Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
С-R-4
|
73288
|
99106
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы, 140000, Павлодар қаласы, Крупская көшесі, 71, анықтама үшін телефондар: 8(7132) 55-49-87, электрондық мекен-жайлары: sagindikova.a@minagri.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, (С-R-4 санаты, 1 бірлік, №05-02-1).
Функционалдық міндеттері: Өсімдіктер карантині жөніндегі заңнаманы бұзған лауазымды адамдарды, жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту; заңнамамен және лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген өзге уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Агрономия, өсімдіктерді қорғау және карантині, топырақтану және агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы білімі мамандықтары бойынша жоғары ауылшаруашылық білімі, экология және биология мамандықтары бойынша жаратылыстану ғылымдары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда агрономия, агрохимия, жеміс-көкөніс шаруашылығы білімі мамандықтары бойынша, экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдары орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.
Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу бастағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеуден өткізу бағдарламалары: C-R-4 санаты үшін: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ).
Екінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (120 сұрақ) кем дегенде 72 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.
Екінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутті құрайды.
«Б» корпусының лауазымына үміткерлердың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеуден өткізу бағдарламалары:
екінші бағдарлама C-R-4 санатына арналған және келесіні қамтиды:
бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;
Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.
Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар еткен күннен бастан үш жұмыс күн ішінде Инспекция ғимаратында, Павлодар қаласы, Крупская көшесі, 71- үй мекен-жаайында өтеді.
Конкурс комиссиясы Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Достарыңызбен бөлісу: |