Стратиграфиялық атаулар Геохронологиялық атаулар
Эонотема Эон
Группа (топ) Эра (замана)
Система (жүйе) Период (дәуір)
Бөлім Эпоха (кезең)
Ярус (қабат) Ғасыр
Кейде жеке бір аудандарда зерттелген қабаттар Халықаралык, келісім бойынша қабылданған шкаламен салыстыруға келмесе, онда олар үшін жергілікті атаулар беріліп стратиграфиялық ұсақ бөлімдер мен бөлімшелерге (свита, подсвита, серия) ажыратылады.
Стратиграфиялық шкала — белгілі бір уақыт аралығында рет-ретімен қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жиынтығын, ал оған сәйкес келетін геохронологиялық шкала — уақыт мерзімін көрсетеді. Шартты түрде стратиграфиялық атаулар стратондар, ал геохронологиялық ұғымдар геохрондар деп аталады.
Пайдалануға ыңғайлы болу үшін екі шкаланың да бөлімдері мен бөлімшелері бірдей атаулармен аталады. Стратиграфиялық бөлімдер төменгі, орта және жоғарғы болып бөлінеді. Соған сәйкес геохронологиялық кезеңдер — алғашқы, орта және соңғы болып ажыратылады.
Эонотемалар — бірнеше эраларды (заманаларды) қамтитын ең ірі стратиграфиялық топтардан (эратемалардан) тұрады.
66
Қазіргі кезде жердің тарихы екі эонотемаға ажыратылады:
1. Фанерозойлық (грекше “фанерос”—айқын, “зоэ”— өмір) — палеозой, мезозой және кайнозой топтарын біріктіреді.
2. Криптозойлық (грекше “криптос” — жасырын, құпия, “зоэ” — өмір) — протерозой және архей топтарын біріктіреді.
Топтар — бір эра (заман) бойы қабатталып жиналған шөгінді жыныстар жинтығын құрайтын стратиграфиялық ұғым. Олар Жер қыртысының даму тарихында өте ұзақ кезеңдерді қамтиды. Топтардың шекарасы органикалық дүниенің құрт өзгеріп, жаңа түрлердің пайда болуымен анықталады. Топтардың және эралардың атаулары (грек сөздерінен құралады) алғашқы қарапайым өмірдің пайда болу және олардың даму сатыларымен байланысты.
Ең алғашқы тіршіліктің бастамасы — Жердің көне тарихымен байланысты. Бұл уақыт архей (грекше “археос” — көне, ескі деген мағынада) деп аталады. Одан кейінгі уақыттар протерозой (грекше “протерос” — бірінші, алғашқы деген мағынада); палеозой (грекше “палеос” — ескі); мезозой (грекше “мезос” — орта); кайнозой (грекше “кайнос” — жаңа) болып бөлінеді.
Жүйелер белгілі бір периодта (дәуірде) жиналған шөгінді қабаттарынан құралады. Олардын, атаулары, әдетте, шөгінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті (кембрий, девон, пермь, юра) атаулармен аталады. Мысалы, девондық жүйе Англиядағы Девоншир атты граф жерінің; пермьдік жүйе Пермь облысының атымен аталады. Сол сияқты жергілікті халықтардың атымен (ордовик, силур) немесе шөгінді жыныстардың құрамына (таскөмір, бор) байланысты аталады. Ал кейде олардың ішкі бөлімшелерінің санына қарай (мысалы, триас — үштік) да аталады.
Жүйелер бөлімдерге ажыратылады. Оған сәйкес келетін уақыт аралығы эпохалар (кезеңдер) деп аталады.
Бөлімдер — қабаттарға (ярустарға), соған сәйкес эпохалар _(кезеңдер) ғасырларға ажыратылады. Ең соңында қабаттар зоналарға, ал ғасырлар жылдарға бөлінеді.
Стратиграфиялық бөлімшелерді ажырата білу үшін шартты белгілер қабылданған.
67
Топтардың индекстері оның латынша аттарының алғашқы әріптері арқылы белгіленеді (мысалы, протерозой — РК) ; жуйелердің индекстері оның латынша атының бірінші әрпімен белгіленеді (мысалы, пермь — Р); ал оның бөлімдері сан арқылы көрсетіледі. Мысалы, бор жүйесі (К) екі бөлімнен тұрады: төменгі бөлім (К1 ) жә-не жоғарғы бөлім (К2)-
Бұл индекстер геологиялық карталар мен геологиялық қималарда және т. б. геологиялық құжаттарда қолданылады. Мұндай құжаттарды оқуға қолайлы болу үшін түсті бояулар мен әр түрлі белгілер пайдаланылады. Мысалы, бор дәуірінде түзілген жыныстар — ашық көк түске, палеогендік жыныстар — қою сары түске боялады.
Абсолюттік геохронология — жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының жасын, сонымен бірге жердің тарихындағы геологиялық ірі оқиғалардың болған уақыты және ұзақтығы (кәдімгі астрономиялық жылдар есебімен) оның құрамында кездесетін радиоактивтік элементтердің (уран, торий, рубидий, калий, көміртегі) ыдырау заттарын (238U 235U, 232ТҺ, 87КЬ, 40К, 14С) зерттеу арқылы анықталады.
Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтауда радяологиялық әдісті қолдану мумкіндігі туралы алғашқы ойды француз ғалымы Пьер Кюри (1903 ж.) айтқан болатын.
Радиоактивтік элементтердің ыдырауы (жартылай ыдырау мерзімі) — әр уақытта тұрақты болып, белгілі бір жылдамдықпен, өз бетінше жүріп жататындығы эксперимент жүзінде дәлелденген. Сонымен, ыдырау жылдамдығын ескере отырып минералдың құрамындағы радиоактивтік элементтің жасын оның ыдырау заттарының (изотоптардың) салмағына қарай анықтауға болады.
Қазіргі кезде қолданылатын радиологиялық әдістердің ішінде уран-торий-қорғасындық калий-аргондық, рубидийлі-стронцийлық және көміртегілік әдістер ең бастылары болып саналады.
1. Уран-торий-қорғасындық әдіс уран, торий элементтерінің ыдырай келе радиогендік қорғасынға айналатындығына негізделген: 288U--Рb-8Не4+, 235U-^207РЬ+ +7Не4+, 232ТҺ-”-208РЬ+6Не4+.
Қорғасынның изотоптық құрамы арнаулы аспаптар (масспектрометр) арқылы анықталады. Бұл әдіс
68
1ООмлн-нан 5 млрд-қа дейінгі аралықта анықтау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
2. Калий-аргондық әдісінде атомдық массасы 40-қа тең калий изотопы өзінің ядросына бір электрон қосып алып, аргонға айналады: 40К+е->~40Аг. Олардьщ қатынас саньша қарай (40Аг/40К) минералдық заттардың жасын анықтайды.
Бұл әдіс жиі қолданылады. Өйткені, калий жер қыртысында кең таралған. Сондықтан да оның минералдары (дала шпаттары, слюдалар, амфиболдар, пироксендер) жиі кездеседі. К/Аг әдісі арқылы 100000 жылдан миллиард жылға дейінгі аралықта тау жыныстарының жасын анықтауға болады.
3. Рубидий-стронцийлық әдісі — рубидий изотопынын, (87КЬ) стронций изотопына (87Sг) айналуына негізделген. Рубидий (шашыранды түрде) калийлі минералдардың (слюдалар, калийлі дала шпаттары) құрамында кездеседі.
4. Көміртегілік әдіс — органикалық қазба қалдықтарының құрамындағы көміртегінің радиоактивтік изотопын (14С) анықтауға негізделген. Бұл изотоп атмосфера қабатында ғарыштық сәулелердің азотқа тигізген әсеріне байланысты кұралады.
Кейінірек олар тірі организмдермен жұтылады. Өлі организмнің құрамында олар белгілі бір жылдамдықпен (5730 жыл) ыдырайды. Бұл әдіс төрттік дәуірде құралған жыныстардың жасын анықтауға және археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде кеңінен қолданылады.
Радиологиялық әдістерді қолдану нәтижесінде жер қыртысын құрайтын көптеген тау жыныстарының жасын анықтауға мүмкіндік туды.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, жер қыртысы осыдан 3,6—4,6 млрд. жылдар бұрын түзілгенін; Жердің геологиялық жасы 4,6 млрд., ал планеталық жасы — 6,5—7 млрд. жылдар шамасында болатындығын анықтауға болады.
Салыстырмалылық және абсолюттік жыл санау әдістері негізінде жасалған геологиялық уақыт шкаласы V. 1-кестесінде берілген.
Докембрийлік эралардын, абсолюттік жасы Б. С. Соколовтың зерттеулері бойынша, ал палеозой, мезозой және кайнозой эраларынын, жасы Ж. Оден зерттеулері бойынша берілген.
69
Геохронологиялық (стратиграфиялық) шкала
70
I. ГЕОДИНАМИКАЛЫҢ ПРОЦЕСТЕР
Жердің ішкі құрылысы мен құрамын және оның рельеф (беткі қабаттардың бедері) пішіндерін табиғи жағдайда өзгертуші күштерді геологиялық процестер еп атайды. Геологиялық процестер (әрекеттер) Жер етінде және оның ішкі қойнауында (жер қыртысымен :оғарғы мантия қабаттарында) тоқтаусыз журіп жата-ы. Осындай геодинамикалық әрекеттердің нәтижесінде алыптасқан алғашқы жер қыртысы, өзінің даму бары-
71
сында күрделі өзгерістерге ұшырап отырады. Жердің геологиялық даму тарихында орын алған ірі оқиғалардың сақталған іздері — Жер бетінің бедерін және оны құрайтын тау жыныстарын зерттеу арқылы анықталады. Сонымен қатар, қазіргі кезде жүріп жатқан геологиялық процестерді бақылап-зерттеу жұмыстарының да маңызы өте зор.
Геологиялық процестердің кейбірі өте тез қаркынды түрде, бірақ анда-санда (жер сілкіну, вулкан атқылау және т. б.) ғана байқалады. Ал кейбіреулері өте баяу, бірақ ұзақ (миллиондаған) жылдар бойы үздіксіз жүріп жатады. Мысалы, жер қыртысының тербелісті қозға-лыстары, өзен суларының геологиялық әрекеттері және т. б. Геологиялық өзгерістер енгізетін процестердің энергия көздеріне: Күн сәулесімен байланысты жылу; Жер бетіндегі гравитациялық күштер; Күн мен Айдың өзіне тарту күштері; Жердің өз осінен айналуы; радиоактивтік элементтердің ыдырауы (жердің ішкі қойнауында) және т. б. химиялық реакциялар кезінде бөлінетін жылу; Жердің құрамын құрайтын заттардың гравитациялық жіктелуі және т. б. жатады. Барлық геологиялық процестер энергия көздеріне сәйкес экзогендік (грекше “эксо” — сыртқы) және эндогендік (грекше “эндон” — ішкі) болып екіге ажыратылады.
Экзогендік процестер жер бетінде және жер қыртысының жоғарғы қабаттарында атмосфера, гидросфера және биосфера қабаттарымен тығыз байланысты жағдайда жүріп жатады. Бұл процестердің нәтижесінде құрлықта кездесетін тау жыныстары үгіліске ұшырап, үгілу заттары атмосфералық ағын сулар мен тасқын сулардың және т. б. экзогендік агенттердін, (мұздықтардың, соққан желдің) әсерінен алғашкы орындарынан басқа ортаға тасымалданып жер бетінің төмен иіліп майысқан ойық аудандарында шөгіп, қабатталып жиналады. Ал эндогендік процестердің нәтижесінде жер қойнауындағы магмалық балқымалар жоғары қарай көтеріліп, жолшыбай салқындай келе қолайлы бір жағдайларда әр түрлі тереңдікте жер бетіне жетпей кристалданып, интрузивтік тау жыныстары құралады. Кейде магма жердің бетіне жетіп ақтарылады. Мұндай жағдайда магма тез суынады да салқындараннан кейін жетілген пішінді кристалдар құрап үлгермейді. Сонын, нәтижесінде, шала кристалданған эффузивтік тау жыныстары түзіледі. Олар кейінірек геотектоникалық қозғалыстарға байланысты иіліп, қатпарланады немесе
72
жарылысқа ұшырайды. Ен. соңында катпарлы-жақпар тасты тау жоталары түзіледі.
Соньшен, жер бетінін, бедері, яғни бедер пішіндері экзогендік және эндогендік процестердің нәтижесінде қалыптасады. Эндогендік әрекеттерге байланысты түзілген тау жоталары экзогендік күштердің әсерінен үгіліп, ал үгілу заттары белгілі бір бағытта биік шыңдардан ойыс жерлерге, құрлықтан сулы ортаға қарай ауысады, біртіндеп тегістеледі.
Қысқаша айтқанда, эндогендік және экзогендік процестер бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, бірақ қарама-қарсы бағытта дамылсыз жүріп жатады.
ҮІ.1. ЭКЗОГЕНДІК ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР
Экзогендік процестердің негізгі энергия көзі, жоғарыда айтылғандай, Күннің жылу энергиясы және гравитациялық күштер болып саналады. Олар төрт топқа: 1) үгілу; 2) үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып көшуі, яғни орын ауыстыруы; 3) аккумуляция (шоғырланып жиналу); 4) диагенез (шөгінділердін, тасқа айналуы болып ажыратылады.
Үгілу (выветривание — немісше “веттер” — ауа райы деген мағынада) процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын (физикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газының және әр түрлі қышқылдардьщ химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердін, әрекеттері) байқалатын өзгерістердін, жиынтығын айтады.
Денудациялық (латынша “денудацио” — ашылу) процесс — үгілу заттарыньщ денудациялық агенттердің (гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтар мен соққан жел әрекеттері) күшімен жаңа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекет-терін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері калыптасады.
Аккумуляциялык, (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерініқ ойыс немесе шұңғыл аудандарында (өзен аңғарларында,
73
көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.
Диагенез — борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан — құмтас, жұмырланған малта тастан — конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан — қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан — торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.
Экзогендік геологиялық процестердің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл әрекеттердің қарқындылығы әр түрлі геологиялық, физикалық-географиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.
Олардың ішінде жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары, климаттық жағдайы мен геологиялық құрылыс ерекшеліктері, бедер пішіндері және уақыт мерзімдері маңызды роль атқарады. Экзогендік процестердің арқасында жер қыртысының топырақ қабаты және әр түрлі пайдалы қазбалар құралады. Пайдалы қазбалардың дүниежүзілік мөлшерінің ~60%-і экзогендік процестерге байланысты түзілген кен-орындарынан өндіріледі.
Сонымен қатар өзен, көл және теңіз жағалауларының бұзылуы, құлама жарқабақтардың опырылып құлауы немесе сырғып-жылжуы, қар көшкіндері, тау беткейлерінің бұзылып-шайылуы, терең сайлардың ұлғаюы және кейбір аудандардың батпаққа айналуы секілді қолайсыз жағдайлар экзогендік геологиялық процестердің нәтижесі болып саналады. Әрине, мұндай күтпеген оқиғалардың халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор.
VI. 1.1. Гипергенез және үгілу қыртысы
Гипергенез деп, жер бетіндегі және жер қыртысының жоғарғы бөліктерін құрайтын минералдық заттардың физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде өзгеруін айтады. Бүл әрекеттер атмосфераның, гидросфераның және тірі организмдердің қатысуымен жүріп жатады. /
Гипергендік процестерге байланысты химиялық ажырау, еру, гидратация (су қосып алу, жұту), карбонаттану (көміртегімен қосылу) процестері байқалады. Үгілу қыртысының, тотығу зонасының, топырақ қабатының пайда болуы, өзен, көл, теңіз, мұхит суларының химия-
74
Достарыңызбен бөлісу: |