Басты қондырғы«Прима 300» маркалы қамыр илеу машинасының сипаттамасы.
Қамыр илеу машинасының жылдамыдығы бойынша екі режимнен тұрады. Прима 300 қамырды үдемелі және жоғары жылдамдықта илейтін машина болып табылады:
ұнды қамырды;
қара нанды қамырды;
бидайлы қамырды;
кондитерлік жұқа қамырлар үшін.
Прима 300 қамыр илеу машинасы эксплуатациялық қолданыста 1-3 ауысымды режімдерде жұмыс істейді.
1.1 сурет – «Прима 300» маркалы машинасы
Үдемелі режиммен қамырды илеу:
қамыр илеу уақыты қысқарады және қамырдың ашу уақыты азаяды, ол дегеніміз кейбір төмен сұрыпты ұндардың кемшіліктерін жоюға, дайын өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді;
өнімнің көлемін үлкейтеді;
қамыр жұмсақ және пішімге оңай ие болады;
дайын өнімнің қату уақыты азаяды.
Прима 300 қамыр илеу машинасы жартылай автоматты басқару режимінде жұмыс істейді:
қамырды илеу уақыты және қамырды төмен жылдамдықта млеу уақытын орнату мүмкіндігі бар;
қамыр илеу қондырғысын автоматты түрде төмен жылдамдықтан жоғарғы жылдамдыққа ауыстыру мүмкіндігі бар;
қамыр илеу циклын оператордың командасымен тоқтату мүмкіншілігі;
деждік көтергішті төмен жылдамдықта реверстік бағытын өзгерту мүмкіншілігі;
цикл аяқталған уақытта дыбыстық сигнал беру арқылы қондырғыны тоқтату мүмкіншіліктеріне ие.
Жоғарыда көрсетілген қамыр илеу машинасы микропроцессорлық контроллердің негізінде құрылған, ол бізге максималды басқару фунцияларын береді. Барлық параметрлерін өргерте отырып қамыр илеудің автоматты циклдарының 100 бағдарламасы бар.
Прима 300 қамыр илеу машинасы деждік көтергішпен комплекте жұмыс істейді, ол бізге үлкен қамыр илеудің ыңғайлығын береді.
Қамыр илеу машинасы ішкі бөлімін жуу жүйесімен жабдықталған. Машинаның басқару жүйесі деждік айналу жиілігінің төмен жылдамдығынан жоғарғы жылдамдығына ауыстыру мүмкіндігі бізге қондырғының жұлдызды білігінің бір біріне соқтығысуынан қорғанысты қамтамасыз етеді. Қамыр илеу машинасының төмен жылдамдықта айналу кезінде деждік көтергіштің бағытын өзгертуге болады. Деждік көтергіштің бағытын ауыстыру және көтеріп түсіру гидравликалық жетектің көмегінмен іске асады. Негізгі деждік қондырғыда және қоймалжың ыдыста айналу біліктерінде редукторлық байланыс арқылы жүзеге асады, яғни қызмет мерзімі аяқталғанша қондырғының жетектерін майлаудың қажеті жоқ.
1.1 кесте – Прима 300 машинасының техникалық сипаттамалары
Мінездеменің атауы
|
Өлшем бірлігі
|
бір толық цикл үшін толық салмағы
|
200 кг/ 1 толық цикл
|
бір толық емес цикл үшін салмағы
|
5 кг/ 1 толық емес цикл
|
деждің көлемі
|
300 л
|
айналу жиілігі бойынша
|
Деждің
|
12,8 айн/мин
|
араластыру қондырғысының төмен
және жоғары жылдамдықтары
|
102-204 айн/мин
|
номиналды қолданатын қуат
|
17,6
|
номиналды кернеуі
|
380 В
|
ток түрі
|
айнымалы
|
ток жиілігі
|
50 Гц
|
габариттік өлшемдері бойынша
|
Ұзындығы
|
1805
|
Ені
|
1260
|
Қақпақты қосқандағы биіктігі
|
1343
|
Салмағы
|
1280
|
Достарыңызбен бөлісу: |