Негіздері оқу құралы Қостанай, 2017 1



жүктеу 1,47 Mb.
Pdf просмотр
бет6/28
Дата14.11.2018
өлшемі1,47 Mb.
#19411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

12 

 

 



2 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар

 

1.  Өндіріс    құралдарына  қоғамдық  меншік,  жалдамалы  еңбектің  болмауы,  тең  еңбекке  – 



тең  жал  акы,  жалпы  және  толық  жұмысбастылықтық,  жалпыланған  жоспар  бойынша 

шаруашылықты жүогізу – бұл қай мектептің негізгі постулапты:    

А) меркантилизм; 

В) марксизм; 

С) классикалық саяси экономия; 

D) институционализм; 

Е) либерализм. 

2. Өндiрiс құрал-жабдықтары – бұл: 

A) Еңбек заты мен еңбек құралының жиынтығы. 

B) Еңбек заты мен жұмысшы күшiнiң жиынтығы. 

C) Еңбек құралы мен жұмысшы күшiнiң жиынтығы. 

D) Мемлекеттiк органдар жиынтығы. 

E) Өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар жиынтығы. 

3. Өндірістік қатынастар дегеніміз: 

А) адамдар арасындағы материалдық, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну 

қатынастары 

В) құқықтық қатынастарды зерттеу 

С) адамның табиғатқа қатынасы 

D) табиғи, материалды, информациялық ресурстарды пайдалану қатынасы 

Е) өндірістегі әлеуметтік қатынастарды зерттеу. 

4. Интенсивті экономикалық өсім-бүл:  

A)  Ұлттық  өнімді  қолданылатын  факторлордың  санын  үлғайту  және  техника  мен 

техналогияны жетілдіру арқылы ұлғайту.  

B) Ұлттық өнімді техника мен технологияны жетілдіру арқылы ұлғайту.  

C) Ұлттық өнімді сандық үлғайту және сапалық жетілдіру.  

D) Ұлттық өнімді өндіріске қосымша өндіріс факторларын  тарту арқылы ұлғайту.  

E)  Экономиканың барлық салаларында капиталдың қорлануы. 

5. Өндiрiс – бұл материалдық және материалдық емес игiлiктерді: 

A) Қажеттiлiктердi дамыту үшiн жасау процесi. 

B) Мүдденi ынталандыру үшiн жасау процессi. 

C) Адамның өмiр сүруi үшiн жасау процессi. 

D) Қоғамның өмiр сүру және дамуы үшiн жасау процесi. 

E) Бәсекенi дамыту үшiн жасау процесi. 

6. Қоғамның өндiргiш күштерi – бұл: 

A) Өндiрiстiк циклде тұтынылған адамның физикалық және рухани қабiлеттерiнiң 

жиынтығы. 

B) Қоғамдағы мақсатты қызметтердің барлық түрлерінiң жиынтығы. 

C) Өндiрiс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшiнiң жиынтығы. 

D) Қоғамдық өнiмнiң ұдайы өндiрiс процесiндегi өндiрiстiк қатынастар жиынтығы. 

E) Тұрақты себеп-салдарлы байланыстар. 

7. Өндіруші шаруашылық дегеніміз не? 

А) алғашқы металл құю пеші 

В) қолөнердің шығуы 

С) мал шаруашылығы мен егіншілктің  пайда болуы 

D) тоқымашылығы өмірге келуі 

Е) сауданың дамуы 

8. Дәстүрлі жер, еңбек және  капиталдан басқа қажетті өндіріс факторы: 

A) Заң. 



13 

 

B) Сұраныс пен ұсыныс. 



C) Кәсіпкерлік. 

D) Бағалар. 

E) Дүниежүзілік экономика. 

9. Өндіріс процесінiң  өзгермеген  көлемде жаңару процессi: 

A) Жай ұдайы өндіріс. 

B) Ұлғаймалы ұдайы өндіріс. 

C) Қысқарған ұдайы өндіріс. 

D) Аралас ұдайы өндіріс. 

E) Үйлестірілген ұдайы өндіріс.  

10. Жердің өндіріс факторы ретінде басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы 

мынада: 

A) Адам еңбегінің өнімі болып табылады; 

B) Еркін ұдайы  өндіріледі; 

C) Белгілі бір уақыт өтеуіне байланысты өсіп отырады; 

D) Саны белгіленген, берілген өлшем, өсе алмайды; 

E) Шектелген өлшем болып табылады. 

 

 

3 Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі 



 

3.1 Меншік-экономикалық категория  

3.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық  қызметтері 

3.3  Нарықтық экономикадағы  меншік  формалары 

 

Мақсаты:  меншіктің    экономикалық  жүйе  негізі  және  нарықтық  экономиканың 



негізгі белгісі екендігін зерттеу. 

 

3.1 Меншік-экономикалық категория  



 

Қоғам өмірінде  меншікке байланысты қатынастар әрқашан маңызды роль атқарған. 

«Меншік»  белгілі  бір    затты  жеке  мүлік  ретінде    адамның  иеленуінен  шыққан.    Ол 

қоғамдық    негізгі  бастауларға  жатады.  Сондықтан  кез  келген    үкімет  меншік  туралы 

заңдар шығарады. 

Меншік  құқықтық  мағынасында  мүліктік  қатынастарды  білдіреді.  Меншік  иесіне 

заңмен алдын-ала  белгіленген мүлік тән.  

Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,  пайдалы 

игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді. 

Меншік – бұл зат емес,  заттарға байланысты туындайтын  қатынас. Меншік ретінде 

тұлғаның  нысанды  (затты)  пайдалануына  байланысты    құқығы  көрінеді.  Тұлға  ретінде  

мемлекет,  ұжым,  жеке  тұлға  болуы  мүмкін.  Негізгі    нысандары:  жер,  ғимараттар, 

материалдық және рухани – мәдениет заттары және т.б. жатады. 

Басқаша  айтсақ,    меншік  -  бұл  адамдар  арасындағы    өндіріс  факторлары  мен 

нәтижелерін  иемденуге  байланысты  объективті    қатынастар  жүйесі.  Иемдену  –  әрбір 

қоғамдық  өндіріс әдісінің  негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін 

теңестіруге болмайды. Меншік -  анағұрлым абстрактілі, ал иемдену нақты ұғым.  

Иемдену - бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. 

Қоғамның дамуының  әр түрлі кезеңдерінде  затты иелену, яғни  иемдену  әдістері 

өзгеріп  отырған.    Өзінің  ең  қарапайым    формасында    иемдену  адамдар  материалдық  

игіліктерді  өндіруді  үйренбестен бұрын пайда болды.  Осылайша,  адамзат  қоғамының  

әу  басында    адамдар  табиғат    өнімдерін  оларды    өндірместен    иеленді.    Әрі  қарай, 




14 

 

өндірістің  пайда    болуы  мен    дамуына  орай  иемдену  объектісіне  тек  табиғат    өнімдері 



емес,  сондай-ақ адамдар өндірген өнімдер жатады. 

Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның  мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер,  өндіріс 

жеке  тұлғалардың  мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын  көрінеді. Егер, 

өндіріс  топ    мүддесіне  қарай  жүргізілсе,    онда  мәселе    иеленуде.  Егер  өндіріс  қоғам 

мүддесін көздесе, онда,  қоғамдық иелену орын алады.  

Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар. Олар екеу. Біріншісі – өз еңбегінің  өнімін 

иемдену, меншіктеу заңы, оған сәйкес  иемдену заңы: еңбек-бастапқы иемдену әдісі. Бұл 

заңдар жай  тауарлы өндіріске дейінгі  кезеңдерге тән.  

Еңбектің  жеке  меншіктің  капиталистік  болып  өзгеруі  бірінші  меншік  заңының 

екіншісіне  -  бөтен  біреудің  еңбегінің    өнімін  меншіктеу  заңына  ауысуының  негізінде 

жүреді. Оған енді, басқаның еңбегін иемдену заңы сәйкес келеді. 

Айналыс  –бастапқы  иелену  түрі  мен  әдіс  бірлігі.  Осы  заңдардың    негізінде 

капиталистік  тауарлы өндіріс әрекет етеді. 

Осылайша, бірінші меншік заңы мен бірінші иемдену заңы жеке еңбекпен өндірілген 

өнімді  жекелей  иеленуге    байланысты.  Екінші  меншік  заңы  мен  екінші  иемдену  заңы  

бөтеннің еңбегін және  осы еңбектің  нәтижесін айырбас  арқылы, яғни айналыс сферасы 

арқылы иемденумен байланысты. 

 

3.2 Меншіктің түрлері және олардың экономикалық  қызметтері 



 

Меншік қатынастары мынандай қызметтерді қамтиды: 

         а) иелену ( затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету); 

         ә)пайдалану ( заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу); 

         б) бөлу ( заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау,сыйға тарту т.б.) 

         Меншіктің    экономикалық  өткерілуі,  оның  иесіне  табыс,  рента,  пайыз,  дивиденд  

алып келу арқылы жүзеге асады. 

         Адамзат  қоғамның  даму  тарихында  меншіктің  тайпалық  немесе  қауымдастық 

түрлері белгілі. Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық                     (қоғамдық), жеке еңбектік 

және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың 

ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мемлекеттік 

меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеге  асырылып, 

оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрлымында-88,6% құрады. Алайда, нарықтық 

экономикасы  дамыған  елдерде  мемлекеттік  меншіктің  үлесі  5%-дан  30  %-  ға    дейін 

ауытқиды. 

         Экономикалық  және    әлеуметтік  құрылысқа  байланысты  мемлекеттік  меншік  басқа 

меншік  түрлерімен  салыстырғанда  тиімді  болу  мүмкін.  Ол  оның  атқаратын  қызметімен: 

жалпы  қоғамның  экономикалық  стратегиясының  қалыптасуы,  экономикалық  салалық 

құрылымының оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке 

қол жеткізу арқылы  сабақтастырылады.  

          Экономикада  бұл  меншік  түрінің  басымдау  болу  нақты  өмірде  жағымсыз  тұстарға, 

яғни мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келді. 

Ол экономика үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға үстемдігі 

пайда  болып,  арзан  тауарлар  түрлерін  жою  жүзеге  асты  және  тапшылық  пайда  болды. 

Қанағаттандырылмайтын сұраным қалыптасты. 

Осыдан  мынадай  тұжырым  жасауға  болады:  мұнда  мемлекеттік  меншікті  жою 

емес, оның монополиялық үстемдігін жою туралы әңгіме болып отыр. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасында    төмендегідей  меншіктің 

экономикалық түрлері қалыптасты.(2-сурет) 

 

 



 


жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау