Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет3/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36

      3) "АШҚҚҚ" АҚ – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік 
қоғамы;
      4) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек 
нарығы" ААЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, 
халықты  жұмыспен  қамтудың  жергілікті  органдарының,  халықты  жұмыспен  қамту 
орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға
және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында 
ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
            5)  әлеуметтік  жұмыс  орны  –  жұмыссыздарды  олардың  жалақысын  субсидиялай 
отырып  жұмысқа  орналастыру  үшін  жұмыс  беруші  халықты  жұмыспен  қамту 
орталығымен шарт негізінде құратын жұмыс орны;
      6) әлеуметтік келісімшарт – Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту 
орталығы  арасындағы,  сондай-ақ  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесудің  белсенді 
шараларын  ұйымдастыруға  тартылған  жеке  және  заңды  тұлғалармен  тараптардың 
құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді 
шараларына қатысу туралы келісім, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, еңбек 
жағдайларын,  еңбекке  ақы  төлеу  мөлшері  мен  шарттарын,  қаржыландыру  мерзімін 
және көздерін қамтиды;
            7)  әлеуметтік  кәсіптік  бағдарлау  –  кәсіп  таңдауда,  қызмет  түрін  ауыстыруда 
практикалық көмек көрсетуге, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптік білімін, дағдыларын, 
мүдделері мен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілігін арттыруға 
бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
            8)  әлеуметтік  студенттік  кредит  –  жеке  және  (немесе)  заңды  тұлғалардың 
мүддесінде  студенттер  жүзеге  асыратын  әлеуметтік  бағыттағы,  қоғамға  пайдалы 
қызмет  көлемінің  бірыңғай  өлшем  бірлігі  және  республикалық  бюджет  қаражаты 
есебінен материалдық көтермелеу;
            9)  Бағдарлама  операторлары  –  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым 
министрлігі,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  экономика  министрлігі,  Қазақстан 


Республикасының  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі,  Қазақстан 
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
      10) бастапқы бизнес (стартап жоба) – заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу/дара 
кәсіпкер  мәртебесін  ресімдеу  мерзімі  кредиторға  кредит/микрокредит  алу  үшін 
жүгінген сәтте бір жылдан аз уақытты құрайтын Бағдарламаға қатысушылардың бизнес
жобалары;
      11) білім беру ұйымы – оқу орны және/немесе оқу орталығы;
      12) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының
тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс 
орындарын  және  өтемақы  төлемін  ұсынып,  кәсіпорындағы  (ұйымдағы)  өндірістік 
оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау 
нысаны;
      13) "Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсы – еңбек нарығының бірыңғай 
ақпараттық базасын қамтитын, интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен 
қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын
дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;
      14) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) – бірінші немесе 
екінші  топтағы  мүгедек  адамдарды  және  (немесе)  екі  айдан  астам  еңбекке  уақытша 
қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты 
жастан  бастап  "Қазақстан  Республикасында  зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы" 
Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 
 көзделген жасқа дейінгі 
1-тармағында
адам немесе отбасы мүшесі;
      15) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары
бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің 
еңбегіне ақы төлеуге жұмыс беруші жұмсаған шығындардың бір бөлігін өтеу;
            16)  "Жастар  –  ел  тірегі"  ұлттық  жобасы  –  "Жас  кәсіпкер"  жастар  кәсіпкерлігін 
дамыту арқылы жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу және 100/200 қағидаты 


бойынша "Жас маман" еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті 
кадрларды даярлау бойынша мемлекеттік қолдау шараларын қамтитын жоба;
            17)  жас  отбасы  –  ерлі-зайыптылардың  екеуі  де  жиырма  тоғыз  жасқа  толмаған 
отбасы  не  баланы  (балаларды)  жиырма  тоғыз  жасқа  толмаған  ата-ананың  біреуі 
тәрбиелейтін толық емес отбасы;
      18) жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, 
жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асыратын  білім  беру 
ұйымдарының  түлектері  алған  кәсібі  (мамандығы)  бойынша  бастапқы  жұмыс 
тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі;
      19) жұмыссыз адам – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын 
жеке тұлға;
            20)  жұмыспен  қамтудың  жекеше  агенттігі  –  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  тіркелген,  еңбек  делдалдығын  көрсететін  жеке 
немесе заңды тұлға;
            21)  жұмысқа  орналастыру  бойынша  жеке  онлайн  алаң  –  жұмыс  іздеуге  және 
персонал таңдауға арналған жеке сервис;
            22)  жұмыс  істеп  жүрген  кәсіпкер  –  ЕДБ/  "АШҚҚҚ"  АҚ/МҚҰ/КС  кредит/
микрокредит  алу  үшін  өтініш  берген  сәтте  дара  кәсіпкер  немесе  заңды  тұлға  ретінде 
мемлекеттік тіркелген мерзімі үш жылдан көп уақытты құрайтын кәсіпкер;
            23)  зәкірлік  кооперация  –  шағын  және  орта  шаруа  (фермер)  қожалықтары  және/
немесе ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлері  бар  басқа  да  үміткерлердің  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өсіру  және 
өнімдерді  кепілді  өткізу  мақсатында  агроөнеркәсіптік  кешеннің  орта  және  ірі 
субъектілерімен әріптестігі;


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау