- неврастениямен ауыратындарда байқалынатын: кез келген жұмыстан өте тез шаршаушылықты, ұйқысының нашарлығын, басының ауыруын, тым ашуланшақтық құбылысын түсінуге болады.
- Неврастениямен ауыратындар есте ұстау қабілеттерінің нашарлағанын айтып жиі шағынады. Дәрігердің қабылдауына келгенде, олардың өз есіне сенбей алдын ала дайындап жазып алған қағаздарына қарап шағымдарын тізіп айта бастайтынын жиі көруге болады. Іс жүзінде олардың есте сақтауы жақсы, бірақ зер салуы өте әлсіреген болып шығады.
●Аурудың бас кезінде науқастың жүрегі лүпілдейді, қатты терлейді, ұйқысы бұзылады және тәбеті төмендейді. Бұл құбылыстар аздаған дене жүктемесінен және көңіл-күйдің өзгеруінен де күшейе түседі. Бұдан әрі әртүрлі сыртқы факторларға сезімталдығы артады, мысалы, сәл салқынға тоңғыш, нақты әрекеттер жасауға қиналады, бірқалыпты күйде ұзақ отыра алмайды, шыдамсыз, ашушаң, кез келген жайтқа ренжігіш, жылауық келеді.
●Ұйқысы нашарлайды, түсіне қорқынышты, үрейлі түстер енеді, ұйқысы қанбағандықтан күні бойы дұрыс жұмыс жасай алмайды. Ауру ұзаққа созылып кетсе, кейін не болса соған күмәнданады, айналадағының бәрі қараң қалғандай күй кешеді.
●Ұзақ уақыт, мысалы, алкогольден улану, жұқпалы аурумен ауыру, бассүйектің жарақаттануы, гипертониялық аурулар, атеросклероз т.б. ауруларға шалдығу неврастенияға ұқсас әлсіздік, жүректің лүпілдеуі, ыстықтау, тоңу, тершеңдік, бас ауыруы сияқты белгілерді туындатады. Мұндай науқастарда бұл белгілердің көбісі ұзаққа созылады және ұдайы болады.
●Мұндай адамдарды төңірегіндегілер мен отбасындағылар көбінесе, өзімшіл (эгоист), бетімен кеткен, дөрекі деп ойлаулары мүмкін.
●Неврастениямен ауыратын адамдар жұмыс кезінде белгілі бір нәрсеге ойларын түйе алмайды. Жұмысты қолға алғанымен оған ықыласы болмайды, әрбір ұсақ-түйек нәрсе ойларын бөледі, олар жұмыстың басында-ақ шаршағандықтарын сезеді.
- Неврастенияның көрінісіндегі жетекші белгі - ашуланшақтық болмай, қайта өзі және өзінің жақындары үшін үнемі мазасыздану қоса-қабаттаса жүретін депрессиялық жағдай болуы да мүмкін. Ауру адамдар мұндай мазасыз жағдайдан ешуақытта арыла алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |