Насосы скважинные моноблочные



жүктеу 271 Kb.
бет3/4
Дата12.02.2020
өлшемі271 Kb.
#28886
түріҚұрамы
1   2   3   4

3. ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСЫ

3.1. Электр сорғы бір біріне жалғанған сорғы мен электр қозғалтқышынан тұратын агрегат болып табылады.

3.2. Сорғы көп сатылы конструкция болып табылады. Әр саты қалыпқа орнатылған ортадан тебуші жұмыс дөңгелегінен, қалақты немесе мойынтіректі шығыстан тұрады. Электр қозғалтқыш айналысты жетегі сорғы білігіне муфта арқылы жеткізіледі. Сорғының жоғарғы бөлігінде кері клапан орнатылған. Қысымды келте құбыр ернемегінде болат немесе капрон арқанды бекіту тесіктері бар.

3.3. Электр қозғалтқыш құбыр ішіндегі статор мен ротордан тұрады. Қорек кабеліне электр қозғалтқышты тоқ ауытқулары мен қысқаша тұйықталудан қорғайтын қосушы-қорғаушы құрылғы кірістірілген.

3.4. Электр сорғының қорек желісіне жалғануы жерге тұйықтау түйіспесі бар штепсельді аша көмегімен жүзеге асырылады. Принциптік электр сызбасы 1-суретте көрсетілген.
4.СОРҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ

4.1. Ұңғымаларды пайдалануға дайындау мамандандырылған ұйымдармен жүзеге асырылуы тиіс. Электр сорғыны орнату алдында ұңғыма күйін тексеріп (тарылған немесе шығыңқы жерлердің жоқтығын), статикалық деңгейін (жер бетінен ұңғымадағы су бетіне дейінгі қашықтықты) және ұңғыма тереңдігін өлшеу қажет.

4.2. Сорғыны ұңғымаға орнату алдында қозғалтқыш пен сорғы бөлігін жинап, сорғының білігін жалғаушы муфтаға айналдыру қажет. Білік екі бағытта да «түстенусіз» оңай айналуы тиіс. Айналуы қиындаған жағдайда электр сорғыны суға 15 минутқа салып қойып, операцияны су ішінде қайталаңыз.

4.3. Қысымды құбыр үшін G 1¼ жалғау бұрандасы бар металл немесе пластик құбырларды және ішкі диаметрі 25-26 мм иілмелі шлангтарды пайдалану ұсынылады. Шлангты штуцерде қамытпен қысып қою қажет.

Электр сорғымен ауыз су шығарылған жағдайда қысымды құбырлар мен шлангтар суық және ауыз суға арналған болулары тиіс.

4.4. Арқанды ернемек тесігінен өткізіп, қысымды келте құбыр ернемегіне бекітіңіз. Арқан электр сорғыны түсіргенде немесе шығарып алғанда жиектеу құбырының жиегіне егеліп кетпейтіндей бекітілуі қажет.

4.5. Электр сорғыны ұңғымаға арқаннан ұстап тұрып және шланг пен қорек кабелінің еркін түсуін қадағалай отырып түсіріңіз. Қорек кабеліне сорғының салмағы түсуіне жол бермеңіз.

Электр сорғыны түсіргенде қорек кабелі бухтаға оралып, жұмыс аумағынан тыс жатуы тиіс. Электр сорғыны ұңғымаға түсіріп, шланг пен арқанды электр сорғының төменгі ернемегі ұңғыма түбінен кем дегенде 3 м қашықтықта орналасатындай және шланг пен ішіндегі су салмағы қорек сымына берілмейтіндей етіп бекітіңіз.

Электр сорғыны металл немесе пластик су құбырларын пайдалана отырып орнату жағдайында арқанды және қорек кабелін құбырларға әр 2 м сайын оқшаулау таспасының не қамыттардың көмегімен бекітіп, су құбырының бүкіл жүйесін қамыттармен ұңғыма аузына бекітіп қою қажет.

4.6. Қосу-қорғау құрылғысын (пультті) тікелей күн сәулелерінен және су тиюден қорғалған жерде тігінен орнатыңыз.

4.7. Штепсельді розетканы орнатып, жерге тұйықтаңыз. Жерге тұйықтау штепсельді розетканың жерге тұйықтау түйіспесін жерге тұйықтаушыға жерге тұйықтау өткізгіші арқылы жалғау жолымен жүзеге асырылады. Жерге тұйықтау өткізгіші болып диаметрі кем дегенде 2,5 мм мыс немесе диаметрі кем дегенде 3 мм алюминий сымы табылады.

Жерге тұйықтау өткізгіші болып жерге тігінен қағылған диаметрі 75 мм, қабырғасының қалыңдығы кем дегенде 3,5 мм және ұзындығы мөлшермен 2,5 м болат құбыр бола алады. Жерге тұйықтау өткізгішінің жоғарғы жиегі жер бетінен 0,5 -0,7 м биіктікте орналасу тиіс. Жерге тұйықтау өткізгішінің және жерге тұйықтаушының кедергісі 4 Ом мәнінен аспауы тиіс.

4.8. Электр сорғыны қосу алдында оны суға батырылған күйінде кем дегенде 5 минут ұстау қажет.

4.9. Электр сорғының жұмысы барысында көтерілетін су тазалығын қадағалап отыру қажет. Су ластанған жағдайда электр сорғыны өшіріп, оның ұңғыма түбіне қатысты орналасуын тексеру қажет.

4.10. Электр сорғының су жіберусіз жұмыс істеуіне тыйым салынады.

4.11. Ұңғымадағы су дебиті максималдық өнімділіктен (максималдық көлемдік шығарудан) кем дегенде 20% асуы тиіс.

4.12. Жұмыс істеп тұрған электр сорғының қорек желісіндегі кернеудің кенет жоғалуы салдарынан тоқтауы жағдайында электр сорғының қосылуы кернеу пайда болғанда автоматты түрде жүзеге асырылады.

4.13. Жұмыс істеп тұрған электр сорғының қорғаныстың іске қосылуы салдарынан тоқтауы жағдайында іске қосылу себебін анықтап, оны жойғаннан кейін электр сорғыны қайта қосу керек.

4.14. Температура 0°С төмен түсіп кеткен жағдайда судың су шығару құбырларында және қысымды құбырда қатып қалуын болдырмау шараларын қолдану қажет.

4.15. Электр қозғалтқышының оқшаулауының кедергісі суға салғанда кем дегенде 0,5 МОм болуы тиіс. Кабель оқшаулауының кедергісі өлшеу кернеуі 500 В болғанда кем дегенде 50 Мом болуы тиіс.


ҚОРЕК КАБЕЛІН ТАҢДАУ

Қозғалтқыш қуаты,

кВт


Төрт сымды кабель, мыс сымдарының қимасы кем дегенде мм²

4х1

4х1,5

4х2,5

4х4

4х6

4х10

4х16

Кабель ұзындығы, м

0,37

55

80

130













0,55

35

55

90

140










0,75

25

40

65

105

160







1,1

20

30

50

75

115

190




1,5




22

36

60

90

145

230

2,2







25

40

60

100

165



5. СОРҒЫНЫ ЭЛЕКТ ЖЕЛІСІНЕ ЖАЛҒАУ.

Сорғылар ұзындығы 1,5 м құрайтын штатты кабельмен жабдықталып жеткізіледі. Кабельді ұзарту кабельді муфта көмегімен жүзеге асырылады.



Жалғау алдында желідегі кернеудің сорғының жапсырмасындағы анықтамалық деректерге сәйкестігіне көз жеткізіңіз.


    1. Негізгі мыс кабельді жалғау

Термоқондырмалы түтік Мыс сымдар Кабель





  1. Термоқондырмалы түтік көмегімен жалғау

Термоқондырмалы түтік






  1. Су өткізбейтін таспамен орау

Су өткізбейтін таспа





  1. Оқшаулаушы таспамен орау

Оқшаулаушы таспа


5.1 СОРҒЫНЫ ЖАЛҒАУДЫҢ ЭЛЕКТР СЫЗБАСЫ


жүктеу 271 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау