→ Программалар→ Microsoft Access командасын беру жеткілікті. ДҚ құруға өту не оны ашуға арналған сұхбаттық терезе көрінеді. Қор терезесінде алты объектімен жұмысты бастауға арналған алты қондырма бет бар: Кестелер, Сұраныстар, Формалар, Есептер, Макростар, Модульдер.
Макростар - макрокомандалар. Мысалы,Quit (шығу)- Access-тен шығу, Delete (жою)-макрокомандалар. «Макрос» қондырмасын пайдаланып ашылған терезеге макросты енгізуге болады.
Модульдер - Visual Basic программалау тілінде жазылған ішкі программалар (процедуралар). «Модульдер» қондырмасы осы программалармен жұмыс істеуге арналған. Access-тің стандартты құралдары жеткіліксіз болған жағдайда программалаушы осы тілде программалық модульдерді жазып , жүйенің жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруына болады.
Деректер қоры терезесінің оң жағында үш командалық түйме орналасқан : Ашу, Конструктор ,Құру.
Ашу түймесі қондырмадан тандалған обьектірі ашады. Егер оьект кесте болса, оны көріп шығыуға, жаңа жазу қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады.
Конструктор түймесі қондырмадан таңдалған обьект құрылымын ашып, оны түзету, бапқа келтіру үшін пайдаланылады. Егер обьект кесте болса оған жаңа өрістер не бар өрістерінің қасиеттерін(типір,өріс ұзындығын,т.б.)өзгертуге не жаңа кесте құруға да болады.
Құру түймесінің іс - әрекеті: жаңа обьект құру үшін пайдаланатын сұқпаттық терезені ашу.
Сурет 1- Конструктор режимі
Access 2000-да ашылған ДҚ терезесінің жаңа ДҚ құру ауыстырылып қосқышын орнатып, ОК түймесін шерткен кезде файл аты сұралатын терезе ашылады. Мысалы,онда Okam1 атауын берген соң көрінген ДҚ терезесі көрсетілген. Одан әрі орындалатын жұмыс Access 97 –де орындалатын жұмыстан көп айырмашылығы жоқ.
Конструктор режимі.
Кестенің өріс типін өзгерту үшін осы терезенің «Деректер типі» бағанынан өріс қатарында орналасқан ұяшықты таңдау керек. Оның оң жағында тілсызық түймесі пайда болады. Оны шертіп, ашылған тізімнен қажетті типті таңдаса болғаны. Мысалы, кескінделген Конструктор режимі терезесінде Несие түрінің нөмірі, Несие түрі, Ставкасы,Валюта коды өрістерінен Access мәтіндік тип түрінде сипаттауы мүмкін. Оларды сандық типке алмастыруға болады. Өрісті кілттік ету үшін көрсеткішті атауының үстіне әкеліп, тышқанның оң түймесін шерту керек. Көрінген жанама мәзірден Кілттік өріс қатарына шерту жеткілікті (не аспаптар панелінің Кілттік өріс түймесін шертуге болады). Кілттік етілген өріс атауының сол жағына (шеттік бағанға) лгісі орнатылып қойылады.
Дата /Уақыт және Ақшалық типті өріс қасиеттерін орнату тәсілдері де жоғарыдағы сияқты.
Кестелерді байланыстыру жолы:
Сурет 2 - Кесте құру
Аспаптар панелінің Деректер схемасы (Схема данных) түймесін шертіп не Сервис- Деректер схемасы командасын беріп, осы атаулы терезені ашу.
Мәзір арқылы Байланыстыру- Кестені қосу комндасын беріп не аспаптар панелінің «Кестені қосу» түймесін шертіп, кесте атауларының тізімі енгізілген «Кестені қосу» терезесін шығару. (Егер кестелер арасында байланыс болмаса, Деректер схемасы терезесі ашылған кезде «Кестені қосу» терезесі бірге ашылады.)
Соңғы терезеден байланыстырылатын кесте атауларын таңдап, «Қосу» түймесін шерту. Таңадалған кестелер Деректер схемасы терезесіне кірістіріліп қойылады.
«Кестені қосу» терезксін жабу.
Жылжыту және Қалдыру әдісі бойынша көрсеткішті Валюта курсының анықтамасы кестесінің кілттік валюта коды өрісінен Кредит алушыны тіркеу кестесінің валюта коды өрісіне жылжытып әкелу. Төменінде «Қатынас типі: «Бірі-Көбіне» жазуы орналасқан «Байланыстар» атаулы сұхбаттық терезе көрінеді.
Терезенің «Берілгендер тұтастығын қамтамасыз ету» ауыстырып қосқышын орнатып, «Біріктіру» түймесін шерту. «Біріктіру параметірлері» сұхбаттық терезесі көрінеді.
Терезеде «Валюта курсының барлық жазбалары мен Кредит алушының байланыстырылған өрістері бірдей жазбаларын біріктіру» ауыстырып қосқышын орнатып, ОК түймесін шерту. «Байланыстар» терезесі қайта көрінеді
Сурет 3 - Байланыстар терезесі
Оның Құру түймесін шерту. Кестелер сызық арқылы «Валюта коды» өрістері бойынша байланыстырылып қойылады.
Қарапайым сұраныс шебері
Қарапайым сұраныс
Достарыңызбен бөлісу: |