Құрастырушы: аға оқытушы Жақсылықов Әсет Егінайұлы
5B071600 –Аспап жасау мамандығының
студенттеріне арналған AP 1213 - Алгоритмдеу және бағдарламалау
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Бағдарлама «____»________ 2013 ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.
Кафедраның отырысында қарастырылған «____»________2013ж.
№___ хаттама
Кафедра меңгерушісі____________ Н.Н.Оспанова «__» ______ 2013ж.
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде құпталған
2013ж. «_____»______________ №____ хаттама
ОӘК төрайымы _______________ А.Б.Искакова
«____» ________2013ж.
1 Оқу пәнінің төлқұжаты
AP 1213 - Алгоритмдеу және бағдарламалау
Таңдау бойынша компонент
Кредит саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 1
Семестр: 2
Барлық аудиториялық сағат саны – 45 сағат
Дәріс - 30 сағат
Практикалық сабақ – 7,5 сағат
Зертханалық сабақ – 7,5 сағат
СӨЖ – 90 сағат оның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат
Жалпы еңбек сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау түрі:
Емтихан (тестілеу, ауызша) – 2 семестр
2 Пререквизиттер:
Студенттердің «Математика» және «Информатика» пәндері бойынша алған білімдерінің негіздерімен бірге студент дербес компьютермен жұмыс жасай білуі қажет.
Постреквизиттер
Инженерлік графика.
3 Оқытушылар туралы мәліметтер
Дәріс, тәжірибелік және СОӨЖ жүргізуші: Жақсылықов Әсет Егінайұлы ақпараттық жүйелер магистрі, аға оқытушы, жұмыс стажы – 10 жыл, жұмыс орны - «Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы, Ломов көшесі 64, 407 аудитория;
Кафедрада болу уақыты – сабақ және кезекші кестелеріне сәйкес;
Байланыс телефоны - 8-7182-67-36-87
Электрондық адрес – zhasin2006@mail.ru
4 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Алгоритмдеу және бағдарламалау, ЭЕМ арналған бағдарламалау тілдерімен жұмыс істеу принциптерін, алгоритм ұғымын, түрлерін, бағдарламалау тілдері туралы білім.
Пәннің мақсаты пен міндеттері
Пәннің мақсаты студенттерге программалау тілдердің классификацияларын, С тіліндегі операторларды, мәліметтер типін, ішкі программаларды, стандартты модульдерді, программалау стилін пайдаланып бағдарлама құрастыруды үйрету, программалаудың сапа көрсеткішімен таныстыру, объектіге бағытталған бағдарламалау негізімен таныстыру, онда бағдарламалар құруды үйрету.
Пәннің міндеттері
программалау тілдерін талдау;
программалау тілдердің әдіснамасын оқыту.
есептеу кешендерін ұйымдастыру негіздерімен таныстыру;
5 Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптар:
Осы пәнді меңгеруде студент алгоритмдермен мен бағдарламаларды ұсыну тәсілдерін, алгоритмдерді әзірлеу әдістерін, бағдарламаларды әзірлеудің технологиялық процесін, бағдарламаларды құжаттандандыру ерекшеліктерін зерделеу.
Студент білу керек:
Алгоритм түсінігін, қасиеттерін, түрлерін, бейнелеу түрлерін
Бағдарламалау технологиясының негіздерін, стильдерін;
Си тілінің операторларын және функцияларын;
Си тіліндегі препроцессорлық құралдардың түрлерін;
Объектіге бағытталған бағдарламалау негіздерін.
Студент үйрену керек:
Әр түрлі алгоритмдерге есептерді шешу;
Есептің талабы бойынша қажет мәліметтер құрылымын ұйымдастыру;
- Бағдарламалау тілінің құралдарын пайдаланып бағдарлама жасап іске қосу және оны сынақтан өткізу.
Тәжірибелік дағдыларды қалыптасыру:
Сызықтық, тармақталған, қайталану алгоритмдерін блок схема түрінде көрсету;
Есептің берілгені бойынша қай алгоритм түрін пайдаланылатынын анықтау;
Есептерді бағдарламалау тілінде есептеп жүзеге асыру.
Құзыретті болу:
Бағдарламалау ортасында есептерді шешуде пайдалану;
Объектіге бағытталған бағдарламалау.
6 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу
№ р/н
|
Тақырып атаулары
|
Сабақ түрі бойынша аудиториялық сағаттар
|
СӨЖ
|
дәріс
|
тәжірибелік
|
зертханалық
|
барлығы
|
Соның ішінде СОӨЖ
|
|
Алгоритмдеу ұғымы
|
2
|
|
|
10
|
3
|
|
Бағдарламалау ортасымен танысу. Мәліметтерді енгізу және шығару
|
3
|
|
|
10
|
3
|
|
Паскаль бағдарламалау тілінің негізгі элементтері
|
2
|
1
|
1
|
10
|
3
|
|
Паскаль тілінің операторлары
|
5
|
1
|
2
|
10
|
3
|
|
Массивтер, құрылымдар
|
8
|
2
|
2
|
10
|
3
|
|
Функциялар және процедуралар
|
3
|
2
|
1
|
15
|
3
|
|
Файлдармен жұмыс
|
3
|
|
1,5
|
15
|
4,5
|
|
Символдық жолдармен жұмыс
|
4
|
1,5
|
|
10
|
|
|
Барлығы:135 сағат (3 кредит)
|
30
|
7,5
|
7,5
|
90
|
22,5
| 7 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 тақырып. Алгоритмдеу ұғымы.
Жоспар:
1. Программалауды автоматтандырудың әдістері.
2. Алгоритмдік тілдер. Алгоритмдік тілдін қолдануы және оған койылатын талаптар.
3. Алгоритмдерді баяндаудың тәсілдері. Алгоритм схемаларын жасау ережелері.
4. Есептердің типтік компоненггері; талдау, синтездеу, шешім қабылдау. Ғылыми- техникалық есептердің алгоритмдерінің схемаларының мысалдары.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Алгоритм сөзі IX ғасырда арифметикалық амалдарды орындау ережесін тұжырымдаған ұлы математик әл-Хорезмидің аты латынша algoritmi болып жазылуынан шыққан. Көзделген мақсатқа жетуге немесе қойылған есепті шешуге бағытталған әрекеттер тізбегін іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл жарлық (нұсқау) алгоритм деп түсініледі. Алгоритмдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.
Алгоритм мысалдары, алгоритмнің жазылуы атқарушыдан қайсыбір аяқталған әрекетті орындауды талап ететін жекелеген нұсқауларға жіктелетінін көрсетеді. әрбір осындай нұсқау команда деп аталады. Алгоритмнің командалары бірінен кейін бірі орындалады. Алгоритмнің әрбір орындалу қадамында атқарушыға келесі жолы қандай команданың орындалатыны дәл белгілі болады.
Әдебиет: [1], [2]
2 тақырып. Бағдарламалау ортасымен танысу. Мәліметтерді енгізу және шығару.
Жоспар:
1. Бағдарламалау ортасымен танысу.
2. Мәліметтерді енгізу және шығару.
3. Программалау тілінде алгоритмнің жазылу ережесі.Программа түсінігі және оның құрылымы.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі - Turbo Pascal. Американың Borland корпорациясының бүл өнімі сол корпорацияның қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жетекшілігімен қүрастырылған. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі Никлаус Вирт (Niklaus Wirth) ұсынған. Turbo Pascal - жоғары деңгейлі программалау жүйесі. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сүраған. Кейіннен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді. Солардың ішінде, 1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі - Turbo Pascal программалаушылар арасында үлкен сүранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы СР/М операциялық жүйесіне негізделген.
Әдебиет: [3], [5]
3 тақырып. Паскаль бағдарламалау тілінің негізгі элементтері.
Жоспар:
Кіріспе. Тілдің алфавиті.
Программалау тілінде алгоритмнің жазылу ережесі.
Программа түсінігі және оның құрылымы.
Командалар және операторлар.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Кез келген тілді үйрену оның алфавитінен басталады. Turbo Pascal программалау тілінің де басқа тілдер сияқты өзіне тән алфавиті бар. Программаның элементтерін жазуда қолдануға болатын символдар жиынтығын тілдің алфавиті дейміз. Turbo Pascal тілінің алфавиті мына символдардан түрады:
Латын алфавитінің 26 (баспа және жазба) әріптері: A,B,C,D,.. .,W,X,Y,Z, a,b,c,d, .. .,w,x,y,z;
Орыс алфавитінің 32 (баспа және жазба) әріптері программада түсіндірме мәтіндерді жазуда пайдаланылады;
Араб цифрлары: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9;
Арнайы символдар. Оларды белгілі бір функцияларды атқаруына сәйкес төмендегі топтарға жіктеуге болады:
Әдебиет: [4], [7]
4 тақырып. Паскаль тілінің операторлары.
Жоспар:
Мәліметтер типінің ұғымы.
Мәндердің стандартты типтері.
Айнымалалар және тұрақтылар ұғымы.
Атау, тип, мәндер олардың негізгі сипаттамалары.
Программада айнымалылар мен тұрақтылардың сипатталуы.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Паскаль тiлiнiң операторлары – бұл деректердi өңдеуде орындалатын алгоритмдiк әрекеттердi жазуға және басқа әрекеттердi беруге арналған синтаксистiк құрылымдар болып табылады. Тiлдiң төмендегiдей операторлары бар:
- меншiктеу операторы;
- процедура операторы;
- көшу операторы;
вариант операторы;
алдыңғы шартты қайталану (цикл) операторы;
кейiнгi шартты қайталану(цикл) оператор;
параметрлi қайталану(цикл) оператор;
жазулармен жұмыс операторы;
бос оператор.
Әдебиет: [2], [6]
5 тақырып. Массивтер, құрылымдар.
Жоспар:
Массив ұғымы және мні. Элементтерді типі, өлшемі, индексі.
Бір өлшемді жне екі өлшемді массивтер.
Массив элементіне кіруді ұйымдастыру.
Жедел жадыда массивті орналасуы. Массивті толтыру алгоритмі.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Регуляр типтердi анықтау үшiн:
массив элементтерiнiң типтерiн;
элементтердiң саны мен нөмiрлену түрiн;
сипаттама индекстiң типiн көрсету қажет.
Регуляр типтi сиппаттаудың жалпы түрi:
type
A=array [ T1] of T2;
мұндағы
array, of – қызметшi сөздер,
Т1– массив индексiнiң типiн анықтайды.
Т2– массив мүшелерiнiң типiн анықтайды. Программада бұл типтiң идентификаторы айнымалылар сипаттамасында қолданылуы мүмкiн.
Мысалдар:
type
M1 = array [1..100] of real,
Matrix= array [1..10,1..20] of integer;
DataBase= array [1..MaxF] of file of Person;
Var
Vector: M1;
SumTable: M2;
Arr1, Arr2: Matrix;
Әдебиет: [7], [8]
6 тақырып. Функциялар және процедуралар.
Жоспар:
Құрылымдық программалауға қысқа сипаттама.
Процедура құрылымы. Айнымалыларды рекет ету аймағы.
Ауқымды жне жергілікті айнымалылар. Параметрлі процедура.
Процедураны шақыру. Параметрлерді берілуі.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Iшкi программа кәдiмгi Паскаль программаның құрылымын қайталайды. Iшкi программаны жазғанда негiзгi үш компоненттi беру керек:
iшкi программаның интерфейсi, яғни шақырғанға (активтендiргенге) жеткiлiктi информация;
iшкi программаның локалды контексi: объектiлер сипаттамаларының жиыны;
iшкi программаның мәнiн құрайтын iс–әрекеттер, операторлар.
Процедурамен функцияның жазылу үлгiсi:
Procedure <идентификатор> [(var <формаль параметрлер тiзiмi>:<тип>)];
Begin
<процедура денесi>
End;
Function <идентификатор>[(<формаль параметрлер тiзiмi>:<тип>)]:<нәтиже типi>;
Begin
<функция денесi>
End;
Әдебиет: [2], [4]
7 тақырып. Файлдармен жұмыс.
Жоспар:
Файлдар классификациясы: файлдарды типтері және қатынас әдісі бойынша бөлінуі.
Мәтіндік файлдар. Нақты және логикалық файлдар түсінігі.
Мәтіндік файлдарды өдеуге арналған процедуралар мен функциялар.
Берілгендерді енгізу шығару.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Pascal тiлiнде файл – деп, деректердiң қандайда бiр жиынтығын сақтай алатын сыртқы еске сақтау құрылғысындағы жадының обылысын айтамыз.
Бұл жады облысына қандайда бiр деректердi орналастыруға да, және одан алуға да болады. Бұл әрекеттер файлға енгiзу– шығару – деп, аталады.
Файлдық айнымалылар және типтердi қарастырайық. Файлдық айнымалыны сиппаттаудың жазылуы:
Var
F: file of integer;
Жазуды былай түсiнемiз:
F– атты бүтiн сандардың (саны белгiсiз) сыртқы жадыда орналасқан (магниттi дискiде) тiзiмiн айтады.
Әдебиет: [2], [4]
8 тақырып. Символдық жолдармен жұмыс.
Жоспар:
Символдық жне жолдық мндер.
Символдық мндермен орындалатын амалдар.
Жолды өдеу алгоитмі. Жолдан ішкі жолды іздеу алгоритмі.
Жолдармен жұмыс істеуге арналған программалау тіліндегі құрамдас функциялар мен процедуралар.
Әр сұрақтың қысқаша мазмұны
Паскальда жолдық (string) тип пайдаланылады. Жол белгілі бір символдар тізбегі. Өрнектерде жол екі жағынан апострофқа алынып жазылады. Жолдық символдар саны 0-ден 255 дейінгі аралықта жатады. String типті айнымалыны тип бөлігінде сипаттау арқылы немесе бірден айнымалылар бөлігінде сипаттауға болады.
Жазылуы:
Type <типті атауы>= string[жолды е үлкен ұзындығы]
Var<айнымалы>:<типті атауы>;
Var<айнымалылар>: string[жолды е үлкен ұзындығы];
Әдебиет: [2], [4]
8 Тәжірибелік сабақтар мазмұны, және олардың сағат көлемі
№1 практикалық жұмыс 1.1 Pascal (Delphi7) тілі ортасымен танысу
Студент бумасында өз тобыңызбен аталатын бума құрыңыз.
Бас менюден Delphi7 жұмысқа қосыңыз.
Менюден: File-New-Other-Console Application командасын таңдаңыз. Бұл консольдық режимде жұмыс істеу деп аталады.
Экранда төмендегідей текстпен терезе шығады.
program Project1; {Жобаның Delphi7 берген аты}
{$APPTYPE CONSOLE} - консольдық режимді көрсетеді uses SysUtils; Begin { TODO -oUser -cConsole Main : Insert code here } - бұл орынға есептің программасы жазылады end.
1 жаттығу
x=2; y=6 мәндерінде олардың қосындысын табу бағдарламасын құру.
Delphi7 терезесіндегі тексті толықтырыңыз.
рrogram Project1;
{$APPTYPE CONSOLE} uses SysUtils; var x,y,z,a:integer; begin
x:=2;
y:=6;
z:=x+y;
writeln(‘kosyndy z=’,z);
readln;
end.
Жобаны File-Save Project as командасымен өзіңіздің Прак1 бумасында ornek1 атымен сақтаңыз.
Менюден Run-Run командасын беріп, бағдарламаны орындауға жіберіңіз.
Егер бағдарлама тексін дұрыс терсеңіз экранға жауап шығады.
kosyndy z=8
Егер бағдарлама тексінде қате болса, ол туралы экранның төменгі бөлігінде хабарлама шығады. Қатені түзетіп, 2-пунктті орындаңыз.
Жауап шыққанша 2-4 қадамдарды орындаңыз
х пен у басқа мәндерге түзетіп, 2-4 қадамдарды қайталаңыз.
Шыққан жауапты қараңыз.
Бағдарлама кодына түсініктеме.
1) рrogram Project1; жолы бағдарламаның атын білдіреді Project1 (Жоба1) аты автоматты түрде беріледі. Әр жобаны ерекшелеу үшін, оған басқа ат беріп сақтауға болады.
2) uses SysUtils; қажет SysUtils; кітапханасын ашады. 3) var x,y,z,a: integer; бағдарламаның айнымалыларды сипаттау бөлімінде пайдаланылатын айнымалылардың типтері (яғни, қабылдайтын мәндерінің типі сипатталады.). integer x,y,z,a аталған айнымалылар бүтін типтегі мәндер қабылдайтынын білдіреді. begin
end. арасында бағдарлама тексі жазылады.
4) x:=2;
y:=6;
z:=x+y; командасы z айнымалысына өрнектің нәтижесін меншіктейді.
Writeln (‘kosyndy z=’,z); нәтижені экранға шығарады.
Тапсырма. Үш санның көбейтіндісін табу программасын құрыңыз.
ПР2. Мәліметтерді енгізу - шығаруды ұйымдастыру.
2.1 Мәліметтерді шығару
Теориялық бөлім
WRITE – айнымалының мәнiн, өрнектiң мәнiн, текстi экранға шығарады.
Жазылу форматы: write(ln) (<параметр>);
Жазылу түрлерi:
writeln (өрнек); – өрнектiң мәнiн экранға шығарады. Мысал, writeln (sqr(25));
writeln(x); – x айнымалының мәнi шығады.
writeln (‘текст’) – апострофтың iшiндегi текст шығады.
writeln ( өрнек, ’текст’, айнымалылар);
writeln; – бос жол шығарады.
1 жаттығу. Қадыр Мырзалиевтің «Ана тілі» тақпағының бір шумағын экранға шығару.
1. Бағдарлама тексін теріңіз
program text;
{$APPTYPE CONSOLE} uses SysUtils;
begin
Writeln; Writeln(‘Ана тілі’);
Writeln;
Writeln(‘Ана тілің арың бұл,’);
Writeln(‘Ұятың боп тұр бетте.’);
Writeln;
Writeln(‘Қ.Мырзалиев‘);
Writeln;
readln;
end.
Бағдарламаны орындап, нәтижесін көріңіз. Текстің экранда орналасуына назар аударыңыз
2. Мына жолдарға өзгерістер енгізіңіз
Writeln (‘Ана тілі’:20);
Writeln (‘К. Мырзалиев’:30);
Бағдарламаны орындап, нәтижесін көріңіз. Қандай айырмашылық бар? 20 және 30 цифрларын өзгертіңіз. Нәтижесіне түсініктеме беріңіз. :30 жазуы қандай қызмет атқарады?
Тапсырма. Өзіңіз туралы ақпаратты шығару бағдарламасын құрыңыз. Бағдарламаны сақтаңыз.
2.2 Мәндерді енгізу
read(ln) – сандық мәндер, символдар, жолдар клавиатурадан енгiзіледі.
Жазылу форматы: read(ln)(айнымалылар тiзiмi);
Жазылу түрлерi:
readln(x) – x-тiң мәнiн клавиатурадан енгiзу қажет.
readln(a,b)–a,b мәндерi клавиатурадан енгiзiледi.
readln- енгізу клавишасы басылғанын күтеді.
Read процедурасы орындалғанда, айнымалының мәнiн енгiзу үшiн бағдарлама жұмысында кiдiрiс болады. Айнымалының мәнiн клавиатурадан енгiзу қажет. Егер read процедурасында айнымалылар тiзiмi көрсетiлсе, онда тiзiмдегi айнымалылардың мәндерi клавиатурадан бос орынмен ажыратылып енгiзiледi. Әрбiр read процедурасынан соң Enter клавишасы басылады.
2 жаттығу. Жаңа терезеде мына жолдарды теріңіз
var x,y,a,b: integer;
begin
writeln(‘екі сан енгіз’);
readln(x, а); {2}
y:=10; {3}
writeln(x+y); {4}
b:=y+a;
writeln(‘b=’,b); {5}
readln;
end.
Орындап нәтижені қараңыз да, дәптерге жазып алыңыз
1) Мына {4} жолды өзгертіңіз:
Writeln (‘у+х=’, х+у);
Орындап нәтижені қараңыз. Қандай өзгеріс бар? Қорытынды жасаңыз.
4. Мына 6,7 жолды теріңіз:
writeln (y,’+’, a, ‘=’ , b); {6}
Writeln (‘x=’, x, ‘y=’:10, y,‘a=’:10, a); {7}
Орындап нәтижені қараңыз. Қандай өзгеріс бар? Қорытынды жасаңыз. «:» белгісі қандай қызмет атқарады?
Тапсырма:
1. Екі сан енгізіп, олардың қосындысының квадратын, көбейтіндісін табатын және нәтижені экранға шығаратын программа құрыңыз.
2. Шеңбердің радиусы берілген. Ұзындығы мен ауданын табыңыз.
3.Өзіңіз білетін мақалды экранға шығаруды бағдарламалаңыз.
4.Осы айдың аты мен күнін сұрап, бүгінгі күн мен айды шығаратын бағдарлама құр.
№1 зертханалық жұмыс. Тармақталған құрылымды программалау.
2.1 Шартты оператор. Шартты оператордың қысқа және толық формалары.
Мақсаты: Шарттық оператордың жазылуы мен пайдаланылуын меңгеру.
Теориялық бөлім
Белгiлi бiр шартты тексеру нәтижесiне байланысты екi түрлi iс-әрекеттiң бiреуi ғана орындалатын жағдайда шарттық оператор қолданылады. Шарттық оператордың жазылу форматы:
Толық түрi: If <шарт> then <1 оператор >
еlse <2 оператор >;
Шарт нәтижесі ақиқат болса 1 оператор, ал жалған болса 2-оператор орындалады.
Қысқа түрi: If <шарт> then <1 оператор >;
Шарт нәтижесі ақиқат болса 1 оператор орындалады, ал жалған болса еш нәрсе орындалмайды.
Шарттық қатынастардың жазылуы: (<=); (>=); (<>)
1 жаттығу: Екi санның үлкенiн табу.
program tarmak1;
{$APPTYPE CONSOLE} uses SysUtils;
var x, y, z: real; х,у-берiлген сандар, z-нәтиже
begin
writeln (‘2 сан енгiз’);
readln (x, y);
{1} if x>y then z:=x егер x >y болса, онда нәтиже х болады
еlse z:=у; әйтпесе нәтиже y болады
{2} writeln (z);
readln;
end.
Бағдарламаны бірнеше рет орындап, әр орындағанда әр түрлі сандар енгізіңіз. Нәтижесін қараңыз.
2 жаттығу: Енгізілген екі санның тең немесе тең еместігін анықтау.
{1} жолды былай өзгертіңіз
if x=y then writeln (‘екеуі тең‘)
еlse writeln (‘екеуі тең емес‘);
Қысқаша түрі
3 жаттығу: Енгізілген сан оң сан болса, оның квадрат түбірін табу.
program tarmak2;
1>2>1>
Достарыңызбен бөлісу: |