Н. А. Маженова экономикалық теория



жүктеу 1,3 Mb.
Pdf просмотр
бет4/50
Дата14.11.2018
өлшемі1,3 Mb.
#19409
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Экономикалық теория 
 
11 
Адам,  шектеулі  ресурстарды  пайдалану  туралы  таңдауға 
кездеседі:  
  өндіруші – не өндіру қажет, таза максимум табыс алу үшін; 
  кәсіпорын – минимум ресурстарды қолдану үшін, қандай 
технологияны қолдану керек; 
  тұтынушы  өз табысын қалай жұмсауға болады; 
  мемлекет – қандай әлеуметтік-экономикалық құрылымда 
бюджеттік қаржыларды жұмсауға болады. 
Сонымен,  экономикалық  таңдау  –  бұл  неғұрлым  тиімді 
шектеулі ресурстарды пайдалануды іздеу. 
Экономикалық таңдаудың негізгі принципі – рационалдық.  
Өндірістік  мүмкіндіктер  –  бұл  тауарлар  мен  қызмет 
көрсетулердің  максималды  саны,  яғни  берілген  кезеңде,  бір 
уақытта  ресурстар  мен  технологиялар  арқылы  өндірілген. 
Шартты мысалды қарастырайық. 
Мысалы,  қоғам  қандай  да  бір  баламалы  өнімнің  тек  екі 
түрін  өндіреді  делік  –  қару-жарақ  және  май.  Сонымен  қатар, 
экономикалық  ресурстармен  өндіріс  деңгейі  белгіленген 
мөлшерде бар, жұмыссыздық жоқ делік. 
Жалпы  ресурстардың  шектеулілігі  бір    жыл  ішінде  мына 
тауарларды өндіре алады, мысалы, келесі баламалы қатынастарда; 
А)  10  қару-жарақ  бірлігін  майдың  нөлдік  шығарылымы 
болған; 
Б)  9 қару-жарақ бірлігі + 1 май берілген;  
В)  7  қару-жарақ  +  2  май  бірлігі  және  тағы  басқа  (кестеде 
берілген). 
 
1.1-кесте 
Ресурстарды толық пайдаланудағы кітаптар мен 
станоктардың жылдық өндіріс мүмкіндіктері 
 
Өнімнің түрлері 
Өндірістік альтернативалары 
А 
В 
С 
Д 
Е 
Май (мың. т ) 





Қару-жарақ  
(мың дана) 
10 






Н. А. Маженова 
 
12 
Осы кестенің мәліметтері негізінде өндірістік мүмкіндіктер 
шекарасын станоктар мен кітаптар үшін қисық сызығын сызуға 
болады.  
 
 
 
 
1.3-сурет. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы 
 
A,B,C,D,E  нүктелері  қару-жарақ  пен  май  өндірісінің 
баламалы  варианттары  және  де  максималды  мүмкін  өндіріс 
көлемі  әртүрлі  үйлесімде.  Мұнда  көп  қару-  жарақ  аз  май  және 
керісіншені  білдіреді.  Материалдық  және  еңбек    ресурстары 
өндірістік  мүмкіндіктерден  сызығынан  тыс  болса  қару-жарақ 
пен  май    өндірісі  мүмкін  емес  болады,  мысалы  Ж  (жоқ) 
нүктесінде.  Өндірістік  мүмкіндіктер  сызығының  ішінде  болса, 
толық  емес  өндіріс  жағдайында  және  жұмыссыздық  орын  алса, 
өндіріс  болуы  мүмкін,  мысалы  Б  нүктесінде.  Осылайша, 
өндірістік  мүмкіндіктер  сызығындағы  нүктелер  қару-жарақ  пен 
май  шығару  үшін  бар  ресурстарды  пайдаланудың  неғұрлым 
тиімді  варианттарын  көрсетеді.  Қоғам  олардың  қажетті 
комбинациясын ғана таңдайды.  
Сонымен  бірге  қоғам  өзінің  таңдауын  альтернативті 
(баламалы)  деп  атайды.  Бұл  қалаған  екеуінен  альтернативті 
бірін  таңдау  кезінде  қайсысынан  айырламыз,  сол  табылады. 
Мысалы,  біз  велосипед  пен  костюм  алғымыз  келсе,  бірақ 
Май (мың.т) 
Қару-жарақ (мың дана) 
 
 
 
А 
 
 
 
В 
С 
С

С

С
Б 
.
Ж 
 
 
 


Экономикалық теория 
 
13 
ақшамыз  екеуінің  біріне  ғана  жетеді.  Егер  велосипед  таңдасақ, 
онда  костюм  альтернативті  шығындарға  жатады.  Ендеше, 
альтернативті  шығындар  –  бұл  таңдау  бағасы  немесе  өндірістік 
альтернативті ауыстыру кезінде жіберілген пайда. Экономикада 
альтернативті  шығындардың  өсу  заңы  жүзеге  асырылады.  Бұл 
дегеніміз  әр  өнімнің  шығару  мөлшерінің  артуы  бойынша 
альтернативті  шығындар  әр  өнім  бірлігіне  артады.  Әр  түрлі 
тауарларды  дайындау  үшін  мұндай  заңның  іс-әрекет  себебі 
өзара толықтырушы факторлардың толық емес болуында. 
 
1.4. Экономикалық теорияның ғылыми зерттеу әдістері  
        және қызметтері 
 
Шаруашылық  процестерді  зерттей  отырып,  экономикалық 
теория  жалпы  ғылыми  тану  әдістерін  қолданылады.  Экономика 
сферасына маңыздылары болып келесілер табылады: 
- фактілерді жинау және бақылау; 
- эксперимент (тәжірибе); 
- модельдеу; 
- ғылыми абстракция әдісі; 
- индукция және дедукция; 
- тарихи және логикалық; 
- графикалық және т.б. 
Кез  келген  ғылыми  қызмет  іс-тәжірибеге  негізделеді.  Бұл 
бақылауды  қамтиды,  яғни  нақты  жағдайда  экономикалық 
процестерді қабылдау және фактілерді жинау. Мысалы, нарықтық 
бағалар белгілі бір кезеңде қалай өзгергенін анықтауға болады. 
Эксперимент  ғылыми  тәжірибенің  жасанды  жүргізілуін 
қамтиды.  Мысалы,  еңбекақының  жаңа  жүйесінің  тиімділігін 
анықтау  үшін  жұмысшылардың  белгіленген  тобы  ішінде 
тәжірибе жүргізіледі. 
Модельдеу  әдісі  әлеуметтік-экономикалық  құбылыстарды 
олардың  теориялық  үлгісі  (моделі)  бойынша  зерттеуді 
қарастырады. 
Ғылыми  абстракция  әдісі  экономикалық  түсініктерді, 
категорияларды  (мысалы,  тауар,  ақша,  баға  және  т.б.)  анықтау 
үшін  қолданылады.  Ол  үшін  жанама  қасиеттерінен  міндетті 


Н. А. Маженова 
 
14 
түрде  сол  ұғымның  негізгісін  ажырата  білу  қажет.  Мысалы, 
тауар  категориясында  міндетті  түрде  тауардың  түсін,  дәмін, 
салмағын  ажыратып,  ең  басты  оның  жай  ғана  адам  еңбегінің 
өнімі екенін түсіну маңызды. 
Талдау  және  синтез  әдісі  әлеуметтік-экономикалық 
құбылыстарды 
бөлек-бөлек 
(талдау) 
және 
тұтасымен 
(синтездеу)  зерттеуді  қарастырады.  Мысалы,  экономикалық 
көрсеткіштерді әрбір шахта бойынша жеке зерттеу – бұл талдау, 
ал көмір саласының жалпы жұмыс суретін құру – бұл синтездеу 
болады. 
Индукция  және  дедукция  екі  қарама-қарсы,  бірақ    өзара 
тығыз байланысқан ойлау тәсілін  білдіреді. Фактілерден теория 
шығару  индукция  деп  аталады.  Экономистер  өз  зерттеулерінде 
дедукция  әдісін  қолданады.  Егер  тұрақтану  теория  бар  болса, 
онда  оның  негізінде  болжанған  құбылыстар  мен  фактілердің 
даму жолын есептеуге болады. 
Тарихи    және  логикалық  әдістер  де    бірге  пайдаланылады. 
Олар 
әлеуметтік-экономикалық 
процестерді 
толығымен 
зерттеуді  олардың  тарихи  тізбектілігі  бойынша  қарастырады, 
бірақ  бір  уақытта    логикалық  жалпылаумен  жалпы  қорытынды 
шығарып,  тұтасымен  процестерді  бағалауға  мүмкіндік  алады. 
Мысалы,  ғалымдар  әр  түрлі  елдердегі  20  ғасырда  құрылыс 
социализмінің  тәжірибе  ерекшеліктері  нақты  даму  жолын 
бөлшектеп  зерттеген.  Бұл  осы  елдердегі  экономикалық 
тиімсіздігі  туралы,  тауар  тапшылықтары  және  т.б.  туралы 
логикалық қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Графикалық  әдіс  экономикалық  зерттеулерде  әртүрлі 
сызбалардың, 
схемалардың, 
графиктердің 
иллюстрациясы 
ретінде 
толық 
теориялық 
материалды 
түсіндіру 
үшін 
қолданылады,  нәтижесінде  көрнекті,  әрі  түсінікті  болып 
шығады.  Мысалы:  қоғамдық  ұдайы  өндірістің  циклдік  графигі, 
Лоренц қисығы және т.б. 
Экономикалық  теорияның  міндетті  –  фактілерді  жүйеге 
келтіру, 
талқылау 
және 
жалпылама 
қорытындылау, 
заңдылықтарды  шығару,  олардың  өзара  байланысы  мен 
тәуелділігін  байқау  және  экономикалық  принциптер  мен 
олардың  заңын құру.  


жүктеу 1,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау