Онлайн сауалнамалар
Сауалнама жүргізудің бұл түрін ең қолжетімді деуге бола-
ды, дегенмен ол тек интернет пен электрондық поштаны үнемі
пайдаланатындар үшін ғана жарамды. Онлайн сауалнамалар
Surveymonkey.com және Qualtrics.com секілді платформалар
арқылы жүргізіледі және әлеуетті респонденттерге платформадағы
сауалнамаға сілтеме беріледі. Бұл әдіс те өте ыңғайлы, себебі он-
лайн түрінде жиналған деректерді өңдеп, талдау үшін бірден плат-
формадан статистикалық бағдарламаға жүктеп алуға болады. Ол
«жауапкершілікті» (сенситивті) тақырыптарға қатысты сауалнама
жүргізу кезінде де өте тиімді. Аталмыш әдістің кемшілігі – қайта-
рым деңгейінің төмендігі. Сондай-ақ онлайн сауалнамалардың
үлестірмеліге қарағанда ықшамдау болуы керектігін ескерген жөн,
өйткені респондент қызығушылығын жоғалтып, онлайн сауална-
маның соңына жетпей толтыруды тоқтатуы мүмкін.
Онлайн сауалнама жүргізу үшін зерттеушінің қолында әлеу-
етті респонденттердің бай қоры болуы қажет. Кейде зерттеушілер
үлестірмелі әдіс пен онлайн сауалнаманы біріктіріп, гибрид (ара-
лас) әдісті пайдаланады.
91
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
3-тапсырма
1. Өзіңіздің зерттеу жұмысыңыз үшін қандай сауалнама әдісі дұрыс ке-
летінін ойластырыңыз.
2. Сауалнамаңызға қысқаша кіріспе дайындаңыз. Зерттеуіңіз туралы қан-
дай ақпарат қосу керек?
3. Стратификацияланған іріктеуге мысал келтіріңіз.
4. Сауалнамаңызға арнап жабық, жартылай ашық және ашық сұрақтар
әзірлеңіз.
Сауалнама ақпарат жинаудың анағұрлым тиімді әрі мазмұнды
әдісі болып табылады, дей тұрғанмен оның артықшылықтарымен
қатар кемшіліктері де орын алып жатады. Сапалы мәліметтерді
алуда зерттеушінің сауалнаманы құрастырудағы кәсіби шеберлігі,
сауалнаманы жүргізу әдісі және оны өткізуді ұйымдастыруы маңы-
зды рөл атқарады.
92
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
Библиография
Almukhambetova, A. (2018). Exploring Gifted School Graduates’ Adjustment to
Universities in Kazakhstan: Features, Factors, and Implications. (Unpublished
doctoral thesis). Nazarbayev University Graduate School of Education,
Nur-Sultan, Kazakhstan.
Creswell, J. W. (2009). Research design: Qualitative, quantitative, and mixed methods
approaches. Thousand Oaks, CA: SAGE Publications Inc.
Creswell, J. W. (2012). Educational research: Planning, conducting, and evaluating
qualitative and quantitative research (4th ed.). Boston, MA: Pearson
Education, Inc.
Taherdoost, H. (2016). How to design and create an effective survey/questionnaire;
A step by step guide. International Journal of Academic Research in Management
(IJARM), 5(4), 37-41.
93
Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі
Кілт сөздер:
дамытуға бағытталған зерттеулер; тәжіри-
бені жетілдіру; ұстаздардың кәсіби білім алуы; тәжірибеге
бағытталған зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |