Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Конструктивтілік зерттеу парадигмасы ретінде



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет12/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Конструктивтілік зерттеу парадигмасы ретінде
Конструктивтілік немесе түсіндіру сапалық зерттеу әдістерін 
қолдануды көздейді. Бұл парадигманы конструктивтілік деп 
атайды, себебі ол адамның мағынаны құрылымдау қабілетіне 
негізделген (Merriam & Tisdell, 2016; Creswell & Creswell, 2020). 
Позитивтілік парадигмасына қарама-қайшы болып келетін ол 
шындықтың субъективті екенін алға тартады. Зерттеу нысанда-
рын сырттан шынайы бақылау мүмкін емес, өйткені біртұтас объ-
ективті ақиқат кездеспейді. Қайта құрылған шындықтың әлеумет-
тік өлшемі аталмыш білім беру зерттеу парадигмасының орталық 
идеясы болып табылады.
Кресуэлл және Кресуэлл конструктивтілік парадигмасын: 
«Адамдар өздері өмір сүріп, жұмыс істейтін әлемді түсінуге ұмты-
лады. Олар белгілі бір нысан мен заттарға бағытталған өз тәжіри-
белерінің субъективті мәнін дамытады. Ол мағыналар алуан түрлі 
әрі көп, бұл жайт зерттеушіні мағыналарды түсінуді категория-
ларға немесе идеяға тарылтпай, көзқарастардың күрделілігін ізде-
уге мәжбүр етеді. Зерттеудің мақсаты – зерттеуге қатысушылар-
дың көзқарасына барынша сүйену» – деп толығырақ айқындайды. 
(Creswell & Creswell, 2020, 8-б.).
Зерттеудің әлеуметтік-мәдени мәнмәтінде конструктивтілік 
парадигмасының айтарлықтай маңызы бар. Норвич атап өткен-
дей, «интерпретативті немесе конструктивтілік парадигмасымен 
байланысты келетін әдіснама тарихи-мәдени мәнмәтін жағдай-
ында адамдардың арасындағы өзара әрекеттестікке назар аудара 
отырып, құбылыстарды адам тұрғысынан түсінуге бағытталған» 
(Norwich, 2019, 243-б.).
Табер зерттеудің позитивтілік және конструктивтілік парадиг-
маларының айырмашылығына былайша егжей-тегжейлі анықта-
ма береді: «Зерттеу соңғы және объективті білім алу мүмкіндігін 
болжаса (яғни, ақпаратты бақылаушылардың барлығы онымен 
келісе алады), зерттеу позитивті болып табылады; ал интерпре-


23
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
тативті [конструктивті] зерттеулер міндетті түрде өзінің нақты 
тәжірибесі мен зерттеу пәні туралы түсінігін қалыптастыратын 
белгілі бір тұлғаның біршама субъективті түсіндіруіне сүйенеді» 
(Taber, 2013, 45-б.).
Конструктивистердің сыртқы шындықтың бар екенін жоққа 
шығармайтынын айта кету керек. Олар сыртқы (объективті) шын-
дықтың бар екенін мойындайды, бірақ «біз оны енді ғана толық 
түсініп жатырмыз, ал шындықты танудың жалғыз жолы тәжірибе 
мен әрекет арқылы жүзеге асады» (Plack, 2005) – деп санайды.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау