221
63- сурет. П-125 пневмосоққышы. 1-
аударма, 2-ниппель, 3-құбырлық
золотник, 4-корпус, 5-ұрғыш, 6-
төменгі аударма, 7-цилиндр, 8-қашау.
64- сурет. РП-130 пневмосоққышы:
1-сақтандыру тығыны, 2- аударма, 3-стержень, 4-
клапан қақпағы, 5-нығыздамалар, 6-клапан, 7-
клапан қорабының тұрқы, 8-вкладыш, 9-құбырша,
10-пневмосоққыш түрқы, 11- цилиндр, 12-ұрғыш,
13-төменгі стакан, 14-төс, 15-шлицті муфта, 16-
шлицті төлке, 17- аударма, 18-кері клапанның
стаканы, 19- кері клапанның тұрқы, 20-
сақтандыру қақпағы.
Пневмосоққыштың “В” жоғарғы камерасы құбыр сырты кеңістігімен (төмен
қысымды зона) “Г” шығыс терезелері, цилиндр және тұрық арасындағы сақиналы тесік,
сонымен қатар төлке мен төменгі аудармадағы “Ж” тесігі арқылы байланысады.
Қысылған ауа пневмосоққышқа түсе төмен қысымды зонаға, яғни жоғары камераға
өтеді және “Б” каналын жаба және “А” каналын аша клапанның
оң канатымен төмен
түседі. Ашылған канал арқылы ауа құбыршамен ұрғыштың өстік тесігіне өтеді, ал ол
жақтан қиғаш тесіктер бойымен пневмосоққыштың “Е” төменгі камерасына өтеді. Төменгі
камера толған сайын поршень – ұрғышқа қысым жоғарлайды және ол “Г” терезесін өзінің
қаптал беттерімен жаба отырып жоғарға қарай жылжиды.Ұрғыштың төменгі камераға
түсетін ауаның әсерінен көтерілуі “Д” терезелерінің ашылғанына дейін болады. “Е”
төменгі камерасындағы қысым күрт
төмендейді, бірақ ұрғыш өзінің қозғалысын
жалғастыра береді, жоғарғы камерадағы ауаны сығады. Осының нәтижесінде
жоғарғы
камерадағы қысым және белгілі бір уақытта бұл қысым пневмосоққыш арқылы
айдалатын, ауа ағынының қысымынан асып түседі, осыған байланысты клапан “Б”
клапанын ашады және “А” каналын, жауып орнын ауыстырады. Ауа енді “В” жоғарғы
камерасына түсе бастайды. Оның қысымының нәтижесінде ұрғыш өзінің кері қадамын
аяқтап өзінің жұмысшы қадамын бастайды. Поршеннің төмен қозғалысының аяғында “Д”
терезелері жабылып және “Г” терезелері ашылады. Жоғары камерадағы қысым
төмендейді, ал төмендегі камерадағы қысым жоғарлайды. Клапан өзінің бастапқы
222
жағдайына түсіп “Б” каналын жауып және “Е” төменгі камерасына “А” каналын ашады.
Содан соң төс соққы алғаннан кейін “бос жүріс – жұмысшы жүріс” циклі қайталанады.
Ұрғыш орын ауыстырғанда пайда болатын өстік дірілдер амортизаторлармен
қабылданады.
Стержень
мен
вкладыштың
болуы
ұңғы
тереңдігіне
байланысты
пневмосоққыштың жоғарғы және төменгі камераларының көлемін өзгертуге мүмкіндік
береді. Пневмосоққыштың конструкциясы жұмыс істемей қалған машинада ұңғы түбін
үрлеу үшін ауа беруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Пневмосоққышты өшіру келесі
ретпен жүргізіледі. Бұрғылау құбырларының тізбегін көтереді. Пневмосоққыштың
шлицті бөлімі ағытылады-шлицті төлке, шлицті муфта бойымен 20-25мм түседі. Төлкемен
бірге төс те түседі, төменгі қозғалмайтын стакандағы тесіктерді ашады. Бұл тесіктер
төменгі камераны ауаны бөлетін сақиналы тесіктермен қосады. Соның нәтижесінде
камераның екеуі де ашылып пневмосоққыштың жұмысы тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: