ЖЖК 2020 бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы тегін кәсіптік даярлау курстарына
жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімі аяқталғанша және солардың
талаптары бойынша осы Бағдарлама шеңберінде оқуды жалғастыруға құқық беріледі.
Ескерту. 5.1.1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019
№ 521
(алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
қаулысымен.
5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа
мерзімді
кәсіптік оқыту
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту дуальды оқыту
элементтері бар білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары
арқылы жүргізіледі.
29 жасқа толмаған жастар және халықты жұмыспен қамту орталықтарында
тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET
санатындағы жастар, көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке
қабілетті мүгедектер, қысқартылатын жұмыскерлер қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан
өтетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың
ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту білім беру ұйымы әзірлеген және жұмыс
берушілермен және ӨКП-мен келісілген білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге
асырылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жинақталуына қарай кіші топтарда жүзеге
асырылатын болады.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын адамдар қысқа мерзімді кәсіптік
оқытудан мобильді оқу орталықтары арқылы өте алады. Кәсіптік оқытудан мобильді
Білім беру ұйымдары мынадай талаптарға сәйкес келген кезде тізбеге енгізіледі:
1) тәлімгерлікпен дуальды
оқыту элементтерін пайдалану;
2) оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға белгіленген
үлгідегі куәлік немесе сертификат бере отырып, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды
өткізу бойынша кемінде бір жылдық тәжірибесінің болуы не "Атамекен" ҰКП
орталықтары
тізіліміне қосылу;
3) оқудан өткен адамдардың жұмысқа орналасу деңгейі (тізбеге қосуға өтінім беру
сәтіне) кемінде 60%-ды құрауы және міндетті зейнетақы жарналарының бар болуы
негізінде айқындалады (жұмысқа орналасу деңгейі алдыңғы бір жылдан аспайтын
кезеңде оқуды аяқтағаннан кейін үш ай өткеннен кейін тексеріледі);
4) өндірісте кемінде бір жыл кәсіптік практикалық жұмыс өтілі бар оқытушылардың
болуы;
5) заманауи материалдық-техникалық
базаның болуы;
6) ӨКП және жұмыс берушілермен келісілген қысқа мерзімді кәсіптік оқыту
бағдарламаларының болуы.
2019 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органмен келісу бойынша оқу орталықтары мен оқу орындарының тізілімін
бекітеді, оның негізінде өңірлік комиссия қысқа мерзімді кәсіптік оқыту өткізу үшін
білім беру ұйымдарының тізбесін айқындайды.
Бекітілген тізілім, сондай-ақ біліктіліктер мен дағдылар бөлінісінде ұсынылатын
оқу бағдарламаларының тізбесі Электрондық еңбек биржасында, сондай-ақ "Атамекен"
ҰКП-ның интернет-ресурсында еркін қолжетімді түрде орналастырылады және жүйелі
түрде жаңартылып отырады.