Мєтінмен ж±мыс жасау даѓдысын ќалыптастыру



жүктеу 93,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі93,5 Kb.
#19546

Ыбырай Алтынсариннің “Жомарт” әңгімесі бойынша мәтін арқылы оқушылардың білім деңгейін, қабілетін анықтай отырып құзырлылығын қалыптастыру ЖББ №66 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Алшымбекова Н.М.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қ.Р.”Білім туралы Заңының» қабылдауына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Сондықтан білім беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі..Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдык құзіреттілікті дамытудың атқарар кызметі, қосар үлесі зор.

  • Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қ.Р.”Білім туралы Заңының» қабылдауына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Сондықтан білім беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі..Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдык құзіреттілікті дамытудың атқарар кызметі, қосар үлесі зор.

Мақсаты:

  • Оқушылардың сөздік қорын байыту, мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді орынды қолдана білуге дағдыландыру, сөз мағынасын терең түсіне білуге үйрету, сөз тіркестері мен сөйлем қолданыстарын меңгерту;

Міндеттер:

  •  балалар әдебиетінің идеялық мүмкіншіліктерін кеңінен пайдалана отырып, оқушыларды өмір құбылыстарын терең түсіне білуге баулу;
  • оқушыларды көркем шығарманың идеялық мазмұнын ұғынуға үйрету;
  • оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін арттыру;
  • шығарманың көркемдік ерекшелігі мен тіл байлығын ұғынуға жетелеу;
  • қазақ әдебиеті арқылы оқушылардың оқырмандық қызығушылығын арттыру;
  • оқушылардың жеке шығармашылығының ұшталуына әсер ету, жағдай туғызу.

Күтілетін нәтиже

  • материалды меңгеру барысында мәнерлеп оқу пәнінен терең, толық, жан-жақты білім алып, бүгінгі күн талабына сай жан-жақты, мәдениетті, білікті азамат болуға талпынады;
  • әдеби шығармаларды жан- жақты талдау дағдысын меңгереді;
  • жеке өзіндік шығармашылығын шыңдайды, атап айтқанда шығармашылықпен айналысуға қадам жасайды;
  • көркем әдебиет мәселелері туралы өзіндік пікірлері қалыптасады, оны өз бетінше жеткізе алуға машықтанады және зерттеу әдісін қолдану дағдылары қалыптасады;
  • шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды орындай алады ( тірек сызба);
  • ақпараттық құралдармен жұмыс жасай алады.

Ыбырай Алтынсарин

  • Ыбырай Алтынсарин
  • (1841-1889)
  • аудармашы
  • қоғам қайраткері
  • балалар әдебиетінің атасы
  • ғұлама ағартушы
  • Оқулық авторы
  • тәлімгер
  • ақын
  • Жазушы-педагог
  • Ыбырай
  • 1841 –1850
  • балалық шағы.
  • 1841 жылы
  • Қостанай облысында туған.Ыбырайдың әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде өседі. Ыбырай Алтынсарин мектепті үздік бағамен бітіреді.
  • 1850-1857 ж.ж.
  • Орынбор шекара комиссиясы Жанынан қазақ балалары үшін ашылған мектепте білім алып, үздік бітіреді.”Аға шәкірт”.
  • 1857-1859 ж.ж.
  • Еңбек жолының басы, тілмаш, хатшы, аудармашы болып қызмет істейді.
  • 1860-1863 ж.ж.
  • Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алуы. Дайындық жұмыстары жүруі, қаржы жинау, көмекші оқушыларды дайындау мектеп іргетасын көтеру.
  • 1864 жылы 8 қаңтар
  • Торғай мектебінің ашылу салтанаты Ыбырайдың оқыту әдістемесінің тәжірибелі сынақтан сүрінбей өтуі 14 қазақ баласы оқуға келеді.
  • 1864-1879 ж.ж.
  • Ғылыми, саяси, қоғамдық көзқарасының кемелденіп қалыптасу кезеңі.
  • 1879 ж.
  • Орынборда “қазақ хрестоматиясы”басылып шықты.

Жасалатын қадамдар

  • аудиомәтінді тыңдау;
  • компьютердің көмегімен мәтінді меңгеру;
  • мәтінді өз бетімен оқу;
  • лексикалық, грамматикалық ұғымдармен жұмыс жасау;
  • компьютердің көмегімен өзін-өзі бағалау.

Компьютер арқылы мәтіндерді меңгерту – оқушылардың жалпы төмендегідей дамуына түрткі болады:

  • оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырады;
  • жеке-дара жұмыс жүргізуге ынталандырады;
  • жеке көзқарастары қалыптасып, дамиды;
  • оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болады;
  • есту, көру арқылы есте сақтау қабілетін ұштайды;

ЖОМАРТ

  • ЖОМАРТ
  • Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді:
  • —Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ақша — тамақ, жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мәнісі не? — деп.
  • Жомарт айтты дейді:
  • —Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, сол желік-кен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем де, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәм тәтті, сіңімді болады екен. Төртінші:... дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, — деді.

Мәдени құзырлылық (аспектілер, тапсырмалар)

  • Халқымыздың салт-дәстүрінде шүленгерлік деген ұғым бар, қазірде оны қалай атап жүрміз?
  • Қазіргі заманда қайырымдылық жасаумен айналысып жүрген қандай жандарды білесіңдер?

Коммуникативтік құзырлылық (аспектілер, тапсырмалар)

  • Мәтінде не туралы айтылған?
  • Атымтай жомарттың қандай адам болғанын білдіңдер?
  • Жарлыша киінгенінің мәнісі неде және оған қандай себеп айтты?

Тілдік құзырлылық (аспектілер, тапсырмалар)

  • “Жомарт” сөзіне синоним жаз.
  • Мәтінде төл сөз қатысқан сөйлемдер бар ма?
  • Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерді табыңдар.
  • Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?

Жоғарыдағы жұмыстарды орындау барысында оқушылар мәтінді меңгеру дағдысына қойылатын өлшемдерді ұстанады:

  • шығарманы мәнерлеп оқиды;
  • мәтіннің мазмұнын толық түсініп,әңгімелейді;
  • кейіпкердің іс-әрекетіне бағалай алады;
  • кейіпкерге портреттік сипаттама береді;
  • өмірдегі болып жатқан құбылыстармен байланыстыра алады.

1.Атымтай қандай адам болды?

  • 1.Атымтай қандай адам болды?
  • а)сараң; ә)кедей; б)жомарт
  • 2.Мақалдың жалғасын тап.
  • Еңбектің наны-……Жалқаудың жаны-…
  • .а)қатты; ә)тәтті; б)ащы.
  • 3«Әбірет» сөзінің синонимін ата.
  • а)мысал; ә)ғибрат,үлгі; б)тамақ
  • 4. «Жомарт» сөзінің аудармасын тап.
  • а)жадный; ә)воспитанный; б)щедрый.
  • 5. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңі неге шақырады?
  • а)ойынға; ә)білім алуға; б)үйренуге.
  • 6.Ыбырайдың атасы.а)Құнанбай; ә)Шыңғыс; б)Балқожа.
  • 7.Торғайдағы мектептің ашылған жылы.
  • а)1859; ә)1864; б)1850.
  • 8.1887 жылы қыздар мектебі қайда ашылды?
  • а)Ырғызда; ә)Торғайда; б)Қазанда.
  • 9.Ыбырай балалар әдебиетінің .....
  • .а)атасы; ә)ұстазы; б)тәрбиешісі.
  • 10. «Қазақ хрестоматиясы» қай жылы басылып шықты?
  • а)1886; ә)1879; б)1800.

Үйге тапсырма.

  • Үйге тапсырма.
  • 1.Ыбырайдың шығармашылығына байланысты сызбаны толтыру.
  • 2.Мәтіннің мазмұнын айту.
  • Тақырыбы
  • Мазмұны
  • Идеясы

жүктеу 93,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау