ДАТА
8
// «jambYl-taraz» // №13 (1405), 14 aqpan 2018 jYl //
Тараз сервис және технология колледжінің студенттері ауған соғысы ардагерлерімен кездесті.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Кеңес және теңіз флоты әскерлерінің 100
жылдығы мен Кеңес әскерінің Ауғанстан
жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай
ұйымдастырылған шараға Ауған соғысының
ардагері, генерал-майор Әбдіғапар Қазиев,
жауынгер-интернационалист Алмат Жантөбетов,
Сәбит Мұқанұлы қатысты. Жиынды ашқан
аталған колледждің алғашқы әскери дайындық
пәнінің мұғалімі Рамил Тартықов Ауған
соғысының себептеріне тоқталып, КСРО
Қарулы күштерінің сол елге басып кіріп, оның
ішкі саясатына қол сұғуы салдарынан тұтанған
соғыс екенін жеткізді.
– Жыл сайын ақпан айының ортасында біз
Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске
алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз.
Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас
жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды.
Бүгінгі жастар ардагерлердің Отан алдындағы
борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың
патриоттық сезімінен тағылым алсын деген
ниетпен осындай жиындар ұйымдастырып
отырамыз, – дейді Рамил Нәбиұлы.
Мұнан соң генерал-майор Әбдіғапар Қазиев
сөз тізгіндеп, әскери тәрбие туралы кеңінен
әңгімелеп, өзінің соғыс жылдарындағы
естеліктерімен бөлісті. Ол өз сөзінде әрқашан
әскери азаматтарға құрмет көрсетілуі қажет
екенін атап өтіп, елдің қауіпсіздігі үшін тер
төгіп жүрген олардың еңбектері орасан екенін
жеткізді. Сондай-ақ Ауған соғысында өздерінің
интернационалистік борышын өтеп келген
ардагер жауынгерлердің ешқашан ескерусіз
қалмау қажеттігін алға тартып, аталған соғыстың
қиындығын сөз етті. Сонымен қатар жауынгер-
интернационалист Алмат Жантөбетов, Сәбит
Мұқанұлы Ауғанстан жеріндегі жауынгерлік
Кешегі тарих ұрпақ жадында. Суреттерді түсірген Ю.Ким
Ұрпақ ұмытпайтын
тарих
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
бағдарламасын іске асыру аясында
және 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің
ауғанстан жерінен шығарылған
күніне орай №13 Тараз темір
жол колледжінің оқу-әдістемелік
кабинетінің ұйымдастыруымен
«Ұлы ұрпақтан ұсынылған – ұлы
ұғым!» тақырыбында ауған
соғысының ардагерлерімен кездесу
ұйымдастырылды.
Ел үшін отқа түсіп, кеудесін оққа тосқан
ардагерлердің ерлігі – жастар үшін патриоттық
тәрбие көзі, тағылымы мол өнеге. Кездесуге
Тараз қалалық «Ауған соғысы ардагерлері мен
мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің
төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Дүкенбай
Ермеков, ҚР Қарулы күштері мен білім
саласының ардагері Орынбасар Саймасаев,
«Жеңіс қаһарманы», Қазақстан ардагерлері
«Ерекше тәуекелді солдаттар» ҚБ орынбасары
Сейтхан Қуантаев қатысты. Қонақтар Жамбыл
жерінен Ауған соғысына аттанған сарбаздардың
71-і қаза тапса, біреуі хабарсыз кеткенін, 150-
ден астамы әртүрлі санаттағы мүгедек болып
оралғанын және бір ғана Тараздың өзінде
бүгінде 493 Ауған ардагері бар екенін атап кетті.
Ал колледж директоры Нұржан Нұралиев
келген ардагерлерді мерекелерімен құттықтап:
«Бүгінгі күні ерліктің даңқын асқақтатып,
өздерінің азаматтық түр-тұлғасын танытып
жүрген ардагер ағаларымыз қашанда, қай кезде
де марапатқа лайық жандар» – деп ізгі лебізін
білдірді. Кездесу колледж студенттеріне үлкен
әсер қалдырды.
Г.Ә.МҰРАтАЛИЕВА,
№13 тараз темір жол колледжі
директорының оқу-әдістемелік
ісі жөніндегі орынбасары
ол КҮНДЕР БҮгІН ЕСТЕлІК
оқиғаларын айтып, студенттерді елінің патриоты
болуға шақырды.
– Ауған соғысының тарихы ерекше. Ол уақытта
18-20 жас арасындағы өрімдей жастар, бас-аяғы
22 мың қазақстандық өзге елде өздерінің ел
алдындағы борышын өтеді. Соғыс – қаралы
ұғым. Бұл соғыста мен ұшқыш болдым. Ол
дегеніміз – өлім мен өмір арасындағы жанталас
қызмет. Әуеде жүріп, жерден атқылаған
оқтардың арасынан аман қалу үшін барлығымыз
жанталастық. Жалпы Ауған жерінде негізгі
жұмыстардың барлығы ұшақтардың көмегімен
іске асты десем болады. Өйткені жауынгерлер
мен қару-жарақ тасу бізге міндеттелді, – дейді
сол соғыста ұшқыш болған Сәбит Мұқанұлы.
Шарада Тараз сервис және технология
колледжінің директоры Бекбол Маймышев
ардагерлердің еңбегі ерен екенін атап өтіп,
келешегіміз бен жарқын болашағымыздың
жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер
ағаларының берер тәлім-тәрбиесінің мол екенін
жеткізді.
Бейбіт күннің бастауы
осыдан 29 жыл бұрын Кеңес әскері ауғанстан
шекарасынан шығарылды.
толғанай АтАБАЙ
Осы датаға орай, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде
«Ауған: сөнген жоқ, өшкен арман, тек сенен есте қалған» атты
мерекелік кеш өтіп, студенттер соғыс куәгерлерімен кездесті. Он
жылға жуық уақытқа созылған арпалысқа қатысқан 22 мыңнан
астам қазақстандықтың 2000-ы жамбылдықтар. Ал әскери
борышын Ауған жерінде өтеу кезінде 71 жерлесіміз елге оралмады.
Кеште аталмыш колледж директоры Жанар Орынбаева, жауынгер-
интернационалист Виктор Байдачныйдың жары Нина Байдачная,
полковник Мадияр Байжанов, Марат Фаткуллин мен сержант
Уалихан Көпжасаров Ауған соғысындағы ерен ерліктің үлгісін
көрсеткен батырлардың ерлігін жастарға насихаттады.
– Бұл соғысқа 18-19 жасар өрімдей жастар қатысты. Ауған жерінде
орын алған оқиға куәгерлерінің ерлігін паш ету мақсатында
колледжімізде әскери-патриоттық шаралар жиі өткізіліп тұрады.
Себебі жастар айқас ақиқаты мен қаһарлы күндердің естелігінен
бойларына патриоттық сезімді ұялата білуі керек. Сол арқылы
тарихта қалған Ауған майданы ардагерлерінен тәлім алып, бүгінгі
егеменді ел азаматтарының сол кездегі бастан кешкен қасіретін
біліп, ел тыныштығы жолындағы ерліктерін сақтау – басты
міндет, – дейді колледж директоры Жанар Рымбекқызы.
Шара барысында Панджшер үңгірінде орналасқан Ахмат Шах
Масуда бастаған Ауған әскеріне қарсы белсенді қорғаныс
көрсеткен Борис Керімбаев (Қара Майор) туралы бейнефильм
көрсетіліп, жауынгерлер туралы жүрек тебірентер жырлар
оқылды. Сондай-ақ «Сәлеметсің бе, мама?», «Соғыс», «Екінші
батальон» секілді әскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған
әндер көпшіліктен қошемет тапты. Ал қанды қырғынға аттанған
жалғыз ұлын жоқтаған ананың зары туралы облыстық қазақ
драма театрының актері Бекназар Ізбасаров пен колледж
студенттері сахналаған «Ауған» қойылымы қоян-қолтық
ұрыстағы жауынгерлердің ерлігін дәріптеді. Кеш соңында
тарих куәгерлері зұлмат жылдар соқпағынан сыр шертіп,
естеліктерімен бөлісті.
Көрсетіп ерлік үлгісін.