Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова


Постпозитивтілік зерттеу парадигмасы ретінде



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет11/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

Постпозитивтілік зерттеу парадигмасы ретінде
Позитивтілікті жақтаушылар зерттеуші мен зерттелетін нысан 
бір-бірінен тәуелсіз деп есептесе, «постпозитивтілікті жақтаушы-
лар зерттеушінің ұсынған теориясы, болжамы, негізгі білімі мен 
құндылықтары байқалатын нәрсеге ықпал етуі мүмкін екенін мой-
ындайды» (Robson & McCartan, 2016, 22-б.). 
Филлипс пен Бурбулестің (Phillips & Burbules, 2000) жүргізген 
білім беру зерттеулеріндегі постпозитивтіліктің философиялық 
мәнін теориялық тұрғыдан талдай отырып, Робсон мен МакКар-
тан (Robson & McCartan, 2016, 23-б.) постпозитивтіліктің мынадай 
ерекшеліктерін айқындайды: 
• зерттеулердегі дәлелдер қашан да жетілмеген және олар қа-
теліктерге ұшырайды;
• ақиқатты тануға толық негіз болмаса да, біз қазір қолы-
мызда бар ең дұрыс деген дәлелдерді басшылыққа алуы-
мыз керек;
• зерттеу – дәлел, айғақтардың негізінде нақтыланатын не-
месе қабылданбайтын талаптарды растау үдерісі; 
• әлеуетті жүйелі қателіктерді азайтып, олардың сенімділігі 
мен сәйкестілігін анықтау үшін әдістер мен тұжырымдарды 
зерттеу қажет; 
• зерттеу жағдайды түсіндіруге немесе себеп-салдарлық бай-
ланыстарды сипаттауға ықпалдасатын мәлімдемелерді 
әзірлеуге бағытталады;
• әлеуметтік-саяси факторлар (мысалы, билік пен адамдар-
дың барлық тобы, оның ішінде ғалымдар арасында бола-
тын ықпал) білімнің қалыптасуы мен қандай сенімдердің 
қабылданатынына әсер етеді; 
• білімді құрылымдау – әрі дәлел, айғақтарға негізделген 
ұтымды әрекет ретінде, әрі күшке, саясат пен идеологияға 
негізделген әлеуметтік әрекет түрінде ұсынылады.
Позитивтілік пен постпозитивтіліктің өзара айырмашылықта-
рына қарамастан, сандық әдістерді қолданатын дәстүрлі «ғылыми 
зерттеулерге» негіз болады. Постпозитивтілікті жақтаушылар үшін 
зерттеу белгілі бір теория мен ғылыми болжамнан басталуы ке-
рек. Зерттеуге қатысушылардың құндылықтары мен олардың шын-


22
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
дықты субъективті тануы зерттеу үшін маңызды емес, сондықтан 
ол есепке де алынбайды. Белгілі бір әлеуметтік құбылыс туралы 
білім объективті шындықты өлшеу нәтижесінде жасалады.

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау