3.6 Қосалқы станциялардағы өзіндік қажеттілік трансформаторларын таңдау
Қосалық станцияның өзіндік қажеттіліктері жүйесіндегі жүктемені есептеу [1] бойынша анықталатын өзіндік қажеттілік тұтынушыларының тізімімен сәйкес орындалады. Өзіндік қажеттілік тұтынушыларының құрамы қосалқы станциялар түріне, орнатылған трансформатордың түрі мен қуатына, орнатылған электржабдықтарының түріне байланысты. Қосалқы станцияның өзіндік қажеттіліктері жауапты тұтынушылары болып жедел тізбектер, байланыс жүйелері, трансформаторды салқындату жүйелері, апаттық жарықтандыру, өрт сөндіру жүйелері, компрессорлар мен май шаруашылықтары табылады. Өзіндік қажеттілік тұтынушыларын қоректендіру 0,4 кВ кернеуде орындалады. Ереже бойынша ажыратқыштар мен сақтандырғыштардың қатысуымен байланыс трансформаторының төменгі кернеу орамасына немесе НН ТҚ қосылатын өзіндік қажеттіліктің екі трансформаторы орнатылады. Өзіндік қажеттіліктің екі трансформаторын трансформаторды 40% -ға жүктеуге мүмкіндік беретін апаттық асқын жүктемелерін есепке ала отырып орнатады. Өзіндік қажеттіліктің әрбір трансформатордың шектеулі қуаты 630 кВА артық болмауы керек. 0,4кВ ө.қ. шиналары автоматтық ажыратқыштармен секциондалады.
3.7 Қосалқы станция мен өзіндік қажеттіліктің басты сұлбаларын құру
Қосалқы станцияның электрлік бірікпелерінің басты сұлбасы аудандағы тораптар мен энергия жүйе тораптарын дамыту сұлбаларын есепке ала отырып таңдалады. Ол қамтамасыз ет керек:
- қалыпты және апаттан кейінгі режимдердегі қосалқы станцияға біріккен сенімді электрмен жабдықтау;
- орта және төменгі кернеу жағындағы ҚТ токтарының экономикалық деңгейі;
- қосалқы станцияның біртіндеп кеңею мүмкіндіктері;
- көрші бірікпелердің ажыратылуынсыз сұлбалардың жеке элементтерінде жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
Қосалқы станцияның басты сұлбасы бойынша шешімдер [1, 7, 9] сәйкес қабылданады.
4 Қолданылған әдебиеттер тізімі
1) Рожкова Л.Д. Электрооборудование электрических станций и подстанций. Учебник для студ. Сред. проф. Образования/ Л.Д.Рожкова, Л.К.Карнеева,Т.В.Чиркова - М.: Издательский центр «Академия»,2007.-488с.
2) Р.В.Гайсаров, М.Б.Абрамов Электрооборудование электрических станций и подстанций: Справочное пособие к курсовому и дипломному проектированию. Челябинск: Издательство ЮУрГУ, 2004г.-255с.
3) РД 153-34.0-20.527-98. Руководящие указания по расчету токов короткого замыкания и выбору электрооборудования /Под ред. Б.Н. Неклепаева.- М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2002.- 152с.
4) Леньков Ю.А., Хожин Г.Х. Выбор коммутационных аппаратов и токоведущих частей распределительных устройств электрических станций и подстанций.- Павлодар. Изд-во ПГУ, 2003.-211 с.
5) Леньков Ю.А. Справочные материалы по силовым трансформаторам: учебное пособие по курсовому и дипломному проектированию студентов электроэнергетических специальностей.- Павлодар: Кереку, 2013.-153с.
6) Справочные материалы по выключателям и разъединителям переменного тока высокого напряжения. Составитель Леньков Ю.А.Павлодар: Кереку,2012г.-87с.
7) Схемы принципиальные электрические распределительных устройств подстанций 35-750 кВ. Типовые решения. ОАО «ФСК ЕЭС» Стандарт организации, 2007г.-132с.
8) И.И.Алиев, М.Б.Абрамов Электрические аппараты. Справочник.- Москва, Издательство РадиоСофт,2004г.-255с.
9) Ополева Г.Н. Схемы и подстанции электроснабжения. Учебное пособие-М : Форум.: ИНФРА-М, 2006г.-480с.
10) Справочник по проектированию электрических сетей. Под ред. Д.Л. Файбисовича.- М .: Изд-во НД ЭНАС, 2006г. -352с..
Қосымша А
(міндетті)
Достарыңызбен бөлісу: |