Негіздері оқу құралы Қостанай, 2017 1



жүктеу 1,47 Mb.
Pdf просмотр
бет9/28
Дата14.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#19411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

20 

 

2.  Пайдалы игіліктер екіге бөлінеді:  



-  шексіз көлемде болатын игіліктер; 

-  шектеулі көлемде болатын игіліктер. 

3.  Адам  өз  қажеттілігін  олардың  маңыздылық  деңгейінің  кему  тәртібі  бойынша  

орналастырады 

4.  Жеке тұтыну процесінде пайдалылықтың кему заңы қызмет етеді.  

5.  Тауардың  құндылығын  шекті  пайдалылық,  яғни  қандай-да  бір  өнімнің  жаңа  бірлігін 

қосымша тұтынудан алынатын субъективті пайдалылық  анықтайды. 

Еңбек құн теориясының өкілдері баға белгілеуде тауарөндірушілер (тауар ұсыныс) 

басты  роль  атқаратыны  көрсетеді.  Шекті  пайдалылық  теориясының  өкілдері  тұтынушы 

сұранысына үлкен мән береді.  



 

 

 

4.4   Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы  

 

Ақша – бұл жалпылама эквивалент ролін атқаратын ерекше тауар. Ақшаның пайда болуымен 



Т

1



формуласы бойынша жүзеге асатын жай тауар айырбасы Т

1

- А - Т


2

  айналысымен алмасады.  

 

Ақшаның экономикалық ролі оның атқаратын қызметтері арқылы көрінеді.  



 

Ең  алдымен  ақша  құн  өлшеуші  қызметін  атқарады  –  барлық  тауарлар  мен  қызметтердің 

құнын көрсетеді. Тауар құнының ақшалай көрінісі баға деп аталады.  

 

Айналыс құралы қызметінде ақша Т (тауар) – А (ақша) - Т (тауар) формуласы бойынша 



жүзеге асатын айналыста делдал ретінде көрінеді. Берілген жағдайда ақша сатып алушылар мен 

сатушылар қолында ұзақ сақталмайды және берілген қызметті өте жылдам  атқара отырып, бір 

қолдан екінші қолға ауысады.  

 

Егер сатушы өз тауары үшін ақша алса, бірақ оны бірден өзіне қажетті заттарды сатып 



алуға жұмсамаса, онда айналыс процесі үзіледі. Бұл жағдайда ақша қор жинау құралы қызметін 

атқарады.  

 

Тауарды  несиеге  сату  кезінде  ақша  төлем  құралы  қызметін  атқарады.    Бұл  қызметінде 



ақша  тауар  айналысынан  тыс  сфераларда  да,  еңбекақы  төлеген,  әртүрлі  қаржы  міндеттемелері 

орындалған  (заемдар,  салықтар  бойынша,  жер  мен  ғимараттың  арендалық  төлемі  және  т.б.) 

жағдайда  қолданылады.  

 

Халықаралық саудада дүниежүзілік  ақша қызметі жүзеге асады:  олар барлық елдер 



шаруашылық  байланыстарында  жалпы  эквивалент  ролін  атқара  бастады.  Дүниежүзілік 

ақша қызметін ұзақ уақыт  бойы алтын атқарды. Алтын тиындардың орнына XX ғасырда 

ақша бірліктері шығады.  

 

Алтын  стандарттан  бас  тарту  нәтижесінде  алтынсыз  жүзеге  аспайтын  ақшаның  екі 



қызметі жойылады: қор жинау құралы, дүниежүзілік ақша.  

 

Қазіргі  таңда  көбіне  ақшаның  үш  қызметі  орындалады:  құн  өлшеуші,  айналыс 



құралы, төлем құралы. 

 

Бақылау сұрақтары: 

1.Қоғамдық шаруашылық негізгі формаларын, айырбас қатынастарының дамуы мен 

ақшаның пайда болу себептері. 

2. «Тауар» экономикалық категориясының маңызын  және берілген категорияға тән 

қасиеттері . 

3.«Тауар», «тұтыну құны», «пайдалылық» ұғымдарының мазмұнын ашыңыз. 

   


4 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар

 

1.  Тауарлы өндiрiстiң пайда болуының негiзгi жағдайлары: 



A) Еңбек интеллектуализациясы ролiнiң өсуi  жiне банк пайызының өсуi. 

B) Жекешелендiру және мемлекетсiздендiру. 




21 

 

C) Белгiлi бiр мақсатта өндiрiстi жүзеге асыру. 



D) Еңбек өнiмiнiң тауар формасын жоғалтуы. 

E) Қоғамдық еңбек бөлiнiсi мен тауарөндiрушiлердiң меншiк иесi ретiнде оқшаулануы. 

2. Құн – бұл: 

A) Тауарға сiңген максималды еңбек шығындары. 

B) Тауарға сiңген минималды еңбек шығындары. 

C) Тауарға сiңген статистикалық еңбек шығындары. 

D) Тауарға сiңген қоғамдық қажеттi еңбек шығындары. 

E) Тауарға сiңген қоғамдық пайдалы еңбек шығындары. 

3. Нақты еңбекке келесi анықтама сәйкес келедi: 

A) Сапалық бiрдей. 

B) Тұтыну құнын жасайды. 

C) Нақты формасынан айрылған еңбек. 

D) Құн жасайды. 

E) Құнды ауыстырады. 

3. К.Маркстiң пiкiрiнше, бағаның обьективтi негiзiн не құрайды:  

A) Құн. 


B) Тұтыну құны. 

C) Айналыс шығңындары. 

D) Сұраныс пен ұсыныс. 

E) Тауар құндылығы. 

4. Ақша эволюциясында « Т – Т » қандай кезеңдi бiлдiредi: 

A) Натуралды тауар айырбасын. 

B) Бартерді. 

C) Натуралды шаруашылықтан кейiнгi кезеңдi. 

D) Ақшаның алдыңдағы кезеңдi. 

E) Барлық жауап дұрыс және эволюцияның екiншi кезеңiне сәйкес келедi. 

5. Қазақстанда жұмысшы  күшiнiң нақты құны қалай анықталады: 

A) Еңбек өнiмдiлiгiмен. 

B) Еңбек рентабельдiгiмен. 

C) Ең төменгi еңбекақымен. 

D) Ең төменгi есеп көрсеткiшiмен. 

E) Нақты еңбекақымен. 

6. Натуралды шаруашылықты сипаттайтын белгіні көрсетіңіз: 

A) Ақша қатынастарының пайда болуы.  

B) Тауар қатынастарының дамуы. 

C) Жеке тұтыну үшiн барлық қажеттi өнiмдердi өндiру. 

D) Айналымға пластик карточкаларының енуi. 

E) Бағалы металдардан монеталарды құю.  

7.  Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсімнің факторы ретінде – бұл: 

A) Жаңа тауарлар мен қызметтерді жасау процесі. 

B) Өндірісте жаңа білімдерді ашу және пайдалану процессі. 

C) Жаңа кәсіпорындарды ашу процесі. 

D) Капиталды жаңарту процесі. 

E)  Табиғи ресурстарды пайдалану процесі. 

8.Құн заңының қызметі қалай байқалады: 

A) Баға өскенде. 

B) Дивиденд өскенде. 

C) Баға құннан ауытқығанда. 

D) Ақша көлемінің заңы қызмет еткенде. 

E) Сұраныс өскенде.  

9. Тауардың адамның қандай –да бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті қалай аталады: 



жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау