санатындағы жастар, табысы аз көпбалалы отбасы мүшесі, табысы аз еңбекке қабілетті
мүгедек, ісін жаңа бастаған/ісін жаңа бастаған жас және жұмыс істеп жүрген кәсіпкер,
ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері, шаруа және фермер
қожалықтары, қызмет мерзіміне қарамастан зәкірлік
кооперацияға қатысушылар;
48) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "
Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының
(бұдан әрі –
Заңына
Заң) сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру
мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы
органы құратын заңды тұлға;
49) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – мемлекеттік тіркелген мерзімі ауылдық елді
мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кредиторға кредит/
микрокредит/кепілдік алу үшін жүгінген сәтте кемінде үш жылды құрайтын жиырма
тоғыз жасқа дейінгі (қоса алғанда)
дара кәсіпкер;
50) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – ЕДБ/ "АШҚҚҚ" АҚ/МҰ/КС-ке кредит/
микрокредит алу үшін жүгінген сәтте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркелген мерзімі үш
жылдан аспайтын кәсіпкер;
51) NEET санатындағы жастар – әлеуметтік және экономикалық сипаттағы белгілі
бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс істемейтін және біліктілігін
арттырмайтын жастар.
3.
Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстанның еңбек нарығында соңғы 10 жылда оң серпін байқалады. 2007 жылмен
салыстырғанда жұмыс күші санының 9,7 %-ға өсуімен бірге жалдамалы
жұмыскерлердің де саны 1,7 млн. адамға артты, жұмыссыздардың саны 155 мың адамға
және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың саны 558 мың адамға төмендеді.
Жас жұмыс күшінің 9 %-ға
азайғаны байқалады, бұл шамамен 209,6 мың адам.
2010 – 2017 жылдар аралығындағы кезеңде жастардың экономикалық белсенділігі
айтарлықтай жоғары деңгейде (44 %), алайда ЭЫДҰ елдері үшін орташа көрсеткіш 47
%-дан аз.
2018 жылдың қорытындысы бойынша елде 15-тен 28 жасқа дейінгі жастағы
жастардың экономикалық белсенді бөлігі (жұмыс күші) 2 087,6 мың адам, оның ішінде
2 007,9 мың адам (96 %-ы) жұмыспен қамтылғандар, оның 1 536,6 мыңы немесе 76,5 %-
ы
жалдамалы жұмыскерлер, 471,3 мыңы (23,5 %) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Республика бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 %-ды құраса, жастар
жұмыссыздығы 3,8 %-ды немесе 79,7 мың адамды құрады.
ЖЖК 2020 бағдарламасы қолданыста болған уақытта 770 мың азаматқа мемлекеттік
қолдау шаралары көрсетілді. Нәтижесінде 580 мың адам тұрақты жұмыс орындарына
жұмысқа орналастырылды.
Соңғы жылдары жұмыссыздық деңгейі 2015 жылғы 5,1 %-дан 2016 жылы 5,0 %-ға
және 2017 жылы 4,9 %-ға дейін төмендеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі
2015 жылғы 4,2 %-дан, 2016, 2017 жылдары 3,8 %-ға дейін төмендеген.
Сонымен қатар, еңбек нарығына да, одан әрі экономикалық өсуге де әсер ететін
мынадай жүйелі проблемалар сақталуда:
1) еңбек ресурстары сапасының еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі.
Егер 2015 – 2017 жылдары жоғары және аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыс
күшінің үлесі 38 %-ды құраса, онда техникалық және кәсіптік білімі бар жұмыс күшінің
үлесі 2015 жылғы 38 %-дан 2016 жылы 41 %-ға дейін, 2017 жылы 42 %-ға дейін өскен.
Бұл ретте 2015 жылғы 24 %-дан 2016 жылы 22,6 %-ға дейін төмендегеніне
қарамастан негізгі, орта, жалпы және бастауыш білімі бар еңбек ресурстарының үлесі
жоғары болып отыр.