Сурет 8 - Формалар.
Формаларда кестелердің форма түрі көрсетіледі.Несие түрінің анықтамасында несиенің нөмірі, түрі, ставкасы көрсетілген.(13-сурет)
- батырмасын басу арқылы форманы жабу. (12-сурет).
Сурет 9 - Несие түрінің анықтамасы.
3.2 Қауіпсіздік техникасының ережелері
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:
Жалпы.
ДК-де жұмысты бастау алдында.
Жұмыс істеу кезінде.
Авариялық жағдайларда.
Жұмысты аяқтағанда.
Жалпы қауіпсіздік талаптары:
Рұқсатсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.
Рұқсатсыз аудиторияға кіруге және шығуға болмайды.
Рұқсатынсыз жүруге болмайды.
ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
Үстелге, ДК-дің жанына сумка, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.
Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
ДК-де жұмыс істеуді алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:
ДК электр тоғының қосылмаған жағадайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
ЭЕМ-де жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.
Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.
Көз талғанда немесе шаршағанда орныныа тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.
Оқушыларды көзді дем алдыру жаттығуларын білу керек.
Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
ДК–де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.
Қажет болса, электр тогымен зақымданғанда алғашқы көмек көрсету керек.
Компьютер сыныбында өотті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
Егер зақымданғанда электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолымен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
ДК–де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
Аппаратураны оқытушы нұсқауымен өшіру керек.
Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек.
Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.
Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру).
Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату.
Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесес жақын жердегі емдеу мекемесімен).
Күйгенде көмек көрсету.
Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка).
Күйген жеріне май жағу (ванилин).Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау.
Дәрігер шақыру ( медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Талып қалғанда көмек көрсету.
Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу.
Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі тоқтағанда көмек көрсету.
зақымданған адамның тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру.
Дәрігер шақыру (медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).
Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.
Көз талғанда және шаршағанда дем алу үшін орындалатын жаттығулар.
Компьютерде бір қалыпта бірнеше ондаған миниттар бойы қимылсыз отырып ұзақ жұмыс істегенде жағымсыз сіресіп қалу, шаршағандық, көздің зорығуынан оның түйілу сезімі пайда болуы мүмкін. Мұның бәрін болдырмау үшін сабақ барысында 1-2 рет (оқушының жасына байланысты) төменде келтірілген жаттығуларды орындау керек.
Көзді дем алдыру жаттығулары:
Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу.
Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау.
Көзді жұмып және оны қолмен жуып 1-1,5 минут отыру.
Шаршағанда (арқа талғанда) орындайтын жаттығулар:
басты сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта басты бұру.
Басты екі жаққа кезекпен бұру.
Жұдырықты түйіп, жазу.
Керілу.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды.Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін.Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін біріншіден, несие мәмлесінің қатысушылары- несие беруші мен қарызға алушы – экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан , несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан- оны алуда несиелік қарым –қатынастар туындайды.
Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Курстық жұмыстың негізгі нәтижесі болып, несие бөлімінің қызметкері барлық уақытта аралығында кездесетін, қажет есептерді орындайтын МББЖ құру.
Несие бөлімінің қызметкерінің жұмыс орнын автоматтандыру үшін арналған. Ол жедел мәліметтер үшін қажет ақпараттардан тұрады. Солардың негізінде құрылған кестелер мен формаларда жұмысқа қажет мәліметтер ұсынылған. Сұраныстар мен есеп берулер Мәліметтерді жылдам табуға және осы мәліметтердің құжат түрінде ұсынылуына мүмкіндік береді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Құрманғалиева Н.Қ. «Деректер базасы» пәні бойынша орындалатын курстық жұмысқа методикалық нұсқа 050703- «Ақпараттық жүйелер » мамандығына арналған, Семей, ҚазҚЭИ, 2007
Камардинов О. «Информатика» -А.: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2004.
Черенков А.П. Информационные системы для экономистов. Учебное пособие. –М.: «Экзамен»,2004.
Томас Конноли, Каролин Бегг, Анна Страчан Базы данных. Проектирование, релизация и сопровождение. –М., С., К.: 2001.
Титоренко Г.А. «Автоматизированные информационные технологии в экономике» Москва, 1999.
Землянский А.А. «Информационные технологии в экономике» Москва, 2004.
Дж. Тельман, "Основы систем баз данных", Москва, Финансы и статистика', 2003г
Диго С.М. "Проектирование и использования баз данных". Москва: Финансы и статистика 2005.
Сейтқасымов « Ақша несие банктер»
Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. « Банк ісі», Алматы, 2004.
Көшенова Б. « Ақша несие банктер, валюта қатынастары» Алматы, 2000.
Стандарт предприятия.Учебная документация -Семипалатинск,2003
Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане» Алматы, 2001
Глушков С.В., Ломатько Д.В. «Базы данных», Фолио АСТ, 2002.
www/info.citforum.ru
ҚОСЫМША А
Валюта курсының есебі.
ҚОСЫМША Б
Компания анықтамаларының есебі
ҚОСЫМША В
Несие алушының есебі
Достарыңызбен бөлісу: |