Оқушылардың шығармашылық қолөнер жұмыстарында этнодизайн элементтерін тиімді пайдалану әдістері



жүктеу 34,74 Kb.
Дата16.12.2022
өлшемі34,74 Kb.
#40651
түріБағдарламасы
оқушылардың шығармашылық қолөнер жұмыстарында этнодизайн элементтерін тиімді пайдалану әдістері


оқушылардың шығармашылық қолөнер жұмыстарында этнодизайн элементтерін тиімді пайдалану әдістері
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Елімізде Елбасымыз Н.Ә.назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді дамытудың бағдарламасына сәйкес, қазіргі халқымыздың ұлттық құндылықтарын жаңғырту, олардың тәрбиелік, танымдық мәнін түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы арта түсуде [1]. Қазақ халқының қолөнерінде ою-өрнек әр түрлі ою, бедер бейнені күйдіру, бояу, қашау, қалыппен істеу т.с.с. негізінде көркемдік түрлер шығарудың, әшекейлеудің ортақ атауы болып табылады. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері - бейнелеу өнерінің, халықтың сәндікқолданбалы өнерінің негізгі саласы және үлкен бір арнасы. Қазақ ұлттық ою-өрнегін адам өміріне қажетті заттарды, бұйымдарды, сәулет құрылыстарын сәндеуде, халықтың тыныстіршілігін, қоршаған ортаға көзқарасын, одан алған эмоционалдық, эстетикалық әсерін және ой арманын, тілек-мүддесін әсем талғаммен өзара үйлесімділік бейнелі жеткізуге ықпал ететін нақыштар деп танынады. Қазақ ою-өрнектері шаруашылық, көшіп қону, жорықшылық заманындағы тұрмыс-тіршілікті, айналасындағы табиғатты, заттар мен құбылыстарды байқаудан туған ұғым негізінде дамыған. Осыған сәйкес, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің тарихын өз еңбектерінде Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Т.Басенов, Ө.Жәнібеков т.б., қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің теориясын С.Қасиманов, Д.Шоқпарұлы, Қ.Әмірғазин, С.Төленбаев, Қ.Болатбаев т.б. қарастырған. Қазақ ою-өрнектерінің көкөніс тобындағы ою-өрнектер; хайуанаттар тобындағы ою-өрнектер; ғарыштық (космологиялық) ою-өрнектер; геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер болып түрлерге жіктелетіні белгілі. С.Қасиманов ою-өрнектерді қарастыру барысында оларды ай, күн, жұлдыздарға-көк әлеміне байланысты өрнектер; малға, малдың денесіне, ізіне байланысты; аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер; құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер; құстарға байланысты ою-өрнектер; жер-су өсімдік, гүл, жапырақ, бұтақ бейнелі оюөрнектер; қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер; геометриялық фигуралар тектес өрнектер деп түрлерге бөлген. Қазақстан жерінде қола дәуірде өмір сүрген тайпалар тұрмыстық бұйымдар, қарулар, еңбек құралдары мен сәндік заттарды жасауда, сонымен бірге құю, жону, өрнектеу сияқты техникалық тәсілдерді жақсы меңгеріп, заттарға өрнек, оюлар салған. Ә.Марғұланның, Қ.Ақышевтың т.б. ғалымдардың еңбектерінде қола дәуірдегі бұйымдарда бейнеленген белгілер мен таңбалардың XVII-XIX ғ. қазақ халқының қолөнерінде кездесетін ою-өрнектерге өте ұқсас екендігі дәлелденген. Кез-келген халықтың ою-өрнектерінде ортақ заңдылықтар да болады. Солардың ішінде симметрия заңдылығы ең көп қолданылатын заңдылықтар қатарына жатқызылады. Бұл заңдылық бойынша ою-өрнек бөліктерінің бірдей болып келуі, қайталанып келуі белгілі-бір ырғақ түзуге, әдемі әрі сұлу болып көрінуіне мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, ою-өрнек композицияларын құрудың қарапайым айналмалы симметрия, айналмалы бұрыштық симмерия, аралас симметрия т.с.с. әдістерін де айта кетуге болады. Ою-өрнектер қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің барлық түріне қатысады және әрбір түрінде әртүрлі ою-өрнектерді қолдану әдістерімен ерекшеленеді. Қазақ халқының этнографиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтерінде оюлау, бедерлеу, бейнелеу өрнектерінің белгілі бір орын алатындығы да айқын. Ою-өрнек жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойға алған мағыналы көріністің немесе заттың сыр-сипатын өзінше танып, оны дәлме-дәл көшірмей, көркем, әшекейлі болуына көп көңіл аударып ерекше мән беріп отырған. Қазақтың халық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнектер өзінің даму барысында әртүрлі көркемдік сипат алған. Қолданбалы өнер шығармаларын жасау барысында шебер түстердің үйлесімділігін ескере отырып, оларға белгілі бір мән-мағына берген. Мәселен,, Ә.Қ.Марғұлан зеттеулерінде түстердің мынадай символдық мағыналарын көруге болады: ақ түс – бақыт, қуаныш, ақиқат. Қызыл – от пен күн көзінің символы. Сары – ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның символы. Жасыл – жастық шақ пен көктемнің символы болса, көк - көк аспан, көк аспанға табынуды білдіреді. Ал қара түспен жер ананы белгілейді [2]. Суретші-ғалым Қ.Болатбаев бояу түстерінің символдық мәндеріне байланысты: ақ түс – бейкүнә, таза, шынайылық; қара қошқыл – жоғары қуаттылық, абырой, намыс; қоңыр-қызыл – денсаулық; қып-қызыл - өткір тіл; раушан қызыл – жастық шақ, махаббат, нәзіктік; қоңыр – көндігудің, терең ойдың мәнін білдіретіндігін анықтап түсіндірмелер жасаған [3]. Түр–түс табиғатын танып білу ұзақ дәуірдің, халық болып жаралғаннан бергі танымның өзін қоршаған орынды қолдана білуінің нәтижесі болып табылады. Адамдардың түр-түс табиғатын білуі - ертеден келе жатқан дәстүр түрі. Бұл дәстүр әрбір халықтың рухани, мәдени өмірімен, тілімен бірге дамып, кемелденіп отырады. Текемет, сырмақ, тұс киіз, кілем т.с.с. үй мүліктерінде тек ою-өрнекке көңіл аударылмай, бояу түстеріне де ерекше мән беріліп, оның адамға әсері, ой тастауын соларды дүниеге келтірген шебердің ішкі жан дүниесін де байқауға әбден болады. Сөйтіп, қазақ халқында бояу түстерінің мән-мағынасын тарихи өмір сұру салты, тұрмыс пен шаруашылық ерекшеліктері, халықтың психологиялықтанымдық, дүниеге деген өзіндік көзқарастарынан туындаған күрделі, терең мағыналы ойпікірлер мен тұжырымдар белгілеген. Мәселен, жасыл - жастықтың, күш-қуаттың, қызыл - қызу өмірдің, қара - жердің, біртұтастықтың, ақ - пәктіктің, әділдіктің, қоңыр - сабырлықтың, көк - шексіздік пен аспанның т.с. белгісін, анықтамасын білдіреді. Қазақ халқының қолөнерлік дәстүрінің тарихында қазақтың әсіресе зергерлік өнері ұлттық мәдениетіміздің тарихынан айрықша орын алатынын байқауға болады. Кейбір қазба жұмыстарының нәтижесінде бізге жеткен мұрағаттың бұйымдардағы қолтаңбалар ежелгі өнердің түр-түс жағынан да, композициялық шешім жағынан да көркемдік деңгейінің жоғары болғандығын көрсетеді. Қазақтың біртуар өнертанушы ғалымы Ө.Жәнібеков аспан әлеміне байланысты ою-өрнектерді зерттеп, сақ дәуірінен келе жатқан дөңгелек, төрт құлақ, қосу, шимай ою-өрнектің пайда болуына негіздеме беріп, шеңбердің - әлемдік кеңістікті, төрт құлақ – төрт құбыланы, шимайдың - тынымсыз қозғалысты білдіретіндігін т.б. анықтады. Қазақ халқында шимай өрнегі өмірдің дамуын анықтап, оның ала түсті болуын қара қылды қақ жарған ақ әділеттің белгісімен және күн мен түннің тоқтаусыз алмасып отыруымен теңеп, құнды қорытындылар шығарған [4]. Осыларға сәйкес кейбір белгілер мен символдардың анықтамасын беруде мынадай мысалдар бар: шеңбер – ақыл, оның айнымалы-ойлау (Аристотель); тіршілік - от ұшқыны (Әл-Фараби); Абай үшкілі - қайрат, ақыл, жүрек; ғаламда: ауа, күн, су - тіршіліктің көзі; гүл өсімдіктер сюжеті - ауызбіршілік белгісі; дүниені құраушы тектер - от, жел, су, жер, аспан, яғни дененің қатты, сұйық, тас, плазма күйі т.б.[5]. Ою-өрнектердің пайда болуы мен қолданылуының әр халықтағы кейбір ерекшеліктеріне үңілетін болсақ, олардың әртүрлі халықтарда әрқилы болғандығын байқау қиын емес. Мысалы гректер ою-өрнектерді пайдаланғанда заттың негізгі формасындағы ерекшелік қасиеттерді көрсетуге, жалпы тұтастық заңдылықты қолданып, оны үлгі ретінде қалдырған. Қытайлықтар ою-өрнек арқылы сәулет өнерін дамытуды мақсат етіп, оюөрнектерді өнеркәсіпте, ұлттық фарфор ыдыстарын әшекейлеуде кең қолданған. Парсылар өрнектер мен оюларды монументті құрылыста қолданып, өсімдіктер, жан-жануарлар сюжетін пайдалану арқылы жасап, табиғатпен тілдесу үшін қолданған. Шығыс Орта Азия халықтары араб өнерінде курсив жазуын ою-өрнек ретінде әрі құранды дәріптеу, насихаттау мақсатында қолданғандығын айтуға болады. Қазақстан жерінде қола дәуірде өмір сүрген тайпалар тұрмыстық бұйымдар, қарулар, еңбек құралдары мен сәндік заттарды жасауда, сонымен бірге құю, жону, өрнектеу сияқты техникалық тәсілдерді жақсы меңгеріп, заттарға өрнек, оюлар салуды кеңінен жүзеге асырған. Бұған дәлел, қазақ жеріндегі табылған бірнеше алтын адамдардың табылуы және олардағы ою-өрнектердің, символдардың өте құнды, ойлы және композициялық тұрғыдан күрделі шешімге бай болуы бүкіл әлем жұртшылығын таң қалдыруда. Қазақта суды ирек сызықтармен бейнелеген, сусыз тіршілік жоқ, дүниенің төрт бұрышын су қоршап тұрғандығын бейнелегендей, заттардың шетін иректеп әшекейлеген. Осылайша «су» өрнегі сәндік өнерде кеңінен қолданылып, дүниені түсінудің бір элементі ретінде қабылданады. Қазақ халқының мал шаруашылығымен шұғылданып, көшпелі өмір салтын құруы барлық қазақ ою-өрнектерінің мазмұнында көрсетілген. Әйгілі «Қошқар мүйіз» оюының нақты қошқардың мүйізінің бейнесін анықтап, қазақ ой-тұжырымында байлық-берекенің дәулет пен ырыстың белгісін білдіруі де осыны дәлелдейді. Бабаларымыздың қай дәуірде, қай кезеңдерде болмасын, өмір сүрген ортасының тыныс тіршілігінен мағлұмат беретін, жерінің, табиғатының байлығын, дархан даладай көңіл-күйінің кеңдігін танытатын ой-өрісі, қоршаған дүниеге деген көзқарасы, мақсат-мұраттары бүгінгі ұрпаққа жеткен сәндік қолөнерінен, ондағы ою-өрнектің желісінен анық байқалады. М.Ш.Өмірбекованың шығарған «Қазақ ою-өрнектері» атты жаңа энциклопедиясына мыңнан астам ою-өрнектің ежелгі және осы заманғы түрлері енгізілген. Онда қазақ ою өнерінің басқа халықтардан ерекшелеп тұратын айрықша белгі екендігі, оның тайға таңба басқандай дара тұратындығы айқындалған. Сол сияқты, қазақ оюының мәні мен маңыздылығына тоқталған кейбір шетел өнер зерттеушілерінің пікірлері де айтылады. Мәселен, қазақ халқының тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін халық екендігін (В.Чеплев), Азияны, қазақ жері үлкен этнографиялық музейге теңелетіндігін (А.С.Фелькерзам) т.с.с. деп атап өтеді [6]. Яғни, қазақ халқының төл өнері – сәндік қолөнерін, ондағы ою-өрнектердің сырын ұғуға басқа халықтардың өнер зерттеушілерінің барынша ден қоюында да үлкен мән бар. Сондықтан сәндік-қолданбалы өнерге тиесілі терең тарих пен үлгі-өнеге, асыл қазына мен кең мағыналы ойлар қазіргі этнодизайнерлік зерттеу аясына кіруі қажет, өйткеніэтнодизайнның қолданыс мүмкіндіктері өте кең әрі көпсалалы интеграциялық материалдарды пайдалануға серпін береді. Халықтық өнер арқылы жас ұрпақтың танымын кеңейтуге, дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырып нығайтуға әрі осыған сәйкес, оларға халықтық мәдени құндылықтарды игертуге, ұлттық мәдениетін қалыптастыруға қажетті әрі ұтымды дүние – бұл қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен көмкерілген сәндік-қолданбалы өнері болып есептеледі. Қазақ тұрмысында, өмірінде ою-өрнектің араласпайтын саласын табу қиын. Еліміздің рәмізі көк туымызды да халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын осы құндылықтар бүкіл әлемге танытып тұр. Кез-келген халықтың қолөнерінде бейнеленген ою-өрнектерге, символдарға қарап, сол халықтың қазынасын білеміз. Өйткені ою-өрнектер әр халықтың таңбасы ретінде сол елдің сәндік-қолданбалы өнерінің мәнін және көнеден келе жатқан мәдениетін айшықтап тұрады. Қазақтың сан алуан ою-өрнектері де малға, өсімдіктерге немесе қоршаған ортадағы құбылыстарға қатысты болып келген. Әсіресе бұғы мен қошқар мүйіз, түйетабан оюөрнектері негізгі халық өнеріне кіретін белгілер болып табылады. Қазақстан жеріндегі табылған сақ дәуірінің ескерткіштері осындай стильге жатады. Сақ дәуірінің алғашқы кезеңінде аңдар бейнесі шындыққа жақын болып келсе, соңғы кездері стилизациялау, ықшамдау болды. Аңдар бейнесі, олардың мүйіздері, басқан іздері т.б. біртіндеп ою-өрнекті туындатушы себепке айналды. Бұларды қазіргі этнодизайнерлік идеялардың туындауына қажетті материалдар деп есептеуімізге болады. Қазақтың ою-өрнектерінің ішінде тау ешкісін, арқарды, бұғыны, жыртқыш аңдарды қозғалыссыз қалпында бейнелеу - сақ өнерінің архаикалық кезеңіне тән құбылыс. Есік қорғанынан, Тарбағатай жеріндегі Шілікті өңірінен табылған алтын киімді адамдар – Андронов стилінің жарқын ескерткіштерінің бірегейлері. Алтын адамның бас киімінен бастап түгелдей алтыннан жасалынды. Оның бас киімі, кеуде, жағасы, белбеуі, киімдерінің көптеген бөлшектерінде жолбарыс, қанатты тұлпар, құс қанаты көріністері оюланып әшекейленген. Қазақ халқының мал шаруашылығымен шұғылданып, көшпелі өмір салтын құруы барлық қазақ ою-өрнектерінің мазмұнында көрсетілген. Әйгілі «Қошқар мүйіз» оюының нақты қошқардың мүйізінің бейнесін анықтап, қазақ ой-тұжырымында байлық-берекенің, дәулет пен ырыстың белгісін білдіруі де осыны дәлелдейді. «Қошқармүйіз» ою-өрнегі байлық пен молшылықтың нышаны болды. Кейіннен «Қошқар ата» қойдың иесі қорғаушысы деп саналған. Көшпенділер дүниетанымында қой мен тауешкі рулық тотем ретінде қабылдаған. Олардың сүйегі кішкентай балалар мен әйелдердің бас киіміне тағылатын. Сондықтан стильденген «Қошқармүйіз» бен «Арқар мүйіз» оюларының қазақ қолөнерінде қолданбайтын жері жоқ деуге болады [7]. Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс – көктің, балық – судың, ағаш – жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыш аты, тіке сызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі - бейнелеу өнерінің бір түрі. Онда ою-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркем, әшекейлі болу жағына баса назар аударады. Осы сияқты мүйіздеп әшекейлеу арқылы жасалатын өрнектер қазақ халқынан басқа да түркі елдерінде көптеп кездеседі. Қырғыз, өзбек, әзербайжан, түрікмен, молдавандарда және тағы басқа да елдерде кездеседі. Әрине, әр елдің салттық ұғымдарына, дәстүрлеріне байланысты олар әр алуан болып келеді. Демек, халықтар арасында бірінен бірі үлгі алу, өнеге ауысу, өзара байланыс орнату ертеден-ақ жақсы дәстүр болған. Ал шырмауық, шытырман, гүл, жапырақ және геометриялық фигуралар тектес өрнектер барлық халықтарға ортақ және мүйіз өрнегіне қарағанда байланыстары тығыз. Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың тұрмыстық кәсіптерінің бірі – саятшылық болғандықтан, оның сан түрлі көріністерін жартастардан арқар, барыс, және т.б. хайуанаттарды қолға үйрету көріністері, сондай-ақ түйенің, ешкінің бейнелері, жаяу адамдар мен қолына садақ ұстаған аңшылардың суреттері бейнеленген. Қорыта келгенде, қазақтың ою-өрнектері - қазақ халқының ғасырлар бойы тұрмыстіршілігін, шаруашылық түрлерін, ой-санасын, дүниетанымын білдіретін күрделі өнер түрі және келешек ұрпаққа қалдырған мәдени мұрасы. Сондықтан казақтың ою-өрнектерін сәндік-қолданбалы өнеріміздің дамуына тікелей ықпал жасаушы таным құралы ретінде мәнмағынасын терең түсіне отырып кеңінен әрі дұрыс пайдаланудың маңыздылығы өте зор деп білеміз. Сонымен бірге, қазақ бейнелеу өнерінің, ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің жас ұрпақтың дүниетанымдық түсініктерін кеңейтуге, білім-біліктерін тереңдетуге және дамытуға ықпал жасайтындығын ұмытпағанымыз жөн. Яғни, қазақ сәндік-қолданбалы өнердің танымдық негізі келешек ұрпақтың ауқымды дүниетанымын қалыптастыруды, қоғамдық даму өзгерістерінің элементтері мен ұғымдарын түсінудің мүмкіндіктерін ашатын, халқымыздың рухани жаңғыруына қажетті қазіргі кезеңдегі заманауи шығармашылық біліктерді игерудің күрделі үдерісі деп анықтауымызға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Назарбаев Н.Ә. «Ұлы Даланың Жеті қыры». Егемен Қазақстан. Астана, 21 қараша, 2018. 2. Марғұлан. Ә. Қазақтың халықтық қолданбалы өнері. – Алматы: Өнер, 1986. – 256 б. 3. Болатбаев Қ.К. Халықтық педагогиканы бейнелеу өнері пәнінде қолдану. - Алматы, Абай атындағы АлМУ, 1996.- 150 б. 4. Жәнібеков Ө. Уақыт керуені. –Алматы.Жазушы. 1992. -126 б. 5. Құдабаева К. Ою-өрнектерді оқу тәрбие үрдісінде пайдалану. Бастауыш мектеп. -2004.- №6. -28 б. 6. М.Ш.Өмірбекова. Қазақ ою-өрнектері. Энциклопедия. –Алматы: Кітап, 2003. 337 б. 7. Ералин Қ., Нақбаева А. Ою-өрнек тарихы. Оқу құралы. Түркістан. ХҚТУ, 2012. -120 б.
БОЛАШАҚ КӨРКЕМСУРЕТ МАМАНДАРЫНЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында елімізді одан әрі дамытудың перспективалық негізгін анықтап, қажетті шаралар мен қаржыларды нақтылап берді. Елбасы әлемдік бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісін дамытуда еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту арқылы жүзеге асыру жолдарын көрсетіп берді[1]. Елімізде қазіргі таңда болашақ мамандарды сапалы даярлау жұмыстарының тиімді шешімдерін шығарудың маңыздылығы да артып отыр. Бұл бағытта әсіресе жас ұрпақ тәрбиесі мен білімін қалыптастырып, дамытып, ұштайтын орта мектептің, ондағы ұстаздардың сапалы білім-біліктілігінің өзіндік ауқымды орны белгілі. Соған сәйкес, келешекте сол мұғалімдердің орнын басатын болашақ педагог-кадрларды даярлау, олардың дайындық көрсеткіштеріне ерекше мән берілуі біздің қоғамымызда басты назарда алынып отыр. Елбасының «Ұлы Даланың Жеті қыры» атты мақаласында еліміздегі мәдениет пен өнерді дамытудың алғышарттары мен позитивті мәні айқындалып берілді[2]. Мектепте көркем-графикалық бағытта оқытуда оқушылардың оқуға ынтасын, эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу арқылы олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жол ашылады. Сондықтан жалпы орта білім беретін мектепте болашақта педагогикалық қызмет атқаратын көркемсурет мамандарының графикалық дайындықтарын арттырудың, оның қазіргі заманғы талаптарға сай жүзеге асырылу міндеттерін қарастырудың маңызы зор. Болашақ көркемсурет мамандарының компьютерлік графикалық іскерліктерін дамытудың тиімділігі олардың графикалық дайындықтарын ұштаумен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан олардың келешекте оқушылардың графикалық іскерліктерін қалыптастыруы үшін графиканың көркемдік құралдарын білуі қажет. Бұл жерде графиканың басты көркемдік құралдарын, яғни бейнелеу тілінің негізгі элементтерін (сызықтар, шрифтер, дақтар, нүктелер); оларды белгілі-бір жазықтық бетіне орналастыру құралдарын; кескін бейнеленген жазықтықтың қасиеттерін білген дұрыс. Бұл көбінесе болашақ көркемсурет бағытындағы мұғалімдердің, яғни сызу, көркем еңбек пәндерінен сабақ беретін ұстаздардың мектептегі практикалық іс-тәжірибе барысында оқушылармен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Сондықтан, болашақ мұғалімдер сабақтар жүргізуге қажетті графикалық іскерліктерді игеруде оқушылардың кейбір қажетті өзіндік ерекшеліктерін алдын ала біліп тұрғандары дұрыс. Көркем еңбек, сызу пәндерінің бағдарламасында компьютерлік графика материалдарының көптеп енуі де қазіргі таңда оқытудың заманауи технологиясы мен заңдылығын құрып отыр. Сондықтан болашақ көркем еңбек, сызу мұғалімдерінің графикалық іскерліктерін қалыптастыру мәселесі қазіргі графикалық дизайн, компьютерлік графикамен тікелей байланыста жүргізілу қажеттілігі күннен-күнге өсе түсуде. Осының негізінде компьютерлік графикамен, графикалық дизайнмен жұмыс істейтін келешек мұғалімдер келешекте қоғамға қажетті дизайнерлер, этнотуризм, этнодизайн, графикалық дизайн мамандарына деген қоғамдық сұранысты жүзеге асырудың ең алғашқы, ең маңызды сатысын мектепте дұрыс жүргізуіне басшылық жасай алады. Сондықтан болашақ көркемсурет мамандарының графикалық іскерліктерін қалыптастыруда соған тиісті жаңа педагогикалық технологияларды игеріп меңгеруі маңызды шарт болып табылады. Мектепте көркем еңбек пәнін оқытуда оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына жол ашылады. Мұғалім оқушының ынта-ықыласы мен бейімділігін, қабілетінің қандай екендігін есепке алып, оқу үдерісін осы негізге орайластыра жүргізіп отыруы тиіс. Сонда оқушының көркемдік-танымдық қызығушылығы артып, ақылой қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың түсін, түрін, тегін, көлемін, пішінін, табиғатын ұғу арқылы оның мәнін ғылими негізде терең түсінуге ұмтылысы арта түсуіне ыңғайлы жағдайлар жасалады. Жалпы орта білім беретін мектепте көркемдік білім мен сұлулық тәрбиесін жүзеге асырушы болашақ көркемсурет мамандарының жалпы кәсіби дайындығын қамтамасыз ету барысында олардың графикалық іскерлік дайындықтарының жоғары болу қажеттілігі мен сұранысы арта түсуде. Себебі сурет салу, графикалық дағдыларды қалыптастыру арқылы графикалық жұмыстардың мазмұнымен, олардың түрлерімен, формаларымен және әдістәсілдерімен танысып, көркемсуретке үйретудің негізі болатын графикалық жұмыстарының басты практикалық дағдыларын меңгереді. Графикалық жұмыстың ең бастысы - сурет салу, ол заттың, құбылыстың қасиеттерін анықтап, танып білуге бағытталып, білім алушылардың қоршаған ортаны бейнелеуге қажетті ептіліктер мен дағды қалыптастыруларына көмектеседі. Суретті бейнелеуде негізгі талап – саналылық әрі шынайылық болғандықтан, білім алушы алғашқы сәттен бастап бейнелеудің көлемдік, кеңістіктік, сол сияқты, пішіндік, реңдік таным іс-әрекеттерін жүргізуі тиіс. Болашақ көркемсурет мамандарының даярлығы туралы пікірлерді қарастыру барысында көптеген ғалымдардың бағалы пікірлер айтқандығын көруге болады. Мәселен, сурет композициясының тұжырымдамасын жасаған ғалым-педагог Е.В.Шорохов көркемсурет мұғалімінің басты міндеттерінің бірі, оқушыларды белгілі-бір тақырып бойынша сурет салуға үйрету болғандықтан, олардың шығармашылық қабілетін арттыру қажеттілігіне баса назар аударуды әрдайым естен шығармауды шегелеп берді. Сол сияқты, Т.Я.Шпикалова көркемсурет іс-әрекетін қалыптастырушы мұғалімнің қызметінің бір бағыты, балаларды сәндік сурет салуға үйрету, оларға эстетикалық тәрбие беру бағытын қамтитындығын айтып дәлелдеп берді. А.Қамақ: «Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері – оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі басты мүмкіндіктің бірі. Бұл іс-әрекетті атқару үшін мұғалімге ерекше педагогикалық қызмет даярлығы қажет»,-деп келешек көркемсурет мамандарының жан-жақты даярлығының маңыздылығын ашып түсіндірген [3, 24]. М.Тәңірбергенов: «Мектептегі бейнелеу өнері мұғалімінің қызметіндегі салмақты бір сала – графикадан үйірме жұмыстарын ұйымдастыру студенттерге көркемдік білім берумен қатар, оларды өнердің бір белді саласын жас кезінен меңгеруге жол ашады, - деп көрсеткен [4, 6]. Болашақ көркемсурет мамандарына келешекте оқушылардың графикалық іскерліктерін қалыптастыруы үшін графиканың көркемдік құралдарын білуі қажет. Бұл жерде графиканың басты көркемдік құралдарына жататындар: бейнелеу тілінің негізгі элементтері (сызықтар, шрифтер, дақтар, нүктелер); оларды белгілі-бір жазықтық бетіне орналастыру құралдары; кескін бейнеленген жазықтықтың қасиеттері. Осы негізгі үш құралды пайдалану арқылы ғана болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің сан қырлы шығармашылық және әдістемелік жұмыстарды жүргізуіне мүмкіндіктер көбейеді. Осыған сәйкес, Н.П.Бесчастнов графиканы сызықтық графика, штрихтық графика, дақтық графика, нүктелік кескіндеу сияқты түрлерге бөліп қарастырып, олардың композициялық шешімдеріне ерекше мән берудің қажеттілігін баса айтады[5]. Оқушылардың қоршаған ортаның сұлулығын тануға деген құмарлығын арттыруға бағытталған көркемдік білім беру іс-әрекеттері, көркемдік-танымдық мүмкіндіктерге бай әрі оқушының тұлғасын дамытуда ерекше орын алатын маңызды іс-әрекет екендігін әрдайым ұмытпаған жөн. Көркемдік білім беруде заттардың формасын штрих арқылы салу үшін сурет сызықтардан, штрихтардан және дақтардан құралатындығы белгілі. Бұл жерде штрих - қаламұштың немесе қарындаштың өзінше дербес маңызы жоқ қысқа ғана ізі десек, ол басқа штрихтармен қосылып біріккенде ғана өң-түс жасай отырып, маңыз бен мәнге ие болады. Қазіргі кезде мектеп бағдарламасында қоғамға қажетті сұранысқа негізделген іскерліктерге баулу мәселесін қамтитын тақырыптар енгізілген. Соған сәйкес, графикалық іскерліктерді игеруде портрет, натюрморт, ою-өрнек т.б. тақырыптармен қатар дизайн, сәндік натюрморт сияқты тақырыптар қосылған. Яғни, бұл - қоғамдағы дизайнерлік талғамға деген қөзқарас күшейіп, әрі дизайн өнері халықтық мәдениеттің үлкен әрі ауқымды саласына айналғандықтан болып отырған заңды құбылыс. Қазіргі кезеңдегі бәсекеге қабілетті өндіріс бұйымдарының сапалылығы мен сұранысы тікелей бұйымдардың дизайны немесе дизайндық көркем пішіні, тұтынуға ыңғайлылығы сияқты қасиеттерге тікелей тәуелді екендігін ешуақытта ұмытпау керек. Бұл жерде мектептегі көркемсурет мамандарының атқаратын педагогикалық қызметінің маңыздылығы мен көпқырлылығы тағы да айқындала түседі[6]. Мектептердегі жүргізілетін кез-келген оқу-тәрбие барысындағы ауқымды шаралар, жаңа технологияға негізделген сабақтар, видеосабақтар, виртуальді бағдарламалар, мультимедия және педагогикалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы компьютерлік графиканың көмегінсіз мүмкін емес. Компьютерлік графика – заманауи компьютерлік технологияның әсерлі және кең таралған түрі. Компьютерлік графикамен жұмыс – дербес компьютерді пайдаланудың ең бір танымал бағыты, ең бастысы осы жұмыспен дизайнерлер мен суретшілер, ғалымдар мен инженерлер, педагогтар және кез-келген мамандықтың иелері іс-жүзінде пайдалана алады. Компьютерлік графика қазіргі замандағы ең кең тараған құбылыс, барлық осы заманғы үйрететін, дамытатын, жаттықтыратын, ойындық және т.б. компьютерлік бағдарламалар іс-жүзінде мультимедия құралдарын пайдаланбай жүзеге асуы мүмкін емес жағдайға айналды. Компьютерлік графика мен дизайн, графикалық дизайн бірбірімен тығыз байланыстағы құбылыстар. Сондықтан болашақ көркемсурет мамандарының графикалық іскерліктерін қалыптастыру мәселесі қазіргі графикалық дизайн, компьютерлік графикамен тікелей байланыста жүргізілу қажеттілігі мен міндеттілігі анықталып отыр және көркемсурет бағытындағы мамандарды даярлаудың қазіргі білім беру бағдарламаларындағы білім беру траекториялары бойынша жүзеге асырылуда. Компьютерлік графика көптеген студенттер мен мектеп оқушыларының ең қызықты еліктіргіш іс-әрекеттерінің біріне айналды. Компьютерлік графикамен жұмыс барысында мынадай графикалық дағдылар қалыптасады: графикалық редакторларда жұмыс жасаудың негізгі машықтарын алып шыға алады, бейнелерді, кескіндерді алудың тиімді әдістерін меңгере алады, бір уақытта осы бейнелер мен кескіндерді жасайтын көмекші құрылғыларды біліп шығады, оқу барысында компьютерлік графиканың тарихы, қайнар көзі және де оның түрлері жайында білімдер алынады, сканердің және принтердің жұмыс негізін, фотосуреттермен жұмыс технологияларын және т.б. машықтарды үйренеді. Қазіргі жаңа технологиялар заманында дизайнмен байланыспайтын сала жоқ, сол сияқты сәндік өнер, этнодизайн, туризм, декор, жарнама дизайны да қоғамда үлкен орын ала бастады. Адамның қоршаған ортасы көркем әрі сұлу болса, онда бұл орта адамдарды шабыттандырып, олардың табысты еңбек етуіне, толыққанды өмір сүруіне әсер етеді, сондықтан әсіресе болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің дизайнды оқытуға даярлығын күшейтудің тиімділігі мен қажеттілігі ерекше байқалады. Осылардың негізінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің қазіргі заманға лайықты графикалық іскерліктерін қалыптастыру олардың оқушыларды заман талаптарына сай тәрбиелеп, көркемдік біліммен сусындатуларына септігін тигізеді, әрі келешекте қоғамға қажетті дизайнерлер, этнотуризм, этнодизайн, графикалық дизайн мамандарына деген қоғамдық сұранысты жүзеге асырудың ең алғашқы, ең маңызды сатысын мектепте дұрыс жүргізуіне көмектеседі. Сондықтан болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің графикалық іскерліктерін қалыптастыруда соған тиісті педагогикалық технологияларды игеріп меңгеруі маңызды шарт болып табылады. Қорыта келгенде, болашақ көркемсурет мамандары оқушыларды қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеуде, оларды келешекте қоғамымызға пайдалы еңбек етуге және сол еңбегінің жемісін эстетикалық тұрғыдан сезінуге үйретуде графикалық іскерліктерді қалыптастырудың, оны шығармашылық іс-әрекеттермен жандандырудың алатын орны қомақты екендігін білуі тиіс. Осы бағыттағы болашақ мұғалімдердің шығармашылық ізденістері мен жаңа технологиялық әдістемелік талпыныстары олардың кәсіби шыңдалуына, шығармашылық толығуына және педагогикалық іс-әрекеттерінің жемісті болуына жол ашады, яғни, оқушылардың мәдени, рухани құндылықтарға деген көзқарастарын жақсартуға жақсы мүмкіндіктер жасайды.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1 Назарбаев Н.Ә. Нұрлы жол - болашаққа бастар жол. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана. 12 қараша, 2014. 2 Назарбаев Н.Ә. «Ұлы Даланың Жеті қыры». Егемен Қазақстан. Астана, 21 қараша, 2018. 3 Камаков А.О. Эстетическое воспитание учашихся 4-6 классов средствами декоративно – прикладного искусства: автореф. … канд. пед. наук. -М., 1982. -17с. 4 Танирбергенов М.Ж. Жоғарғы оқу орындарында графиканы оқытудың теориялық әдіснамалық негіздері пед. ғыл док. диссертация 2010. 5 Бесчастнов Н.П. Портретная графика: учебное пособие для студентов вузов. Москва, ГИЦ ВЛАДОС. -2007. -387 с., 32 с. ил. 6 Ералин Қ.Е. Дизайн негіздері. Оқу құралы. -Түркістан. Тұран баспасы, - 2012. – 170 б.
жүктеу 34,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау