қара
көгілдір
қоңыр
сары/жасыл
Сурет 1
5.2. БАСҚАРУПУЛЬТі (2-суретті қараңыз)
«Желі» индикаторы
«Сорғының жұмысы» индикаторы
Ажыратқыш
Асыра кернеуден қорғау
Электр сорғы кабелінің кірісі
Кабелі бар ашасы
Сурет 2
6. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.
Сорғыны жерге тұйықтаусыз пайдалануға тыйым салынады.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында сорғыны қорек кабелінен көтеруге немесе тасымалдауға қатаң тыйым салынады.
Сорғы су айдауға арналған. Сорғыны өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
Сорғыны сусыз пайдалануға тыйым салынады
Сорғыны максималдық жүктеумен (шығыс келте құбыры жабық болғанда) ұзағынан (10 секундтан астам) пайдалануға тыйым салынады.
7. САҚТАУ, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖАРАТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
7.1. Жұмыс барысында қысқа мерзімді (7-10 күн) үзілістер жағдайында электр сорғыны ұңғымаға батырылған күйде қалдыру немесе таза су құйылған кез келген өзге ыдыста сақтау ұсынылады.
7.2. Электр сорғыны ұзақ сақтауға қоярда оны көп мәрте малып алу әдісімен ьаза суда шайып, кептіру қажет.
7.3. Электр сорғыны құрғақ жайда, қоршаған орта температурасы +5 - +35°С аралығында, жылыту аспаптарынан кем дегенде 1 м қашықтықта сақтау керек. Жайда қышқылдардың, сілтілердің булары немесе агрессивті газдар болмауы тиіс. Электр сорғыны ұзақ сақтау жағдайында оны пайдалануға қабылдау алдында міндетті түрде электр сорғының білігін тексеру қажет.
7.4. Электр сорғыны тек жабық көлік құралдарында, өзіндік қаптамаларында ғана тасымалдау керек. Бұл жағдайда жеке қаптамалардың көлік құралының ішінде жылжу мүмкіндігін болдырмау қажет. Көлік құралында орналастыру мен бекітуді көлік құралының сол түрінде қолданылатын жүктерді тасымалдау ережелерін сәйкес жүзеге асыру қажет.
7.5. Қайта жаратуға шектік күйге жеткен және қалпына келтіруге (жөндеуге) келмейтін электр сорғылар жатады.
7.6. Электр сорғының қайта жаратылуы оның құрамдастарын материалдары: болат, түсті металдар, пластик бойынша бұзуды көздейді және оларды әрі қарай белгіленген тәртіпте қайта өңдеугі тапсыруды көздейді.
ЖЕТКІЗУ ЖИНАҒЫ
Сорғы, 1 дана
Электр қозғалтқыш, 1 дана
Басқару пульті, 1 дана
Оқшаулаушы таспа, 2 дана
Қаптама, 1 дана
Пайдаланушы нұсқаулығы
9. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Кепілді пайдалану мерзімі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес пайдалану шартымен сату күнінен бастап 12 айды құрайды.
КЕПІЛДІ СЕРВИС ОРТАЛЫҚТАРЫ:
1. АЛМАТЫ, Бөкейханов көш., 233, тел.: 8 (727) 258-45-61
2. АСТАНА, Ауэзов к-сі, 39 үй, тел.: 8 (7172) 55-93-94, 55-93-96
3. ҚАРАҒАНДЫ, Пичугин көш., 249, 19-пәтер, 20, тел.: 8 (7212) 47-76-35
10. ҚАБЫЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ КУӘЛІК.
Ұңғымалық моноблокты сорғы ______________________________(моделін көрсетіңіз)
пайдалануға жарамды.
11. ЫҚТИМАЛДЫ АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТҮЗЕТУ ӘДІСТЕРІ.
Ақаулық
|
Ықтималды себебі
|
Түзету әдісі
|
1. Сорғы жұмыс істемейді
|
А. Электр қорегі жоқ
Б. Асырма кернеуден қорғау іске қосылды.
В. Электр қозғалтқыш немесе кабель зақымданған.
Г. Сорғы балшықпен ластанып, бұғатталды. Бұзылу мезетінде айдалып жатқан сұйықтық сорғының арнауына сәйкес емес.
|
А. Электр жалғауларды тексеріңіз
Б. Біраз күтіп, басқару пультіндегі асырма кернеуден қорғау батырмасын басыңыз.
В. Электр қозғалтқышты және кабельді тексеріңіз
Г. Айдалатын сұйықтыққа арналған сорғыға ауыстырыңыз.
Ұңғыманың үстінен немесе жер астында бір реттік бітелуі орын алған. Ұңғыманы диагностикалау қажет. Диагностикалау нәтижелері бойынша жүндеу жұмыстарын орындаңыз.
|
2.Сорғы қуатының төмен деңгейінде жұмыс істейді.
|
А. Электр желісіндегі кернеу қажетті деңгейге сәйкес емес.
Б. Батыру тереңдігі электр сорғының осы түрі үшін белгіленгеннен терең.
В. Қысымды құбырдағы вентильдер ішінара жабық немесе бұғатталған.
Г. Ластану аслдарынан қысымды құбыр ішінара зақымданған.
|
А. Электр жалғауларды тексеріңіз
Б. Орнату тереңдігін азайтыңыз немесе электр сорғыны ауыстырыңыз.
В. Вентильдерді ашыңыз, жөндеу мүмкін болмаған жағдайда ауыстырыңыз.
Г. Қысымды құбырды тазартыңыз немесе ауыстырыңыз
|
3.Сорғы жұмыс істейді, бірақ су айдамайды
|
А. Су жоқ немесе су деңгейі тым төмен.
Б. Кері клапан жабық күйінде бұғатталған.
В. Су қармау бөлігіндегі тор бітеліп қалған.
Г. Құбыр жалғаулары тығыз емес.
|
А. Пайдалану барысында су деңгейі сорғының су қармау бөлігінен кем дегенде 3 м болуын қадағалап жүріңіз.
Б. Сорғыны алып шығып, кері клапанды ауыстырыңыз немесе жөндеңіз.
В. Сорғыны алып шығып, торын тазартыңыз.
Г. Тексеріп, тығыз емес жерлерді тығыздаңыз.
|
050014 Алматы қ., Бөкейханов көш.,233, «Келет» АҚ тел/факс (727) 298-95-74, т.298-88-69.
Достарыңызбен бөлісу: |