Н тарму 5 12-2018 баспа 05. 05. 2018



жүктеу 2,27 Mb.
Pdf просмотр
бет12/16
Дата15.01.2020
өлшемі2,27 Mb.
#26821
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

Гүлшара   Наушақызының   қатысуымен   жоғары   оқу   ордамыздың   Шежіресі   ескерткіші   мен

жазғы спорт алаңдарының ашылу салтанаты және жаңа жатақхананың фундаментінің тасын

қалау рәсімдері өткізілді.

09.10.2018 ж. –М.Х.Дулати атындағы  Тараз мемлекеттік университетінің  құрылғанына 60

жыл   толу   мерейтойының   салтанатты   жиынының   концерттік   бағдарламасы   кең   көлемді

ұйымдастырылды (102 студент);

12-16.11.2018   ж.   –  Жастар   жылы   қарсаңында   М.Х.Дулати   атындағы   Тараз   мемлекеттік

университетінде өнерлі, дарынды жастарды анықтап, шығармашылық қабілеттерін дамыту,

қолдау көрсету мақсатында барлық факультеттердің бірінші курс студенттерінің арасында

«Жас талант-2018» шығармашылық байқауы өткізілді. Студент-жастар бағын сынап, ТарМУ-

дың киелі сахнасында  хореография, вокал, күй, ән-терме, бейнелеу  өнері номинациялары

бойынша өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты. Байқауға 7 факультеттен 149

жастар қатысып, жеңімпаздар мен лауреаттар Гала-концертте өнер көрсетті. Өнер додасына

қатысқан   барша   студенттер   өнерлерін,   орындаушылық   шеберліктерін   шыңдау   үшін

Студенттердің шығармашылығын дамыту орталығының студияларына қамтылды (94).

30.11.2018 ж. - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі, Қазақстан

Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты,

эстрада   жұлдызы   Тахмина   Әшімбекова   туған   жеріне   деген   сүйіспеншілігін   білдіріп,

қаламыздың   «Баласағұн»   орталық   концерт   залында   өзінің   «Жер   –   жәннатым»   атты

шығармашылық   кешін   ұйымдастыру   барысында   университетіміздің   Студенттердің

шығармашылығын   дамыту   орталығының   хореография   студиясының   «Асылай»   би   тобы

атақты   әншімізбен   бірге   киелі   сахнаға   шығып,   көрермендердің   қошеметіне   бөленді.

Тахмина Әшімбекова өзін әншілікке баулыған қазыналы білім ордасымен тығыз байланыста

болып, ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, ТарМУ-дың өнерлі студент-жастарына әр кезде

де қолдау көрсетіп жүреді.

07.02.2019 ж. –  Университетіміз мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысып,

Қазақстанда жарияланған  2019 жыл - Жастар жылының салтанатты  ашылу рәсімін үлкен

жауапкершілікпен,   жоғары   деңгейде   өткізді.     Білім   ордамыздың   жастар   ұйымдарының

көшбасшылары   ашылу   салтанатында   сөйлеген   сөздерінде   өздерінің   жүйелі   түрде

ұйымдастырылған   қызметі,   атқарылған   жұмыстары   мен   жетістіктері   жайында   сахнадан

көпшілік   алдында   айта   кетіп,   Қазақстаннның   гүлденіп,   өркендеуіне   өз   үлестерін

қосатындығы туралы мәлімдеді. Ашылу салтанаты  ән-бимен жалғасын тапты. (86)

06.03.2018 ж. - 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиынының

концерттік бағдарламасы әсем ән, көңілді би және әуезді күймен жоғары деңгейде өтті (68);

22.03.2019 ж. - Жастар жылы аясында облыстық көлемінде ұйымдастырылған 22 наурыз –

Ұлыстың  ұлы күні мерекесінде  «Білім» алаңында  өткізілген  іс-шараға  университетіміздің

600-ге жуық студент-жастары қатысты. 

01.05.2019 ж. - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне университетіміздің

500-ге   жуық   профессорлық-оқытушылар   құрамы   мен   студенттері   қатысып,   шығармашыл

жастар би қойылымдары, сахналандырылған көрініс, концерттік бағдарламада өнер көрсетті.

17-18.05.2019   ж.   -   2019   жылдың   17-18   мамыры   аралығында  Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың

«Болашаққа  бағдар:  рухани жаңғыру» идеясын  жүзеге асыру,  «Ұлы даланың жеті  қыры»

атты   бағдарламалық   мақаласында   айтылғандай  дала   сарынын   -   қазақ   халқының   мәдени

мұрасын    халыққа   насихаттау,  студент-жастардың   бәсекеге   қабілеттілігін   арттыру   және

шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның оңтүстік өңірінің Қожа Ахмет

Ясауи   атындағы   Халықаралық   қазақ-түрік   университеті,   М.Әуезов   атындағы   Оңтүстік

Қазақстан   мемлекеттік   университеті,     Оңтүстік   Қазақстан   мемлекеттік   педагогикалық

университеті,  Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті,

 

Қорқыт Ата атындағы

24



Есеп

Н ТарМУ  15/1.12-2018

1 баспа 05.05.2018

Қызылорда   мемлекеттік   университеті,  М.Х.Дулати   атындағы   Тараз   мемлекеттік

университеті,   Тараз   мемлекеттік   педагогикалық   университеті   және   Тараз   инновациялық-

гуманитарлық университеттерінің шығармашыл дарынды  студенттері қатысқан «Студенттік

көктем-2019»   байқау-фестивалі   өткізілді.   Жоғары   оқу   орындары   мен   студенттік

шығармашылық   ұжымдарының   жан-жақты   байланыстарын   нығайтуға   барлық   жағдай

жасалып, ән, би  және күй өнерлері бойынша байқауға 235 студент қатысты. 

Университеттен   тағайындалған  жауапты   жетекшілері   мен   белсенді   студенттері

бірінші   рет   ұйымдастырылған   аймақтық  байқау-фестивальдің   барлық   қатысушыларын

қонақжайлылық   танытып,   жақсы   көңіл   күйде   қарсы   алып,   жатақханаға   орналастырып,

экскурсия жүргізді.   

 

Университет   басшылығы   бастамасымен   «Жастар   әлемі»   мейрамханасында



ұйымдастырылған кешкі ас пен дискотекада шығармашылық ұжымдардың жетекшілері мен

студенттері бір-бірімен танысып, би жарысын өткізіп, нағыз фестивальдік мерекелік көңіл-

күймен іс-шараға қатысты.

Кәсіби   тұрғыда   байқауға   қатысушыларды   әділ   бағалау   үшін   қазылар   алқасының

мүшелері ретінде   Қазақстанның өнер майталмандары - Қазақстан Республикасының Еңбек

сіңірген   мәдениет   қайраткері, Парасат   және   Құмет   ордендерінің   иегері,  қазақтың

атақты күйші-композиторы, атақты «Ерке сылқым» күйінің авторы  Әбдімомын Желдібаев,

Қазақстан   Республикасының   Мәдениет   қайраткері,   күйші-композитор,   халыққа   танымал

«Көне Тараз» күйі мен «Жалын кешкен» әнінің авторы Аман Малдыбаев,  «Айша бибі» би

ансамблінің көркемдік жетекшісі, балетмейстер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген

өнер   қайраткері  Байдәулет   Сазабеков,   Қазақстан   Республикасының   мәдениет   саласының

үздігі Маралбек Бабақұлов шақырылды. 

Қонақтар тарапынан барлық өнерпаздар мен жоғары оқу орындарының өкілдері мен

шығармашылық ұжымдар жетекшілері бірінші «Студенттік көктем-2019» байқау-фестивалі

жоғары   деңгейде   ұйымдастырылғаны   жайында   пікірлерін   айтып,   әділ-қазылар   шешіміне

ризалығын білдірді.

Ұлттық   өнердің   жас   ұрпақты   тәрбиелеудегі   мәнін   ескеріп,   студенттердің

шығармашылығын   шыңдауға   қолдау   көрсетіп,   аймақтық   байқау-фестивальдің  жақсы

деңгейде өткізіп, гала-концертін ұйымдастыруға атсалысқан факультет декандары, олардың

тәрбие   жұмыстары   жөніндегі   орынбасарлары   мен   құрылымдық   бөлімдерінің

қызметкерлеріне   университет   басшылығы   тарапынан   сыйақы   берілуге,   құрмет

грамоталарымен марапаттауға және алғыс жариялауға қолдау көрсетілді.

Орталықтың   материалдық   базасы   үнемі   жетілдіріліп   отырады.   Есеп   беру   уақыты

аралығында университеттің сахналық костюмдер қоры айтарлықтай толықтырылды. 



Тігін лабораториясы костюмдердің киім үлгісін жасап, 8 дана испан «Кармен» биіне

арналған   юбкалар,   7   қазақ   ұлттық   нақышындағы   сахналық   костюмдер   (көйлек,   жилет,

шалбар, бас киім) және де 10 ұйғыр ұлттық киімдер (көйлек, жилет, шалбар, бас киім) би

ұжымдарына   арнап   дайынады.   Барлық   ұлттық   киімдер   тастар,   пайеткалар,   бисерлермен

безендіріліп, қажетті аксессуарлармен толықтырылды.

Университет қорындағы жоғары шеберлікпен, сапалы дайындалған сахналық үлгідегі

киімдер   бүкіл   республикамызға   өзгешелігі,   әдемілігімен   танылып,   сұранысқа   ие   болған

костюмдеріміз сахна төрінде көрермендердің эстетикалық талғамдарынан шығып, әрдайым

қызығушылығын   тудырады.   Ағымдағы   оқу   жылында   кең   көлемді   аталып   өтілген

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60-жылдығын мерекелеу аясында

ұйымдастырылған   салтанатты   жиынның   концерттік   бағдарламасында   мәртебелі   қонақтар

мен   сыртқы   аккредиттеу   комиссиясы   мүшелерінің   алдында   осындай   әдемі   киімдермен

шығармашыл студенттеріміз би өнерлерін  көрсетті.

25



жүктеу 2,27 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау