##??13
##??14
Пәннің бағдарламалық және мультимедиалық қамтамасыздандырылуы
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1300009015
https://www.kazatk.kz/material/nauka/practica/557-561.pdf
http://www.univershu.kz/.pdf
##??14
##??15
Практикалық жұмыс 1
Практикалық жұмыстың тақырыбы: Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны
Сабақтың мақсаты: Студенттерді менеджменттің мазмұнымен таныстыру
Сабақтың жоспары:
1. Менеджмент туралы түсінік
2. Менеджер және оның міндеттері
3. Менеджменттің даму кезеңдері
Өткізу түрі: сұхбат
Пәннің мақсаты, әдіснамалық негізі және зерттеу әдістері. Міндеттері, пәннің әдіснамалық негіздері мен зерттеу әдістері. Дене шынықтыру қызметкерлерінің практикалық қызметінде ұйымдастыру басқару дайындығының маңызы. Қоғамдық ғылыми басқару деңгейін арттыру проблемалары. Түрлі қатарлы дене шынықтыру қызметкерлерін ұйымдастыру басқару дайындығының мақсаты міндеті және мазмұны.Пәннің мақсаты дене шынықтыру мен спортты ұйымдастыру саласында студенттерді теориялық және тәжірбиелік біліммен сусындандыру.
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнгетән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тіртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджментті кәсіпкерлік іс-қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жетү үшін адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс-қызметтің бір түрі деп түсінген дұрыс.
Әр салада басқару іс қызметтің жалпы қағидаларымен бірге өзіне тән ерекшелігі болады. Аграрлық сфераны алатын болсақ, онда басқару қатынастарының ерекшелігі ең алдымен оның іс-жұмысының көлеміне, сонымен бірге жұмыскерлердің санына қарай әрбір елдің экономикасының ірісалаларының бірі болып есептелетініне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |