Целлюлоза өсімдік клеткалар негізінде жасалады.
Өте жоғары
механикалық және химиялық беріктікпен сипатталады және суда ерімейді.
Целлюлоза
өте жоғары дәрежелі табиғи полимер. Целлюлозадан
химиялық реагент алу үшін, оны алдымен сілтілермен өңдейді. Өңдеу
нәтижесінде жай және күрделі полимерлер пайда болады.
Карбоксиметил целлюлоза
КМЦ - монохлорлы уксусты қышқылды
натрий тұзының целлюлоза сілтісінің әсерінен пайда болған өнім. КМЦ келесі
түрлерде шығарылады: КМЦ-350 төмен тұтқырлықты; КМЦ-500 орташа
тұтқырлықты; КМЦ-600 және КМЦ-700 жоғары тұтқырлықты. Бұл жерде
цифрлар циклдың қайталану көрсеткішін көрсетеді.
Өндірістік КМЦ ақ және сары түсті мақта тәрізді. КМЦ реагент ретінде 10
% сулы ерітінді түрінде қолданылады, ол үшін
КМЦ алдын ала
ылғалдандырылады. Дайын реагент крахмалды клейстер тәрізді болады. КМЦ-
ның нәтижелілігі минерализация дәрежесіне және ерітіндінің рН көрсеткішіне
байланысты.
КМЦ нәтижесі бейтарап, тұщы және аз минералды ортада жоғары
болады. рН=6 болғанда КМЦ тұнады, ал рН=9 болғанда сілтінің көптігінен
ұйып қалады. КМЦ-ның поляризация дәрежесі жоғары болған сайын оның
агрессиялы ортадағы тұрақтылығы жоғары. Минерализациясы көбейген сайын
ол сұйытқыш ретінде әсер етіп, су беру қасиетін төмендетуі нашарлайды,
тұрақтандыруы жойылады.
Төмен және орташа тұтқырлықты КМЦ
кальций иондары әсерінен
коагуляцияланады. Жоғары тұтқырлықты КМЦ сазбалшық ерітінділерінің су
беру қасиетін төмендетеді. КМЦ қосу мөлшері, оның маркасына және
минерализациялану дәрежесіне байланысты 0,2-ден 2 % дейін болады. Қатты
фазалы аз ерітінділерде КМЦ сұйытқыш әсерінде болады, ал жоғары мөлшерде
құрылым жасаушы ретінде қолданылады.
КМЦ-ні жеңіл ісінетін сазбалшықтарды бұрғылағанда қолдануға
болмайды. КМЦ судағы ерітіндісі көпке сақталмайды. Ол ауа оттегісімен
қышқылданып, тұтқырлығын төмендетеді. 150°С температурада КМЦ
бөлшектенеді, сондықтан ол арнайы балшық ерітінділерін тұрақтандырғыш
ретінде қолданылады.
Карбофен-
молекуласына
фенол
ендірілген
КМЦ.
Карбофенге
температураның көтерілуі онша әсер етпейді, яғни тұрақты және жуу сұйығына
КМЦ тәрізді әсер етеді. КМЦ құрамына басқа заттар қосады. Негізгі мақсаты
термотұрақтылықты жоғарылату. КМЦ-нің басқа түрлері карбинил, карболинол
және т.б. өте тұрақты. Сонымен қатар кальций
тұздарына тұрақты целлюлоза
эфирі негізде дереагенттер жасалған. Бұлардың құрамына сульфат целлюлоза
және модифицирленген метилцеллюлоза кіреді. Соңғысы 7 пайыздық кальций
хлорлы құрамды жартылай валентті катиондар әсерінен тұрақты.
Крахмал
- табиғи өсімдік өнімі-табиғи полисахарид қоспасы. Ол үзбелі
құрылған сызықтық және тармақты полисахаридтен тұрады. Крахмалдың
салыстырмалы
молекулалық
массасы
жоғары,
гидрофилен,
балшық
ерітіндісінің минералдығына қатыссыз су беру қасиетін төмендеткіш реагент.
Сол себепті оны хлоркальцийлі және хлор магнийлі агрессиялық ортадағы
ерітінділерге қосады.
Крахмал көбіне 5-10 % мөлшердегі клейстер түрінде қолданылады. Ол
суық суда ерімейді, сондықтан оны сілтімен клейстер түрінде дайындайды.
Оны сумен ылғалдандырып 1-2 % күйдіргіш натрий қосады. Крахмал реагентін
крахмал мен су араластырып 80-90°С дейін қыздыру арқылы да дайындауға
болады, бұл далалық (полевых) жағдайда ыңғайсыз болады. Дайын реагент
ерітіндіге 0,5-3 % мөлшерде қосылады. Себебі ол ерітіндінің тұтқырлығын
жоғарылатады, сондықтан оны көбіне сұйытқыштармен бірге қосқан дұрыс.
Соңғы жылдары суық суда еритін модифицирленген крахмал кеңінен
қолданылады. Мұндай крахмалдың бір түрі құрамына
алюминий тұзын ендіру
тәсілімен жүргізіледі.
Крахмал ферментативті тұрақсыз шіриді. Крахмалдың шіруін рН
мөлшерінің 12-ге дейін көтеріп немесе формалин, керзол және т.б. реагенттерді
қосып сақтандырады. Крахмалдың термо тұрақтылығы төмен, бірақ құнды ас
өнімі, сондықтан оны амалсыз жағдайда, яғни басқа реагенттер жуу
сұйықтарын өңдеуге жарамсыз жағдайда ғана қолдану керек.
Декстрин-
крахмалды гидролиздеу кезінде пайда болады. Суда жақсы
еритін ақ түсті ұнтақ зат, оларды ерітіндіге тек 2 % мөлшерде қосады. Декстрин
жоғары минералды ерітінділерде қолданылады, нәтижесі крахмалдан жоғары.
Ең жоғарғы тұрақтандыру нэтижесі рН=
9
8
болады. Қышқылдар декстринді
бөлшектендіріп жібереді.
Биополимер-
сахарозаны микробиологиялық синтездеу нәтижесінде
алынатын реагент, олар полисахарид тәрізді. Биополимерден
көпке белгілісі
декстрин,
ХС,
БП-1 реагенті және т.б. биополимерлер тұздарға тұрақты, 150°С
дейін
термотұрақты,
басқа
реагенттермен
бірге
қолдануға
болады,
гидравликалық кедергілеуді жақсы азайтады. Концентрациясы 0,05-1,5 %
ерітінді көлеміне қатысты. Кемшіліктері: өте қымбат, ферментативті тұрақсыз,
сүзілу қарқындылығы төмен.
Синтетикалық акрил полимер
негізіндегі реагенттер ішінде көп
таралғаны полиакриламид, полиакрилонитрил және олардың гидролиздік
өнімдері. Олар жоғары молекулярлы, химиялық байланысы берік заттар.
Нитрил өнімдері мен акрил қышқылдарының полимеризациясы металл
поливалентті хлоридтері әсерлеріне тұрақсыз.
Бұл
реагенттер
қатты
фаза
бөлшектерімен
адсорбцияланып
пептизациялану,
қатты
фазаның
флокулирациялануын
алдын
алып,
ингибирлеуші эффект береді. Кемшілігі пластификациялануы.
Полиакриламид
(ПАА)
-
сызықты
құрылымды
карбо
тізбекті
гомополимер. Бұл реагентті алу келесі әдіспен жүргізіледі: этилен —> этилен
тотығы —>этиленциангидрид нитроакрил қышқылы —> акриламид —>
полиакриламид. Полиакриламидтің салыстырмалы молекулалық массасы
150 000 - 15 000 000 дейін. Сулы ПАА тұтқырлығы рН-қа байланысты. рН=7
болғанда ПАА макромолекулалары бұратылып, тұтқырлығы көбейеді. Оның
сулық және сілтілік ерітінділері полиэлектролиттер.
Полимердің катион әсерлі
макромолекулалары – NH
+
3
- анион 2серлі СОО .
ПАА ерітінділері жалпы минералдығы 3 г/л, қаттылығы 13 ммоль/л, суда
тұрақты. ПАА ұнтақ, түйіршік және гель тәрізді болады. Түйіршікте ПАА 50-60
%, гель тәрізді ПАА құрамында 6-8 % дейін. Суық суда жай ериді, сондықтан
араластыру кезінде 80-90 С жылы суда ерітеді. Жуу сұйығындағы ПАА құрамы
0,2-0,3 % дейін жетеді.
РС- 2 гидролизді ПАА
құрамында 1:1:1 қатыста полиакриламид, каустик
және полифосфат болады. Гидролиз барлық компоненттерді сумен араластыру
кезінде пайда болады. Дайын реагент кұрамындағы құрғақ заттар 1-2 % дейін,
тығыздығы 1 г/см
3
, тұтқырлығы 75-90 с.
РС-2 қатты фазасы аз ерітінділердің су бергіштік қасиетін төмендету үшін
қолданылады. Қоспа мөлшері 2 % дейін, одан көп қосқанда ерітіндінің
тұтқырлығы төмендейді.
ҚОРЫТЫНДЫ
1.
Сапасын ретке келтіру үшін бұрғы ертінділерін химиялық реагенттермен
өңдейді.
2.
Химиялық
реагенттер
ретінде
электролиттер
мен
коллоидтар
қолданылады.
3.
Электролиттер қатарына
каустикалық сода, NaON кальцийлендірілген
сода (Na
2
СО
3
) жатады.
4.
Коллоидтардың ішінде
жиі қолданылып жүрген реагенттер: көмір сілтілі,
шымтезекті сілті, сульфитті спирт бардасы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: