Некоммерческое



жүктеу 1,28 Mb.
Pdf просмотр
бет3/14
Дата21.11.2018
өлшемі1,28 Mb.
#22899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

 

 



фунциялары  бар  Functions  (Функция  палитрасы)  палитрасын  қолдану 

арқылы бағдарламалау жасалады.  

Барлық  панельдер  бірдей  құрылымға  ие.  Әрбір  панель  элементтер 

орналасқан  тік  және  көлденең  скролингтермен  жабдықталған  жұмыс 

аймағына  ие.  Панельдерде  жоғарғы  мәзір  және  бақылау  түймелер 

жиынтығы бар (2.1 сурет): 

 

 

2.1 сурет- Бақылаушы тұймелер 



 

 



«бағыт»  түймесі  бағдарламаны  қосу  үшін  қажетті;  түйме  екіге 

бөлінген бағыт бағдарламада қатенің бар болуын анықтауға қажет;  

 

«циклдегі  нұсқарлар»  түймесі  бағдарламаны  үзіліссіз  режимде 



(циклды) қосу үшін қажет; 

 



«қызыл  дөңгелек»  түймесі  бағдарламаның  жұмысын  тоқтатуға 

арналған; 

 

«екі  тік  сызық»  түймесі  бағдарламаның  жұмысын  үзіліс  жасауға 



арналған. 

Екі панель үшін де Tools Palette (2.2 сурет) панелі қол жетімді, оның 

құрамында редакциялау режимін өзгертуге арналған бақылаушы түймелер 

жиынтығы бар. 

 

 

 



2.2 сурет – Tools панелі 

 

 Солардың кейбіреулерін атап өтейік: 



 

«сұқ  саусақ»  түймесі  түймелер  мен  сөндіргіштердің  позициясын 



ауыстыру,  виртуалды  осциллографтарды  баптау,  сандық  реттеуіштердің 

мәнін басқару және т.б. үшін қолданылады; 

 

«нұсқар» түймесі объектілерді бөлу, орын ауыстыру және олардың 



өлшемдерін өзгерту үшін кажет; 


 

 



 

«катушка»  түймесі  блок-диаграммадағы  объектілерді  қосу  үшін 



қолданылады ; 

 



«қылқалам»  түймесі  объектілерді  немесе  фондарды  бояуға 

арналған; 

 

«қол»  түймесі  терезедегі  панель  жұмыс  аймағының  орнын 



ауыстыру үшін қолданылады; 

 



«тамызғыш» түймесі панельдегі бар түстерден керекті түсті таңдау 

үшін қолданылады.  

 

«А» пәрмені мәтіндік терезені ашу мен өзгерту үшін қызмет етеді; 



 

«қызыл  дөңгелек»  пәрмені  блок-диаграммада  бағдарламаның 



орындалуын тоқтату нүктелерін орналастыру мен шешу үшін қажет; 

 



«Р»  пәрмені  блок-диаграммада  бағдарламаны  атқару  барысында 

жөнелтілетін  мағлұматтардың  ағымдық  мәндерін  көрсететін  жергілікті 

терезелерді орналастыру үшін қызмет етеді. 

Controls  панелі  (2.3  сурет)  белсенді  алдыңғы  панель  барысында  қол 

жетімді  болады.  Бұл  панель  алдыңғы  панельдің  жұмыс  кеңістігінде 

тінтуірдің  оң  жақ  пәрменімен  шақырылады  немесе  бас  мәзірден 

Window>>Show  Controls  Palette  таңдау  қажет.  Controls  панелі  арқылы 

көрсету элементтерін және басқару элементтерін виртуалдық құрылғының 

алдыңғы  панеліне  визуалдық  орналастыру  іске  асырылады.  Панельде  бұл 

элементтер  кейбір  белгілері  бойынша  бөлек  топтарға  реттемеленеді: 

логикалық,  қатарлы,  сандық,  массивтер,  диалогтық,  Internet,  ActivX  және 

т.б. 


 

 

 



2.3 сурет – Controls панелі 

 

Controls панелінің негізгі еншілес панельдері: 



1) Сандық  мәндері  (Numeric).  Басқару  элементтері  мен  сандық 

мағлұматтарға арналған көрсету элементтерінен тұрады. 




 

10 


 

2) Логикалық мәндері (Boolean).  Басқару  элементтері  мен  логикалық 

үлкендіктерге арналған көрсету элементтерінен тұрады. 

3) Қатарлы 



мәндер  мен  кестелер  (String&Table).  Басқару 

элементтері  мен  кестелер  мен  ASCII  қатарларына  арналған  көрсету 

элементтерінен тұрады. 

4) Тізімдер  мен  шығыршықталған  тізімдер  (List  &  Ring).  Өз 

құрамында  қарапайым  немесе  шығыршықталған  тізімдер  формасында 

атқарылған  мәзірге  арналған  басқару  элементтері  мен  көрсету 

элементтерінен тұрады. 

5) Массивтер  мен  кластерлер  (Array  &  Cluster).  Өз  құрамында 

мағлұматтар  түрлерінің  жиынтықтарын  топтастыруға  арналған  басқару 

элементтері мен көрсету элементтерінен тұрады. 

6) Жолдар  мен  сілтемелер  (Path  &  Refnum).  Сілтемелер  мен 

жолдарға  арналған  басқару  элементтері  мен  көрсету  элементтерінен 

тұрады. 

7) Виртуалдық 



осциллографтар  (Graph).  Уақыттың  шынайы 

ауқымында  диаграммалар  немесе  кестелерде  мағлұматтар  кестелерін 

құрастыруға арналған көрсету элементтерінен тұрады. 

8) Рәсімдеу  (Decorations).  Алдыңғы  панель  дисплейлерін  икемдеуге 

арналған  графикалық  объектілерді  көрсету  элементтері  мен  басқару 

элементтерінен тұрады. 

9) Реттемелеуішті  таңдау  (Select  Control).  Басқарудың  өздігінен 

жасалған элементтерін жүктеуге арналған диалогтық терезеден тұрады. 

10) 

Пайдаланушының 

басқару 

құралдары 

(User 


Controls). 

Пайдаланушының 

өзімен 

қалыптастырылған 



басқарудың 

арнайы 


құралдарынан тұрады. 

11) 


ActiveX  (ActiveX)  объектілері.  Алдыңғы  панельге  ActiveX 

объектілерін енгізуге мүмкіндік беретін басқару құралдарынан тұрады. 

12) 

Диалогтық  панель  (Dialog).  Пайдаланушымен  диалогты 

қалыптастыруға арналған стандартты объектілерінен тұрады. 

13) 

Суреттерді  өңдеу  (IMAQ  Vision).  Суреттерді  өңдеу  мен 

талдауға арналған құралдардан тұрады. 

14) 

Internet  (Internet  Toolkit)  жұмыс  істеу.  ВА  Ғаламтор 

желісіндегі жұмысын (telnet, ftp, электрондық пошта, CGI және басқалары) 

ұйымдастыруға  мүмкіндік  беретін  алдыңғы  панельде  орналастырылған 

басқару құралдарынан тұрады. 



Көрсету  немесе  басқару    элементтерін  фронт  панельге 

орналастырудан  соң  олар  графикалық  түрде  блок-диаграммада 

мағлұматтар  терминалдары  түрінде  көрсетіледі.  Терминалда  көрсетілетін 

символдар  терминалдың  мағлұматтар  түрін  көрсетеді.  Мысалы,  DBL  – 

екілік  нақтылығы  бар  заттық  сандардың  терминалы,  I16  –16-битті  тұтас 

терминалы, TF – логикалық терминал және т.б. 




жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау