Нажмитдин мухитдинов


Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарынан артық сүтті сатып алу шарты кімдермен жасалады және оның жағдайлары қандай?



жүктеу 3,91 Mb.
бет20/27
Дата20.11.2018
өлшемі3,91 Mb.
#21894
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарынан артық сүтті сатып алу шарты кімдермен жасалады және оның жағдайлары қандай?
Бұл шартты колхоздар, совхоздар және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындары мемлекетке сүтті көбірек өткізу мақсатында жасайды. Олар сиыры бар азаматтармен шарт жасасып, жжем-шөппен қамтамасыз ету үшін оларға көмек көрсетеді, керек болса бос пайдаланбаған жерден жемдік дақылдар өсіруге қосымша учаске береді. Жжем-шөпті тасып алу үшін көлік, мал қораларын салып, жөндеуіне жәрдем етеді. Сүт өндіру үшін шарт жасасқан азаматтарға астықты мемлекеттік сату бағасымен, жемді сатып алу бағасымен береді.

Шарт бойынша сатылатын сүт сапалы болуы керек.

Колхоз, совхоз және басқа шаруашылықтар сүт сату жөнінде шарт жасасқан азаматтарға құрал-сайман, ауыл шаруашылығының механикалық құралдарын сатып алуға мемлекеттік банк ссебінен қарыз ақша алып бере алады.

Азаматтардан сүт сатып алу шартын Тұтынушылар кооперациясының мекемелері жасайды.


Сиырбұршақ дәнін сатып алу жөніндегі шартты жасау тәртіптері қандай?
Сиырбұршақ дәнін сатып алу жөнінде шартты жасау КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 23 сәуірдегі «Қарақұмық, тары, сиырбұршақ және жасымық дәндерін өндіру және дайындау жөніндегі ынталандырудың косымша шаралары туралы» қаулысында көрсетілген. Осы қаулыға сәйкес СССР Ауыл шаруашылык мннистрлігі, СССР Дайындау министрлігі, СССР Қаржы министрлігі және СССР Орталық статистика басқармасы 1981 жылы 22 маусымда, колхоздың, совхоздың басқа ауыл шаруашылық кәсіпорнының және ұйымының сиырбұршақ дәнін өсіру және сатып алу жөнінде азаматтармен жасайтын Үлгі шартын бекітті.

Бұл шарт бойынша колхоз, совхоз немесе басқа шаруашылық өз жерінде тұратын азаматқа сиырбұршақ дәнін өсіру үшін қосымша жер телiмiн, оның тұқымын (мемлекеттік сатып алу бағасымен) минералдық тыңайтқыштарды (жоспарланған баға бойынша) беруге және өсірілген сиырбұршақ тұқымын уақтысында келісілген баға бойынша (бірақ мемлекеттік сатып алу бағасынан жоғары емес) сатып алуға, оны өсіруге, құтуге керекті жәрдемдерін көрсетуге (жерді жырту, дәнді тасу т. б.) міндеттенеді.

Азамат шартта көрсетілген сиырбұршақты егіп өсіруге, өнімді колхозға (совхозға) келісілген бағамен өткізуге, берілген тұқымның, техникалық қызметтің, минералды тыңайтқыштың бағасын төлеуге міндеттеме алады.

Егер екі жактың арасында шарттың орындалуы жөнінде дау туса, ол заң жүзінде шешіледі. Мысалы сатылатын тұкымның сапасы жөнінде келіспеген кезде, оны ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу және сапасы жөніндегі мемлекеттік инспекциясының аудандық инспекторы шешеді. Егер шаруашылық азаматқа сиырбұршақ тұқымын, минералдық тыңайтқыштар бермесе, онда олар осыған байланысты шығындарды өтеуді колхоздан (совхоздан) талап ете алады.

Егер табиғи апаттарға немесе басқа себепті жағдайларға байланысты өнім өндірілмей қалса, екі жақ та шарт бойынша жауапкершіліктен құтқарылады.
Колхоздар мен совхоздардың және басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарының сиырбұршақты азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығында шарт арқылы өндіру мен олардан сатып алудың қандай тиімділігі бар?
Сиырбұршақты қосалқы шаруашылықтарда өсіріп, мемлекетке сату бұл дақылды көп өндірудің қосымша шараларының бірі болып саналады. Сиырбұршақты өсіріп, мемлекетке сатушы азаматтар қосымша табыс алады. Ол үшін ауыл шаруашылық салығы салынбайды.

Колхоздардың, совхоздардың және басқа шаруашылықтардың, өзіндік қосалқы шаруашылықтарда шарт бойынша сиырбұршақты өсіріп мемлекетке өткізгенде, ол астық сату жоспарына қосылады және оларға мөлшермен сапа көрсеткіштері үшін белгіленген қосымша ақы төленеді.


Тұтынушылар кооперациясы дайындау мекемелерінің үй қоянын өсіретін азаматтармен жасайтын шарттары қандай?
Тұтынушылар кооперациясы дайындау мекемелері үй қоянын асырайтын азаматтармен және қоян өсіруші ерікті қоғамдармен (серіктестіктер) де шарттар жасай алады.

Қоян өсіруші ерікті қоғамдармен (серіктестіктермен) жасалатын Үлгі шарттары Орталық Тұтыну қоғамдары одағы басқармасының 1981 жылғы 29 қаңтарда қабылдаған қаулымен бекітілген.

Қоян өсіруші ерікті қоғам (ссріктестік) аталған үлгі шарт бойынша мыналарды жүзеге асыруға міндеттеме алады: қоғамның барлық мушелерінің уақтысында аудандық дайындау мекемесімен (дайындау-сату базасы) өздері өсірген қояндарының өнімін (терісі, еті және тірілей) сату үшін шарт жасауын қамтамасыз етеді және осы шарттың орындалуын тексеріп, бақылап отырады; қоян өсірушілердің қояндарына зоотехникалық-малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастырады.

Ал аудандық дайындау мекемелерінің (дайындау-сату базасы) орындайтын мынадай міндеттері шартта көрсетіледі: жыл бойғы толассыз қоян өнімдерін шартта көрсетілген ереже бойынша, тірі қояндарды өсіруші шаруашылықтардан қабылдап, өз көлігімен алып кетуге, елді мекендерде қоян терілерін, қояндарды тірідей қабылдайтын және қоян соятын бекеттерін ашуды, қоян өсіретін қоғамның (серіктестік) өнім қабылдау шараларын жүзеге асыру ісіне көмсктесіп, оған кететін шығынды жартылай өтеуге, қоян өсірушілерге құнарландырылған жем мен темір торларын сатуды қамтамасыз етеді.

Қоян өсірушілермен жасалатын шартта сатылатын қоянның жалпы саны, салмағы, сомасы, етінің көлемі мен терісінің саны, салмағы, олардың сомасы және уақыты көрсетіледі. Сатып алушы шартта көрсетілген өнімдердің барлығын уақтылы қабылдап, ақшасын төлеп отырады.

Өнім дайындау мекемесі қоян өсіретін азаматтарға шарт бойынша: асыл тұқымды аналық қояндарды, құнарландырылған жемді, темір торды және басқа қажетті материалдарды беріп отырады, өткізілетін өнім есебінен оларды құнының 50 проценті мөлшерінде аванс береді.


Қоян өсірушілермен және қоян өсіруші қоғамдармен (серіктестіктермен) шарттарды кімдер жасайды?
Қоян өсіруші азаматтардан қоян өнімдерін сатып алуға және қоян өсіретін қоғамдармен (серіктестіктермен) қоян шаруашылығын дамыту және оның өнімін арттыру үшін жасалатын шарттарды Тұтынушылар кооперациясы жергілікті дайындау мекемелерінің лауазымды қызметкері жасайды. Оның осындай шарттар жасай алатын куәлігі болуы кереқ
Ауыл шаруашылық өнімдерін базарда сату ережесі және сатушыға көрсетілген қызметінің түрлері қандай?
Ауыл шаруашылық өнімдерін базарда сатудың жалпы ережелері СССР Сауда министрлігінің 1978 жылғы 14 қараша бекіткен «Колхоз базарларының сауда жүргізудің Үлгі ережелерінде»202 және Қазақ ССР Сауда министрлігінің 1983 жылғы 23 маусымда қабылдаған «Колхоз базарларында сауда мәселелері жөніндегі шешімдерін біріктіру туралы»203 қаулысында көрсетілген.

Колхоз базарларына ауыл шаруашылық өнімдерін тасып жеткізу үшін колхозшыларға, совхоздардың жұмысшылары мен қызметшілеріне және басқа азаматтарға бекітілген тарифтер бойынша ақысын төлеттіріп автокөлік беру, осы мақсатпен өнімдерді тасымалдау үшін халықтан артық өнімдерді қабылдау жұмысы базарлардың сауда жасаушыларға қызмет көрсету бюроларына тапсырылған.

Артық өнімдер саудасы алушы мен сатушының өзара келісімімен жүргізіледі.

Колхоздардың Тұтынушылар кооперациясының мекемелерінің колхозшылардың және басқа азаматтардың колхоз базарларында сататын ауыл шаруашылық өнімдеріне шекті баға белгілеуіне жол берілмейді.

Колхоз базарларына сату үшін алып келінген ауыл шаруашылық өнімдерді базардың сатушыларға қызмет көрсету бюросы арқылы да сатуға болады. Бұл ретте сатылатын өнімнің бағасы базарда өзара келісіп сатылатын бағадан төменірек болады.

Базарларда және барлық жерде азаматтардың өсімдіктен және басқалардан жасалған өнімдерді дәрі-дәрмек ретінде, сондай-ақ үйде консервіленген азықтарды сатуына тыйым салынған.

Еңбексіз табыс табу мақсатында ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алып, қайта сатумен (алыпсатарлық) шұғылданатын адамдардың әрекетіне тыйым салынған, олар заң жүзінде жауапқа тартылады.
Азаматтар өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізу барысында тағы қандай шарттар жасауға болады?
Аталған КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1981 жылғы 8 қаңтардағы қаулысында СССР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның жергілікті органдарына мынадай міндеттер жүктелген: азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын жүргізуді ұйымдастыру және сол шаруашылықтарға агрономиялык, малдәрігерлік және басқа да көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, азаматтардың үй іргесіндегі жер телімдерінің, ұжымдық бау-бақшалардың санитарлық жағдайына бақылау жасау, сондай-ақ азаматтармен жасалған шарттар бойынша сол учаскелер мен бау-бақша өсімдіктердің зиянкестері мен кеселдеріне қарсы құрес шараларын жүргізу. Сондықтан да өзіндік қосалқы шаруашылығы бар азаматтар аталған мәселелер жөнінде тиісті шарттар жасауына болады. Соның ішінде, мысалы, ұжымдық бау-бақшалар үшін берілген жерді жырту (айдау) үшін ұжым колхоз, совхоз немесе басқа ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен шарт жасауы мүмкін.
8. ӨЗІНДІК МЕНШІК ИЕСІН1Ң ҚҰҚЫҚТАРЫ
Қазақ ССР-інің Азаматтық кодексінің 85 бапбына сәйкес меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік етуіне құқықтары бар.
Өзіндік меншікті құрау тәртібі қандай?
Азаматтардың өзіндік меншігінің негізін еңбекпен тапкан табыстары құрайды. Меншіктегі мүлікпен табыс табуда оны қоғам мүддесіне залал келтіретіндей етіп пайдаланбауға тиіс. Олардың өзіндік меншігінде құнделікті тұрмыс қажетіне, жеке тұтынуға, тіршілік жағдайына және қосалқы үй шаруашылығына қолданатын бұйымдары, тұрғын үйі және еңбекпен жинаған қаражаты болуы мүмкін. Өзіндік меншікті және оған мұрагер болу құқығын мемлекет қорғайды.

Мүлік ортақ зат есебінде екі немесе бірнеше азаматтың меншігінде болуы мүмкін.

Ортақ меншік: үлесі белгіленген (үлесті меншік) немесе үлесі белгіленбеген (бірлескен меншік) болып екіге бөлінеді.
Тұрғын үй жөніндегі өзіндік меншік құқығы қандай?
Азаматтың өзіндік меншігінде бір тұрғын үй (немесе бір үйдің бөлігі) болуы мүмкін. Бірге тұратын ерлі-зайыпты адамдарда және олардың жасы толмаған балаларында солардың біреуінің өзіндік меншік немесе ортақ меншік құқығына жататын бір үйі (немесе бір үйдің бөлігі) болуы мүмкін. Оның жалпы көлемі – пайдалы алаңы – жүз отыз шаршы метрден, ішінде тұрғын алаңы – тоқсан шаршы метрден аспауға тиіс.

Қазақ ССР-інің Азаматтық істер жүргізу кодексінің 101-бабы бойынша бірнеше азамат бірігіп, бірнеше пәтерлі үй салып немесе сатып ала алады. Бұл азаматтардың өзара келісуі бойынша әрқайсысы өзіндік меншік құқығы негізінде белгіленген шектердегі мөлшерден аспайтын, тиісті пәтерге ие болатындықтарын белгілейді, ал үйдің ортақ пайдаланылатын бөліктері, олардың ортақ меншігі болып танылады. Өз қүшімен үй салатын тұрғын үй құрылыс ұжымының көп пәтерлі үйінде бірге тұрушы ерлі-зайыптылар мен олардың кәмелетке жасы толмаған балалары тек бір пәтерге ғана ие бола алады, бұл пәтердің тұрғын жай көлемі көрсетілген шекті мөлшерден аспауға тиіс.


Ортақ тұрғын үйдегі өзіндік меншік құқығы қалай жойылады?
Егер заң рұқсат еткен негіздер бойынша азаматтың өзімен бірге тұрған зайыбының және кәмелетке толмаған балаларының үй көлемі нормадан артық болса, онда бір үйден артығы, меншік иесінің қалауы бойынша, артық үйге (үйлерге) иелік құқығы пайда болған күннен бастап, бір жылдың ішінде иеліктен айырылуға тиіс. Егер көрсетілген мерзімде басы артық үй (үйлер) халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша, Қазақ ССР-інің Азаматтық істер жүргізу кодексіндсгі сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіп бойынша еріксіз сатылуға жатады.

Сатудан түскен қаржы үйді еріксіз сатумен байланысты болған шығындарды өтегеннен кейін үйдің бұрынғы меншік иесіне беріледі. Егер сатып алушы табылмағандықтан үй сатылмаса, онда халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімі. бойынша, үй мемлекеттің меншігіне тегін беріледі. Егер рұқсат ететін заңдар бойынша азаматтың немесе бірге тұратын ерлі-зайыптылардың және олардың кәмелетке толмаған балаларының өзіндік меншігінде: бір үйден артық басқа тұрғын үйлердің бөлігі (бөліктері) болған жағдайда; әртүрлі үйлердің бөліктері болған жағдайда; көп пәтерлі үйде бірден артық пәтері болған реттердс, жоғарыда аталған ережелер тиісінше қолданылады.

Егер азаматтың немесе бірге тұратын ерлі-зайыптылардың және олардың кәмелетке толмаған балаларының жеке меншік құқығын рұқсат еткен заңдар бойынша тұрғын үйі немесе үйдің бөлігі болса және сонымен бipгe кооперативтік тұрғызылған үйде пәтері болса, онда меншік иесі өзінің қалауы бойынша үйді (үйдің бөлігін) немесе кооперативтік үйдегі пәтерін өзінде сақтап қалуға құқылы. Мұндай ретте меншік иесі өз үйін (үйге) оның бөлігін (үйдің бөлігіне) меншік құқығы пайда болған құннен бастап, бір жылдың ішінде өз иелігінен шығаруға немесе кооперативтік үйдегі пәтеріне кісі кіргізуге тиіс. Бұл талапты орындамаған құнде, үй (үйдің бөлігі) иелігінен еріксіз айырылады.
Өз бетімен үй салудың жағдайы кандай?
Заң бойынша бекітілген жер иелерінен ұлықсатсыз немесе тиісті орындармен бекітілген жобасыз, болмаса жобадан елеулі ауытқып немесе негізгі құрылыстық нормалар мен ережелерді өрескел бұзып, үйді немесе оның бөлігін (жапсырма) салған азамат бұл үйді немесе жапсырманы билеуге құқығы жоқ. Соттың шешімі бойынша мұндай үй немесе оның жапсырмасы тегін алынып, халық депутаттарының жергілікті Кеңесінің қорына жатқызылуы немесе халық депутаттарының аудандық, калалық, қаладағы аудандық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша, өз бетімен құрылыс салған азаматтың есебінен олар құлатылуы мүмкін.
Өзіндік меншіктегі мүлік қандай жағдайларда алынуға жатады?
Азаматтың еңбексіз табыс есебінен немесе мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелердің, колхоздардың, өзге де кооперативтік және басқа қоғамдық ұйымдардың қаржыларын заңсыз пайдалану есебінен салып алған немесе иемденген үйі, саяжайы, басқа құрылыстары, сондай-ақ автомашинасы және басқа бағалы мүлкі Қазақ ССР-інің заңдарында белгіленген тәртіп бойынша, соттың қаулысымен тегін алынуға жатады және салған құрылыстары – халық депутаттарының аудандық, қалалық, қаладағы аудандық Кеңесінің коммунальдық қорына, колхозға немесе өзге де кооперативтік және басқа қоғамдық ұйымға, ал автомашиналар мен бағалы мүлік – мемлекет меншігіне берілуге жатады.

Бұл ретте сот бұрынғы меншік иесін және онымен бірге тұратын адамдарды алынған үйдегі тұрғын жайды пайдалану құқығынан айыра алады. Үйден шығарылатын адамдардың басқа тұрғын жайы болмаған құнде оларға тиісті халық депутаттары Кеңесінің атқару комитеті белгіленген норма бойынша тұрғын жай береді.

Егер меншік иесі өзінің меншігіндегі үйді, саяжайы, басқа құрылыстарды немесе олардың бөліктерін және басқа мүлікті еңбексіз табыс табуға ұдайы пайдаланатын болса, онда бұл үй, саяжай, құрылыс, олардың бөліктері, басқа мүлік тиісті халық депутаттарының жсргілікті Кеңесі атқару комитетінің талап етуі бойынша, сот тәртібімен тегін алынып, мемлекет меншігіне беріледі.

Бұл ретте сот бұрынғы меншік және онымен бірге тұратын адамдардың алынған үйдегі тұрғын жаймен пайдалану құқығынан айыра алады. Үйден шығарылатын адамдардың басқа тұрғын жайы болмаған құнде, оларға тиісті халық депутаттары Кеңесінің атқару комитеті белгілснген норма бойынша тұрғын жай береді. Тұрғын жайлары заң бойынша белгіленген барлық шарттарға сай болса, жалға берілген үйлер мен саяжайлар өзіндік меншіктен алынуға жатпайды.


Колхозшының өзіндік меншігінің құрылу тәртібі қандай?
Колхозшы отбасы мүшелерінің еңбекпен тапқан табысы және жинағаны, сондай-ақ олардың өз қаржысына сатып алған, мұрагерлікке немесе сыйға берілген мүлкі олардың өзіндік меншігі болып табылады. Колхоздың жарғысына сәйкес тек колхозшы үйі, тиесілі мүлік колхозшы үйінің мүшесі болып отырған азаматтың өзіндік меншігі бола алмайды.

Колхозшы үйінің мүлкі оның мүшелерінің бірлесіп пайдалану құқықсы сақталатын ортақ меншігі болып табылады. Колхоздың жарғысына сәйкес колхозшы үйінің меншігіндегі өздері пайдаланып отырған «үй іргесіндегі жер телiмiнде көмекші өзіндік шаруашылығы, тұрғын үйі, малы, құсы және ауыл шаруашылығының ұсақ саймандары болады. Бұған қоса колхозшы үйіне оның мүшелері берген колхоздың коғамдық шаруашылығында жұмыс істеп тапқан еңбек табыстары нсмесс сол үйдің меншігінде олардың өздері берген басқа мүлкі, сондай-ақ үй тұрмысында пайдаланылатын және жеке адам тұтынатын, ортақ қаржыға алынған заттар колхозшы үйінің меншігі болып табылады.


Колхозшы үйінің мүлкін иелену, пайдалану және билеу тәртібі қандай?
Колхозшы үйінің мүлкін иелену, пайдалану және билеу оның мүшелерінің келісілген жалпы ризалығымен жүзеге асырылады. Колхозшы үйінің мүлкін иелену, пайдалану немесе билеу туралы дауды колхозшы үйінің он алты жасқа толған кез келген мүшесінің талап қоюы бойынша сот шешеді. 15 жастан 16 жасқа дейінгі адамдар талапты өздерінің ата-аналарының (асырап алған адамдарының) немесе қамқоршыларының ризалығымен қояды, ал 15 жасқа дейінгі адамдардың мүдделерін көздейтін талапты олардың ата-аналары (асырап алған адамдары) немесе қамқоршылары қояды.

Егср келісімнің колхозшы үйі басшысының өз мүдделерін көздеп жасалған істің жағдайларынан анықталмаса, колхозшы үйі басшысының жасаған келісімдері бойынша колхозшы үйі, өз мүлкімен жауап береді. Егер келісімнің колхозшы үйінің мүдделерін қолдан жасағаны істің жағдайларынан анықталмаса, колхозшы үйінің басқа мүшелері өздерінің міндеттемелері бойынша өз мүлкімен және колхозшы үйінің мүлкіндегі өз үлесімен жауап береді.

Колхозшы үйі мүлкінің қылмыстық жолмен табылған қаржыға алынғаны немесе сондай қаржы есебінен молайғаны сот үкімі бойынша анықталса, колхозшы үйі мүшесінің қылмысы салдарынан келтірілген зиянды колхозшы үйінің мүлкінен өндіріп алуға болады. Зиян шеккендердің талабы бойынша колхозшы үйінің _ ақы өндіріп алуға жұмсалмайтын мүлкінің тізімі Қазақ ССР-інің Азаматтық істер жүргізу кодексі бойынша белгіленеді.
Колхозшы отбасы (ауласы) өз меншігінде қанша мал ұстай алады?
Колхозшы отбасы (ауласы) өз меншігінде мал мен құс ұстау мөлшері КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы қыркүйек айында қабылданған «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылыктарын ұжымдық бау-бақшаны дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес колхозшылардың қоғамдық өндіріске қатысуын ескере отырып халық депутаттарының ауылдық және поселкелік Кеңестері мен колхоздар белгілейді.

Колхоз Жарғысы әрбір одақтас республикаларға халықтың ұлттық ерекшеліктері мен жергілікті жағдайларына байланысты малдың бұл көрсетілген нормасын өзгертуіне немесе малдың бір түрін басқа түріне ауыс-тыруына құқық береді.


Колхоз мүшесі емес азаматтардың өзіндік меншігінде мал ұстау нормалары қандай?
КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Кеңесінің «Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылықтарын, ұжымдық бау-бақша мен бақшаны дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» 1987 жылғы қыркүйек айында қабылдаған қаулысына сәйкес азаматтардың меншікті қосалқы шаруашылықтарында мал мен құс ұстау нормаларын колхозшылардың, совхоздардың жұмысшылары мен қызметшілерінің басқа да ауыл тұрғындарының қоғамдық өндіріске қатысуын ескере отырып, халық депутаттарының ауылдық және поселкелік Кеңестері колхоздар мен совхоздар белгілейді.

Облыс орталықтарында және Алматы қаласында тұратындар, халық депутаттарының облыстық және Алматы қалалық Кеңестері атқару комитеттерінің шешімі бойынша мал ұстауға тыйым салынатын санаториялық аймақтарды қоспағанда, бір жасқа толмаған төлімен қоса бір сиыр, бордақыға қойылған бір шошқа немесе бір жасқа толмаған төлімен қоса үш қой (ешкі) ұстай алады.

Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1987 жылғы 15 маусымда «Қазақ ССР-нің кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» жарғысы бойынша, азаматтардың өзіндік меншігінде мал ұстаудың нормалары қалаларда (оның ішінде облыс орталықтары мен Алматы қаласында, бірақ бұған облыстық және Алматы қалалық халық депутаттары Советтері атқару комитеттерінің шешімдері бойынша мал ұстауға тыйым салынған санитарлық аймақтар қосылмайды) және жұмысшы поселкелерінде тұратын колхоз мүшесі емес азаматтар үшін бір жасқа дейінгі төлімен 3 қойға (ешкіге), облыс орталықтары мен Алматы қаласында, сонымен бірге ірі қараның, жылқының, түйенің екі жасқа дейінгі бір төліне ұлғайтылды.

Мал шаруашылығында жұмыс істсйтін әрбір отбасы өз қалауы бойынша малдың бір түлігінің орнына басқа түлігін, атап айтқанда: шошқаның орнына — бір жасқа толмаған төлімен қоса сиыр немесс бір жасқа толмаған төлімен қоса тағы бір бие (інген) немесе ірі қара малдың (жылқы, түйе) екі жасқа толмаған 2 төлін немесе бір жасқа толмаған төлімен қоса 5 қой (ешкі) ұстай алады: бір жасқа толмаған төлімен қоса биенің (інгеннің) орнына — үш айға толмаған төлімен қоса тағы бір мегежін немесе бордақыға қойылған екі шошқа ұстай алады.

Азаматтардың жеке шаруашылығында құс пен үй қояндарын және бал арасын қанша болса да ұстайды.

Еңбекке жарамды, бірақ қоғамға пайдалы еңбекпен шұғылданбайтын азаматтар халық депутаттарының аудандық, қалалық Кеңесі атқару комитетінің шешімі бойынша жеке меншігінде мал мен құс ұстау құқығынан айырылуы мүмкін.


Азаматтардың өзіндік меншігінде етқоректі терісі бағалы аңдарды ұстауына бола ма?
Бұл мәселе Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқаының 1982 жылғы 31 тамыздағы Жарғысыымен реттеледі. Осыған байланысты Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша азаматтардың өзіндік меншігінде етқоректі терісі бағалы аңдарды ұстауға тыйым салынған.
Колхозшыларға және басқа да азаматтарға мал сатып алуға ақша беріле ме?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша колхозшыларға, жұмысшы және қызметкерлерге сиыр сатып алу үшін бір отбасына 1000 сомға дейін, құнажын сатып алу үшін 500 сомға дейін, бұзау сатып алу үшін 150 сом мемлекеттік банк тарапыпан қарыз ақша беріледі. Бұл көрсетілген ақша 5 жыл мерзімге беріледі, оны қайтарып алу сиыр үшін қарыз бергеннен кейін екінші жылдан, бұзау үшін үшінші жылдан кейін басталады, Сиыр (бұзау) сатып алуға қажетті қарыз колхоз арқылы беріледі. Колхоз ақша алған колхозшылардың сатып алған малын қарызды толық өтегенше қолында сақталуын қадағалап отырады. Колхозшы қарызын өтемей тұрып малды сатып немесе сойып алса, босатылған ақша мерзімінен бұрын қайтарылады.
Колхозшы отбасы (ауласы) мүшесінің үлесін белгілеу және оның енші алып шығу тәртібі қандай?
Колданылып жүрген заңдар бойынша колхозшы үйі мүшесінің мүліктік үлесі мынадай реттерде белгіленеді:

колхозшы үйінің мүшесі жаңадан үй құрамай, колхозшы үйінің құрамынан шыққанда (енші алғанда);

бір колхозшы үйінен екі немесе одан да көп үй құралғанда (бөлініп шыққанда);

колхозшы үйі мүшесінің өз басының міндеттемелері бойынша төлемді өндіруге мүлік жұмсауы керек болғанда, оның үлес мөлшерін, сол үйдегі кәмелетке толмағандарды және еңбекке жарамайтындарды қоса есептеп үй мүшелерінің барлығына тең бөліп барып анықтайды. Колхозшы үйінің еңбекке жарамды кейбір мүшесінің үйде үнемі аз уақыт болуына немесе үй шаруашылығына өзінің еңбегімен немесе қаржысымен қатысуының шамалы болуына байланысты, оның үй мүлкіндегі үлесі азайтылуы мүмкін.

Колхозшы үйінің бір немесе бірнеше мүшесі жаңа үй құрамай-ақ, үй отбасы құрамынан шыққанда оларға берілетін заттай үлес сол үй шаруасын жүргізуге қажетті құрылыстардан, малдан және қажетті саймандардан толық айырмайтындай етіп берілуге тиіс. Бөлінетін үй мүшесіне тиесілі мүлік үлесін заттай беруге мүмкіншілік болмаған құнде, оның құны ақшалай төленетін болуға тиіс.

Колхозшы үйінің отбасы құрамынан шыққанда мүліктен үлес алуды талап етуге, тек он алты жасқа толған мүшелерінің ғана құқығы бар. Он бес жастан он алты жасқа дейінгі адамдар үлес берілуін өздерінің ата-аналарының (асырап алған адамдардың) немесе қамқоршыларының ризалығымен талап ете алады, ал үйдің он бес жасқа толмаған мүшелерінің мүдделері үшін үлес бөлінуін, олардың ата-аналары (бала ғып алган адамдары) немесе қамқоршылары талап ете алады.

Колхозшы үйінен бөлініп шыққан құнде мүлік жаңадан құрылатын үй құрамындағы мүшелердің үлесіне сәйкес және үйлердің әрқайсысының шаруашылық мұқтажын ескере отырып бөлінеді. Үйден бөлініп шығуды талап етуге кәмелетке толған, осы колхозға мүше боп отырған, колхозшы үйі мүшелерінің құқықтары бар,
Колхозшы отбасының (ауласынан) мүшесі енші алу және бөлініп шығу құқығынан қандай жағдайда айырылады?
Егер колхозшы үйнің еңбекке жарамды мүшесі үйдің бірлескен шаруашылығын жүргізуге өзінің еңбегімен және қаржысымен қатарынан үш жыл бойы қатыспаса, ол үй мүлкінен үлес алу немесе бөлініп шығуды талап ету құқығынан айырылады. Егер колхозшы үйінің мүшесі мерзімді әскери қызметке шақырылса, оқу орындарында оқуда болса немесе науқастану салдарынан шаруашылық ісіне қатыспаса, бұл ерсже қолданылмайды.


жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау