37
заттық құқықтарды белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты басқа да
мәмлелер объектісі болуы мүмкін».
Қазір Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің жедел қарқынмен дамуына жағдай
жасалуда, атап айтқанда, кәсіпкерліктің дамуына мықты экономикалық негіз болатын
меншікті жекешелендіру шараларына байланысты үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесте мемлекет тарапынан қолдау
көрсетіліп, кең көлемді шаралар жүргізілуде.
Жаңа кәсіпкерлік жүйелердің ішінен мемлекеттік және муниципалдық
өнеркәсіптің, инвестициялық фондтар мен компаниялардың негізінде қайта құрылған
акционерлік қоғамдар саны көбейді.Шағын кәсіпкерліктің дамуы шаруашылық
байланыстарының тұрақтануына, ішкі бәсекелестік ортаның қалыптасуына ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының жаңа кәсіпкерлері өз қажеттіліктері мен қабілеттерін
көрсеткісі келеді. Бұл тек бәсекелестік күресте жеңу нәтижесінде ғана жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы
субъектілер саны жылдан – жылға көбейіп келе жатқандығын және 2002 жылдың
басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Яғни 1 млн астам адам жұмыспен
қамтылған. Шағын кәсіпкерлікте барлығы 1,6 млн адам немесе экономикалық белсенді
халықтың 21% жұмыс істейді. Қазіргі қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың
40% - дан астамы 1992-1993 жылдары, шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер
көрсетілген кезде құрылған (Шағын кәсіпкерлік туралы ҚР және облыстар бойынша
бірінші қосымшада берілді).
Бірақ қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасына шағын бизнестің қосар үлесі
айтарлықтай емес. Оның дамуына кедергілер туындататын жағдайлар өте көп.
Негізгілері: өз ісін жақсы білетін білікті менеджерлер санының аздығы; капитал
рыногының аясының тарлығы; бюрократиялық аппараттың әр түрлі кедергілері;
жарғылық қорға қойылатын шамадан көп заңды талаптар; кәсіпорынды тіркеудің өте
қиын тетіктері және т.б. Олай болса, кәсіпкерлікті ойдағыдай ұтымды дамыту үшін
өте тиімді әлеуметтік – экономикалық жағдайлар мен факторлар қажет – ақ. Бұл кезек
күтпейтін пайдасы мол өткір мәселелердің бірі.
Бақылау сұрақтары:
1.Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні, негізгі белгілері қандай?
2.Кәіпкерлік қызметтің негізгі түрлері қандай?
3.Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық формалары: артықшылықтары мен кемшіліктерін
көрсетіңіз.
8 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1.Кәсіпкерлік – бұл:
A) болашағы айтылмайтын қызмет;
B) кез-келген бизнес;
C) мемлекеттік меншік;
D) табыс алуға бағытталған шаруашылық;
E) жаңашылдықты енгізу.
2.Кәсіпкер терминін ең алғаш енгізгіен кім:
A) А.Смит
B) И.Шумпетер
C) Р.Кантильон
D) Д.Рикардо
E) Т.Мэн.
3.Фирма қызметтері мақсаттарының қайсысы маңызды болып саналады:
A) табыс табу;
38
B) сатуды көбейту;
C) өнімнің сапасын жақсарту;
D) адамдардың тұтыну қасиетін қанағаттандыру;
E) нарықтық тәуекелге бел буу.
4.Әр түрлі бағыттағы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты кәсіпкерлік қалай
аталады:
A) қаржылық кәсіпкерлік;
B) коммерциялық кәсіпкерлік;
C) делдалдық кәсіпкерлік;
D) өндірістік кәсіпкерлік;
E) кеңестік скәсіпкерлік.
5. «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу» кімнің сөзі:
A) А.Смит
B) И.Шумпетер
C) Р.Кантильон
D) Д.Рикардо
E) Т.Мэн.
6.Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз не:
A) әлеуметті тауаарды сатып алушылардың жиынтығы;
B) басқарушылық еңбектің мазмұны мен сипатын қарайтын ғылым;
C) тұлғаның бизнесте жаңалықты аша білуі;
D) белглі бір фирманың мақсатын анықтау ;
E) өнім өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындар.
7.Бизнес дегеніміз не:
A) пайда табу мақсатында өнім өндіру үшін жаңа әдістерді қолдануға, шикізаттардың
жаңа көздерін, өнімді өткізу нарықтарын ашуға, әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға
негізделген өзіндік ұйымдастыру-шаруашылық новаторлық (жаңашыл) қызмет;
B) белглі бір фирманың мақсатын анықтау;
C) нарықтық тәуекелге бел буу;
D) табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі;
E) адамдардың тұтыну қасиетін қанағаттандыру.
8. Өндірістік кәсіпкерлікке төмендегілердің қайсысы жатады:
A) тұтынушылырдың кейінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізуге
және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы
тағыларға бағытталған қызметтер;
B) пайда табу мақсатында өнім өндіру үшін жаңа әдістерді қолдануға, шикізаттардың
жаңа көздерін, өнімді өткізу нарықтарын ашуға, әртүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға
негізделген өзіндік ұйымдастыру-шаруашылық новаторлық (жаңашыл) қызмет ;
C) өнім өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындар;
D) әр түрлі бағыттағы тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты кәсіпкерлік;
E) алғашқы қауымдық экономика.
9. Ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акция, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және
т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату, тікелей немесе жанама формада жүргізіледі:
A) қаржылық кәсіпкерлік;
B) коммерциялық кәсіпкерлік;
C) делдалдық кәсіпкерлік;
D) өндірістік кәсіпкерлік;
E) кеңестік скәсіпкерлік.
10.Кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау, тактикалық әдістердің
артықшылықтарын қолдану, мемлекеттік меншікшің үлесі төмен және бұндай жүйе
көптеген елдерде кездеседі – бұл қөандай экономикалық жүйеге тән сипаттама:
A) нарықтық экономика;