес тәсілдермен шешуді айқындайтын бағдарлама сапасы;

  • тұтастық – бағдарламаның барлық іс-әрекетті бірыңғай жүйеге топтастыру қасиеті:

  • шығармашылық бірлестік әрекетінің мақсатын алға қоюдан бастап, болжанатын нәтижені баяндауға дейін көрсету. Ағдарлама тұтастығы – бұл оның логикалық бірлігі.

  • өнертапқыштық – мақсатты анқытау және оны жүзеге асыру жолдары, мүмкіндігінше пайдалы нәтиже алу;

  • шынайлық – нақты қаржылық, кадрлық, уақытша негіздеулердің болуы;

  • бақылау – нақты мақсатқа жету үшін алынған нәтижелерді тексеру құралының болуы;

  • ауытқуды сезіну – бағдарламаның істің бұрын қаралған жағдайдан ауытқуын дер кезінде таба білу.

5. Қосымша білім беретін оқу бағдарламасының мақсаты мен міндеттері, бірінші кезекте, балаларды оқыту, тәрьиелеу, дамытуды қамтамасыз ету болып саналады. Осыған байланысты оқу бағдарламасының мазмұны:

  • әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдени дәстүрлерінің жетістіктеріне, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату міндеттеріне;

  • оқу бағдарламаларының бағыттарына (ғылыми-техникалық, спорттық-техникалық, көркем-эстеткалық, денешынықтыру-спорттық, туристік-өлкетану, экология-биологиялық, әскери-патриоттық, әлеуметтікөпедагогикалық және т.б.);

  • оқыту принциптерінде айқындалған заманауи оқыту технологияларына; оқыту түрі мен әдістеріне; оқыту үдерісін бақылау және басқару әдістеріне; оқыту құралдарына сәйкес болуы тиіс.

6. Оқу тобы немесе балалар ұжымына арналған оқу бағдарламалары келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • педагогикалық әрекеттің анық көрсетілген мақсаты және балалар ұжымын дамыту жолдары туралы мәліметтің болуы, яғни оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері, жүзеге асыру кезеңдері, болжанған нәтижелер мен оларға жетудің механихмдері туралы мейлінше толық мәліметтің берілуі;

  • әрбір баланың шығармашылық дамуы және білім алатын барлық баланың шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдай тудыру жөніндегі әрекеттерді үйлестіру;

  • оқу жылында балалармен жүргізілетін жұмыстың міндеттері, соңғы нәтижелері және оларды бағалау өлшемдерінің айқын көрсетілуі;

  • балалардың дара мүмкіндкіктерінің, қызығушылығының, материалды қабылдауға даяр болуының, білім және білігінің бағалануының және т.б. өзіндік жүйесінің болуы;

  • ұжым жұмысының кезеңдерін жоспарлау, аралық нәтижелерді болжау, оларды бағалау өлшемдерін анықтаудың болуы;

  • ұжым ішінде озара шығармашылық қарым-қатынас қалыптастыруға, балалар мен педагогтер арасында ашық пікірлесуді дамытуға бағытталған арнайы жұмыс ұйымдаструды қарастыру;

  • әр түрлі дайындықпен келген және дарынды балалармен жұмыста дифференциалды тәсілді жүзеге асыруды көздеу;

  • ата-аналардың балаларды білім алу және шығармашылық әрекетпен қамтамасыз ету әрі ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарчн жоспарлау;

  • ұжымның шығармашылық есебі, ашық сабақтар ұйымдастыруды көздеу;

  • икемді және өзгертулер енгізуге мүмкіндік беру;

  • әлеуметтік, өзін-өзі мәдени және кәсіби жағынан анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі шығармашылық жағынан жүзеге асыруы, оның әлемдік және отандық мәдениетпен кірігуі үшін жағдай жасау;

  • балалардың даму деңгейіг анықтайтын мемлекеттік стандарт белгілеген білім сапасын қоғам дамуының заманауи деңгейіне лайық қамтамасыз етуіне кепілдік беру.

2.4. Балаларға қосымша білім ебретін оқу бағдарламаларын дайындау технологиясы

Бағдарлама әзірлеу – күрделі шығармашылық үдеріс, ол арнайы даярлық пен танымсыз жұмысты талап етеді. Оқу бағдарламалары нормативтік құжат түрінде (талаптарға сәйкес) рәсімделуі тиіс.

Балаларға қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын педагог пен баланың бірлескен іс-әрекетінің бағыттаушы және бағдарлаушы моделі, баланың әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру қабілетін тұтастай қалыптастыру құралы деп түсінуі қажет.

Оқу бағдарламасының құрылымы, оны рәсімдеу аталған құжатқа нақты заңды күш береді, сондай-ақ бағдарламаны әзірлеген маманының кәсіби даярлық деңгейін көрсетеді.

Бағдарламаны жобалау жөніндегі жұмысты бастамас бұрын, алдын ала бәрін ойластыру қажет, өзінің білімін, ойын қағазға түсіре алуға және бағдарламаны іс жүзіне асыруға даярлығын, белгіленген нәтижелерге жету жолын ескеру қажет.

Бірінші кезекте педагогке мыналарды анықтау қажет:



  • бағдарламаның мәні неде (берілген бағыттағы бағдарлама бойынша не қанағаттандырмайды);

  • бағдарлама қандайшешуге бағытталған;

  • бағдарлама жаңалығы мен өміршендігі неде;

  • бағдарлама негізіне қандай идея алынған;

  • алынған идея білім ұйымдарын дамыту стратегиясымен қалай үйлеседі;

  • балалардың оқу іс-әрекеті қалай іске асады: реті қандай, оның мазмұны мен құрылымы қандай;

  • мазмұнын іріктеу және оның құрылымы қандай принциптерге негізделген;

  • бағдарламада басқа бағдарламалармен кірігу қарастырылған ба;

  • бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі қандай;

  • баланың қандай қасиеті дамиды және ол неден көрінеді;

  • қандай білік пен дағды қалыптасады;

  • бағдарламаның тиімділігін қалай анықтайсыз;

  • бағалау жүйесі, бақылау тәртібі мен мерзімі қандай;

  • нақты білім ұйымына осындай бағдарламаның қажеттілігі бар ма.

Бағдарламаны дайындау жұмысына кірісерде мына алгоритмді, қолданған жөн:

  • жобаланған бағдарлама үлгісін анықтау (білім беру саласы, пәні);

  • жаңа бағдарламаны енгізу мақсатын белгілеу;

  • белгіленген мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін міндеттерді ажырату;

  • жаңа бағдарлама үшін қажетті мазмұн элементтерін анықтау;

  • оқыту құралын, әдістері мен түрлерін анықтау;

  • қажетті әдебиеттер тізімін жасау.

Бағдарламаның құрылымдық бөлімдері

  • мұқаба;

  • алғы сөз;

  • тақырыптық оқу жоспары;

  • бағдарлама мазмұны;

  • бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету;

  • әдебиеттер тізімі;

  • қосымша пікір.

Мұқаба (Қосымша Б)

Мұқабада мыналар көрсетілуі тиіс:



  • білім беруді басқарудың жоғары ұйымдарының реквизиттері;

  • бағдарламаны жүзеге асырушы білім ұйымының атауы;

  • бағдарламаны бекіткен білім ұйымы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бекіткен мерзімі көрсетіледі);

  • бағдарламаны жүзеге асыруға ұсынған әдістемелік кеңес хаттамасының мерзімі және номері,

  • қосымша білім беретін оқу бағдарламасының атауы (атауы қысқа да нұсқа, бірден назар аударатындай, ең бастысы, бағдарлама мазмұнын айқындайтын балуы тиіс);

  • бағдарлама ұсынылған балалардың жасын көрсету;

  • бағдарламаны іске асыру мерзімі (ол қанша жылға арналған);

  • автордың тегі, аты, әкесінің аты, лауызымы;

  • қосымша білім беретін оқу бағдарламасының дайындалған жылы.

Алғы сөз (бағдарламаның бірінші бөлімі) оқылатын пәннің мақсатын іріктеп, баяндау логикасын негіздейді; оқу үдерісіне жалпы сипаттама береді: әдістері, ұйымдастыру түрі мен іс-әрекеті сипатталады; осы бағытта қолданыстағы басқа бағдарламаға енгізілген жаңалықтар ерекшеленуі тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келе, алғы сөзде төмендегілерді көрсету ұсынылады.

1. Оқыту үдерісіне ұсынылатын бағдарламаны әзірлеуді және ендіруді негіздеу қажеттілігі:


  • бағдарламаның өзектілігін негіздеу (нақты аймақ , ұйым үшін), оның жаңалығы және басқа осындай немесе іс-әрекет бағыты бойынша аралас бағдарламалардан негізгі айырмашылығы;

  • негізгі жетекші идеялары (ғылыми – білім пәні, жалпы педагогикалық, әлеуметтік, автордың ғылыми және әдіснамалық әлеуетін көрсететін басқа да жайттар);

  • бағдарлама түрі (жаңартылған, эксперименттік, авторлық).

2. Бағдарлама мақсаты және міндеттері:

  • бағдарламаның барлық жылдарға арналған мақсаты және міндеттері (ұзақ мерзімді болса), сондай-ақ іс-әрекеттің әр жылына арналған мақсаты.

Бағдарлама мақсаты – іс жүзінде орын алған мәселені шешу, Бағдарламаны әзірлеу барысында пеедагог қойылған мақсатқа жетудегі өзінің көз-қарасын ұсынады. Мұнда ескертетін жайт, негізгі мәселеәлеуеттк, денсаулық сақтау, экономикалық, заң мәселелері емес, білім беру (тәрбиелеу – дамыту – оқыту).

Шын мәнінде, бағдарлама дегеніміз қандай да болмасын мәселені шешу жолдарын нақты баяндау.

Балаларға қосымша білім берудің неғұрлым өзекті мәселелері мыналар:


  • балалардың бос уақытын тиімді пайдалануын арттыру;

  • демалысты толыққанды ұйымдастыру;

  • жеке тұлғаның қажетті сапасын дамыту;

  • таланттарға қолдау көрсету және дамыту;

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларды өмірге бейімдеу;

  • балалардың денесін шынықтыру және сауықтыру;

  • ерте жастан кәсіби бағдарлау және т.б.

Мақсаты – педагог пен балалардың жұмыла күш жұмсайтын оқыту үдерісінің алдын ала болжанған нәтижэесіне жету. Мақсат бағдарлама атауымен үндес келуі міндетті, оның негізгі бағытын айқындайды. Мақсатты белгілеуде жалпылама абстрактылы жайттардан аулақ болған жөн, себебі олар нақты бағдарламаның түпкі мәнін көрсете алмайды және кез-келген бағдарламада қолданылуы мүмкін.

Мақсатты нақтылау оны жүзеге асыру жолдарын көрсететін айқын міндеттер арқылы жүзеге асырылады.

Міндеттерді қалыптастыруда келесі жіктемелерді қолдануға болады.:


  • білімділік (бір нәрсеге танымдық қызығушылығын арттыру, нақты білім, білік, дағдыны меңгеру, нақты әрекет түріне мотивациясын дамыту, арнайы білімді, білікті қалыптастыру, білімге сұранысын қанағаттандыру және т.б.);

  • тәрбиелік (жеке тұлғаның қоғамдық белсенділігін, азаматтық әлеуетін, тілдесу мәдениетін және социумдағы тәрбиесін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және т.б.);

  • дамытушылық (жеке тұлғалық қасиетін дамыту: белсенділігі, өз бетінше әрекеттену жауапкершілігі, ұқыптылығы және т.б.; өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға сұранысын қалыптастыру).

Міндеттерді белгілеу анық және қысқа, тірек сөздері (көрсету, қайта өндеу, меңгеру, ұйымдастыру және т.б.) қамтуы тиіс, міндеттер жобаланған нәтижелермен үндес болуы қажет.

  1. Бағдарламаның айрықша ерекшеліктері:

  • берілген бағдарлама орныққан жетекші теориялық идеялар;

  • автор сүйенген тірек ұғымдары;

  • бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері, олардың негізделуі мен озара байланысы.

  1. Ұжым туралы қысқаша мәлімет:

  • бағдарлама арналған балалар тобының жас мөлшеріне сипаттама, сондай-ақ бағдарламаны меңгерудің бастапқы кезеңі үшін қажетті алғашқы білім мазмұны мен көлемі;

  • топ дәрежесі, түрі (бейінді, кешенді, эксперименттік, ғылыми-зерттеу);

  • топ құрамы (тұрақты, ауыспалы);

  • балаларды іріктеп алу ерекшелігі (ерікті, байқау бойынша, тестілеу бойынша);

  • сабақ түрі (жеке, топтық, әр түрлі жастағы) және өткізу тәртібі;

  • оқу жылы, бірлестіктің жұмыс істеу мерзімі;

  • білім алушылар саны (жалпы саны, оқу жылы бойынша саны).

  1. Сабақ өткізу реті:

  • жалпы жылдық сағат саны;

  • апталық сабақ және оқу сағатының саны;

  • сабақтың қайталану мерзімі.

  1. Болжанған нәтижелер. (Қосымша А)

Тақырыптық оқу жоспары (бағдарламаның екінші бөлімі) бағдарламаны оқыту технологиясын қарастырады, оқу курсы бойынша беріледі, тақырыптардың оқытылу ретін анықтайды және олардың әрқайсысына берілген сағат санын анықтайды, телриялық және практикалық сабақтардың өту мерзімін үйлестіреді.

Педагогке берілген мерзім аясында өз бетінше бөлім және тақырып бойынша сағат мөлшерін бөлу құқы беріледі.

Қорыта келгенде, сағат саны төмендегідей бөлінеді:




Сабақтың ұзақтығы

Апталық реті

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1.

1 сағат

2 рет

2 сағат

72 сағат

2.

2 сағат

2 рет

4 сағат

144 сағат

3.

2 сағат

3 рет

6 сағат

216 сағат

4.

3 сағат

2 рет

6 сағат

216 сағат

Тақырыптық оқу жоспары бөлімдерден тұратын таблица түрінде рәсімделеді:



Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Жалпы сағат саны

оның ішінде

Теориялық

Практикалық







18

8

10

Таблицаның төменгі жағында сағаттар саны қосылып көрсетіледі:

Барлық сағат саны

216

72

144

Егер бағдарлама бір жылдан артық оқытуға есептелген болса, онда тақырыптық оқу жоспары әр жылға бөлек жасалады.

Бағдарлама мазмұны (бағдарламаның үшінші бөлімі)

Бағдарлама мазмұны – бұл бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптарды қысқаша баяндау. Тақырып мазмұны тақырыптық оқу жоспарында берілуі бойынша сол ретпен беріледі. Тақырыптық оқу жоспарында көрсетілген тақырып басқа да сұрақтармен, әсіресеі теориялық жағы басым болып, мұнда толығымен көрсетіледі. Мұндай толық көрсетілуі практикалық бөліміне де тән. Егер тақырыпта саяхат жоспарланған болса, онда саяхаттың қайда өтетіні және мүмкіндігінше оның мазмұны көрсетіледі.

Тақырыпты баяндау төмендегідей:


  • тақырып атауын көрсету;

  • берілген тақырып аясында айтылған негізгі мәселелерді атап шығу;

  • оқыту үдерісін ұйысдастыру түрі қандай екенін көрсету (теориялық, практикалық).

Сабаққа бір жылдан астам қатысып жүрген балалар үшін реферат, баяндама, жоба және өз бетінше жұмыстың басқа да түрлерін (мүмкін зерттеу жұмысы) ойластыру қажет, олар бағдарламаның жеке бөлімін құрауы да мүмкін.

Бағдарлама мазмұнын талқылауға шығаратын сұрақтар түрінде баяндауға болады. Баяндау атау септігі түрінде беріледі.

Бағдарлама мазмұны ғылым, мәдениет жетістіктеріне сүйенеді және балалардың жасы мен даму дәрежесі ескеріледі.

Оқу бағдарламаларының мазмұны келесі міндеттермен сәйкес болуы тиіс:



  • негізгі білімдегі кез келген әрекет түрін теңестіру;

  • оңтайлы оқу ортасын қамтамасыз ету («табыс сәті» және дамыта оқыту);

  • жеке білім беру жолын таңдауға ықпал ету.

Бағдарлама мазмұны келесі бағыттарды көрсетуі тиіс:

  • балалардың жеке дамуына көмек көрсету;

  • балаларды қоғамдық өмірге бейімдеу;

  • таным мен шығармашылыққа ұмтылыс жасау;

  • шығармашылық белсенділікті қолдау;

  • өз бетінше білім алу қабілетін дамыту;

  • білім берудің әр түрлі түрлерінің мазмұнында сабақтастықты қамтамасыз ету.

Бірінші тақырып – кіріспе сабақ, бағдарламаға кіріспе, ол – ұжыммен танысу, техника қауіпсіздігін сақтау, жылдық жұмыс жоспарын талқылау, пән тарихымен танысу.

Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету (бағдарламаның төртінші бөлімі)

1. Әрбір бөлім бойынша жоспарланған балалармен жұмыстың негізгі тәсілдері мен түрлерін қысқаша сипаттау. Ол балаларға мүмкіндігінше өзінің белсенділігін, өнертапқыштығын көрсетуге жағдай тудырады, олардың әсерлі қабылдауын дамытады.

Сабақ өткізудің негізгі түрлері төмендегідей:


  • дәріс;

  • әңгіме;

  • кездесу;

  • пікірталас;

  • саяхат;

  • ойын;

  • мереке;

  • викторина;

  • көрме;

  • концерт және т.б.

  1. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың негізгі әдістерін сипаттау

    • Автордың көзқарасы бойынша, балалардың материалды саналы түрде және терең ұғынуын, олардың шығармашылық жұмысында тәрбиелейтін және дамытатын дағдысын, бақылаған, жерттеу жүргізген материалдарын тіркеу және жинақтау дағдысын қамтамасыз ететін негізгі әдістерді қысқаша сипаттау.

  2. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті құралдарды қысқаша сипаттау

  • Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті құралдар (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және т.б.).

  1. Білім мен дағдыға қойылатын талаптар, олардың бағалау өлшемдері

  • Болжанған нәтижелер және оларды бағалау өлшемдері (білім алушылар нені біледі және үй»ренеді, бірлестік бейіні бойынша олар өз сабақтарын қайда жалғастыра алады, сабақ нәтижесінде балаларда қандай жеке тқлғалық қасиет дамиды және ол қалай анықталады).

Білім бағдарламаның баптарына сәйкес анықталады, ал дағды практикалық сабақ блогына сәйкес айқын болады.

Күтілетін нәтиже төмендегілерді болжайды:



  • Қабілетті дамыту;

  • Қоғамға бейімделу көрсеткішін жақсатру;

  • Көрмеге, концертке, конференцияға қатысуда, мақала жариялауда және т.б. өзін көрсете алу.

Күтілетін нәтижелерді анықтау үшін балалардың қандай болып келгенін (ең алғашқы бақылау) және қандай болып шыққанын (қорытынды бақылау) білу қажет.

Бақылаудың мынадай түрлері жүргізіледі:



  • әңгімелесу;

  • сынақ, сынақ парағы;

  • бағдарлама бойынша сұрақтар;

  • реферат;

  • жұмысты қорғау;

  • нормативті орындау;

  • бақылау жұмысы;

  • сайыстарға, көрмелерге қатысу;

  • викторина;

  • ашық сабақ.

Бақылау бағдарлама бойынша оқыту тиімділігін анықтауға, нәтижелерді талқылауға, оқыту үдерісіне өзгерістер ендіруге мүмкіндік береді. Бақылау балаларға, ата-аналарға, педагогтарға өз еңбегінің нәтижелерін көруге мүмкіндік береді, ол ұжымда жақсы психологиялық ахуал тудырады.

Одан басқа бағдарламаны сертификаттау нұсқасын (курстың аяқталуы бойынша берілген куәлік, диплом) ойластырған жөн.



Әдебиеттер тізімі

Бағдарламаның осы бөліміне келетін болсақ, мұнда екі тізім болады. Авторы, атауы, баспасы және басылып шыққан жылы кәрсетілген пайдаланған және ұсынылған әдебиеттер тізімі:



  • педагог осы бағдарламаны дайындау және оқыту үдерісін ұйымдастыру үшін пайдаланған әдебиеттер;

  • балалар мен ата-аналар үшін осы бағдарлама бойынша ұсынылған әдебиеттер.

Бағдарламаға қосымша

Бұл бөлімге техника қауіпсіздігін сақтау ережесі, сынақ тапсыруға арналған нормативтер, анықтамалық таблицалар, тесттер және т.б. енгізілуі мүмкін.



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау