Мөж пән атауы: Қазіргі қазақ әдебиетіндегі постмодернизм Тақырыбы


Қазақ және әлем әдебиеті байланысындағы ағымдарды жүйелеу, постмодернизмге салыстыру кестесін жасау



жүктеу 56,25 Kb.
бет2/2
Дата09.01.2022
өлшемі56,25 Kb.
#31961
1   2
Шарап Аягөз МӨЖ

Қазақ және әлем әдебиеті байланысындағы ағымдарды жүйелеу, постмодернизмге салыстыру кестесін жасау

Әдеби ағымдар (ағылш. literary movement, фр. mouvement littéraire, нем. Literaturrichtung) — дүниеге көзқарасы, шығармашылық әдісі, бағыты, тақырыбы, жанры мен стилі жағынан бір-біріне жақын шығармашылығын айқындайтын көркемдік, эстетикалық принциптер жиынтығы. Кей жағдайда бір әдеби ағымға жататын қаламгерлердің дүниетанымы, идеологиялық, суреткерлік концепциясы әр түрлі болуы да мүмкін. Мысалы, романтикалық әдебиет өкілдері Джордж Байрон, Адам Мицкевич секілді жазушылар қоғамдық құрылысты түбегейлі өзгертуді ұстанса, А. Ламартин, Василий Жуковский дінді, Эрнст Гофман өнерді уағыздады. Бұл әр қаламгердің шығармашылық стилинің өзіндік ерекшелігінен туындайды.

Бір әдеби ағымның ішінде бірнеше әдеби мектеп болатыны да осыдан. Әдеби ағымдар көркем әдебиеттің қоғам өміріндегі ықпал-әсері кеңейіп, жазушының суреткерлік дүниетанымы мен шығармашылық поэзиясы даралана бастаған кезде пайда болды.

Әлем әдебиетіндегі әдеби ағымдарды

  • қайта өрлеу,

  • барокко,

  • классицизм,

  • ағартушылық әдебиет,

  • сентиментализм,

  • романтизм,

  • реализм,

  • натурализм,

  • символизм деп бөлуге болады.

Суреткерлердің үлкен топтарын біріктіріп, әлемдік әдебиеттің дамуында алатын өз орны болса да импрессионизм, экспрессионизм, модернизм т.б. әдебиет ағымдар дәрежесіне қосыла алмады. Қазақ әдебиетіндегі жыраулық поэзия өкілдерінің көпшілігі романтикалық бағытты ұстады. Халықты қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға жеткізуді армандаған Асан Қайғы, "боз сазаны тоқтыдай, балығы тайдай тулаған" өлкені аңсаған Қазтуған, Еділдің бойын елге толтыруды армандаған Доспамбет секілді жыраулар қазақ поэзиясындағы романтикалық бағыттың негізін салды.

Әдеби байланыс — белгілі бір ұлт әдебиетінің басқа да әлем халықтары әдебиетімен қарым-қатынасы.

Әдебиет әлеміндегі рухани алмасулар — көркемдік дамудың, әдеби процестің өзіндік заңдылығы. Бүтіндей алғанда, Әдеби байланыстың әлем әдебиеті тарихында алатын орны зор. Ұлттық әдебиеттердің даму деңгейі сол кезеңдегі Әдеби байланыстың да бағыты мен көркемдік рөлін анықтайды. Оның түрлері мен жолдары көп және бұл процесте аударманың алатын орны өзгеше. Әдеби байланыс жалпы ұлттық әдеби процеске, онда жаңа көркемдік ағымдардың пайда болуына ықпал етеді. Ұлттық әдебиеттердің өзара қарым-қатынасының негізгі түрі ретіндегі Әдеби байланысқа әдебиеттану ғылымы 18 ғ-дың ақыры мен 19 ғ-дың басында назар аудара бастады. Сөз өнері ғылымының Әдеби байланысты зерттейтін арнаулы саласы — салыстырмалы әдебиеттану қалыптасты (қ. Салыстырмалы-тарихи әдебиеттану). Бұл мәселеге И. Г. Гердер, И. В. Гете өз еңбектерінде назар аударған. Ұлттық әдебиеттердің бір-біріне әсерін, ықпалын тарихи-әдеби процестің бір бөлігі ретінде тарихи поэтикада қарастырылды (қ. Поэтика).

Ресейде А. Н. Веселовский, В. М. Жирмунский, М. П. Алексеев, Н. И. Конрад еңбектерінде бұл құбылыс жан-жақты талданды. Ә. б. соңғы жылдары қазақ әдебиеттану ғылымының да назар аударған, арнайы зерттей бастаған саласы. Қазақ әдебиетінің басқа әлем халықтары әдебиеттерімен өзара байланыс жасау процесінің кезеңдері, өзгешеліктері бар. Мыс.: адамзат өркениетінің дамуына мол үлес қосқан Әбу Наср әл-Фараби Батыс пен Шығысты жалғастыра білді. Ол көптеген шығыс халықтарына ортақ қазына қалдырды. Қазақ әдебиеті көршілес шығыс, туысқан түркі халықтарының мәдениетімен, әдебиетімен ежелден жақын, тығыз байланыста болды. Қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, Әзірбайжан, татар халықтарының ортақ ежелгі жазба ескерткіштері соның айғағы. Шығыстың классикалық поэзиясы, оның ірі өкілдері Фирдауси, Низами, Науаи, Хұсрау, Физули, Жәми, Сағди, Хафиз, Омар һәйям туындылары, араб халқының “Мың бір түн”, үнді елінің “Махабхарата”, “Рамаяна”, әсіресе “Қалила мен Димна”, “Тотынама” сияқты әлемге әйгілі үлгілерінің кейбір тараулары қазақ арасында кең тараған, олардың жекелеген сюжеттеріне өлең, қисса, дастандар шығарылған. 18 ғ-дан бастап қазақ халқының тыныс-тіршілігі, рухани өмірі орыс жазушылары мен қоғам қайраткерлерінің назарына іліге бастады. В. А. Ушаковтың “Қырғыз-қайсақ” (1830), В. И. Дальдың “Бикей мен Мәулен” (1831) повестері жарық көрді. Е. И. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы материал жинау мақсатымен 1833 ж. Орал мен Орынборға сапар шеккен А. С. Пушкин “Қозы Көрпеш — Баян сұлудың” мазмұнын жазып алды, ақынның “Пугачев оқиғасы” мен “Капитан қызы” атты шығармаларында қазақтар жөнінде мәліметтер кездеседі. Пушкиннің ықпалымен Н. Н. Муравьевтің “Қырғыз тұтқыны” атты романтикалық поэмасы жарыққа (1828) шықты. Қазақстанда саяси қуғында Т. Г. Шевченко, Ф. М. Достоевский, С. Ф. Дуров т.б. болды, олар қазақ халқы туралы жылы лебіздер қалдырды. Л. Н. Толстой Ш. Құдайбердиевпен және қазақ мұғалімі Р.М. Елікбаевпен хат жазысқан. Мұндай әдеби құбылыстардың қазақ әдебиеті байланыстарының тарихында мәні зор. Қазақтың ұлы ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов Омбы, Семей, Санкт-Петербург мекемелерінде, Орыс геогр. қоғамында қызмет істеді, орыс зиялыларымен (П. П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Г. Н. Потанинмен, Достоевскиймен, Дуровпен, А. Н. Бекетовпен, Я. П. Полонскиймен т.б.) достық қарым-қатынаста болды. Уәлихановтың еңбектері орыс тілінде жазылып, алғаш рет Санкт-Петербургте жарық көрді, кекйбір еңбектері Батыс Еуропа елдерінде басылды. Уәлиханов әлемдік мәдениет пен ақыл-ой деңгейіне көтерілген ғалым ретінде, қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен, ұйғыр, сібір тайпалары, моңғол, қытай, орыс, украин, грек, неміс, француз, ағылшын т.б. халықтардың тарихы, этнографиясы, мәдениеті, әдебиеті туралы құнды ой-пікірлер қалдырды. Бұл тамаша дәстүрді мәдениетте, әдебиетте, халық ағарту саласында А. Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т.б. жалғастырды. Абай А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.А. Крылов, Ф. Шиллер, Джордж Байрон, И. В. Гете, А. Мицкеевичтің кейбір өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Шығыс аңыздарының сюжеті негізінде “Ескендір”, “Масғұт”, “Әзім” дастандарын, “Сократ” трактатын жазды, Аристотель, Платон, Гомер туралы пікірлер айтты.

Сондай-ақ, Алтынсарин, Құдайбердиев т.б. ірі аудармалар жасады. Жалпы қазақ даласының өзге алыс елдермен, оның ішінде Еуропа елдерімен, әдеби және мәдени байланысының тарихы тереңде жатыр. ибн Фадлан (10 ғ.), ибн Батута (14 ғ.), Марко Поло (13 ғ.), Р. Г. Клавихо (15 ғ.) т.б. шетелдік саяхатшылар қазақ жері, халқы жөнінде түрлі әдеби шығармалар, ғыл. еңбектер қалдырды. Г. Зелинский “Қазақ”, “Дала” поэмаларын, А. Янушкевич “Қазақ даласына саяхат кезіндегі күнделіктер мен хаттар”, суретші Б. Залесский “Қазақ даласының көріністері” атты альбом жазды. Француз жазушысы Жюль Верн “Клодиус Бомбарнак” романында қазақ жерін суреттейді. Американдық жазушы Дж. Кеннанның “Сібір және сүргін” кітабында Ертіс маңайының кейбір тіршілік жайы, Семей кітапханасының қоры туралы мәліметтер, деректер келтіреді. Ал, кейінгі кеңес дәуірінде әдеби байланыс аса қарқынды дамып, әлем әдебиетінің ең үздік шығармалары ана тілімізге, қазақ әдебиетінің үздік шығармалары әлем тілдеріне аударылды. Аударма саласында қазақ сөз өнері шеберінің барлығы еңбек етті. Аударма арқылы келген ірі туындылардың ұлттық әдебиетке ықпалы мол болды. А. Құнанбаевтың шығармалары ағылшын, араб, болғар, моңғол, қытай, француз, орыс т.б. әлем тілдеріне аударылды. Ж. Жабаевтың шығармалары көптеген тілдерге аударылып, оның суырып салма өнері, айтулы айтыстары туысқан елдерді аралағанда өшпес әсер қалдырғаны туралы жазылды. М. Әуезовтың “Абай жолы” роман-эпопеясы әлемінің 116 тіліне аударылып, сондай-ақ “Әлем әдебиеті кітапханасында” (134, 135 томдары) ірі классикалық романдар қатарында жарық көрді. Ә. Нұрпейісовтің “Қан мен тер” трилогиясы, О. Сүлейменовтың поэзиясы және көптеген қазақ сөз зергерлерінің шығармалары, сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржандары эпостар, жырлар әлемінің көп тілдерінде аударылды. Ұлттық әдебиетіміздің әлем әдебиетімен тығыз байланыста дамуына ірі халықар. конференциялар (қ. Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясы; Ыстықкөл форумы; Ұлттық әдебиетіміздің онкүндіктері т.б.) мен қаламгерлердің және достық қарым-қатынастары да ықпал етеді. Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, халықтың рухани байлығын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға дәнекер болады. Қазірде қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау процесінің ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, жаңа түр, рең тауып, соны жолдар мен мүмкіндіктерге ұласты, әдебиетіміздің сыр-сипатын айқындай түсті.

Қазір постмодернизм төңірегінде сан түрлі пікір бар. Соның бірі көркем мәдениет тенденцияларында пайда болған ағым деп түсіндіреді. Постмодернизм мәдениет пен қоғам өзгерісінде пайда болған өмір салтымыз, әр салада өріс алған даму бағытымыз дейтін пікір де бар. Қоғам өзгерісінде құндылықтар алмасуы, өнер түрлерінің бірінде ерте, бірінде кеш болсын барлығын тұтас қамтитын ағымдар мен бағыттар алмасуы болған, бола да бермек. Өнертанушылар, пәлсапашылардан бастап, әлеуметтану, саясаттану т.б. салаларда постмодернизм туралы түрлі анықтамалық жіктемелері қалыптасты. Адамзат қоғамы үнемі жаңаны іздейді. ХХ ғасырда модернизм деген қайта өрлеу дәуірі, жаңа дәуір деп ауыз жимай жатып-ақ ол постмодернизм ағымына қалай ұласып кеткенін қоғам аңғармай да қалған сияқты. Негізінде үлкен қоғамдық құрылымдар ауысында ағымдар мен көркемдік бағыттардың көбеюі бұрыннан байқалған құбылыс. Жарты мыңжылдыққа созылған модернизмнің өзінің ХХ ғасырдың орта ширегінде бірнеше бағыттары болғаны да мәлім: символизм, натурализм, футуризм, акмеизм, сюрреализм, имажинизм сияқты ағым-бағыттарының біразының ғұмыры өте қысқа болған да анық. Алғаш постмодернизм деген термин неміс философ-эссеисі Р.Панвицтің «Еуропа мәдениетіндегі дағдарыс» деген еңбегінде нигилистік ой бейнесінде сипатталған деседі зерттеушілеріміз. Постмодернизмді бірер сөзбен сипаттап айту, анықтама беру оңай емес. Оның бір себебі біз постмодернизмнің барлық сипаты мен ерекшелігін зерделейтіндей толық танығанымыз жоқ. Себебі ол даму, өзгеру үстінде. Ол бір жағынан әр кезеңнің бағасы өткен уақыт үдесінде айқындалатынынан да болар. Постмодернизмнің тууы, дамуындағы бірінен біріне алмасып, өзгеріп, түрленіп отырған жаңа сипаты барлығын айтушылар да бар. Антимодернизм, постмодернизм, метомодернизм ұғымдары осының дәлелі. Бір айқын мәселе постмодернизм қазіргідей техноқоғамда өнер, әдебиет, мәдениет, философия, саясаттану, әлеуметтану, т.т. көп салаға дендеп еніп кеткенін аңғарамыз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Әуезов М.О. Қазақ халқының эпосы мен фольклоры // Жиырма

томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1985. – Т. 17. – 352 б.

2.Ісімақова А. Қазақ әдебиеттануы. –Алматы: Елтаным, 2015. – 284 б.

3Ильин И..П. Постмодернизм. Словарь терминов. – М.: Intrada, 2001. –

4.Постмодернизм. Энциклопедия / сост. А.А.Грицанов, М.А. Можейко.



жүктеу 56,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау