Сызба рамкасын әр түрлі әдістермен құруға болады, мұнда әр түрлі командаларды, абсолют және салыстырмалы координаттарды, немесе ақырғы ұзындығының кесіндісін қолданады. Абсолют
координаттарын қолдана отырып, сызба рамкасының құру мысалын қараймыз (12 сурет).
12 сурет
А4 форматтының рамкасын орындау үшін «Линия» командасын қолданамыз:
Абсолют координата жүйесінде бірінші нүктені көрсетеміз – 0,0 және «Enter» басу;
Координатаның екінші нүктесін көрсету – 210,0 (Х осі бойынша – 210 мм, Y осі бойынша 0 мм) «Enter»;
Координатаның үшінші нүктесін көрсету – 210,297 «Entеr»; 4 Координатаның төртінші нүктесін – 0,297 «Entеr»;
Соңғы сызықты жүргізу үшін «С» кілтін қолдану – «Close» (Тұйықтау).
«Линия» командасын қайталау үшін «Entеr» клавишасын басамыз.
Координатаның бесінші нүктесін көрсету – 20,5 «Entеr»;
Координатаның алтыншы нүктесін көрсету – 205,5 «Entеr»; 9 Координатаның жетінші нүктесін көрсету – 205,292 «Entеr»;
Координатаның сегізінші нүктесін көрсету – 20,292 «Entеr»;
Соңғы сызықты жүргізу үшін «С» кілтін – «Close» (Тұйықтау) қолданамыз.
А4 формат рамкасын құруының басқа әдісін қараймыз, оны
«Прямоугольник» командасы іске асырады (13 сурет).
13 сурет
А4 формат рамкасын орындау үшін «Прямоугольник» командасын қолданамыз:
Координатаның бірінші нүктесін көрсету – 0,0 «Entеr»;
Координатаның екінші нүктесін көрсету – 210,297 «Entеr»;
«Прямоугольник» командасын қайталау үшін «Enter» клавишасын басамыз;
Координатаның үшінші нүктесін көрсету – 20,5 «Entеr»;
Координатаның төртінші нүктесін көрсету – 205,292 «Entеr». Ескерту: сызбаның рамкасын жіңішке сызықпен құруға болады,
одан кейін стандартты құралдар панеліндегі балқушы «Свойств» диалог терезесін шақырып (15 және 16 сурет), негізгі берілген қалыңдыққа жіңішке сызықты құрамыз (14 сурет).
Балқушы «Свойство» диалог терезесін тышқанның оң жақ баcтырмасы арқылы шақыруға болады.
сурет
сурет
(объектіні көрсеткенге дейін терезінің жағдайы)
«Свойства» командасы объектілердің әр түрлі қасиеттерін өңдейді. Егер таңдалған объектілер болмаса, онда терезенің жоғарғы бөлігінде ашылған тізімде суреттеудің қазіргі орнатылуын көрсетеді. Егер сызулық экранның бос бөлігінде объектіні көрсетсек, онда
«Свойства» терезенің мазмұны өзгереді және таңдалған примитивтің қасиеттерін, ал ашылатын тізім примитивтің атын көрсетеді (16 сурет). Бірнеше объектілер таңдалған болса, онда өріс осы объектілер үшін бірдей тең қасиеттерін көрсетеді.
сурет
(объектілерді көрсеткеннен кейін терезе жағдайы)
Достарыңызбен бөлісу: |