Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет130/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   168
Бурение

9.1 Гидросоққышпен бұрғылау
.
Гидросоққыштар айналсоқ бұрғылау әдісінде пайдаланады. Олар бұрғылау 
снарядының төменгі бөлігінде жыныс талқандағыш құралдың үстінде немесе колонқалық 
құбырдың үстінде орналасуы мүмкін. 
Гидросоққыштардың жұмыс істеу принципі шайғыш сұйықтың энергиясын 
гидросоққыш балғасының соққы беріп қыймылдауына пайдалану. Жуу сұйығы бұрғы 
құбыры, аударма арқылы гидросоққыштың жоғарғы камерасына келеді. Клапан жабық 
болғандықтан камерада қысым көбейіп гиросоққыштың балғасы серіппенің кедергісін 
жеңе отырып бұрғы жиынтығына соққы береді. Гидросоққыштың балғасы төммен 
қозғалған кезде клапанның тесігі ашылып, сұйық поршеньнің ортаңғы тесігі арқылы өтіп 
забойға жетеді. Камерада қысым күрт төмендейді, сол себептен серіппе әсерінен поршень 
жоғары көтеріледі де клапанның тесігін қайтадан жауып тастайды. Камерада қысым 
тағыда көтеріліп гидросоққыштың балғасын төмен лақтырады.Осылай процесс қайталана 
береді. Аталған гидросоққыштар тіке әсерлі деп аталады. Яғни балғаның жұмыстық 


215 
жүрісі жуу сұйығы әсерінен болады. Ал кері қозғалысы серіппенің көмегімен жүзеге 
асады. 
Гидросоққыштар 1 минутта қанша соққы жасайтынына байланысты сапалылығы 
анықталады. Көп жиілікті гидросоққыштар минутына 3000 соққыға дейін береді, ал 
қарапайым гидросоққыштарда соққылардың жиілігі 1000 соққы / мин болады. 
Қазіргі кезде гидросоққыштардың келесі маркалары шығарылады: Г–7, Г–9. 
Олардың бұрғылау диаметрі 76 және 59 мм. Жоғары жиілікте жұмыс істейтін ГВ–5, ГВ – 6
гидросоққыштарының диаметрлері 93, 76, және 59 мм, олар сумен және балшық 
ертіндісімен де жұмыс істейді. 
Гидросоққыштармен бұрғылауға арналған қатты қорытпалы коронкалардың 
маркасы КГ( коронка гидроударная), диаметрі 59, 76, 93 және 112 мм. 
Аталған қатты қорытпалы коронкалардың айналмалы бұрғылауға арналған 
коронкалардан айырмашылығы – қабырғалары қалың болады.( қабырға қалыңдығы 12 – 
15 мм) және ВК – 15 қатты қорытпасының ірі кескіштерімен армирленген болады. Осы 
конструкциялық ерекшеліктері және арнайы жасалған жуу тесіктері арқасында бұл 
коронкалар ауыр соққылар әсерінен болатын күштерге төтеп береді. 
Сонымен қатар жоғары жилікті гидросоққыштарда жынысталқандаушы құрал 
ретінде сериялы шығарылатын алмаз колонкалар қолданылады. Жоғары сатылы 
гидросоққыштарда соққыға жұмсалатын меншікті энергия мөлшері 5 ÷ 15 Дж, ал төмен 
жиілікті соққыштарда ол 50 ÷ 70 Дж болады. 
Басқа технологиялық құралдары (колонкалық құбырлар, аудармалар, бұрғы 
құбырлары ) қалыпты айналмалы бұрғылаумен бірдей. Г – 7 және Г – 9 гидросоққыштары 
бұрғыланғыштығы VII – X категориялы тау жыныстарын 800 – 1000м тереңдікте 
бұрғылауға қолданылады. ГВ – 5, ГВ – 6 гидросоққыш машиналарын қолданғанда 
бұрғыланғыштығы V – VIII категориялы тау жыныстарын бұрғылау 1200м – ге дейін 
рационалды түрде жүреді. Ал алмаз колонкалармен бұрғылауда 1200м тереңдікте 
бұрғыланғыштығы V – XI категориялы жыныстарын бұрғылауға болады. 
Гидросоққыштың технологиялық фаторларына: Соққыштың меншікті энергиясы, 
снарядтың айналу жиілігі, беріліс мөлшері және гидросоққыштың жұмыс тәртібі жатады. 
1. Соққыштың меншікті энергиясының мөлшерін таңдау. 
Айналма – соққылап бұрғылау жүйесінде жыныстың көлемдік талқандану мөлшері 
– соққының жынысты талқандауға керекті меншікті энергиясына сәйкес болуы тиіс. 
Соққының меншікті энергиясы мына теңдікпен анықталады: 
Р = 

мl
Е
 > [Р] 
Мұндағы: Р – соққының меншікті энергиясы, Дж/см; 
Е – бір соққы энергиясы, Дж; 
м – бірдей ұзындықты кескіштер саны; 

– кесіш ұзындығы, см; 
[Р] – соққының меншікті эергиясының тиімді көрсеткіші, Дж. 
Соққының меншікті эергиясының тиімді көрсеткіші [Р] тау жынысының 
қаттылығына байланысты. 
Соққының меншікті энергиясы аз болған жағдайда оны гидросоққыштың 
жұмыс тәртібін өзгерту арқылы немесе жұмыстық кескіштерді өзгерту арқылы түзетуге 
болады (44- кесте). 


216 
Соққының тиімді меншікті энергиясы, соққы аралықтары 44 кесте 
Тау 
жыныстарының 
категориясы 
VI - VII 
VIII 
IX 

XI 
Тиімді соққы 
аралықтары, мм. 
Тиімді меншікті 
энергия, Дж 
0.5 ÷ 0.8 
15 ÷ 20 
0.8 ÷ 1.0 
10 ÷ 15 
1.2 ÷ 1.5 
8 ÷ 10 
1.5 ÷ 20 
5 ÷ 7 
2.0 
4 ÷ 5 
Кескіштер ұзындығына байланысты тиімді жұмыстың бірдей ұзындықты кескіштер 
санын анықтаймыз. 
м = 
l
P
Е
*
]
[
 
Гидросоққыш арқылы өтетін жуу сұйығының керекті мөлшерін дұрыс таңдау 
арқылы соққының меншікті энергиясының тиімді көрсеткіші таңдалынады. 
2. Құралдың айналу жиілігін таңдау. 
Жыныстың көлемді талқандануы құралдың диаметріне, соққылардың жиілігіне 
және құралдың айналу жиілігіне байланысты болады. 
Сондықтан мына шарт орындалуы қажет: 
С = 
T
n
D
П
*
*
 < [С]
Мұндағы:
С – соққылардың аралықтары, мм; 
n –құралдың айналу жиілігі, айн/мин; 
D –құралдың диаметрі, мм; 
Т – гидросоққыш соққыларының жиілігі, соққы/мин; 
[С] - әрбір соққылар арқасындығы тиімді аралық, мм (44– кесте) 
С – ның үлкен көрсеткіштері кезінде айналу жиілігін өзгерту қажет, яғни 
инструменттің айналу жиілігі: 
n = 
D
П
T
C
*
*
]
[
 
3. Жуу сұйығының мөлшерін таңдау. 
Қатты және жарықшақты тау жыныстарын бұрғылағанда гидросоққышқа берілетін
сұйық мөлшері минималды түрде болуы қажет. Ал жұмсақ жыныстарды бұрғылауда 
сұйық беру көлемін бірнеше есе ұлғайту керек. Қажетті сұйық шығыны 45 – кестеде 
көрсетілген. 
Бұрғылау аралығы, құралдың айналу жиілігі және сұйық көлемі
45 – кесте 
Көрсеткіштер 
Тау жынысының категориясы 
VII - 
VIII 
VIII - IX 

XI 
1.Жұмыстық кескіштер 
саны 
6 – 4 
4 – 3 


2. Инструменттің 
айналу жиілігі айн / 
мин. 
120 -100 
80 - 60 
35 – 40 
25 – 35 


217 
3. Сұйық шығыны, 
л/мин. 
500 – 600 
450 - 300 
300 
- 250 
20

4. 1 рейс кезінде 
бұрғылау, м 
7 – 6 
5 – 3,5 
2,5 – 

1,2 
– 1,5 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау