8.4. Теориялық зерттеудің әдістері
Теориялық зерттеу – ғылымға бағалы жаңалық өнертабыс, белгісіз фактілерді ашу деген ниетпен жүргізілетін шығармашылық процесс.
Теориялық зерттеудің табысты орындалуы ғылыми қызметкердің немесе ғылыми коллективтің ой өрісіне, табандылығына және мақсатқа талпынушылығына ғана емес, олардың ғылыми зерттеудің әдістерін қалай меңгергеніне де байланысты.
Теориялық зерттеу жүргізгенде мынадай негізгі әдістер пайдаланылады.
Түсіндіру- құбылыс немесе процестің объективтік негізінің заңдарын ашу. Мысалы, Шолпан планетасының тұтылуын бақылап, М.В. Ломоносов Жер сияқты Шолпанда да атмосфера бар деп ғылыми жаңалық ашты. Оны М.В. Ломоносов Шолпан толық тұтылғанда оның айналасында сәуле жиегінің болғанымен түсіндірді.
Анализ- затты әртүрлі бөліктерге бөліп,олардың қасиеттерін бөлек зерттейтін ғылыми әдіс.
Синтез – зерттеліп отырған нысанның элементтерін оймен қосып, олардың байланысын табу.
Анализ бен синтез бірімен- бірі табиғи байланысты,анализсіз синтез болмайды. Машина әртүрлі бөлек агрегаттар мен тораптардан тұрады. Сондықтан әуелі, бөлек механизмдер мен тораптар жеке- жеке зерттеледі, онан кейін, олардың бір- біріне тигізетін әсері, ең соңында олардың машинаның негізгі сипаттамаларына тигізетін әсері зерттеледі.
Абстракция –зерттеліп отырған заттың немесе құбылыстың мардымсыз сипаттары мен байланыстарын ой жүзінде елеусіз қалдырып, олардың жалпы, ең мәнді қасиеттері мен қатынастарын анықтайтын әдіс. Абстракцияны таным процесі ретінде В.И. Ленин былай сипаттайды.: «Ойлау нақты нәрседен абстракті нәрсеге бет алғанда- егер ол дұрыс ойлау болса- ақиқаттан алыстамайды, қайта оған жақын келеді. Материяның табиғат заңының абстракциясы, құн абстракциясы т.б., қысқасы, ғылыми (дұрыс байсалды, сорақы емес) абстракциялардың бәрі табиғатты тереңірек, дұрысырақ, толығырақ бейнелейді. Нақты пайымдаудан абстракты ойлауға және одан практикаға көшу- ақиқатты танудың, объективті өмірді танудың диалектикалық жолы осындай».
Индукция- жеке фактілер жайындағы ғылыми білімнен жалпы білімге, тәжрибелік нәтижелерден жалпылау мен қорытындыға, жекеден жалпыға қарай қозғалудың логикалық әдісі.
Дедукция- жалпыдан ерекшеге, одан жекеге аппаратын ой қорытындысының бір түрі. Ғылыми зерттеудің бір әдісі болып саналады.
Индукция мен дедукция диалектикалық танымның екі жағы, өз ара тығыз байланысты. Осы екі әдісті пайдаланып, Д.И. Менделеев химиялық элементтердің жеке фактілері бойынша периодтық заңын тауып, осы заң бойынша ол күні бұрын белгісіз элементтердің барлығын олар периодты кестедегі тиісті класс пен кішкене топқа кіретінін, сүйтіп жүйедегі бос тор көздерді толтыратынын алдын ала болжады.
Достарыңызбен бөлісу: |