БиЗНЕс-фОрум
Кәсіпкерлерге қашанда қолдау бар.
Дегенмен шаруасын енді дөңгелетіп отырған
кәсіп иелеріне негізінен қандай көмектер
беріледі? Жалпы табысты болу үшін не істеу
керек?
ТаРаЗДа ТаБЫСҚа
ЖЕТуДІң
ЖолЫ ҚаНДай?
Арайлым ШАБДЕноВА
Бұл сауалдарға көпшілік «Баласағұн»
орталық концерт залында «Жібек
Жолы» Тараз Бизнес Ассоциациясы,
облыс және қала әкімдіктері мен
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының
қолдауымен өткен республикалық
«Level up» бизнес-форумда жауап іздеді.
Форум алғаш рет ұйымдастырылса да,
келушілердің санында шек болмады.
Алдымен форум жұмысын «Астана
синема» кинотеатрының директоры,
кәсіпкер Олжас Қуандықов пен
«Дәмді себет» дүкендер желісінің
құрылтайшысы Алмаз Түлтаев ашты.
Жалпы шарада «Жібек Жолы» Тараз
Бизнес Ассоциациясымен қатар,
республикалық 13 түрлі бағытты
қамтитын орта және шағын кәсіпкерлік
иелері белс енділік т анытты.
Құрылғанына екі жылдан асқан
қауымдастықта бүгінде 300-ге жуық
кәсіпкер бар екен.
– О б л ы с т а а л ғ а ш р е т
ұйымдастырылған форумның негізгі
мақсаты – сала бойынша жетістікке
жетіп, оның қыр-сырын меңгерген
кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.
Бүгінгі шараға біз республикаға
танымал, алыс-жақын шетелді көріп,
өз кәсібін дөңгелетіп отырған бес
азаматты шақырдық. Кәсібін ашып,
жұмыс жасаймын деген жанға бүгінде
барлық мүмкіндік жасалған. Тек көзін
тапса болды. Осы орайда, форумда
көптеген кеңестер мен жетістікке
жетудің қарапайым құпиялары
ашылатын болады, – деді Олжас
Қуандықов.
Форумда «Сауатты пиар құрудың
тәсілдері» тақырыбын блогер, «Хабар»
агенттігінің арнайы жобалар қызметінің
жетекшісі Өркен Кенжебек тарқатты.
Ол кәсібін бастаған жандардың
кемшіліктері мен қателіктерін слайд
арқылы түсіндіріп берді. Блогер бір
сағатқа жуық кәсіпкердің табысқа
жетуде жасауға тиіс амалды 9 бөлікке
бөліп жеткізуге тырысты. Сөз соңында
спикер: «Адам өмірде өзінің туған күні
мен өлетін уақытын өзгерте алмайды.
Демек, сіздер барлығын өздеріңіздің
қалауларыңыз бойынша өзгерте
аласыздар. Сондай-ақ адам ата-ананы,
ұлтын және елін таңдай алмайды.
Осы орайда, қалған таңдаудың
барлығы сіздердің еріктеріңізде.
Тараздықтарда мынандай ұран
қалыптасқан: «Бауырым, өзіңе көп
алмашы!» деген. Ал мен сіздерге
өздеріңізге көп алыңыздар, алға қойған
айқын мақсатпен тек жетістікке жетуді
ойлауға кеңес беремін» – деді. Ал
«Angel in US» кафелер желісінің
директоры Әлішер Елікбаев «Өзіңнің
хоббиің арқылы табысқа жету»
тақырыбында айтып берді. Спикер
Зообақ ашу – халыққа қажет,
өмір талабы
Бір кездері Жамбыл облысында әкім болған,
ұлттық дәстүріміздің жанашыры Серік Үмбетовтің
бірнеше рет қабылдауында болғаным бар.
АЙТАрым БАр...
Екеу ара бір әңгімеде:
– Жапар, сен Кеңестік дәуір кезінде ұлттық рухымызды жаңғыртар, бүгінгі
әлемге жайылып отырған құсбегілік спорттың негізін қалап, «Қауырсын»
құсбегілер ұйымын ашып, «Тас түлек» телефильмін түсіруге арқау болып,
«Қауырсын – табиғат достары» кітабын шығарып, шетелге де Қазақстаннан
алғашқы делегат болып, рухани байытар, айтуға тұрарлық көп шаруа
тындырған екенсіңдер... Ендігі мәселе, мына көне Тараздан ұрпақты табиғатты
тануға, халықты қоршаған ортаны сүюге шақырар, ішкі туризмнің бір саласы
болар хайуанаттар бағын ашайық. Сені осындағы зиялы қауымнан қасқырды
есігінің алдына байлап, аққуды, қырандарды үйінде бағып отыр деп естідім,
рас па? – дегені бар.
– Иә, – дедім мен. – Аққуды Мойынқұм орман шаруашылығы Қарашарда
орман бөлімшесінен орманшылар, қыран қара бүркітті электр бағаналарында
тоққа түсіп, жаралы болған жерінен трактористер әкеліп берді. Қазір екеуі де
жазылып қалды, жақында аққуды Шу өзеніне, қырандарды өрісіне ұшырамын.
Бір ғана қауіп бар, – дегенімде облыс әкімі:
– Не қауіп? Айт, шешеміз, – деді нық сеніммен.
– Қауіп сол, қолдан азық жеп өскен жабайы аң-құс адамға қатты сенеді,
алысқа қашпайды. Браконьерлерге тап келсе, еңбегім еш кетеді ғой, – дедім.
Сонда облыс әкімі:
– Міне, көрдің бе? – деді қолын көтеріп. – Біз Тараздан зообақ ашсақ, адамға
да, табиғатқа да көп пайдамыз тимек және біз сол зообаққа қажет көп аң-құсты
табиғаттан алмай-ақ, әлгіндей жаралы, қорғаусыз қалған аң-құстарды емдеп
жазып, зообаққа қоюға болады емес пе? – деді.
– Әрине, болады.
– Онда біз зообақ құрылысы біткенше, қазірден бастап панасыз аң-құс
орталығы (центр действующих диких зверей и птиц) аталатын кішкене орын
ашып, аталы істі бастайық. Қалған мәселе шешіледі, өзімнен хабар күт, –
деген еді.
Мен келісіп, өз ауыл-ауданыма келгенімде, бұл хабарды естіген аудан әкімі
шақырды.
– Мен ауданға басшы болып жаңа тағайындалдым. Сіз көпке танымал
адамсыз, мен келе салып сіздің кетіп жатқаныңыз менің атыма көп әңгіме
туғызар... Сол жұмыстарды осы ауданнан-ақ бастайық. Облыс басшысына бұл
туралы өзім айтып рұқсат сұрайын, сіз келісіңіз, – деп өтінді.
Мен жас басшының көңіліне қарадым... Сонымен, Серік Үмбетов ағамыз дер
кезінде көтерген сол мәселе басталмай жатып тоқтап қалған еді. Қазір өзімнің
сол шешіміме қатты өкінемін... Бірақ мен көп жылдар Тараз қаласының Бас
жоспары жасалынып жатқанда, әкім есебі кезінде де «Қаланың Бас жоспарына
зообақ ашу кіргізіле ме?» деген сауалмен «Ақ жол» газетіне мақала жазып
сұрау салып, қозғау да салғанмын. Өкінішке орай, еш кісінің бұған мән бергісі
келген жоқ. Тіпті ішкі туризмге себі тисін деп Астанаға сұрау салып, қазақ
құсбегілігіне қатысты өткізілетін іс-шаралардың рухымызды жаңғыртар ата
мұра ғой, туризмді дамытуға сеп деп елге насихатталуының, жарнамалауды да
сұрандым. Рас, артына із қалдыруды ойлаған азаматтар мына көрші Шымкентте
ипподром, Дендропарк сынды істі қиыннан жол тауып құрастырды, ашты.
Ешкім «зообақ, цирк неге жоқ» деп кінә артпайды. Ал енді сан мың жылдар
тарихы бар, күллі түркі тарихының көзі көне Тараз шаһарында жас баладан
еңкейген қартқа дейін серуендесе, іздейтін зообақ пен цирк жоқ дегенді айту
ұят!
Биыл облысқа келген жаңа әкім Тараз қаласының сәулеті мен дәулетіне ден
қоюды басты назарына ұстайтындығын облыстық мәдениет басқармасының
басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев мырзадан естіп, табиғат ананы танып қорғауға
да көп үлес қосар зообақ ашуға ниетті екенін білгенде, қатты қуандым. Көне
Тараздан зообақ ашылып жатса, оның қабырғасында әлі орнитологтар әлеміне
жұмбақ шөл бүркіті жайлы да ғылыми жұмыстар жүргізіп, бұдан бұрын сан
мәрте айтып, жазып жүргенімдей, дүние жүзінің құсбегілер орталығын киелі
көне Тараздан ашу – менің басты балалық, студенттік дәуірден басталған
арманым! Сондықтан осы жолда жаңа әкімнің жарқын ойын қолдап қана
қоймай, қолдан келгенше инвестор тартуға да болатынын айтқым келеді.
Кезінде ондай инвестор Дубайдан Мухаммед Хиллан Бен Тораф атты
бизнесмен келген. Тек ол кезде жергілікті өзін-өзі басқару заңы күшіне
енбегендіктен, аталы іс басталмаған еді. Ал бүгін мүмкіндік, өмір талабы
бәрінен үлкен. Демек, көне Тараздан көптің көңілінде жүрген зоологиялық
хайуанаттар бағы өмір талабымен ашылары даусыз! Тек жас-кәрі демей қол
ұшын беріп, ниеттес болайық, ағайын! Қашанда ниет – көшбасшы!
жапар САтыЛғАноВ,
құсбегі, этнограф, натуралист,
республикалық «жігер»
фестивалінің лауреаты,
Мойынқұм ауданының құрметті азаматы
// «jambYl-taraz» // №13 (1405), 14 aqpan 2018 jYl //
5
КӘсіП
мақсатқа жетудің жолы – еңбек.
Суреттерді түсірген Ю.Ким
Ата кәсіп – елге нәсіп.
бала күнінен саяхаттағанды жақсы көріпті.
Орда бұзар жастан асқан ол бүгінде 30-дан
астам шетелде болса, соның 25-інде блок-
тур арқылы шақыртумен барған. Оның әр
мемлекеттегі саяхаты белгілі бір тұлғаға
немесе брендке айналған маркаға жарнама
жасау болса, ол өзінің жұмысын демалыс деп
есептейді. Әрбір жұмыстан тек жақсылық
көрген адамның ісі алға басатындығына
Әлішер сенімді. Және барлық жастарды
да өздеріне сенімді болуға шақырды. Ал
форумның екінші бөлімінде қоғамда өзінің
ойын ашық жеткізіп жүрген, полиглот, ана
тілінен өзге 7 тілді еркін меңгерген белгілі
сарапшы Саясат Нұрбек «Қазақстандағы
мүмкіндіктер» тақырыбында өз ойын ортаға
салды. Статистикалық мәліметтер мен
адам өмірінде кездесетін қиындықтарды,
кәсіпкерлікті бастауда адам бойында болуға
тиіс қасиеттер мен рухани құндылықтар
туралы айтқан спикердің әңгімесі көпшілік
көңілінен шықты. Сонымен қатар «Әйел
адамның бизнестегі рөлі» тақырыбында
белгілі тележүргізуші Динара Сатжан ой
қозғады. Бүгінде қазақ дизайнерлерінің
өнімдерін өзге мемлекеттерге таныстырып,
сән әлемінде қолтаңбасын қалдырып жүрген
Динара Сатжанның айтқан кеңестері нәзік
жандылардың қолға алған кәсібіне өз
септігін тигізеді деп сенеміз. Ал форумды
қорытындылаған ресторатор, «Rumi Group»
мейрамханалар желісінің директоры Қуаныш
Шонбай «Жеңіске жетудің қазақша жолы»
тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.
«Екінші болма» атты кітаптың авторы өзінің
жеткен жетістіктерімен қатар, жетістікке
жетудегі ең басты формуласымен де бөлісті.
Бір күнге созылған бизнес-форум соңында
ұйымдастырушылар спикерлерге Алғыс
хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Кәсіпкердің
табысқа жетуде білуге тиіс заңдылықтары
мен кәсібінің дөңгелеуіне кедергі келтіретін
жайттар жан-жақты айтылған шара алдағы
уақытта да өз жалғасын табады деп сенеміз.