Бірінші сатысы
– стартты әңгіме: Тәрбиеші. Тәрбиеленушілерді қызықты
және пайдалы істердің қуанышты болашағымен еліктейді. Кім үшін қашан? Қайда?
Кім? Кіммен бірге?
Екінші саты
– ұжымдық жоспарлау: кіші ұжым өзінің пікірін қойылған
сұрақтар бойынша қалыптастырады және оны жалпы талқылауға шығарады.
Сонымен, әр ұжым мүшесінің жеке қатысуымен бірге алдағы шаралардың жобасы
жасалады.
Үшінші сатысы
– ұжымдық дайындық. Шаралар кеңесі немесе кіші
ұжымның әр өкілдерінің шығармашылық тобы ұсыынылған (КТД) ҰШШ жобасы
бөлімдерін нақтылайды кіші топтардың арасында міндеттерді бөледі, одан кейін
ойланғандарды орындауға басшылық жасайды.
Төртінші сатысы
– (КТД) ҰШШ өткізу – бұл істелген жұмыстың
қорытындысы. Тәрбиелеушілердің әрекеті әдеттегі емес жағдайда тез шешімді,
импровизацияны талап етеді, бұнда балалардың оң (сапасы) қаисеті ерекше нақты
байқалады.
Бесінші сатысы
– қорытындының ұжымдық мінез-құлқы - тәрбиеші
жалпы жиында – «Отта» ойлануға міндеттер қойылады; сізде не жақсы болды,
неліктен? Нені істей алмадыңыз және неліктен? Болашаққа нені ұсынамыз?
«Көгілдір оттың» қортынды бөлімінде тәрбиеші жиында айтылған пікірлерді
жинақтап қорытады.
Алтыншы саты
– қоғамдық пікір – қорытындыны шығару сатысында
істелген, жақын салдар мазмұны болады, үрдісте тәрбиеші іс-шараларды
жоспарлауды, дайындайды, өткізуде, тәжірибені пайдалануды ұйымдастырады.
Ұжымдық шығармашылық шараларды (КТД) ұйымдастыру
технологиясы
Ұжымдық шығармашылық шаралар (КТД) – үлкендермен кішілер,
тәрбиеші және тәрбиелеушілердің бірыңғай ұжымының өмірімен және
шығармашылығымен қарым-қатынасы, еңбекпен ашық толған ұйымдастыру тәсілі,
басты тәрбие құралдары коммунарлық әдістеме.
Әр шараның мәні - өз ұжымы, жолдасы, қоршаған адамдар жөнінде, алыс
достары туралы қамқорлық. Әр КТД көптеген педагогикалық міндеттер шешіледі,
демократиялық өмір негізінің өзбетіндік, балалар инициативасы, өзін-өзі басқару,
дамдарға және қоршаған әлемге деген белсенді азаматтық қатынастың дамуы
жүреді. КТД ұжымды байыта, тұлғаның құндылық тәжірибесінің байқалуына
көмектеседі және әркімге рухани және адамгершілік өсуі, қарым-қатынас және
қажеттілік, қабілеттілік және жақсы нышандардың жетілдіреді.
Ұжымдық шығармашылық шаралардың педагогикалық жетістік
(шарттары) жағдайлары
Бірінші жағдайы – жалпы қамқорлық жалпы қуаныш жәнепайда біріккен
әрекетінде. Әр тәрбиеленуші өзінің кіші жолдасы ретінде енгізуге үйретуі тиіс.
Екінші жағдайы – жолдастық.
Тәрбиеші әр кезде тәрбиелеушіге кіші жолдасы ретінде ішкі, рухани
қарым-қатынасты байқатады.
Үшінші жағдайы – ой және әрекет, ерік және сезім бірлігі, өсуші адамның
тұлғасының барлық үш жағы бірлікте дамыту үшін, ықпал ету; танымдық –
көзқарастың, эмоциялық-еріктік және әрекеттілігі.
Төртінші жағдайы – бірыңғай ұжым.
Әсер ету керек. Тәрбиешілердің тәрбиеленушілерге ықпал ету тәсілі,
тәрбиешілердің өзінің ықпал ету тәсілі өздеріне, сондай-ақ тәрбиеленушілердің
ықпал ету тәсілі бір-біріне, тәрбиешілерге және әр тәрбиеленуші өз-өздеріне.
Бесінші жағдайы – шаблон емес, шығармашылық, әртүрлі түрдегі тәрбие
ықпалын бірлікте пайдалану үшін ықпал ету керек – бірегей және ашық, тура және
жанама, формализм және мұңайлыққа, біркелкілікті жоятын қарапайым еместікке
жол бермей, шығармашылықпен пайдалану.
Ұжымдық шығармашылық шаралардың негізгі түрі: танымдық істер,
еңбек шаралары, көркемдік және спорттық шаралар.
ҚОСЫМША Е
Достарыңызбен бөлісу: |