Нұсқаулар / құраст. А. Б. Искакова, Б. Ш. Мурзалинова. Павлодар : Кереку, 2009. Б. 27 б. Әдістемелік нұсқауда



жүктеу 3,13 Mb.
бет1/21
Дата02.02.2018
өлшемі3,13 Mb.
#8379
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті
Жалпы және теориялық физика кафедрасы

ОПТИКА


Зертханалық жұмыстарды орындауға

әдістемелік нұсқаулар
6 Бөлім

Павлодар


Кереку

2009


УДК 535(07)

ББК 22.34я7

О-64

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің физика, математика факультетінің жалпы және теориялық физика кафедрасының отырысында басуға ұсынылды




Рецензент

физика, математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ш. К. Биболов


Құрастырушылар: А. Б. Искакова, Б. Ш. Мурзалинова

О-64 Оптика : зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық

нұсқаулар / құраст. : А. Б. Искакова, Б. Ш. Мурзалинова. –

Павлодар : Кереку, 2009. – Б. 6. – 27 б.

Әдістемелік нұсқауда «Физика» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға ұсыныстар келтіріледі, жұмыстың мақсаттары көрсетілген.

Әдістемелік нұсқау техникалық және технология мамандықтары мен оларды дайындау бағытының типтік оқу бағдарламасына негізделіп жасалынған.


УДК 535(07)

ББК 22.34я7

© Искакова А.Б., Мурзалинова Б.Ш., 2009

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2009

Материалдардың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателіктерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Кіріспе
Методикалық нұсқауда жалпы физика курсының «Оптика» бөлімі бойынша ЖОО-ң физика-математика, инженерлі-техникалық және жаратылыстану-ғылымдары мамандықтары бойынша оқитын студенттерге зертханалық сабақтарды дайындауы үшін арналған. Методикалық нұсқау студенттерді физикалық аспаптармен тереңірек танысуы, сонымен қатар нақты өлшеулердің негізгі әдістерін игеруіне көмектеседі. Бұл оқулыққа 4 зертханалық жұмыс енгізілген, олардың әрқайсысы қысқаша теориялық кіріспеден, зертханалық қондырғылардың схемаларынан, өлшеулерді жүргізу әдістерінен тұрады. Зертханалық жұмыстардың сипаттамасынан кейін қажет әдебиеттер тізімі келтірілген.

Осы оқу құралын пайдалану студенттердің «Физика» пәні бойынша білім деңгейін, сонымен қоса әдістемелік жабдықтау мен зертханалық сабақтарды жақсартуда көп көмегін тигізеді.



Зертханалық жұмыс № 61 Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Дифракциялық торда интерференция мен дифракцияны зерттеу; жарық толқынының ұзындығын өлшеу.
Қысқаша теория
Жарықтың интерференциясы мен дифракциясы
Жарық – толқындық және корпускалалық қасиеті байқалатын электромагниттік толқын.

Жарықтың толқындық қасиеті интерференция және дифракция құбылысында байқалады. Интерференция деп когерентті толқындардың қосылуы аймағында жарық екпінділігінің үлестіруімен жүретін құбылысты айтады. Осындай жағдайда жарықтың максимумдары мен минимумдары байқалады. Жарық екпінділгі деп түсетін жарыққа перпендикуляр жазықтықтың бірлік ауданынан бірлік уақыт ішінде жарық толқыны тасымалдайтын орташа энергияға тең шаманы айтады. Екпінділік түсетін толқынның амплитудасының квадратына пропорционал.

Когерентті толқын – бұл тербеліс жиіліктері бірдей, қосылу нүктесінде уақытқа байланысты фазалар айырымы немесе қосылу нүктесіне дейінгі оптикалық жол айырымы тұрақты болатын толқындар. Сонымен қатар, жарық толқындарында тербеліс бағыты бірдей болу керек.

Егер оптикалық жол айырымы


(61.1)
ал фазалар айырымы
(61.2)
тең болса, яғни зерттелетін нүктеге тербелістер бір фазада жететін болса, когерентті толқындардың интерференциясы кезінде жарық интенсивтілігінің максимумы байқалады.

Егер және , яғни тербелістер зерттелетін нүктеге қарам-қарсы фазада жететін болса, екпінділіктің минимумы байқалады. Берілген жағдайда m – бүтін сандар m = 0,1,2,3… , – вакуумда және ауадағы толқын ұзындығы.

Дифракция құбылысы толқындық беттің тұтастылығы жойылған кезде пайда болады және дербес жағдайда жарықтың түзу сызықты таралуы бұзылатын болса, яғни бөгетті айналып өтуі кезінде көрінеді.

Дифракцияның міндеті бөгеттің өлшемі мен формасына байланысты экранда жарықтылықтың қалай үлесетіндігін анықтау болып табылады.

Гюйгенс принципіне сәйкес толқын жеткен нүкте екінші ретті толқынның центрі ретінде қабылдауға болады. Френель осы идеяны былайша толықтырды: екінші ретті толқындар когерентті және қосылу кезінде бірін-бірі интерференциялайды.



Параллель сәулелердегі жарық дифракциясы Фраунгофер дифракциясы (толқын көзі экраннан үлкен қашықтыққа алыстатылған) деп аталады. Осы жұмыста Фраунгофер дифракциясы қарастырылады. Егер монохроматты жарық түсетін болса, бұл жағдайда дифракциялық бейне қара немесе ақ сақиналар түрінде байқалады.

жүктеу 3,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау