«Модуль қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі»



жүктеу 195,52 Kb.
бет1/2
Дата14.12.2017
өлшемі195,52 Kb.
#4221
түріСабақ
  1   2

«Модуль – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі»

Модульдік технологияның ерекшілігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.

Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін – өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар.

Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшілігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Сөздікпен жұмыс кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай сөз тіркесін, сөйлемдерге сөзжұмбақ, ребус немесе сканворд құрастыру мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе сурет, тірек конспектілері арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде өз пікірін шағын шығарма, өлең, жұмбақ, қағида немесе ереже құрап жазу арқылы беруге болады.

Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.

Модульдік оқыту технологиясының негізгі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:


  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;

  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

  3. Оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

  4. Оқу әрекеттерінің жиынтығы;

  5. Нәтижені бағалау.

Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, лексикалық және грамматикалық тақырыпты, модульдің мазмұнын, жұмыс – үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.

Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:



  1. Кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу);

  2. Сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру);

  3. Қорытынды бөлімі (бақылау, тест).

Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.

Сөйлесу бөлімін педагогика және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастырамын. М.Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез келген әрекет емес орындау әрекеті екнін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесуді қолданамын. Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асырамын. Олар:

Топтық;

Жұптық;


Жеке топтық;

Ұжымдық.


Оқытудың басты ерекшілігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.

Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігімен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында сөздікпен жұмыс жүргізгенде жұптық немесе ұжымдық форманы қолдансам, жаңа материалды талдау немесе бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмысты қолданамын. Топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуға, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлемін.

Тілді оқытуда сөздікпен жұмыс оқушының тілін байытуда ерекше орын алады. Бұл жұмыс оқушының сөздік қорын молайтып, тілін, ойлау қабілетін дамытады. Сөйлесу сабағы оқушыларды тек қана қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйретіп қоймайды, оларды ойлау, талдау, сараптау және қорытындылау қабілеттерін жетілдіреді.

Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әртүрлі жағдайларға байланысты, Орыс мектебінде оқыталытатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, сауатты жазуға үйрету, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тілін құрметтеуге, Отанды сүюге баулу.

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды үйымдастыру. Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады. Олар:

1.Дыбыстармен жұмыс.

2.Сөздіктермен жұмыс.

3.Сөздік қорларын жетілдіру.

4.Тіл дамыту.

5.Ережемен жұмыс.

6.Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Мәтінмен жұмыс істеу мынадай кезеңдерге бөлінеді:

1.Мәтінді оқығанға дейінгі жұмыс.

2.Мәтінмен жұмыс кезеңі.

3.Мәтінді оқығаннан кейінгі кезең.

1/Мәтін алдындағы жаттығулар мен соған сәйкес жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі: тілдік тұлға мен сөйлем үлгілерін мәтінде танып, айыра білу және әртүрлі құрылымдық материалдарды /сөзжасам элементтері, етістіктің жақ, шақ түрлері, т.б./ меңгерту.

2/Келесі мәтінмен жұмыс кезеңі. Бұл кезеңде мәтіннің тілдік материалы мен құрылымы орындалады. Мәтін ішінен қажет мәліметті бөліп алу, айыра білуге машықтандыру жаттығуларын әртүрлі тәсілмен орындау. Мәтінмен жұмыс былайша ұйымдастырылады: оқығанның мазмұнын айту, мәтін бойынша сұраққа жауап беру, жоспар жасату, бірнеше бөлімге бөліп оқыту, негізгі жанама ойды таптыру, қорытынды жасату.

3/Шартты түрде алып отырған үшінші кезеңде мәтінді оқып, түсініп, негізгі ойды қазақ тілінде жеткізе білу.

Мәтінді оқығаннан кейінгі жұмыстар:

1.Логикалық сұрақтар.

2.Сөздік жұмыстар.

3.Фонетикалық жаттығулар.

4.Сөйлем құру.

5.Мәтінге жоспар құру.

6.Аударым.

7.Мәтінге ат қою.

8.Диалог, ситуация құру.

9.Мәтіннің мазмұнын жоспар бойынша айту.

Мәтінді оқытудың мынадай түрлерін сабақ үстінде қолданамын:

Дауыстап оқыту арқылы оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі – оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және түзетіп отырады.

2/Іштей оқу – бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беремін де, қай жерге дейін оқу керектігін белгілеймін. Әркім белгілеген жерге келгенде кітаптарын жауып, бітіргенін байқатады. Солай оқушылардың оқу шапшаңдықтарын мөлшерін өзім белгілеп отырамын.

Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі – сабаққа қызығушылығын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.

Сабақта қолданылатын ойындар:»Бәйге», «Кім жылдам?», «Кім тез табады?», «Ойлан, тап!», «Жалғасын айт», «Полиглот», «Не, қайда, қашан?». Ойын барысында оқушының ойлау қабілеті, тапқырлығы дамиды.

Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:

жалпы білім сапасын жоғарылату;

сабақтың тиімділігін жоғарылату;

дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;

оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;

жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.

Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға ықпалы.


Білімді бағалау

Топтау

Қолдану


Талдау

Сөздік қорын дамыту



Шығармашылығы

Түсіну



Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі



Білу

Елестету


Ойлау

Қарым - қатынас

Жады


Зейін

Оқыту процесін жоспарлағанда дамыту міндеттерін дұрыс қоя білу де үлкен рөл атқарады. Бұл әдістемелік кеңес барлық таным процестерін жоспарлағанда мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылады.

Таным процестерін дамыту міндеттері.

1.Қабылдау қабілеттерін дамыту:

*ерікті түрде қабылдауларын дамыту;

*еріктен тыс қабылдауға дағдыландыру;

*қабылдау қабілеті көлемін дамыту;

*бір әрекеттен саналы түрде екінші әрекетке назар аударуға дағдыландыру.

2.Сезіну және елестету қабілетін дамыту:

*көру қабілетін дамыту;

*тыңдау қабілетін дамыту;

*кеңістік пен уақытты сезіну қабілеттерін дамыту;

*ойлау, анықтау қабілетін дамыту;

*затты немесе құбылысты елестету негізінде танып-білу қабілетін дамыту.

3.Есте сақтау қабілетін дамыту:

*материалды есте сақтау үшін мақсат қоя білуге дағдыландыру;

*материалды есте сақтау үшін көрнекіліктерді қолдана білуге дағдыландыру.

4.Сөйлеу дағдыларын дамыту:

*сөйлей білуге дағдыландыру /сөйлеуге ситуациялық жағдай туғызу/;

*сөйлеу мәдениеті мен жазу дағдыларын дамыту;

*өзіндік ой-пікірін айта білуге дағдыландыру;

*мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

*екпін қоя білу, дауыс ашықтығы, дауыс ырғағын түрлендіру, ойын дәл әсерлі жеткізе білуге дағдыландыру;

*диалог құрастыру дағдыларын дамыту.

5.Оқуға деген ынтасын арттыру:

*оқу материалындағы маңыздыларды жинақтау, оймен әрекет жасай білуге дағдыландыру;

*ой әрекетіне тұрақтылыққа дағдыландыру

6.Ойлау қабілеттерін дамыту, талдау:

*ең негізгіні ажырата білуге дағдыландыру;

*талдау негізінде қорытынды жасауға дағдыландыру, жинақтау;

*құбылыстарды суреттеу үшін бірнеше белгілерді біріктіре білуге дағдыландыру;

*құбылыстар арасындағы байланыстарды аша білуге дағдыландыру.

*салыстыру жоспарын құра білуге дағдыландыру;

*құбылыстар арасындағы өзгешілікті анықтай білуге дағдыландыру;

*теориялық талдау жасай білуге дағдыландыру;

*берілген тапсырмадан негізгіні ажырата білуге дағдыландыру;

*ұғымның мағынасын түсіну, қабілетін дамыту;

*ұғымның мағынасын ашып – талдау жасау қабілетін дамыту;

*талдау нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуге дағдыландыру, жүйелеу.

7.Ақыл – ойдың дамуы мен ойдың шеберлігін қалыптастыру:

*оқу ақпаратынан негізгіні бөлу дағдыларын дамыту;

*кітаппен және басқа ақпарат көздерімен, оқулық мәтінімен ұтымды жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

*құбылыстардың мәнін ашу дағдыларын дамыту;

*оқығандарын, көргендерін, естігендерін жаза білу дағдыларын дамыту /жоспар, конспект, тезис/

*реферат, баяндама, есеп беру, сөз сөйлеу дағдыларын дамыту.

Компьютермен оқыту – оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Компьютермен оқыту үрдісін еңгізу оқушылардың қызығуын арттыратыны соншалық олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытатын болады. Ал компьютерді толық меңгерген оқушының оған қызығуы бұрынғыдан да арта түседі. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютермен тапсырма орындауға мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан, бұдан ділгерлік туындап, оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі. Электрондік оқулықтар және компьютермен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқушының біліктілігі мен белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру жүзеге асырылады. Сондықтан да оқушы компьютерде жұмыс істеуге қажетті біліктілікті меңгеру қажет.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютермен оқытудың мақсаты – оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, оқушының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның әлеуметтеуіне әсер етеді, өзін-өзі реттеуді дамытады, оқушының мақсатты қызметін ынталандырады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын компьютердің қуатымен жүргізуді үйрену бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.


Сыныпта дайындық дәрежесі бірдей тұрақты оқушылар құрамының болуы

Белгілі бір сабақ кестесінің болуы

Сабақ жоспар негізінде білім мен дағдының берілуі



Сабақтың белгілі бір орында (кабинетте) жүргізілуі

Сабақта білім беру әдісінің жан-жақты қолданылуы

Сынып оқушыларымен практикалық жұмыстардың жүргізілуі




Қазақ тілі өтілетін сабақтар мазмұнына

жүктеу 195,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау