Науқастану жағдайынан ерікті сақтандыру шарты №23-13/med/16/8 Ақтау қаласы 2016 ж. Бірге



жүктеу 330,5 Kb.
бет1/5
Дата16.04.2020
өлшемі330,5 Kb.
#29816
  1   2   3   4   5

Науқастану жағдайынан ерікті сақтандыру шарты №23-13/MED/16/8
Ақтау қаласы 2016 ж. «___» ___________
Бірге «Тараптар» деп, ал әрқайсысы бөлек «Тарап» деп аталатын бұдан әрі «Сақтанушы» деп аталатын Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «ӨзенМұнайСервис» атынан Жарғы негізінде әрекет ететін бас директор Союнов Н.Д., бір жағынан және бұдан әрі «Сақтандырушы» деп аталатын ____________________іс-әрекет ететін________________., екінші жағынан, 28.01.2016ж. №126 «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-аухат қорының» АҚ –ның тауар, жұмыс және қызмет түрлерін Сатып алу ережесінің елу немесе одан көп пайыз берілетін акциялары (қатысу үлестері) «Самрұқ-Қазына» АҚ-ның меншігіндегі немесе бір жақты басқаруындағы және _____________________бойынша қызметкерлердің науқастану жағдайынан ерікті сақтандыру жөніндегі осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

    1. Сырқаттану жағдайынан топтық ерікті сақтандыру осы Шарттың мәні болып табылады, осыған орай Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) сақтандыру жағдайы туындаған кезде осы Шартта (3-қосымшада) көзделген Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) көрсетілген медициналық қызметтер бойынша медициналық шығыстарды медициналық мекемелерге және/немесе дәрігерлерге өтей отырып, Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) тізіміндегі медициналық мекемелердің немесе дәрігерлердің Сақтандырылушыларға медициналық қызметтер көрсетуін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге (қаржыландыруға) міндеттенеді.

    2. Сақтандыру шарты Сақтандырылушыны алдын-ала медициналық тексеруден өткізбей-ақ жасалады.

    3. Сақтандырылушыға көрсетілетін медициналық қызметтің көлемі осы Шартта белгіленген.

2.ОСЫ ШАРТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН

НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР

2.1. Дәрігер – Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Сақтандырылушыға медициналық қызмет көрсету үшін шарт жасасқан, жоғары медициналық білімі және сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар тұлға.

2.2. Отбасы дәрігері немесе үйлестіруші дәрігер – Сақтандырылушыға Шартта белгіленген медициналық қызметтер көрсетуді және оларды пайдалануды ұйымдастыруды жүзеге асыратын тұлға.

2.3. Дәрігерлік құпия – Сақтандырылушы денсаулығының жай-күйі мен сырқаты туралы ақпараттарды жарияламау жөніндегі медициналық мекемелер мен медицина қызметкерлерінің ұстанатын ережесі.

2.4. Пайда алушы – Шартқа сәйкес сақтандыру төлемінің алушысы болып табылатын Сақтандырылушы.

2.5. Шұғыл көрсеткіштер бойынша ауруханаға жатқызуСақтандырылушы денсаулығының жай-күйі кенеттен нашарлаған жағдайда медициналық мекемеге емдеуге жатқызу.

2.6. СақтандырылушыШартта белгіленген талаптарға сәйкес оған қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын жеке тұлға – Сақтандырылушылардың тізіміне енгізілген «Жондеу» ЖШС-нің қызметкерлері мен қызметкерлердің отбасы мүшелері.

2.7.Медициналық ұйымСақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Сақтандырылушыға медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасқан, тиісті медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, Сақтандырылушыға медициналық қызмет көрсететін арнайы медициналық ұйым.

2.8. Отбасы дәрігерінің немесе үйлестіруші дәрігердің жолдамасыСақтандырушы Өкілінің отбасы дәрігері/үйлестіруші-дәрігері берген Сақтандырылушыға көрсетілетін медициналық қызметтің тізбесін, көлемін және тәртібін анықтайтын белгіленген нысандағы құжат.

2.9. Сақтандыру бағдарламасы (Шартқа №1 қосымша)Шартқа сәйкес белгіленген лимит шегінде медициналық ұйымдар, дәрігерлер және дәріханалар Сақтандырылушыға көрсететін медициналық қызметтердің және дәрілермен қамсыздандыру тізбесі.

2.10. Сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңіСақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Шартқа сәйкес өз міндеттемелерін жүзеге асыратын уақыт кезеңі.

2.11. Сақтандырушының Өкілі (медицина ассистансы) Шартқа сәйкес Сақтандырылушыға медициналық көмек көрсететін және ұйымдастыратын, сәйкес қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар заңды тұлға («Медикер» ЖШС, «Класс-Ассист» ААҚ).

2.12. СақтандырушыСақтанушымен Шарт жасасқан заңды тұлға.

2.13. Сақтандыру сомасыШарттың Сақтандыру бағдарламаларына сәйкес белгіленген Сақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) жауапкершілігінің ақшалай шекті көлемі болып табылатын, сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша сомасы.

2.14. Сақтандыру сыйлықақысы – Сақтандырушы Шартта қарастырылған міндеттерді қабылдағаны үшін Сақтанушының оған төлейтін ақша сомасы.

2.15. Сақтандыру жағдайы басталуына орай Шарт сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға

2.16. Сақтандыру төлемі сақтандыру қорғанысының қолданылуының барлық кезеңінде сақтандыру жағдайы немесе бірнеше сақтандыру жағдайы туындаған кездегі Сақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміндегі дәрігерлерден және медициналық ұйымдардан медициналық қызметтер алу мүмкін болмаған кезде, Сақтандырушының (Сақтандырушы өкілінің) Пайда алушыға төлейтін сақтандыру сомасының шегіндегі ақша сомасы.

2.17. Сақтанушы – Сақтандырушымен Шарт жасасқан, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген кез-келген құқықтық-ұйымдық нысандағы заңды тұлға.

2.18. Сақтандырылушылардың тізіміСақтанушы Сақтандырушыға (Сақтандырушының өкіліне) ұсынатын және қажет болғанда Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жаңартылатын, Сақтанушының құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін директоры қол қойған, медициналық сақтандыруға жататын тұлғалар тізімі. Сақтандырылушылардың тізімі Шарттың 2-қосымшасында берілген.

2.19. Шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеуСақтандырылушының кенеттен сырқаттанып қалуына байланысты Сақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміндегі медициналық ұйымдарда Сақтандырылушының стационарлық емделуі.

2.20. Медициналық көрсеткіштер бойынша стационарлық емдеуСақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміндегі дәрігер емделу қажеттілігін алдын-ала айқындаған және емделу күнін алдын-ала белгілеген Сақтандырылушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміндегі медициналық ұйымдарда стационарлық емделуі. Медициналық ұйымдардың, дәрігерлердің тізімі 3-қосымшада көрсетілген.

2.21. Сақтандыру құжаттамасыСақтандыру бағдарламаларында көзделген медициналық қызметтерді алуы үшін Сақтандырушының Сақтандырылушыға беретін құжаттамасы. Сақтандыру құжаттамасына Сақтандырылушының карточкасының жеке нөмірі мен иесінің аты-жөні көрсетілген жеке карточкасы, сақтандыру бағдарламалары, қолданылу мерзімі және Сақтанушының атауы, Сақтандырушының өкілінің байланыс телефондарының нөмірлері кіреді. Осы сақтандыру құжаты Сақтандырылушының медициналық мекемелерден медициналық көмек алу құқығын растайды.

2.22. Сақтандыру аумағышет елге шығатын тұлғаларды сақтандыру жағдайын қоспағанда, Қазақстан Республикасы.

2.23. Шұғыл көрсеткіштер бойынша хирургиялық операциямедициналық ұйымның ауруларды қабылдау бөліміне түскеннен кейін, Сақтандырылушыға күтпеген және алдын-ала болжанбаған шұғыл жасалған хирургиялық операция.

2.24. Медициналық көрсеткіштер бойынша хирургиялық операциялар – жасау қажеттілігі мен уақытын Сақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміндегі дәрігер алдын-ала белгілеген және Сақтандырылушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміндегі медициналық ұйымдарда жасалған операция.

2.25. Отбасы мүшелері(Сақтандырылушылардың тізіміне енгізілген тұлға) – Сақтандырылушының ері (зайыбы), 1 жастан бастап балалары, ата-аналары.

2.26. Шұғыл көрсеткіштерСақтандырылушының кенеттен сырқаттануының салдарынан денсаулығының күрт нашарлауы.

2.27. Жедел медициналық көмекСақтандырылушының өміріне қауіп төндіретін жағдайларды, сондай-ақ дереу медициналық араласуды талап ететін жағдайларды жоюға бағытталған медициналық шаралар кешені.

2.28. Диагностикалық көрсеткіштердиагноз қою үшін қажетті отбасылық дәрігердің тағайындауы бойынша анықталған іс-шаралар кешені (зертханалық және құрал-жабдықты зерттеулер, мамандардың кеңестері, клиникалық зерттеулер). Диагностикалық іс-шаралар қауіп төндіретін жай-күйде, алғаш пайда болған сырқат симптомдарында, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде жүргізіледі.

2.29. Емдік көрсеткіштерсозылмалы сырқатының асқынуы кезінде белгіленген диагнозбен Сақтандырылушыны емдеу үшін қажетті іс-шаралар кешені.

2.30. Алдын алу көрсеткіштері орын алуы мүмкін сырқаттардың алдын алу үшін қажетті іс-шаралар кешені, оның ішінде вакцинация және алдын ала тексерулер.

2.31. Амбулаторлық-емханалық көмек – сырқаттануды, мүгедектікті және қайтыс болуды төмендетуге бағытталған алдын алу, емдеу-диагностикалық және қалпына келтіру іс-шараларынан тұрады. Бұл реттегі ең маңызды бөлшектер алдын ала тексерулер, медициналық тексерулер болып табылады.

2.32 Медициналық көрсеткіштер - әр түрлі сырқаттарды, оның ішінде асқыну сатысынан тыс сырқаттарды да диагностикалауға, емдеуге және олардың алдын алуға қажетті іс-шаралар кешені.

2.33. Медициналық желі – сақтандыру бағдарламасына сәйкес Сақтандырылушыларға медициналық қызметтер көрсетуші медициналық ұйымдар мен отбасы дәрігерлері.

2.34. Талап – Сақтанушының Сақтандырушыға шарттың талаптарын бұзушылықтарды, сондай-ақ сапасыз медициналық қызмет көрсетуді түзеу талаптарымен негізделген жазбаша, ресми жолдамасы.

2.35. Төменде аталып өткен құжаттар мен оларда мазмұндалған талаптар осы шартты құрайды және оның ажырамас бөлігі (төменде көрсетілген құжаттарға екі тарап та қол қойған кезде) бөлігі болып табылады:

1-қосымша – Сақтандыру бағдарламасы

2-қосымша – Сақтандырылушылардың тізімі

3-қосымша - Өңірлер бойынша медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, мамандардың тізімі

4-қосымша – Жалпы сақтандыру сыйлықақысын, сақтандыру сомасын есептеу

5-қосымша – Сақтандырушыны сақтандыру төлемін төлеуден босату негіздемелері

6-қосымша – Сақтандыру жағдайы басталған кездегі Сақтанушының (Сақтандырылушының) әрекеттері

7-қосымша – Медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.



3. САҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІ

3.1.Сақтандыру шартында қарастырылған, Сақтанушы таңдап, ақысын төлеген, Сақтандыру бағдарламасында анықталған көлемде және шарттарда медициналық көмек алу үшін Сақтандырушының тізіміндегі дәрігерлерге және/немесе медициналық мекемелерге Сақтандырылушының қаралуымен болған шығындарды төлеуге байланысты 2-қосымшаға сәйкес Сақтанушының (Сақтандырылушының) мүліктік мүддесі Сақтандыру объектісі болып табылады

3.2.Сақтанушы Сақтандырылушылардың тізіміне енгізген, оның қызметкері болып табылмайтын тұлғалар осы Шартта көзделген Сақтандырылушы тұлғаның барлық құқықтарына ие болады.

4.САҚТАНДЫРУ СОМАСЫ

4.1. Бір Сақтандырылушыға сақтандыру сомасы _______________________ теңге мөлшерінде белгіленеді.

4.2. Шет елге шығатын тұлғаларды сақтандыру бойынша бір Сақтандырылушыға сақтандыру сомасының мөлшері халықаралық сақтандыру полисінде көрсетіледі.

4.3.Сырқаттану жағдайынан ерікті ұжымдық сақтандыру шартын жасасу сәтіндегі нақты сақтандыру сомасы ______________________________теңге болады.

4.4.Сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін сақтандыру сомасы төленген сақтандыру төлемінің мөлшерінде азаяды.
5. САҚТАНДЫРУ СЫЙЛЫҚАҚЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

    1. Бір Сақтандырылушы қызметкерге арналған сақтандыру сыйлықақысының мөлшері осы Шарттың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

5.2. Шарт бойынша жалпы сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушының барлық Сақтандырылушыларға қызметтерді көрсетуге байланысты барлық шығындарын және Қазақстан Республикасының көбею тарапына қарай өзгеруге жатпайтын салықтарын қоса алғанда, ___________________________теңге болады.

5.3. Жалпы сақтандыру сыйлықақысын төлеу екі жарнамен жүзеге асырылады. Жалпы сақтандыру сомасының 90 % құрайтын __________________________ теңге мөлшеріндегі бірінші жарнаны Сақтанушы _______________дейін төлейді.

Сыйлықақының қалған бөлігін (жалпы сақтандыру сыйлықақысынан 10%) сақтандыру қорғанысының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 10 жұмыс күні бұрын Тараптардың Орындалған жұмыстар актісіне және Өзара есеп-айырысуларды салыстырып тексеру арқылы, актіге қол қою сәтіне Сақтандырылушылардың нақты есебін және бұрын аударылған сыйлықақының бөлігін (жалпы сақтандыру сыйлықақысының сомасынан 90%) есепке ала отырып, түзетіледі. Бұл ретте сыйлықақының түзетілген екінші бөлігі Сақтандырушы ұсынған шот-фактураның негізінде __________________ дейін Сақтандырушының есеп шотына аударылуы тиіс.



5.4. Сақтандырылушылардың саны артқан немесе азайған жағдайда және ауыстыру болған кезде (2-қосымша – Сақтандырылушылардың тізімі), Сақтандырылушылардың тізімін, жалпы сақтандыру сыйлықақысының және жалпы сақтандыру сомасының мөлшерін түзету тараптардың осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын, қосымша келісімге қол қоюы арқылы жүргізіледі.

Бұл ретте Сақтанушы Сақтандырушыға қосымша келісім жасасу үшін өтініш береді. Қосымша келісім Сақтанушы өтініш берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасасылады. Қосымша келісімге тараптар қол қойғаннан кейін Сақтандырушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Сақтандырылушылардың медициналық карточкаларын береді.



5.5. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын толық көлемінде кестеге сәйкес төлемеген болса, осы Шарт бойынша сақтандыру қорғанысының әрекеті кезекті сақтандыру жарнасын төлеуді кешіктірген күннен кейінгі күннен бастап сақтандыру сыйлықақысын төлеген күннен кейінгі күнге дейін тоқтатылады. Бұл ретте Сақтандырушы сақтандыру қорғанысының әрекеті тоқтатылған кезеңде орын алған сақтандыру жағдайлары бойынша жауап бермейді.



  1. САҚТАНДЫРУШЫНЫ (САҚТАНДЫРУШЫНЫҢ ӨКІЛІН) САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАСЫ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕ САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІНЕН БОСАТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ. САҚТАНДЫРУ ОҚИҒАСЫ ТУЫНДАҒАН КЕЗДЕГІ САҚТАНУШЫНЫҢ (САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫҢ) ІС-ӘРЕКЕТІ

    1. Шарт бойынша Сақтандыру жағдайы Сақтандырылушының (Сақтандырылушылардың тізіміне қосылған тұлғаның) сырқаттануы, жарақаттануы бойынша, медициналық көмек көрсетілуін немесе медицина мамандарының кеңесін қажет ететін басқа негіздер бойынша Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі медициналық мекемелерге (Шартқа 3-қосымша) қаралуы, осы Шарттың 1-қосымшасында көзделген қызметтердің көлемі мен тізбесіне сәйкес өзге де жағдайлар табылады.

    2. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтандырушыны сақтандыру төлемінен босату негіздері Шарттың 5-қосымшасында көрсетіледі.

    3. Сақтандыру жағдайы туындаған кездегі Сақтанушының (Сақтандырылушының) іс-әрекеті Шарттың 6-қосымшасында көрсетіледі.


7.САҚТАНДЫРУ ТӨЛЕМІН ТӨЛЕУДІҢ ТӘРТІБІ МЕН ТАЛАПТАРЫ

7.1. Сақтандырушы Сақтандырылушыларға медициналық қызметтер көрсету мен ұйымдастыру мәселелері бойынша өзінің өкілі ретінде ______________ тағайындайды.

Өкіл өз кезегінде Сақтандырылушыларға көрсетілетін медициналық қызметті ұйымдастыру үшін жауапты тұлғаларды (отбасы дәрігері және үйлестіруші дәрігер) тағайындайды.



7.2. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтандырушының өкілі осы Сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасының шегінде Сақтандырылушыға медициналық көмек (қызмет) көрсеткені үшін дәрігерлердің немесе медициналық мекемелердің шығындарын өз бетінше ұйымдастырады, бақылайды және төлейді.

7.3. Сақтандыру төлемінің мөлшері әрбір нақты сақтандыру жағдайы бойынша Сақтандырушының өкілі мен дәрігердің және/немесе медициналық мекеме арасында келісілген бағалар бойынша, Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі дәрігерлер мен медициналық мекемелерден Сақтандырылушылар алған медициналық қызметтер құнынан есептеліп анықталады, алайда дәрігер және/немесе медициналық мекеме өзге тұлғаларға қатысты медициналық қызмет көрсету кезінде қолданылатын бағалардан қымбат емес.

7.4. Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) сақтандыру төлемін дәрігерден, медициналық мекемелерден Сақтандырылушының диагнозы, емделу мерзімдері, оған көрсетілген қызметтердің тізбесі мен құны және Медициналық сақтандыру бағдарламасының аясында Сақтандырылушыға көрсетілген барлық қызметтер бойынша шығындарының жалпы сомасы көрсетілген шотты алғаннан кейін, 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті барлық құжаттарды ресімдеумен, аудару арқылы төлейді.

7.5. Сақтандырылушының стационарлық емдеуде болуының ұзақтығын Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі дәрігер анықтайды, бірақ Сақтандыру бағдарламасында белгіленген сақтандыру сомасынан асыра алмайды.

7.6. Сақтандырылушыға көрсетілген медициналық қызметтер үшін сақтандыру сомасының шығындарын асырған жағдайда, Сақтандырушының Өкілі бұл жайында медициналық мекемеден немесе дәрігерден төлем шотын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сақтандырылушыға (Сақтандырылушылардың тізіміне енгізілген тұлғаға) хабарлауға міндетті.

7.7. Шығындардың артқаны туралы хабар алғаннан кейін Сақтандырылушы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде артық шығындардың сомасын Сақтандырушы өкілінің банктегі шотына аударуға немесе Сақтандырушы өкілінің кассасына қолма-қол төлеуге міндетті.

7.8. Cақтандырылушы артық шығындарды төлемеген жағдайда, осы Сақтандырылушы бойынша сақтандыру қорғанысы ол төлегенге дейін тоқтатылады.

8.ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ


8.1. Тараптар осы Шартқа қол қойған кезден бастап, олардың құқықтық жауапкершіліктері мен өзара қарым-қатынастары туындайды.

    1. Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі):

8.2.1. Сақтанушы (Сақтандырылушы) хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ Сақтанушының (Сақтандырылушының) осы Шарттың жағдайлары мен талаптарын орындауын тексеруге;

8.2.2. Сақтандырылушыға медициналық қызмет көрсеткен медициналық мекемелерден Сақтандырылушының ауру тарихын және ол туралы кез-келген медициналық мәліметтерді сұратуға;

8.2.3. Сақтандыру жағдайының факті бойынша сәйкес медициналық және басқа құзыретті мекемелерге сұраныс жіберуге;

8.2.4. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаның себептері мен жағдайларын өз бетінше анықтауға;

8.2.5. Сақтанушыдан (Сақтандырылушыдан) сақтандыру жағдайының фактін және оның туындау жағдайларын анықтауға қажетті ақпарат пен құжаттарды талап етуге құқылы;

8.2.6. Сақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміне кіретін дәрігерлерден және медициналық мекемелерден медициналық қызметтер алу мүмкіндігі болмаған кезде, егер Сақтандырылушы Сақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) тізіміне кіретін дәрігерлерден және медициналық мекемелерден медициналық қызметтер алудың және медициналық дәрі-дәрмектерді сатып алудың қажеттілігін растайтын және негіздейтін құжаттарды бермесе, сақтандыру төлемінен бас тартуға;

8.2.7. емдеу-алдын алу мекемелері шарттың талаптарын Шартта белгіленген тәртіпте орындамаса, кейіннен Сақтанушыны хабардар ете отырып, дәрігерлер мен емдеу- алдын алу мекемелерінің тізімін (3 қосымшаны) өзгертуге;

8.2.8. Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа әрекеттерді жасауға құқылы.

8.3. Сақтандырушы (Сақтандырушы өкілі):

8.3.1. Сақтандырылушыларға медициналық қызметтерді ұйымдастыру мен көрсету мәселелері бойынша өзінің өкілін тағайындауға;

8.3.2. Сақтанушыны осы Сақтандыру шартында көзделген жағдайлармен таныстыруға, осы Шартпен, Сақтандыру бағдарламасынан және Шарт бойынша Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесінен туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

8.3.3. Сақтанушыға Сақтандырылушының ТАӘ, медициналық қызметтердің сомасын, көрсетілу уақытын және қызмет түрін көрсетіп, көрсетілген медициналық қызметтер бойынша есеп тапсыруға;

8.3.4.Сақтандырылушыға сақтандыру бағдарламасында көрсетілетін медициналық қызметтерді ұйымдастыруға, сапасын бақылауға және ақысын төлеуге, сондай-ақ Сақтандырылушылар тарапынан жұмысқа және медициналық қызметтердің сапасына қатысты келіп түскен талаптарды реттеу бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттар ұсыну арқылы Сақтандыру шартының шегінде оның мүддесін қорғауға;

8.3.5. Осы Шарттың талаптарына сай, Сақтандырылушыларға қызмет көрсетуі үшін, осы Шарттың 3-қосымшасында көрсетілген медициналық мекемелермен жасалған тиісті шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

8.3.6. Сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге, соның ішінде өзінің кәсіби қызметінің нәтижесінде Сақтандырылушы, Сақтанушы туралы алған мәліметтерді жарияламауға;

8.3.7. Сақтанушыға Шартқа қол қойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде әрбір Сақтандырылушының сақтандыру құжаттамасын беруге;

8.3.8. Сақтандырылушының жеке карточкасы жойылған/жоғалған кезде, Сақтандырылушы бұл жайында үш жұмыс күні ішінде Сақтанушыға хабарлауға міндетті. Сақтандырылушы отбасы мүшесінің жеке карточкасы жойылған/жоғалған жағдайда, Сақтандырылушы бұл жайында бір жұмыс күні ішінде Сақтандырушыға хабарлауға міндетті. Жоғалған карточкалар жарамсыз болып табылады және осы Шартпен тиісті медициналық қызметтерді алуға негіз бола алмайды. Оның орнына жоғалғаны туралы хабарлама алған сәттен бастап 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде Сақтандырушы Сақтандырылушыларға жаңа карточкалар береді. Бұл ретте Сақтандырылушы карточканың дайындалу құнын Сақтандырушының банктегі шотына 500 (бес жүз) теңге (соның ішінде ҚҚСС) мөлшерінде оны дайындау құны өтеледі;

8.3.9.Сақтанушыға тоқсан сайын ұсынылатын қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін есептеу үшін қазақстандық қамту бойынша есепті ұсынуға, оған растайтын құжаттардың көшірмелерін бірге тіркеуге;

8.3.10. Сақтанушыға шарттың талаптарын тиісінше орындамаудан болған, сондай-ақ басқалай құқықсыз әрекеттермен болған ол келтірген барлық залалдарды өтеуге;

8.3.11. Сақтанушының тиісті талабын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде Сақтанушының талабы бойынша Сақтандырушының Тізіміне қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен және медициналық қызмет көрсетудің жоғары сапасымен танылған нақты медициналық мекемелерді енгізуге;

8.3.12. Өз есебінен мемлекеттік және өзге де органдардан Сақтандырушыға қажетті Шарт бойынша Қызметтер көрсетуге арналған барлық рұқсат беруші құжаттарды, оның ішінде лицензияларды, сертификаттарды және өзге де рұқсаттарды алуы және толық күшінде әрі әрекетінде сақтауы қажет.

8.3.13. Шетелдік қызметкерлерді тартуға қатысты қазақстандық қызметкерлер үшін тең еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуге.

8.3.14. Шарт бойынша Қызмет көрсету үшін қызметкерлердің ұдайы жеткілікті санын қамтамасыз етуге, сондай-ақ Сақтанушының талабы бойынша Сақтандырушының:

- өзінің міндеттерін орындау кезінде өз ісін жетік білместік немесе немқұрайдылық танытқан, немесе

- Сақтанушының мүдделеріне қарсы немесе зиян келтіретін қызметтерге қатысқан Қызмет көрсетуге қатысатын кез келген қызметкерлерін және/немесе Сақтандырушының Өкілін ауыстыруға.
8.3.15. осы Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа міндеттерді орындауға міндетті.

8.4.Сақтанушы:

8.4.1. Сақтандыру бағдарламалары бойынша осы Сақтандыру шартының талаптары мен көрсетілетін қызметтердің тәртібі туралы түсінік алуға;

8.4.2. Сақтандырушыға жазбаша хабарлама жіберу арқылы Сақтандырылушылардың тізімін өзгертуге; Бұл ретте сақтандыру шартына қосымша келісімдер жасалады және сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысы қайта есептеледі;

8.4.3. Шарттың талаптарын тиісінше орындауды талап етуге;

8.4.4.Сақтандырылушылар тарапынан медициналық қызметтердің сапасына, сондай-ақ осы шарттың талаптарын орындауға қатысты келіп түскен талаптар бойынша Сақтандырушыға сұраныстар жөнелтуге;

8.4.5.Сақтандырушының атына тиісті хат жөнелту арқылы Сақтандырушыдан Сақтандырушының тізіміне ұсынылатын медициналық қызметтердің жоғарғы деңгейімен және сапасымен өзін көрсеткен нақты медициналық мекемелерді кіргізуді талап етуге;

8.4.6. Сақтанушы кез келген уақытта сақтандыру шартынан бас тартуға;

8.4.7. Қазақстан Республикасының заңында көзделген басқа да әрекеттерді жасауға құқылы.
8.5.Сақтанушы:
8.5.1. Осы Шарт талаптарымен көзделген мерзімдерде және көлемде сақтандыру сыйлықақысын аударуға;

8.5.2. Сақтандырылушыларды осы Сақтандыру шартында көзделген жағдайлармен таныстыруға және олардың осы Шартпен туындайтын құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;

8.5.3.Сақтандырылушыларды Сақтандыру бағдарламаларымен және осы Шарт бойынша Сақтанушыға (Сақтандырылушыға) көрсетілетін медициналық қызметтер тізімімен таныстыруға;

8.5.4. Сақтандырылған қызметкер жұмыстан босатылған кезде, Сақтандырушыға 3 (үш) жұмыс күні ішінде қызметкер және оның отбасы туралы барлық мәліметтерді бере отырып, жазбаша хабарлауға, сондай-ақ сол қызметкерден және оның отбасы мүшелерінен сақтандыру құжаттамаларын алып, Сақтандырушыға жазбаша хабарламамен бірге Сақтандырушыға жіберуге;

8.5.5. Сақтандырушыны 14 жұмыс күні бұрын Сақтандырылушылар мен өңірлердің тізімін ұсынып, вакцинация жүргізу және Сақтандырылушыларға кәсіби тексеру жүргізу күні туралы жазбаша хабардар етуге;

8.5.6. __________________ дейін Орындалған жұмыстар актісіне және _________________ дейін Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісіне қол қоюға;

8.5.7. осы Шартпен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңымен көзделген басқа да міндеттемелерін орындауға міндетті.

8.6.Сақтандырылушы:

8.6.1. Сақтандырушыдан Сақтандырушы өкілінің медициналық мекемелерімен көрсетілетін медициналық қызметтерінің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруын талап етуге; Сақтандырушымен және медициналық мекемелермен көрсетілетін медициналық қызметтерінің сапасы жөнінде Сақтанушыға хабарлап қоюға;

8.6.2. қажетті медициналық көмек алу үшін Сақтандырушы Өкілінің тізіміндегі медициналық мекемелерге (3-қосымша) баруына;

8.6.3. Шартта және оның 1-қосымшасында көзделген құрамы мен көлемі бойынша қызметтерді алуға;

8.6.4. Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтарға құқылы.

8.7. Сақтандырылушы:

8.7.1. Осы Шартта белгіленген Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі медициналық мекемелерге медициналық көмек (қызмет) алуға барардың алдында, стоматологиялық емдеу жағдайларын қоспағанда, Сақтандырушының Медициналық өкілімен байланысуға және бұдан былайғы әрекеті туралы ақпарат алуға;

8.7.2. сақтандыру құжаттамасының сақталуын қамтамасыз етуге және оны басқа тұлғалардың медициналық қызмет алуы үшін пайдалануына бермеуге;

8.7.3. Сақтандырылушы немесе оның отбасы мүшелері Сақтандырылушыға қатысты сақтандыру қорғанысының қолданысы тоқтатылғаннан кейін не Сақтандыру бағдарламасында көзделмеген медициналық қызметтерді алған және/немесе медициналық дәрі-дәрмектерді сатып алған жағдайда, ақысын төлеу туралы талаптаманы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде аталған шығындарды Сақтандырушының өкіліне қайтаруға;

8.7.4. Шарт талаптарын сақтауға, емдеуші дәрігердің кеңесін және медициналық мекемелердің белгіленген ережелерін сақтауға;

8.7.5. Сақтандыру жағдайының себептері, барысы және салдары, келтірілген шығынның сипаты мен мөлшері туралы бағалауға мүмкіндік беретін өзінде бар барлық ақпаратты Сақтандырушының өкіліне хабарлауға;

8.7.6. өз денсаулығының сақталуының қамын ойлауға;

8.7.7. Сақтандыру бағдарламаларында көзделген медициналық қызметтерді алу кезінде Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі дәрігерге және/немесе медициналық мекемелерге Сақтандырылушының жеке карточкасын және жеке куәлігін көрсетуге;

8.7.8.Сақтандыру бағдарламаларында және осы Шарттың 6-қосымшасында белгіленген жағдайларда Сақтандырушының жазбаша рұқсатын, Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі дәрігердің жолдамасын алуға;

8.7.9.Сақтандырушы өкілінің тізімінде жоқ медициналық мекемелерге шұғыл емделуге жатқызылған кезде сақтандыру жағдайының туындағаны туралы Сақтандырылушы немесе оның өкілі арқылы Сақтандырушының өкіліне 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлауы керек.

8.7.10. Сақтандыру жағдайымен байланысты барлық жағдайларды анықтау үшін Сақтандырушыға/Сақтандырушының өкіліне сақтандыру жағдайына қатысы бар қажетті медициналық және басқа құжаттарды қосып, барлық ақпаратты Сақтандырушыға/Сақтандырушының өкіліне жіберуге;

8.7.11. жұмыстан босатылған кезде Сақтанушыға барлық сақтандыру құжаттамасын қайтарып беруге;

8.7.12.Сақтандырылушыға көрсетілген медициналық қызметтер үшін сақтандыру сомасының шығындарының артқаны туралы хабар алғаннан кейін, 3 (үш) жұмыс күні ішінде артық шығындардың сомасын Сақтандырушы өкілінің банктегі шотына аударуға немесе Сақтандырушы өкілінің кассасына қолма-қол төлеуге;

8.7.13. Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

9.ШАРТТАРДЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ. ШАРТ ТАЛАПТАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ШАРТТЫ ТОҚТАТУ ЖАҒДАЙЛАРЫ МЕН ТӘРТІБІ.

9.1. Шарт жасау үшін Сақтанушы Сақтандырушыға Сақтандырылушылардың тізімін беруге тиісті. (Шарттың 2-қосымшасы).

9.2. Сақтандырушы төменде аталған барлық талаптарға сәйкес:

  • бір жастан кіші емес;

  • І,ІІ топтағы мүгедек болып табылмайтын (ІІІ топтағы мүгедектігі, мүгедек балалар бар тұлағалардың аталған мүгедектікке әкеп соқтырған сырқаттарды емдеуге, оның асқынуын және салдарын, сондай-ақ аталған сырқатпен тікелей себеп-салдарлы байланыстағы кез келген жай-күйді емдеуге шығындар өтелмейді);

  • сақтандыру шартын жасау кезінде ауруханаға жатқызылмаған;

  • наркологиялық, психоневрологиялық, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерінде тіркеуде тұрмаған, СПИД-пен не туберкулезбен ауырмаған тұлғаларды сақтандыруға қабылдайды, сақтандыру шартында тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда.

9.3. Шартқа барлық өзгертулер мен толықтырулар қосымша келісімдер арқылы ресімделеді.және әр айдың 30-на дейін оған Тараптың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылады.

9.4. Шарт талаптарын өзгертуге ниет білдірген тарап өз ниеті туралы осы шарттың өзгертілуі топшыланған күнге дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей екінші тарапқа жазбаша ескертуі тиіс.

9.5. Шарттың талаптарының өзгертілуі Сақтанушының бастамасымен, сол сияқты Сақтандырушының да бастамасымен жүзеге асырыла алады.

9.6. Шарттың қолданылу мерзімі біткен (егер Тараптардың келісімімен Шарттың қолданылу мерзімі олардың өзара келіскен мерзіміне дейін ұзартылмаса) немесе Сақтандырушы осы Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындаған жағдайда Шарт тоқтатылады.

9.7. Шарт Сақтанушының және/немесе Сақтандырылушының Шарт бойынша өзінің орындамауы немесе тиісінше орындамауы жағдайында, Сақтандырушының қалауы бойынша осы Шарттың 9.10. тармақшасының талабын сақтай отырып, мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Бұл ретте сақтандыру сыйлықақысы немесе оның бөлігі қайтарылмайды.

9.8. Сақтанушы осы Шарттың 9.10. тармақшасының талабын сақтай отырып, кез-келген уақытта Шарттан бас тартуға құқылы.

Сақтанушы Шарттан бас тартқан кезде (барлық Сақтандыру шартына қатысты болуы сияқты, белгілі бір Сақтандырылушыға да қатысты), егер Сақтандырылушы (қызметкер) сақтандыру қызметтерін пайдаланбаған болса және бұл бас тарту Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 841-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлармен байланысты болмаса, Сақтанушының Сақтандырушыға төлеген сақтандыру сыйақысы Сақтандырушының істі жүргізу үшін 15% (он бес пайыз) шығынын шегеріп, сақтандыру қорғанысының (Шартқа 7-қосымша) өтпеген кезеңі үшін кері қайтарылуға тиіс. Сақтандырылушы медициналық қызметтерге жүгінген болса, сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушыда толық көлемінде қалдырылады.



9.9. Сақтандырушының (Сақтандырушының өкілінің) шарт талаптарын орындамауы және бұзуы себепті, Сақтанушы сақтандыру шартынан бас тартса, онда Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Сақтанушыдан тиісті талапты алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушыға толығымен қайтарады.

9.10. Шартты бұзуға ниет еткен Тарап ол туралы екінші тарапқа шартты тоқтатуды топшылаған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.

10. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ҚОРҒАНЫСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ КЕЗЕҢІ

10.1. Сақтандыру шарты оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және өзінің әрекетін Тараптардың 2017 жылғы «01» сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарына таратады және сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңінің соңына дейін, өзара есеп айырысу бөлігіне қатысты - Шарттың талаптарын толық орындағанға дейін қолданыста болады.

10.2. Сақтандыру қорғанысының қолданылу кезеңі 2017 жылғы 01 сәуірде сағат 00.00-де басталады және 2018 жылғы 31 наурызда сағат 24.00-де аяқталады (екі дата да қосылған).

10.3. Бастапқы және кейінгі сақтандыру оқиғасы бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Шарт сақтандыру сомасының қалдықтары шегінде әрекетін жалғастырады.

11. САҚТАНДЫРЫЛУШЫНЫ АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ ҮШІН ЖАҢА САҚТАНДЫРЫЛУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ

11.1. Сақтанушы Сақтандырушының жазбаша хабарламасы арқылы Сақтандырылушыны ауыстырады.

Бұл ретте Сақтанушы Сақтандырушыға жаңа тұлғаға тиісті құжаттарды беру туралы жазбаша хабарлама жібереді және Сақтандырылушылардың тізімінен шығарылған Сақтандырылушының құжаттарын қайтарады.



11.2. Жұмыстан босаған, ауыстырылмаған негізгі Сақтандырылушы және оның отбасы мүшелеріне сақтандыру төлемі төленбеген жағдайда, Сақтандырушы Сақтанушыға істі жүргізуге 15% мөлшерінде Сақтандырушы тартқан шығындарды шегеріп, сақтандыру қорғанысы әрекет ететін өтпеген кезеңге барабар сақтандыру сыйлықақысын қайтарады.

Сақтандырылушы (немесе оның отбасы мүшелерінің біреуі) медициналық қызметтерді алған болса, сақтандыру сыйлықақысы толық көлемінде Сақтандырушыда қалады.



11.3. Сақтанушының жұмысқа қабылданған қызметкерлеріне қатысты сақтандыру қорғанысының әрекеті тараптар қол қойған қосымша келісімде көрсетілген күннен бастап басталады.

11.4. Егер Сақтандырылушылардың тізімінен шығарылатын Сақтандырылушы (оның жұмыстан босауы негізінде) Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі дәрігерлер және/немесе медициналық мекемелер ұсынған медициналық қызметтерді пайдаланбаған жағдайда, Сақтандырушы жаңа Сақтандырылушыға қосымша ақыны төлеместен, Тараптардың келісімі бойынша, Сақтандырылушыны сол сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру шартымен, Сақтандырылушыны бірден ауыстырады.

11.5. Егер Сақтандырылушылардың тізімінен шығарылған Сақтандырылушы Сақтандырушы өкілінің тізіміндегі дәрігерлердің және/немесе медициналық мекемелер ұсынған медициналық қызметтерді пайдаланған жағдайда, Сақтандырушы жаңа Сақтандырылушы үшін Шартқа 1-қосымшаға сәйкес қосымша сақтандыру сыйлықақысын алуға құқығы бар; бұл ретте отбасы мүшелерінің ақылы сақтандырылған отбасы мүшелері үшін сақтандыру сыйлықақысы да Шартқа 1-қосымшаға сәйкес толық төленеді. Бағдарлама және кейбір медициналық қызметтер бойынша сақтандыру сомасы осы шартқа 1-қосымшада көрсетілген.

11.6. Сақтандырылушылардың тізіміне Сақтанушының жаңадан қабылданған қызметкерлері енгізілген жағдайда, жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін сақтандыру сыйлықақысы Шартқа 1-қосымшаға толық сәйкес келеді.

11.7. Сақтандырушы жаңадан қабылданған Сақтандырылушыға ресімделген медициналық қызмет көрсету карточкасын Сақтанушы Сақтандырушыға тараптар қол қойған Қосымша келісімді және оған қосымшаларды бергеннен кейін, 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Сақтанушыға береді, бұл ретте Сақтандырылушының сақтандыру құжаттамасында сақтандыру қорғанысының кезеңі көрсетіледі.

11.8. Сақтандырылушының ауысуы осы Шартқа қосымша келісімдерге қол қою арқылы тиісті өзгерістер енгізуге апарады. Бұл жағдай Шарттың өзге талаптарына өзгерістер енгізуге негіз болып табылмайды.

12.ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

12.1. Медицина ұйымдары немесе/және дәрігерлері медициналық қызметтерді тиісінше көрсетпеуі салдарынан Сақтандырылушының өміріне және денсаулығына зиян келтірілген және өмірге және денсаулыққа зиян келтіру фактісін растайтын тиісті тәуелсіз медициналық сараптама болған жағдайда, Сақтандырушы (Сақтандырушының өкілі) Сақтандырылушыға емдеу шығындарын, сондай-ақ тәуелсіз медициналық сараптама шығындарын толық мөлшерінде өтейді.

12.2. Осы Шартта реттелмеген залал үшін тараптың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

12.3. Сақтандырылушыға медициналық мекемелерде және/немесе дәрігерлердің оларға медициналық қызметтерді көрсетуден негізсіз бас тартуы немесе тиісінше көрсетпеуі жағдайында, аталған медициналық мекемелер және/немесе дәрігерлер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.

12.4. Медициналық мекеменің және/немесе дәрігердің әрекетінің нәтижесінде немесе әрекетсіздігі нәтижесінде Сақтандырылушының денсаулығына және өміріне келтірілген зиян үшін Сақтандырылушы және/немесе Сақтанушы медициналық қызметтерді алған тікелей медициналық мекемелерге және/немесе медициналық мекемелердің дәрігерлеріне барлық талаптарын ұсынады.

12.5. Сақтандырушы Қызмет көрсетудің Шартпен айтылған мерзімдерін бұзған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға кешіктірген әр күн үшін уақытылы көрсетілмеген Қызметтің құнынан 0,35%-ы, бірақ кешіктіріліп көрсетілген Қызметтердің құнынан 10% артық емес мөлшерінде өсімақы төлеуге міндетті. Өсімақыны төлеу тиісті шот-фактура алынған сәттен бастап 7 күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.

12.6. Шарттың 13-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда Қызметтер көрсетуді 30 күнтізбелік күннен астам кешіктіргені үшін не Қызметтердің барлығын немесе бөліктерін көрсетпеген жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға Шарттың жалпы сомасынан кешіктіріліп көрсетілген Қызметтердің құнынан 10% мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті. Айыппұлға қосымша Қызметтер көрсетуді 30 күнтізбелік күннен астам кешіктірген әр күн үшін кешіктіріліп көрсетілген Қызметтердің құнынан 0,1%, бірақ Шарттың жалпы сомасынан 10% артық емес мөлшерінде өсімақы төлеуге міндетті. Айыппұлды төлеу тиісті шот-фактура алынған сәттен бастап 7 күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.

12.7. Шарттың 13-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда Сақтандырушы Шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындаудан бастартқан немесе орындауға мүмкіндігі болмаған жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға Шарттың жалпы сомасынан 10% мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті. Айыппұлды төлеу тиісті төлем талабы алынған сәттен бастап 7 күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі.

12.8. Шарттың 8.3.11, 8.3.14. тармағында көрсетілген міндеттемелерін орындамағаны жағдайында Сақтандырушы тиісті шотты алған сәттен бастап 7 күнтізбелік күннің ішінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 2000 айлық есепті көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

12.9. Сақтандырушы өсімақы және(немесе) айыппұл төлеу үшін Сақтандырушы Сақтанушыға ұсынған шот-фактура көрсетілген Қызметтер үшін төлеу жөніндегі және өсімақы және(немесе) айыппұл төлеу жөніндегі қарсы біртекті талаптардың есебін жүргізу мақсатында өзара есеп айырысуларды салыстыру актісіне енгізілуі мүмкін екендігіне келіседі.

12.10. Сақтанушы ұсынылған шот-фактураға сәйкес өсімақыны және(немесе) айыппұлды төлегенге дейін өсімақының және(немесе) айыппұлдың сомасын Шарт бойынша Сақтандырушыға тиесілі төлемнен ұстап қалуға құқықты.

12.11. Айыппұл санкцияларын төлеу кінәлі Тарапты Шарттың 14-тарауында көрсетілгендей шартты бұзу жағдайларын қоспағанда, осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды.

12.12. Көрсетілген Қызметтер үшін төлеуді негізсіз кешіктірген жағдайда Сақтандырушы Сақтанушыға кешіктірген әр күн үшін берешектің сомасынан 0,05% мөлшерінде, бірақ берешектің сомасынан 10%-дан артық емес өсімақы төлеуі тиіс.

12.13. Өсімақылар мен айыппұлдар есептеу Актіге қол қою датасы бойынша жүргізіледі. Қызметтерді көрсету 30 күнтізбелік күннен астамға кешіктірілген және Шарттың 12.6. тармағына сәйкес айыппұл санкциялары есептелген жағдайда өсімақы Шарттың 12.5. тармағына сәйкес есептеледі, есеп айырысу кезінде айыппұл санкциялары өндіріліп алынбайды.

13. ТЕЖЕУСІЗ КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ (ФОРС-МАЖОР)


13.1 Егер ол тежеусіз күш жағдайларының салдарынан болса, осы Шарт бойынша міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамағаны үшін тараптар жауапкершіліктен босатылады.

13.2. Тежеусіз күш жағдайлары болып шартты жасасқаннан кейін төтенше сипаттағы, тараптар қарастырмаған және оларға тәуелді емес оқиғалар салдарынан туындаған жағдай түсіндіріледі. Тежеусіз күш жағдайларына әскери әрекеттермен, дүлей апаттармен және т.б. байланысты жағдайлар жатады.

13.3. Осы Шарттың 13.2.-тармағында көзделген жағдайлар салдарынан осы Шарт бойынша міндеттерін орындай алмайтын тарап басқа тарапты мұндай жағдайлардың басталуы туралы аталған жағдайлардың туындауын растайтын тиісті құжаттарды кейіннен бірге тіркеп, олар орын алған сәттен бастап 48 сағат ішінде жазбаша түрде хабардар етуі тиіс. Аталған құжаттар Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті органы және/немесе сауда-өндіріс палатасы арқылы расталуы және куәландырылуы тиіс.

13.4. Егер тежеусіз күш жағдайлары 1 (бір) айдан артық мерзімге жалғасатын болса, Тараптардың әрқайсысы Шартты одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Тараптар нақты көрсетілген қызметтер және жүргізілген төлемдер бойынша өзара есеп жүргізуге міндеттенеді.


  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

14.1. Сақтандырылушы Шарттың қолданылуы кезінде шет елге шығатын болса, ол халықаралық сақтандыру полисінің бағдарламасында қарастырылған медициналық қызметтерді алуға құқылы.

14.2. Сақтандырылушы 3 (үш) тәулік бұрын Сақтандырушыны уақытша тоқтайтын елін, болу күнінің санын көрсетіп, болжалды сапары туралы ескертуі, сондай-ақ төлқұжат пен СТН көшірмелерін ұсынуы (факс арқылы, қолма-қол, электронды почта арқылы) тиіс.

14.3. Сақтандырушы Сақтандырылушыға уақытша тоқтаған елінде сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылушы жолығуы керек тәулік бойғы медициналық ұйымдардың телефондары көрсетілген халықаралық сақтандыру полисін беруге міндетті.
15. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

15.1. Осы Шарт бойынша Тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.

15.2. Тараптар келісімге келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасында көзделген тәртіппен соттың қарауына беріледі.

16. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАЛАПТАР


16.1. Шарт бойынша өзінің міндеттерін орындау кезінде Тараптар, олардың аффилийрленген тұлғалары, қызметкерлері, делдалдары және қосалқы мердігерлері (бірге орындаушы) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын не бұзуға себепші болатын, әрекеттерді жасауға итермелейтін әрекеттерді, оның ішінде жемқорлықпен күрес саласында жасаудан тартынады, ол тұлғалардың әрекеттерге немесе шешімдерге әсер ету үшін қандай да бір ақша қаражатын немесе құндылықтарды тікелей немесе жанама қандай да бір құқықсыз басымдылықтарды немесе басқа құқықсыз мақсаттарға қол жеткізу мақсатында төлем жасауды ұсынбайды және төлем жасауға рұқсат етпейді.

Шарт бойынша міндеттерін орындау кезінде Тараптар, олардың аффилийрленген тұлғалары, қызметкерлері, делдалдары және қосалқы мердігерлері (бірге орындаушы) Шарттың мақсаттары үшін заңнамамен жарамды деп біліктелген пара беру/алу, коммерциялық параға сатып алу әрекеттерін жасамайды, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы әрекеттер туралы жарамды заңнаманың және халықаралық актілердің талаптарын бұзбайды.

Тараптар арасында Шарттың осы тармағының қандай да бір ережелерін бұзушылық орын алған немесе орын алуы мүмкіндігі жөнінде күмәні туындаған кезде, тиісті Тарап басқа Тарапты жазбаша нысанда хабардар етуге міндеттенеді.

Жазбаша хабарламада тарап фактілерге сілтеме жасауға немесе Тараптың, оның аффилийрленген тұлғаларының, қызметкерлерінің, делдалдарының, және (немесе) қосалқы мердігерлерінің (бірге орындаушыларының) Шарттың осы тармағының ережелерін бұзушылық орын алғаны немесе орын алуы мүмкін екендігін растайтын немесе болжам жасауға негіздеме болатын материалдарды ұсынуға міндетті.



16.2. Басқа тараптан жазбаша хабарлама алған тарап 10 күндік мерзім ішінде (мейрам және демалыс күндерін қоспағанда) ішкі тексеруді жүргізуге және оның нәтижелерін, егер олар құпия ақпараттардан тұрмайтын болса, басқа тарапқа ұсынуға міндетті.

17. ХАТ-ХАБАРЛАМАЛАР


17.1. Егер Шарттың талаптары бойынша қандай да бір хат-хабар, хабарлама, нұсқаулықтар, келісімдер, бекітулер, сертификаттар немесе қандай да біреудің шешімін ұсыну немесе шығару керек болса, егер басқалай түрде келісілмеген болса, онда хат-хабардың мұндай түрі жазбаша нысанда қандай да бір негізделмеген бас тартулар мен кідірістерсіз жүзеге асырылады.

17.2. Хат-хабар бойынша барлық құжаттар Шартқа байланысты немесе оған сәйкес Шарттың нөмірі бар Тараптардың деректемелерінде болуы керек.

Кез келген хат-хабар, хабарламалар, есептер, сұраныстар, талаптар, бекітулер, келісімдер, сертификаттар немесе басқа байланыстың электронды түрлері бойынша берілетін хабарлар, қолдан жазылған немесе басып шығарылған – талап етілген, рұқсат етілген немесе тараптардың бірі басқа тарапқа берген, Шарттың талаптары бойынша алдын ала орындалуы және алғаны туралы қолхаттан кейін тапсырыс хат түрінде (алғаны туралы түбіртекті талап ету) немесе ол жіберілген тараптың мекенжайы дұрыс көрсетілген факсимилді байланыс арқылы берілуі керек.



Кез келген хабарлама, шабарманмен, жеделхатпен немесе факспен жөнелту (бұдан бұрынғы растамасы болмаған жағдайда) берілген сәттен бастап жеткізілген болып саналады.
  1. КЕПІЛДЕМЕЛЕР


18.1. Сақтандырушының, Сақтандырушы өкілінің, сондай-ақ Сақтандырушының тізіміне кіретін медициналық мекемелер мен ұйымдардың барлық рұқсат етуші құжаттары бар, оның ішінде медициналық қызметтерді көрсетуге лицензиялары, сертификаттары және Шарт бойынша медициналық қызметтерді көрсету үшін талап етілетін басқа рұқсат етуші құжаттары бар, ал олардың медициналық қызметтерді көрсетуге тікелей қатысатын персоналының медициналық қызметтерді сапалы көрсету үшін біліктілігі және тәжірибесі бар.

18.2.Сақтандырушының өкілі көрсететін медициналық қызметтер толықтай Қазақстан Республикасының заңнамасына, белгіленген талаптарға және стандарттарға, Шарттың талаптарына сәйкес келуі керек. Медициналық қызметтерді көрсету барысында анықталған кез келген сәйкессіздікті, сондай–ақ олардың нәтижелерін Сақтандырушының өкілі өзі жеке меншікті қаражатының есебінен жөндейді және/немесе Шарттың әрекет ету кезеңі ішінде Сақтанушыға өтелуі керек.

19. ЖЕРГІЛІКТІ МАЗМҰН

жүктеу 330,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау