Музыка мұҒалімінің Ұйымдастырушылық Қабілеті



жүктеу 64,87 Kb.
бет1/2
Дата22.01.2022
өлшемі64,87 Kb.
#34569
  1   2
Музыка м аліміні йымдастырушылы абілеті

МУЗЫКА МҰҒАЛІМІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІ

Қазіргі заман мұғалімі -оқушылардың бойында білімді шығармашылықпен қабылдауға ұмтылысты дамыта алатын, оларды дербес ойлауға, материалды зерделеу барысында өзіне қоятын сұрақтарды, дербес тұжырымдауға үйрететін, олардың қажеттіліктерін толығырақ іске асыратын, пәндерді зерделеуге ынтасын арттыратын, олардың жеке бейімдіктері мен дарын нышандарын ұштай алатын, ынталандыра алатын адам болуы тиіс.

Бүгінгі ұстаз үнемі ізденіс үстінде, өз ісіне деген сүйіспеншілікті шәкірттерге деген сүйіспеншілікпен ұштастырып, балаларды оқытып қана қоймай, сонымен бірге өз шәкірттерінен де оқып-үйрене алу керек. Әрбір баланың жан түкпірінде жатқан ең тәуір сапаларды анықтауға, балаларды көтермелеуге тиіс. Сонда ғана олар мектепті бітіргеннен кейін өздерінің қоғамдағы орнын анық сезініп, оның игілігі үшін жұмыс істей алады, қоғамымыздың ағымдағы және келешектегі міндеттерін шешуге қатысуға тастүйін дайын болады. Педагогтың кәсібилігі оның кәсіби жарамдылығымен, кәсіби жол табуымен, дербес дамуымен, яғни өз бойында кәсіби қызметті орындау үшін қажетті қасиеттерді мақсатты түрде қалыптастыруымен анықталады.

Қазіргі заманғы педагогтың, шебер педагогтың айрықша белгілері ұдайы өзін-өзі жетілдіру, өзіне-өзі сын тұрғысынан қарау, білімдарлық және жоғары еңбек мәдениеті болып табылады. Мұғалімнің кәсіби өсуі өздігінен білім алу қажеттілігінсіз мүмкін емес. Қазіргі заманғы мұғалім үшін ешқашанда қол жеткен межеде қалып қоймай, қайткенде алға қарай жүру өте маңызды. Өйткені мұғалім еңбегі шексіз шығармашылық үшін сарқылмас қайнар көзі.

Музыка мұғалімін даярлау - күрделі де көп деңгейлі үрдіс, ондағы ұйымдастырушылық ептілігі кәсіби педагогикалық біліктіліктің компоненті. Әрине өз бетінше жұмыс істеу арқасында олар уақыт өте дамиды. Сол себепті, осы жұмыс алдында мұғалім ұйымдастырушылық қабілетін оқу-тәрбие мәселелерін шешу кезінде қалыптастыруы дұрыс. Музыка мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің деңгейі мен даму дәрежесі оның психологиялық мәдениетіне байланысты, тұлға мәдениеттің бір бөлігі ретінде. Психологиялық мәдениет құрылымы: адамның психикалық іс-әрекет заңдылықтары туралы психикалық білім; оларды балалармен музыкалық жұмысты ұйымдастыру үрдісінде қолдану ептілігі.

Мектептік аудиторияның психологиялық өзгешеліктерін білу деген, қызығушылық, құндылықтар бағыты, танымдық мүмкіндіктері, тұлғалық қарым- қатынас және т.б. (Ф.Н.Гоноболин, И.А.Зязюн, С.Н.Козлов, Н.В.Кузьмина, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков және т.б.). Мұғалім іс-әрекетін зерттей келе Ф.Н.Гоноболин мынадай тұжырым айтады: «тұлға қасиеттерін, педагогикалыққа да қажетті қасиеттерді екі топқа бөлуге болады: жалпы тұлға қасиеттері (жігер, мінез - құлық) және педагогикалық қабілеттер (бағыттылық, мұғалімнің сөйлеу



мәдениеті, ұйымдастырушылық қабілеті)»[1].Автор ұйымдастырушылық қабілетті педагогикалыққа жатқызады Олардың негізінде, автордың ойынша, жалпы ұйымдастыру, тәртіп сақтау, нақтылық, қажетті әрекеттердің дер кезінде орындалуы.

Ұйымдастыру қабілетін Л.И.Ушинский жалпы тұлға қасиеттеріне теңейді, олар:



  • белсенділік (практикалық тапсырмаларды ынта-жігермен орындау ептілігі);

  • тың ұсыныстар (идеялар мен ұсыныстардың белсенді айқындалуы);

  • ой алғырлығы (құбылыс мәнін түсіну қабілеті мен негізгіні, маңыздысын, қарама-қайшылықтарды анықтау);

  • табандылық (қиыншылыққа төтеу);

  • еңбекқорлық (шыдамдық, жұмысты тиянақты орныдау, төзімділік);

  • тіл табысу (адамдармен қарым-қатынас орнату, тартымдылық):

  • байқаушылық (мәндісін, маңыздысын анықтау, оны есте сақтау);

  • өзін-өзі қадағалау (түрлі жағдайда өз жүріс-тұрысын, көңіл-күйін қадағалау);

  • өз бетінше әрекеттену (мәселелерді өз бетінше шешу және өз шешімін қабылдау;

  • құзреттілік (өзі ұйымдастыратын пәнді білу):

  • ұйымдастырушылық (өз жұмысын жоспарлау, ондағы бірізділік, жинақтылық) [2].

Әрине, ұйымдастырушылық жұмысы педагог-музыкантқа ерекше талап қояды. Өйткені, музыка мұғалімі музыкалық тынығу іс-шараларды өткізу үшін қажетті шығармашылық белсенділік, ой-ұшқырлық, байқаушылық қабілеттерді ескеруі тиіс, олар жоғары деңгейлі интеллект белгісі. Мұндай ұйымдастырушы болу үшін өзі оқушының ойын, көңіл-күйін, өмір-тіршілігін білу керек және де ұйымдастырушылық ептілігін көрсетуде қуат-қайсарлық та өте маңызды. Қайсарлық белгісі тәртіптілік, өз бетінше әрекеттену ұстамдылық, ал ол үшін сенімсіздік, қорқу сезімін тежеп, өзін-өзі байқау ептілігін қолдану қажет. Басқаша айтсақ, оқушылармен өткізетін жұмыстарды ұйымдастыруда нақты жағдайды бақылап, мақсатқа жету үшін ынта жігермен жұмыс істеу керек.

Әлеуметті-психологиялық құбылыстар структурасы ұйымдастырушылық қабілеттерді көрсетуде шешуші роль атқарады: жиналыстар (мотивтер мен түсініктер); әлеуметтік-психологиялық жағдай (көңіл-күй, пікір); әлеуметтік- психологиялық үрдіс (сендіру, түсіндіру); ептіліктер жинағы, ол деген белсенді де жігерлі әрекеттер ептілігі. Ұйымдастырушылық қабілеті музыка мұғалімінің маңызды сапа-қасиеті оқу-тәрбие жұмыстарында жоғары нәтижелерге жету ынтасы. Ұйымдастырушылық қабілетті тұлғаның функциональды-динамикалық сапа-қасиеті деп қарастыру, музыка мұғалімінің кәсіби тапсырмаларды орындауға бағытталған әрекеттерінің тірегі деген түсінікті бекітеді. Ұйымдастырушылық қабілеттің негізінде кәсіби эрудиция, тіл табысу, мейірімділік, талап қою, назар аудару. Эмпатия, педагогикалық шеберлігінің бір құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастырушылық қабілеті оның даралығын, педагогикалық техникасын айқындайды (эмоциональды сезімталдылық, педагогикалық интуиция, көркем ой, импровизация жасау қабілеті, сөйлеу мәдениеті, мимика, қимыл-әрекеттері, педагогикалық ықпалы).

Ұйымдастырушылық қабілет қызметі:


  • интегративті қызметі, мұғалім топ ішіндегі әрекеттерді өзара байланыстыру, үйлестіру, бағыт-бағдар беру;

  • болжамдық қызметі, әрекеттерді болжау;

  • коммуникативтік қызметі, ол алғашқыларымен байланысты.

Ең маңыздысы, ұйымдастырушылық қабілеттің іс-әрекетті бағыттау қызметі. Сондықтан, педагогикалық жұмысты жоғары дәрежеде дамыған ұйымдастырушылық қабілетінсіз орындау мүмкін емес.

Музыка мұғалімінің қызметіндегі ұйымдастыру жұмысы оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен байланысты. Бұл деген оқыту материалын сараптау, оқу-тәрбие жұмыстарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру, музыка сабағы мен сыныптан тыс жұмыстарындағы өз әрекеттерін жоспарлау. Ол үшін мынаны білу керек:

Мектептегі оқушылардың музыкалық тынығу іс-әрекеттерін ұйымдастыру негіздерін;

Музыка мұғалімі тынғу жұмыстары барысында эстетикалық тәрбие берумен бірге этика негіздерін меңгертуі тиіс, ал оның бастамасы, негізі қарым-қатынаста жатыр. Сол себепті ұйымдастырушылық қабілеттің бірден бір компоненті қарым- қатынас орнату ептілігі.

а) оқушының жеке тұлға ретінде жетілу жолында өз мінездерінің күшті де әлсіз жақтарын тануға бағыт беру; ә) шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өзара қарым-қатынастық пен сыйластық, достықтың, бірліктің жағдайын жасау.

Жаңа адамды, болашақ қоғам адамын рухани, интеллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу ісі бүгінгі уақыттың күн тәртібіне айрықша қойылған мәселе.



Сондықтан, мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы - өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік қуаты мол, парасатты, ата-бабаның әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін бойына сіңірген, ғылыми жұмыстарға бейім, өз ойын еркін жеткізе алатын дарынды; білімді де салауатты тұлғаны тәрбиелеу.

Қазақтың асқан ойшылы мен ағартушысы Шәкәрім былай деген: «Адамның жақсы өмір сүруінің негізі - адал еңбек, арлы парасат, адал жүрек болуы керек. Мінеки, барлығына билік жүргізетін үш қасиет осылар. Бала жастан адамдардың бойында биік адамгершілік сезімін, өзін-өзі сыйлау қабілетін қалыптастыру керек. Әр адамға сиқырлы тастардың қазынасы деп қарау. Бұл қазынаны тек дұрыс тәрбие ғана қазып алып, адамзат қажетіне жарата алады» [3].

Жасөспірімдердің бойына адамгершілік асыл қасиеттерді дарыта отырумен бірге, мұғалім мен баланың қарым-қатынасы демократиялы түрде болуы шарт. Қарым-қатынас әдебі принциптерінің сипатын табуға тырыстық. Олар төмендегідей:



  1. Үнемі жылы шырай таныту;

  2. Үнемі мадақтап отыру; :

5) Ынтымақтастық;

4) Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі.



Кейбір балалардың оқу қабілеттерін анықтап, бағалауды олардың ата- аналарымен және пән мұғалімдерімен бірлесе жүргізеді. Мұндай жағдайда әр

түрлі мәліметтерді салыстырып, талдаудың және оның нәтижесімен мұғалімдерді таныстырып отырудың маңызы epeкшe.



Қорыта айтқанда, музыка мұғалімі пән мұғалімдерімен бала тәрбиесінде өзара бірлескен жұмыстарының формалары әр түрлі болып келеді. Оның нәтижелі болуы, көбінесе олардың өзара тығыз қарым-қатынаста, белгілі бір нақты нәтижеге қол жеткізуде екі жақтың өзара ынталы болуына байланысты.

Көрнекті психолог Л.С. Выготский : «Жақсы оқыту - баланың дамуын ілгерілететін, дамудың алдында жүретін оқыту»- деп тұжырымдайды[30]. Ал, оқыту мұғалім арқылы іске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

жүктеу 64,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау