|
Мөж пәні: «Географиялық зерттеу әдістері» Тақырыбы
|
бет | 4/5 | Дата | 12.10.2022 | өлшемі | 31,76 Kb. | | #39607 |
| зерттеу әдістеріГеофизикалық әдіс дәл көне және дәстүрлі салыстырмалы және картографиялық әдіс секілді, бірақ басты айырмашылығы жаңа зерттеу әдістеріне жете араласады.Геофизикалық әдіс географиялық әдісте тек динамикалық компоненттерде, яғни судың массасы мен ауа массасын анықтауда қолданылады.
Геохимиялық әдіс керісінше жас әдістер қатарында. Ол тек XX басында химия технологиясы жер бетінде дамығанда ғана дүниге келген болатын. Бұл екеуініңде географиялық-физикалық әдістерге үлкен ықпалы бар, сондықтан да бұлар алдағы уақытта үлкен көлемде анықталып талқыланатын болады
Аэроғарыштық әдіс - жер аумағының ұшу аппараттары арқылы зерттеу әдісі. Физикалық-географиялық аэросуреттерді алу үшін олар түрлерге бөлінеді. Жерді қашықтықтан зондтау-жер бетін әр түрлі түсіруші құрал жабдықтармен жабдықталған әуе және ғарыштық құрылғылармен бақылау.
XXғ 60-80жж физикалық географияда пайда болған әдістер
Аэроғарыштық әдіс- географиялық зерттеу әдісі 1960 жылы алғаш рет метеорлогиялық спутник ұшырылып алғаш рет космостық сурет алғаннан кейін, тың серпіліс алды. Және де қайта даму үдерісінде болды. Бұл арқылы адамзат баласы географиялық қабаттар, заңдылықтар, компоненттік ерекшеліктері туралы анық біле бастады.
Математикалық әдіс өнеркәсіптік географияда бұрыннан қалыптасқан әдістердің бірі.
Геоақпараттық әдісі
Алғашқы географиялық ақпараттық жүйелер 1960 жылдары АҚШ пен Канадада құрылды. Қазіргі уақытта ГАЖ қолданудың көптеген салалары бар және олардың саны үнемі кеңеюде. Қолданбалы салалардың әрқайсысының өзіндік қажеттіліктері және өзіндік терминологиясы, ГАЖ технологияларын енгізудің өзіндік тарихы бар. Бастапқы кезеңде бұл технологиялар әртүрлі қолданбалы салаларда айтарлықтай дербес дамыды. Бүгінгі таңда әлемде ГАЖ-мен жұмыс істеуге арналған көптеген коммерциялық бағдарламалық пакеттер бар екендігінің бір себебі, олардың функциялары көбінесе сәйкес келеді, бірақ бірдей немесе ұқсас функциялар мен деректер модельдерінің элементтеріне қатысты әртүрлі терминология қолданылады.
Геоинформатика перспективалы және қарқынды дамып келе жатқан ғылыми бағыт болып табылады. Таяу жылдары географиялық білімнің барлық салалары геоақпараттық технологиялардың, кеңістіктік ақпаратты компьютерлік өңдеудің күшті әсерінен дамитын болады, жаһандық телекоммуникациялық желілерді пайдалану кеңейеді. Әлемнің көптеген елдерінде геоинформатика және геоақпараттық әдістер географиялық ғылымдардың бүкіл жүйесін интеграциялауға ықпал ететін негізгі бағыттар ретінде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|