Сызбаларды орындаған кезде әр түрлі себептер бойынша сызбаға өзгерістерді енгізеді.
Сызулық элементтерді, олардың алмасуын, бұрылымын, масштабты көбейту немесе өзгертуін жою қажеттілігі пайда болады.
Сызулық элементті өңдеу үшін, оны таңдау керек. Барлық өңдеу командалары «Изменить» менюсінде, ал олардың пиктограммасы
«Редактирование» құралдар панелінде орналасқан.
Сызулық элементті (кесіндіні) таңдау үшін – кесіндіде прицелды (қиылысу центрінде кішкентай квадрат) орнату керек және тышқанның сол жақ бастырмасын басу.
Бұл әдіс сызулық элементті көрсету деп аталады. Көрсетілген сызулық элемент пунктирмен және кішкентай квадраттар –қолсаптар бөлінеді.
Қолсап – бұл объектілерді өндеу әдісі. Қолсап көмегімен объектілерді: созуға, орын ауыстыруға, бұруға, масштаптауға, көбейтуге болады.
Мысалы, егер кесінді команданың шақырылуына дейін таңдалса, оның экрандағы көрінісі қалыптасады – контуры бөлінеді, ал объектті байламның нүктелерінде көк түсті кішкентай квадраттар – қолсаптар көрінеді. Егер сол қолсапта бассақ, ол активті немесе ыстық болады, қызыл түсті болып көрінеді.
Бірнеше қолсапты активті күйге ауыстыру үшін «Shift» клавишасын жібермей солардың үстінен басу керек. Егер қолсапты қателіктен активті болдырсақ, онда оның үстінен тағы да бір рет басу керек. Одан қолсаптар активті болғаннан кейін тышқанның он жақ бастырмасын басып, менюді ашып, оның ішінде қолсаптармен өткізілетін операциялардың барлық опцияларының тізімі бар.
«Растяжение» операциясын орындау үшін кесіндінің ортаңғы нүктесінен алуға болмайды, тышқанның сол жақ бастырмасымен соңғы нүктеде басу керек. Ортаңғы қолсаптар кесіндінің орын ауыстыруы үшін қолданылады, сол сияқті шеңбердің диаметрін не үлкейтеді не азайтады.
Сызбаны құрудың бірде бір процесі объектті жоюдан қалмайды. AutoCAD жүйесінде объектілерді жататын бірнеше командалар
бар.
Қалыптасқан объект құрамын жою үшін ERASE (СТЕРЕТЬ) командасын қолданады. Ол таңдалған объектілерді экраннан жояды (өшіреді) және оларды суреттен жояды. Команданың әсер ету қорытындысы Undo (Жою) бастырмасы көмегімен немесе U(Ж) – жою бастырмасы көмегімен жойылады. Егер бізде сыну қисық бар болса, онда бұл команда барлық элементтерді жояды. TRIM (ОБРЕЗАТЬ) – командасы олардың өзара қиылысуынан тәуелді объекттердің бөлігін жою үшін қызмет етеді.
Select cutting edges:
Жойылатын объектілердің таңдау:
Курсормен объектті көрсету, нүктелердегі өзгеретін объектті
кеседі, оны бөліктерге бөлетін, олардың бірі жойылып, ал қалғаны қалады.
Select object to trim:
Жойылатын объектілерді таңдау:
Курсормен өзгеретін объектілердің жойылатын бөліктеріне көрсету.
BREAK (РАЗОРВАТЬ) – көрсетілген екі нүктелерінде объектті жыртады, мұнда жырту сағат бағытына қарсы жүргізіледі. (21 сурет).
21 сурет
Керек емес бөліктерді жою үшін Delete (Жою) командасын да қолдануға болады. Курсор көмегімен тышқанның сол жақ бастырмасымен керек емес элементтердің барлық облысын бөлеміз және Delete (Жою) бастырмасын басамыз.
Егер бірнеше объектілерді жойсақ, «Рамка» опциясын қолданамыз. Бұл үшін барлық объектілерді «рамку выбора» рамкасына диагональ бойынша екі бұрышты көрсетіп, енгізеді. Мысалы, сызулық зонаның жоғарғы бұрышына курсорды қойып, тышқанның сол жақ бастырмасын жібермей басып, оны диагональ бойынша оң жақ төменгі бұрышқа ауыстырып, тышқанның сол жақ бастырмасын басу.
OFFSET (ОТСТУП) командасы – жалпыдан берілген қашықтықта жаңа объектті пайда болдыру үшін қызмет етеді, параллель сызықтарды, доғаларды және т.б. пайда болдыруға қолайлы.
Offset distance or Through < 1.0000>:
Қашықтық немесе нүкте арқылы < ағымды қашықтық>:
Клавиатура көмегімен қашықтықты жүргізу немесе экранда тышқанмен екі нүктені көрсету, олардың арасындағы қашықтық команданы орындаған кезде ғана қолданылады.
Select object to offset:
Объектілерді таңдау – объектілерді курсормен көрсету: Side to offset:
Жаңа объектке дейін қашықтықты қай жаққа қою? Курсормен объекттің керек жағының кеңістігіне көрсету.
ARRAY (МАССИВ) командасы – массивті көрсетілген түрінің объектісімен пайда болады. Күрделі сызбалардың жұмысын тездетеді.
Select object:
Объектті таңдау – курсормен объектілерді көрсету:
Ескерту: осы және көптеген басқа командаларда кейде бірнеше объектілерді көрсету керек. Объектілерді қояр немесе рамкалар бойынша көрсетуге болады. Жүйеде сіз объектілердің таңдауын бітіргеніңізді көрсету үшін тышқанның оң жақ бастырмасын немесе
«Enter» басу керек.
Rectangular or Polar array < R >: Тіктөртбұрышты немесе Полярлы (Дөңгелек)?
Кілтті команда көмегімен массивтің керек типін таңдау. Number of rows (-) < 1 >:
Сызық саны ағамды сан :
Unit cell or distance between rows (-):
Ұяшаның өлшемі немесе сызық арасындағы қашықтық:
Клавиатурадан тіктөртбұрышты массивтың бағаншалардың санын енгізу.
- FILLET (СОПРЯЖЕНИЕ) – сызықты объектілерді (мысалы, кесінді, доғалар және шеңберлер) бірілген радиустағы доғамен түйіндестіреді.
Қысқарталған түрде бұл команданы былай қолдануға болады: 1 Пиктограмма «Түйіндесу»;
Кілтті енгіземіз – R (радиус);
Түйіндесу радиусының санды шамасын көрсететін, «Enter» басамыз;
Команданың қайта шығуына «Enter» басамыз;
Тышқанмен түйіндесудің бірінші объектінде басамыз; 6 Тышқанмен түйіндесудің екінші объектінде басамыз.
- CHAMFER (ФАСКА) – екі параллелді кесіндімен құралған қиынжиекті бұрыштарды пайда болдырады.
Қиынжиектің пайда болу процесі екі қадамнан тұрады. Алдымен қиынжиектің параметрлері беріледі. Олар екі катет немесе бір катет және қиінжиектің бір бұрышы болуы мүмкін. Шамаларды енгізгеннен кейін AutoCAD «Фаска» командасын бітіреді. Осыдан кейін қайта осы команданы жүргізіп, қиынжиек пайда болатын жиекті көрсететін екі кесіндіні таңдау керек. AutoCAD алда алған хабарды пайдаланып, қиынжиекті пайда болдырады.
Достарыңызбен бөлісу: |