Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
Қабылдау өңірлерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
органдары оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға
арналған өңірлік квотасы бекітілгеннен кейін ЖАО ұсыныстары және Қазақстан
Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы этникалық қазақтар мен
оралмандардан келген өтініштердің негізінде халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдау
мүмкіндігі туралы ақпарат береді.
Ақпаратта кәсіптер (мамандықтар) көрсетіліп, өңірдің еңбек ресурстарына
қажеттіліктері, қоныс аударушыларды және оралмандарды, сондай-ақ олардың отбасы
мүшелерін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылымның мүмкіндіктері мен бар
болуы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ақпараттық
ресурсқа орналастыру арқылы аталған ақпаратқа басқа өңірлердің жергілікті атқарушы
органдарының қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Шығу өңірлерінің ЖАО-лары жыл сайын өңіраралық ерікті қоныс аударуға қатысу
үшін әлеуетті қоныс аударушылардың санын айқындайды және оларды қабылдау
өңірлері және қабылдау шарттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Шығу және қабылдау өңірлері шығу өңірлерінде бос жұмыс орындары
жәрмеңкелерін ұйымдастыру, қоныс аударушылар мен оралмандардың қажетті саны,
еңбек нарығындағы ахуал, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, әлеуметтік
инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шарттары туралы ақпаратты ұсыну және қабылдау
өңірлеріне танысу мақсатында баруды ұйымдастыру арқылы өңіраралық ерікті түрде
қоныс аудару бойынша өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.
Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен оралмандарды қабылдаудың
өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс
аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер болып табылады.
Мыналар:
1) жиырма тоғыз жасқа толмаған жастар, оның ішінде балалар ауылдарының
тәрбиеленушілері мен балалар үйлерінің, он алты жас пен жиырма үш жас
аралығындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мектеп интернаттардың түлектері, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары –
индустрияға!" ("Серпін") жобасы шеңберіндегі түлектер;
2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының
түлектері;
3) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға
қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлер санының немесе штатының қысқаруына,
жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің
және орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің төмендеуіне
байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
4) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім
беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде
қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысына сәйкес 10 пайыз мөлшерінде квотамен
айқындалған қабылдау өңірлерінде оқып жатқан ауыл жастары қатарындағы түлектер
өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуда басымдықты пайдаланады.
"Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") жобасына қатысушылар
қатарындағы және белгіленген квота шеңберінде өңірлерде оқып жатқан ауыл жастары
қатарындағы түлектер, сондай-ақ оралмандар өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға
шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан қатысады.
Шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу:
1) мемлекеттік қызметшілерге;
2) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының тоғызыншы тобына жататын
біліктілігі төмен жұмысшыларға;
3) ҚР МК 01-2005 қызметтер сыныптауышының бірінші тобына жататын
басшыларға қолданылмайды.
Ерікті түрде өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беруді;
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу
бойынша шығыстарды өтеуді;
3) қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін ЖЖК 2020 бағдарламасы
шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беруді;
4) қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілерге субсидиялар беруді;
5) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа
мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
6) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға
жәрдемдесуді қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне отағасына және
әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі
.
Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы
мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай
бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы
төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі
:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адам үшін – 20 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК мөлшерінде
төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
- бір адам үшін – 15 АЕК мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде – 18 АЕК
мөлшерінде;
- отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК мөлшерінде
төленеді.
Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының келісімімен оның жеке меншігіне
тұрғын үй сатып алуы үшін аудандық/қалалық комиссия ұсынымдарының негізінде
отбасыға бір жылға есептелген сома шегінде субсидия сомасын бір рет төлеуге жол
беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |