Монография / Аида Сағынтаева, Әсел Қамбатырова, Лаура Қарабасова



жүктеу 2,34 Mb.
Pdf просмотр
бет40/149
Дата10.03.2023
өлшемі2,34 Mb.
#41684
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   149
Bilim-beru-zertteulerine-kirispe

1-тапсырма
Зерттеу жұмысыңыздың тақырыбы мен мақсатын жазыңыз
1. Тақырыбыңызға қатысты кілт сөздер мен ұғымдарды анықтауға тыры-
сыңыз 
2. Университетіңіздің электрондық кітапханасына немесе GoogleScholar 
іздеу платформасына кіріңіз 
3. Кілт сөздер мен терминдерді қолдана отырып, іздеуді бастаңыз 
4. Материалдар ауқымды болса, дереккөздердің күні мен түріне арналған 
өлшемдерді енгізіңіз 
5. Мазмұнның маңыздылығын бағалау мақсатында әрбір жарияланымды 
қарап шығыңыз 
6. Қажетті материалдарды бөлек папкаға сақтаңыз немесе жүктеп алыңыз
2.3 Әдебиеттерді талдау 
Зерттеліп отырған тақырыпқа қатысты қажетті әдебиеттерді 
жан-жақты іздестіргеннен кейін әрбір материалдың мазмұнын сыни 
тұрғыдан бағалауға тура келеді. Әдебиеттерді оқу мақсатты түрде 
жүргізілуі тиіс, яғни әдебиеттерді сараптамалық бағалау мақсатын-
да оқу керек. Сараптамалық бағалау сыни талдау әдісін жүйелі әрі 
жан-жақты қолдануды талап етеді. Талдау – белгілі бір нәрсені олар-
дың өзара байланысын сипаттау үшін жеке бөліктерге жіктеп қара-
стыру деген сөз. Әртүрлі материалдармен танысу барысында зерт-
теулердің бәріне қатысты боп келетін жалпы мәселелерді анықтап 
алу қажет, ол - зерттеу мәселесі, мақсаты, зерттеу сұрағы, іріктеу 
мәселесі, әдіснама, негізгі нәтижелер, түйіндер мен ұсынымдар бо-
луы мүмкін. Басқаша айтқанда, түрлі авторларды оқу арқылы сіз 
ұқсастықтар мен сәйкессіздіктерді табасыз. Әдебиеттерді оқып, тал-
дау барысында нәтижелердің сипаттамасындағы негізгі үрдістерді, 
заңдылықтарды немесе қайшылықтарды жазып алуыңыз керек. 
Сондай-ақ қарастырылып отырған зерттеулер арасындағы байланы-
старды анықтап және қандай ақпараттың жетіспейтінін барынша 
түсінуге тырысып, өз ізденісіңізді нақтылаңыз.
Сонымен, сіз қажетті әдебиеттерді таптыңыз. 
1. Ең алдымен аса маңызды дереккөздерді оқыңыз. Әдебиет-
тердің жаңадан шыққандығы оларды іріктеу өлшемінің бірі десек 


68
Білім беру зерттеулеріне кіріспе: теория, әдістер және тәжірибелер
те, жаңа әдебиеттер одан 20-30 жыл бұрын жарияланған әдеби-
етке қарағанда тереңірек ақпарат береді дегенді танытпайды. 
Сондықтан дереккөздердің маңыздылығы мен өзектілігінің: 1) 
дәлелдердің сәйкестілігі (бұл сапаны бақылау ретінде қызмет етуі 
мүмкін); 2) жарияланымның орны мен авторы (беделі жоғары 
журналдағы мақалалар немесе ең көп сілтеме жасалған авторлар-
дың мақалалары). 
2. Компьютерлендірілген шолу жүйесін әзірлеңіз. Бұл, мәселен, 
кесте түрінде жасалған Word құжаты болуы мүмкін (Karabassova, 
2018). Құжатты Google дискіге
18
жүктеп салып, динамикалық құ-
жатта жұмыс істей аласыз, оған кез келген жерде қол жеткізуге бо-
лады. Екі бөлек кесте құру арқылы сіз эмпирикалық әдебиеттерді 
теориялық шолулардан бірден ажырата аласыз.
18
Google парақшасындағы (аккаунтындағы) кез келген құрылғыдағы файлдардың сақтық көшір-
месін жасауға және олармен жұмыс істеуге арналған қауіпсіз жад.
Зерттеу бөлшегі 
және жарияланым 
күні 
Фокус
Нәтижелер/ 
Негізгі мәселелер
Әдіснама
Мәнмәтін
Купман, Скит и де 
Граф (Koopman, 
G. J., J. Skeet & R. 
de Graaff, 2014)
Тілдік педагогика 
саласындағы
мұғалімдердің 
білімін зерттеу: 
голландиялық 
CLIL мәнмәтінін-
дегішағын ғылы-
ми жоба туралы 
есеп.
The Language 
Learning Journal 
42(2), 123-136.
Мұғалім-
дердің 
білімі мен 
тіл оқыту
педагоги-
касы 
Мұғалімдердің 
теориялық білім 
қорының әлсіздігі. 
Педагогиканы 
оқытуда құзы-
реттіліктің және 
екінші тіл тео-
риясын білудің 
жеткіліксіздігі
Шағын зертте-
улер 
Екі тілді мең-
герген 
3 пән 
мұғалімінің 
өзін-өзі баға-
лауы және 
бақылауы
Нидерланды
Екі тілді жалпы 
білім беретін 
мектептер
Мақсатты тіл-
дер – ағылшын 
және неміс 
тілдері

жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау