Ғылыми жұмыстың негізгі кезеңдері:
Зерттеудің мақсатын анықтау. Мақсат ғылыми жұмыстың ең бастапқы негізі, ең маңызды, ең күрделі бөлімі. Өндіріс практикасының сұранысы бойынша мақсатты тәжрибелі ғалым қояды.
Мәселенің тарихын зерттеу (ғылыми мағлұматтарды жинау). Зерттеу диссертациялармен, ғылыми есептермен, журнал мақалаларымен, монографиялармен танысу арқылы жүргізіледі. Керек әдебиетті оңай, жылдам табу үшін экспресс – информациялармен, рефераттық журналдармен, кітап және журнал жылнамаларымен, апталық газет “Книжное обозрение” дегендермен танысу керек.
Әдебиетпен танысқанда мына төмендегілерді басшылыққа алу керек:
зерттеу мақсатына керек басты мәселелерді, темаға қатысы жоқ болмашы материалдардан айыра білу керек;
мүмкін болғанынша түпдеректі зерттеу керек;
әдебиеттегі келтірілген материалдар мен фактілерге сын көзімен қарау керек;
танысқан материалдар туралы конспект жазу керек, картотека жасау керек.
Зерттелген тарихи материалдар туралы жазбаша есеп дайындау керек. Есептің соңында зерттелген әдебиеттердің тізімін келтіру керек. Әдеби түпнұсқалар есепте көрсетілген сілтемелер тәртібімен жазылып, номерленеді.
Кітаптарда әдебиеттер тізімі авторлардың фамилиясы бойынша алфавиттік тәртіппен келтіріледі. Есептің текстіне сілтеме жасалған түпнұсқаның номері квадрат жақшамен көрсетіледі.
Зерттеу мәселесінің қойылуы. Зерттеу мәселесінің мақсаты мен
міндетін қойғанда мынадай принциптерді ұстау керек:
қойылған мәселенің уақытқа сай екені және қажет екені туралы талдау жасау керек;
мәселенің дер кезінде қойылғанының және оның қажет екендігінің заңдылығын тексеру;
табиғаттың жалпы заңдары бойынша бұл мәселені шешуге болатындығын тексеру;
ғылым, техника және өндірістің қазіргі деңгейінде қойылған мәселені ірі масштабта іске асыруға болатыны, оны жүргізгенде нақты орындаушылардың мүмкіндіктері бар екенін тексеру.
4.Теориялық зерттеулер- зерттелетін нысанның физикалық мәнін зерттеу, гипотеза жасау және физикалық немесе математикалық модельді дәлелдеу және таңдау, аналитикалық қатынастарды алу. Зерттеу кезінде алынған қатынастар бойынша гипотеза дәлелденеді.
5. Зерттеу жоспарын жасау. Жоспарда күрделі мәселені бірқатар оңай мәселелерге бөліп жазады. Олар: эксперименттің мақсаты мен міндеті; экспериментті жоспарлау; экспериментті жүргізу методикасын жасау; өлшем құралдарын таңдап алу; аспап, макет, стенд және қондырғылардың конструкцияларын жасау; лаборатория мен зауыттарда эксперименттер жүргізу; өлшем және зерттеу нәтижелерін өңдеу. Жұмыс процесінде жоспарлар түзетіліп тұрады. Сондықтан уақыттан да, материалдардан да, және басқа қорлардан да резерв болу керек.
6. Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдау және дайындау: теориялық және эксперименталдық зерттеулердің нәтижелерін жалпы талдау; эксперименттің нәтижелерін теориямен салыстыру және талдау; теориялық модельдерді, зерттеулерді және қорытындыларын дәлдеу; қосымша тәжірибелер, ғылыми және практикалық қорытындыларды шығару; ғылыми техникалық есепті жасау.
7. Шешілген мәселелердің болашағы.Өндіріске енгізу және экономикалық тиімділік: зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу, оның экономикалық тиімділігін есептеу, анықтау; Қойылған мәселенің болашақта тереңірек зерттеу мүмкіндігінің барлығы және болашақта жаңа қондырғылар мен технология жасауға болатындығы.
Достарыңызбен бөлісу: |