Мұнай-газ, МҰнай өҢдеу және мұнай химиясы саласын ұйымдастыруға арналған ұжымдық шарттың типтік формасы


ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР



жүктеу 0,63 Mb.
бет3/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,63 Mb.
#563
1   2   3

10. ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР
(Осы тарауды «Салалық ұйымдардағы жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау туралы» типтік ережеде көзделген ұсыныстарды ескере отырып, Жұмыс берушінің актісімен, № 9 қосымшамен бекітілген ереже негізінде құру керек)

10.1. Әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер ұжымдық шарт жасасқан ұйымның барлық Жұмыскерлеріне төленеді.

10.2. Осы Шарта көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер кәсіподақ комитетінің таңдаулы және штаттық қызметкерлеріне де төленеді және Кәсіподақ қаражаты есебінен бөлінеді.

10.3. Жұмыс берушінің міндеттері:

1) Кәсіподақ комитетімен келісіп, ұйымның материалдық жағдайы ауыр Жұмыскерлеріне: қайғылы оқиға жағдайында, қымбат емдеу шараларын қабылдағанда, операция жасалғанда және басқа жағдайда әлеуметтік қолдау жасау;

2) Жұмыскерге «Мұнай-газ, мұнай өңдеу, мұнай химиясы саласының ұйымдарындағы қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы» Типтік Ережесінде белгіленген деңгейден кем емес көлемде бір жолғы материалдық көмек көрсету:

а) алғаш некеге отырғанда;

б) бала туылғанда.

3) Жұмыскерді төмендегі жағдайларда (орташа еңбекақысын сақтау арқылы) 3 күнге дейінгі мерзімге жұмыстан босату:

а) неке қию (алғаш некеге отырғанда);

б) (қызметкердің ері, әйелі, ата-анасы, балалары) қайтыс болғанда;

в) өрттен, табиғи апаттан және қызметкерге зиян келтірген басқа жағдайлардан зардап шеккен қызметкерлерге;



г) бала туу.

4) Жұмыскерді, кәсіпорыннан зейнетке кеткен зейнеткерлерді жерлеу ұйымдастырылғанда жерлеу қызметтеріне материалдық көмек көрсету.

5) Уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы осы Ұжымдық шартта көзделген тәртіппен жұмысқа жарамсыздық қағазы негізінде төленеді.

10.4. Тараптардың міндеттері:

1) медициналық қорытындылар бойынша санаторлық-курорттық емделуге мұқтаж Жұмыскерлерді есепке алу жүйесін әзірлеу;

2) Жұмыскерлерге, ардагерлерге және олардың отбасы мүшелеріне демалыс үйлеріне, санаторий-профилакторий және санаторлық-курорттық емдеу орындарына жолдама беру;

3) Жұмыскерлердің балаларына жазғы демалыс ұйымдастыру.

10.5. Жұмыс берушінің міндеттері:

1) жүкті әйелдің, (асырап алған) (үш жасқа дейінгі) баласы бар ата-ананың біреуінің өтініші жазбаша бойынша толық емес жұмыс уақытын белгілеу;

2) бастауыш сыныпта оқитын баласыбар әйелдерге 1- қыркүйекте – еңбекақысы сақталмайтын бір демалыс күнін беру.

10.7. Жастар

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңына және ҚР Президентінің 28.08.1999 жылғы Өкімімен бекітілген «2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасына» сәйкес кәсіпорындағы жастар қозғалысын әрі қарай дамыту мақсатында төмендегі бірлескен басым қызмет бағыттары белгіленді:

1) өндірістегі жас жұмысшылар мен мамандарды бекіту;

2) олардың тағылымдамадан өтуін, бейімделуін және кәсіби өсуін қамтамасыз ету;

3) жұмыс істейтін және оқитын жастардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету;

4) жастарды ұйымның өміріне белсенді қатысуға тарту арқылы оларға қолдау жасау;

5) жастарға әлеуметтік, мәдени, рухани және дене тәрбиесін дамыту, өмір жолын таңдау, білім алу, еңбек қызметі, отбасын құру және отбасын нығайтудың барлық кезеңінде қолдау көрсету.

10.7.1. Жұмыс берушінің кәсіподақпен бірлесіп атқаратын міндеттері:

1) бірлескен мәжілістерде жастармен жұмыс істеу мәселелерін қарау;

2) оқу мекемелерімен байланысты қолдау;

3) ұйымның қаржы жағдайын ескере отырып ұжымдық шартта және кадрдың кезекті жылға жұмыс жоспарында көзделген жастармен жұмыс бойынша шаралар өткізуді қаржыландыру.

10.8. Ардагерлер

10.8.1. Тараптар ардагерлерге тұрақты қамқорлық жасауға және Ардагерлер кеңесіне көмек көрсетуге келісті.

10.8.2. Ардагерлер кеңесімен бірлесіп:

1) Жеңіс Күнін мерекелеу бойынша шаралар, жыл сайынғы шығыстар сметасына сай материалдық көмек көрсете отырып қарт адамдарға және мүгедектерге арналған шаралар өткізу;

2) ардагерлердің кәсіпорынның еңбек ұжымымен және басшылығымен кездесулерін өткізу;

3) Ардагерлер кеңесінің ұсынуымен кәсіпорынның ағымдағы қаржы жылындағы бюджеті және кәсіподақ бюджеті шегінде көмекке мұқтаж ардагерлерге материалдық көмек көрсету;

10.8.3. Тараптар мәдени және спорттық-сауықтыру шараларын бірлесіп ұйымдастыруға келісті.

10.9. Жұмыс берушінің міндеттері:

1) мемлекеттік, ұлттық және кәсіби мерекелерге арналған спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық шараларын ұйымдастыруды және қаржыландыруды қамтамасыз ету;

2) Кәсіподақ комитетінің есепшотына тиісті қаржы жылына кәсіпорын бюджетінде бекітілген қаражат көлеміне байланысты спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық шараларын өткізу үшін ақша қаражатын аудару.
11. КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ, ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ
11.1. Жұмыс беруші Жұмыскерлердің өздерінің қызметтік міндеттерін тиімді орындауы үшін және ұйымды дамыту стратегиясына және Жұмыс берушінің актісіне сәйкес міндеттерді шешуі үшін Жұмыскерлердің кәсіптік және басқарушылық саладағы теориялық және практикалық білімдері, біліктері мен дағдыларын жаңартуы және қосымша толықтыруы мақсатында Жұмыскерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру істерін жүзеге асырады.

11.2. Жұмыс беруші жұмыскерлерді ұйымды дамыту және жұмыс істеуі үшін кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру және екінші кәсіпке оқыту ауқымын және қажеттілігін өз бетінше анықтайды.

11.3. Жұмыс берушінің бағыттары бойынша білім беру ұйымдарында жұмыскерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру Жұмыс берушінің қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге қаражат есебінен Оқыту шартына сәйкес жүзеге асырылады.

11.4. Оқу мерзімінде Жұмыскердің жұмыс орны сақталады.


12. КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕПІЛДІКТЕРІ

12.1. Жұмыс беруші және Жұмыс берушінің өкілі - Кәсіподақ өз қарым-қатынастарын Жұмыскерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, жағымды және қауіпсіз қызмет жағдайын құру мақсатында ҚР ЕК, «Кәсіби одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Салалық келісімді және осы Ұжымдық шартты басшылыққа ала отырып құрады.

12.2. Жұмыс берушінің міндеттері:

1) Кәсіподақ мүшелерінің жазбаша келісімімен ай сайын еңбекақы төленген уақытпен бір уақытта «Кәсіподақ туралы» ҚР Заңының 39-бабы 2-т. сәйкес келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірмей Кәсіподақ есепшотына бухгалтерия арқылы мүшелік жарна ұстап қалу және аудару.

2) сайланбалы Кәсіподақ органдарының мүшелері болып табылатын, негізгі жұмыстан босатылмаған Жұмыскерлерді орташа еңбекақысын сақтай отырып мынадай еңбек міндеттерін орындаудан босату:

а) Кәсіподақтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық міндеттерді орындау үшін (айына 6 сағатқа дейін);

б) Кәсіподақ және оның филиалдары шақыратын съезд, конференцияларға, сонымен қатар олардың кеңестерінің құрамына делегат дәрежесінде қатысу үшін;

3) кәсіподақ органдарының сайланбалы қызметіне сайлау нәтижесінде өндірістік жұмыстан босатылған Жұмыскерлерге оларға сайланбалы өкілеттілігі аяқталған соң бұрынғы жұмысын (қызметін) ұсыну, ал ол болмаған жағдайда – екінші тең дәрежедегі жұмысты (қызметті) ұсыну;

4) кәсіпорындар және ұйымдар толық таратылған жағдайды есепке алмағанда, негізгі жұмысынан босатылмаған Кәсіподақ комитеттерінің Төрағаларымен жасалған еңбек шартын Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жоғары тұрған Кәсіподақ органының алдын ала келісімінсіз бұзбау;

5) қосымша төлемдер, үстеме ақылар, коэффициенттер, сыйлықақылар, сыйақылар төлеу тәртібі мен механизмдерін реттейтін Жұмыс берушінің актілерін Кәсіподақ комитетімен келісу;

6) Кәсіподаққа өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті әлеуметтік-еңбек және басқа мәселелер жөніндегі ақпаратты кедергісіз ұсыну;

12.3. Кәсіподақ жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының, еңбек қорғау бойынша ережелердің орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін Кәсіподақ комитетінің уәкілетті өкілдеріне мынадай құқықтар беріледі:

а) жұмыс орындарын тексеру және қарау;

б) Жұмыс берушіден тиісті құжаттар, мәліметтер алу және еңбек қорғау бойынша міндеттемелер мен шаралардың орындалуын тексеру.

12.4. мақсаты Кәсіподақты қандай да бір органға және ұйымға тікелей немесе жанама бағындыру немесе оның құқықтарын шектеу болып табылатын, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарында және кәсіподақ жарғысында (өзге де негізін қалаушы құжаттарда) көзделген құқықтарына кедергі келтіретін кез келген іс-қимылдар жасауға тыйым салынады.

12.5. Жұмыс беруші Кәсіподаққа ______________________ арқылы материалдық жағдай жасайды



(мысалы, автокөлік, кабинет беру, кеңес құралдарымен және т.б. қамтамасыз ету).
13. ЕҢБЕК ДАУЛАРЫ
13.1. Еңбек даулары Қазақстан Республикасының заңдарында, Салалық келісімде және Ұжымдық шартта көзделген тәртіппен қаралады.

13.2. Тараптар мынадай келісім жасады:

1) ұжымдық дау Жұмыс беруші Жұмысккерлердің ҚР еңбек заңдарын қолдану, ҚР ЕК 164-бабына сәйкес ресімделген келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарт, жұмыс беруші актісі талаптарының орындалуы немесе өзгеруі мәселелері бойынша талабы туралы жазбаша хабарлама берген күннен бастап саналады;

2) жұмыскерлер талап еткен талаптарды жұмыс беруші талап келіп түскен күннен бастап 3 күннен кешіктірмей, жұмыс берушілер бірлестігі 6 күннен кешіктірмей қарауға және оларды шешу үшін шара қолдануға, ал белгіленген мерзімде шешу мүмкін болмаған жағдайда туындаған келіспеушіліктерді әрі қарай қарау үшін өз өкілдерін көрсете отырып өз шешімдері мен ұсыныстарын жазбаша түрде жұмыскерлерге жеткізуге міндетті.

13.3. ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі мен процедурасы еңбек заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

13.4. өзара қолайлы шешімге қол жеткізу мақсатында Тараптар «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медиатордың (медиаторлардың) көмегімен ұжымдық дауларды (қақтығыстарды) сотқа дейін реттеу процедурасын қолдануға құқылы.

13.5. Медиация төмендегі қағидаттар негізінде жүргізіледі:

1) еріктілік;

2) Тараптардың теңдігі;

3) медиатордың тәуелсіздігі және әділдігі;

4) медиация процедурасына араласуға жол бермеу;

5) құпиялылық.

Тәуелсіз, әділ, істің аяғына қызығушылығы жоқ, «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына жауап беретін жеке тұлға медиатор бола алады.
Ереуіл

13.6. Егер бітістіретін процедуралар арқылы ұжымдық еңбек дауы шешілмесе, сонымен қатар жұмыс беруші бітістіретін процедуралардан қашқақтаса не ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткізілген келісімді орындамаса, Жұмыскерлер ереуіл өткізу туралы шешім қабылдай алады.

13.7. Ереуіл өткізу туралы шешім Жұмыскерлердің (олардың/Кәсіподақтың) өкілдерінің жиналысында (конференцияларда) қабылданады. Егер онда Жұмыскерлердің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, Жұмыскерлердің жиналысы заңды болып саналады. Жұмыскерлер жиналысының шешімі қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданған болып саналады.

13.8. Ереуіл басталғаны туралы хабарландыру, ереуілді басқаратын органның өкілеттілігі, ұжымдық еңбек дауы тараптарының міндеттері ереуіл барысында ҚР еңбек заңдарының нормаларына сәйкес реттеледі.


14. ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ

14.1. Тараптар бірлескен шешімміен __ адамнан тұратын және оның құрамына әр Тараптың ____өкілі кіретін Шарттың орындалуын бақылау жөніндегі комиссия құрады.

14.2. Комиссияның атқарымдары:

1) Жұмыскердің Ұжымдық шартқа қосылу туралы өтінішін қарау.

2) Шарттың орындалуы туралы жартыжылдық және жылдық есепті даярлау;

3) Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) Тараптардың Шарттың ережелерін бұзуы туралы мәселені қарау және оны жою бойынша шараларды қабылдау.

14.3. Бақылау жүргізу кезінде Тараптар ол үшін өзінде бар қажетті ақпаратты ұсынуға міндетті.

14.4. Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар егер алынған мәліметтер мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын болса, ондай мәліметтерді жарияламауға міндеттенеді.
15. ТАРАПТАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫҢ ОРЫНДАЛМАУЫНА ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

15.1. Тараптарға ұжымдық шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы Ұжымдық шартта көзделген міндеттердің орындалмауына жауаптылық жүктеледі.

15.2. ұжымдық шарт жасау, өзгерту жөніндегі ұжымдық келіссөздерге қатысудан бас тартқан және келісілген ұжымдық шартқа қол қоюдан заңсыз бас тартқан Тараптардың өкілдеріне ҚР заңнамасына сәйкес жауаптылық жүктеледі.

15.3. Ұжымдық шартты бұзған және орындалмауына кінәлі, сонымен қатар шарттың орындалуын бақылау үшін қажетті ақпаратты ұсынбаған тұлғаларға дәлелді себептері болмаған жағдайда ҚР заңнамасына және осы Шартқа сәйкес жауаптылық жүктеледі.

15.4. Жұмыскерлер Ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті төлемдерден басқа, Ұжымдық шартта көзделген әлеуметтік қолдау, ынталандыру және жеңілдіктер шараларын шектеуге құқылы.
16. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

16.1. Осы Шартта реттелмеген қатынастар еңбек заңдарымен және өзге нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

16.2. Осы Ұжымдық шарт __ данада бірдей заң күші бар қазақ және орыс тілдерінде құрылды.

16.3. Осы Шарттың қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып табылады және егер өзгесі Тараптардың келісімен белгіленбесе, Шарттың тұтас қолданылу мерзімінде қолданылады.

Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшалар:

1) Жұмыскердің шартқа қосу туралы _ бет өтінішінің нысаны;

2) Жұмыскерлерге еңбекақы төлеу туралы ереже, __ бет;

3) Жұмыскерлердің еңбек тәртібі ережесі, __ бет.

4) Зиянды және ауыр жұмыс жағдайы үшін қосымша демалыс берілетін кәсіптердің (қызметтердің) тізімі, _ бет;

5) Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша шаралар тізімі, __ бет;

6) Жұмыскерлердің өзіне табысталған мүлікті және басқа құндылықтарды дұрыс сақтамағаны үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылығы туралы шарт жасалатын Жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын қызметтер тізімі, _ бет;

7) Жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы туралы типтік шарты, _ бет;

8) Жұмыскерлерге аттестаттау жүргізу туралы ереже, _ бет;

9) «Жұмыскерлерді және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қоолдау туралы» Жұмыс берушінің Актісі ережесі, __ бет;




Жұмыс берушінің өкілі

(қызметі көрсетіледі)


_____________________ Т.А.Ә.

Жұмыскер

(қол қоюға уәкілетті)


_____________________ Т.А.Ә..

_____________________________________

_________________________________________ арасында жасалған ұжымдық шарттың

1 қосымшасы



(қызметі, Ұйым басшысының Т.А.Ә.)

Көшірмесі Кәсіподаққа __________________________________

(Кәсіподақтың толық атауын көрсету)

__________________________________________

(Т.А.Ә., қызметін, құрылымдық бөлімшесін көрсету)
____________________ арасында жасалған Ұжымдық шартқа қосылу туралы _________________ өтініші
_____________________ арасында жасалған Ұжымдық шартқа менің ________________қосылуым туралы мәселені қарауды сұраймын (бұдан әрі – Ұжымдық шарт).

Ұжымдық шарттың және оның қосымшаларының талаптарымен толық таныстым және одан шығатын құқықтар мен міндеттемелерді толық ауқымда қабылдауға даярмын.


______________________________ (Т.А.Ә., қызметі, датасы)

_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

2 қосымшасы


Еңбекақы төлеу туралы ереже

_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

3 қосымшасы


Еңбек тәртібі ережесі
_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

4 қосымшасы



Зиянды және ауыр жұмыс жағдайы үшін қосымша демалыс берілетін кәсіптердің (қызметтердің) тізімі


РРеттік нөмірі

Бөлімше атауы

Кәсіп (қызмет) атауы

Қосымша демалыс күндерінің саны






































_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

5 қосымшасы



Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау бойынша шаралар тізімі

_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

6 қосымшасы



Жұмыскерлердің өзіне табысталған мүлікті және басқа құндылықтарды дұрыс сақтамағаны үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылығы туралы шарт жасалатын Жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын қызметтер тізімі


Реттік нөмірі

Участок/ бөлімше

Кәсіп (қызмет) атауы






























_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

7 қосымшасы



Жұмыскердің толық материалдық жауаптылығы туралы типтік шарт
___________________ тиесілі, басшысы ______________________________(қызметі, Т.А.Ә.), материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, бұдан әрі «Жұмыскер» деп аталатын ___________________ екінші тараптан, төмендегілер туралы осы шартты жасасты:

:

1. Өзіне тапсырылған ______________________________________ құндылықтардың өндіріс барысында ______________________________________________________тікелей қолданылуына байланысты



(сақтау, өңдеу, сату (жөнелту), тасымалдау)
_____________________________________________________________________________

қызметін атқаратын

(қызмет атауы)

немесе __________________________________________________________________ жұмыстарын орындайтын Жұмыскер

(жұмыс атауы)

өзіне тапсырылған материалдық құндылықтардың (қосымшаға сай) сақталуына жауаптылық алады және айтылғандарға байланысты мыналарға міндеттенеді:

– сақтау үшін немесе басқа мақсатта өзіне тапсырылған материалдық құндылықтарды күтіп ұстау және оларға зақым келтірмеу үшін шара қолдану;

– Жұмыс берушіге өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге қауіп төндіретін жағдайлар туралы уақытылы хабарлау;

– есепке алу, белгіленген тәртіппен тауарлық-ақшалай және ақша қозғалысы және өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтар туралы басқа да есептерді құру және ұсыну;

– өзіне тапсырылған материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу.


2. Жұмыс беруші міндеттенеді:

– Жұмыскерге қалыпты жұмыс істеу үшін және өзіне тапсырылған материалдық құндылықтарды толық сақтауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасау;

– Жұмыскерді Қазақстан Республикасының Жұмыскердің ұйымға келтірген зияны үшін материалдық жауаптылығы туралы қолданыстағы заңнамасымен, сонымен қатар Жұмыскерге табысталған материалдық құндылықтарды өндіріс процесінде сақтау, қабылдау, өңдеу, сату (өткізу), тасымалдау немесе қолдануды регламенттейтін қолданыстағы ішкі құжаттармен таныстыру;

– белгіленген тәртіппен материалдық құндылықтарды түгендеу.

3. Жұмыскердің кінәсінен оған тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген жағдайда, ұйымға келтірілген зиян көлемі Жұмыскердің қатысуымен анықталады. Зиян көлемін анықтау кезінде бухгалтерлік есеп деректері негізінде нақты шығын бойынша тікелей шығын ескеріледі.

4. Жұмыскер материалдық жауаптылыққа мына талаптардың барлығы бір уақытта болғанда тартылады:

a) еңбек қызметтерін орындау барысында ұйымға келтірілген зиян;

б) әрекетінің заңсыздығы (Жұмыскердің әрекеті немесе әрекетсіздігі);

в) Жұмыскердің заңсыз әрекетімен ЕТҰ туындаған зиян арасындағы байланыс;

г) Жұмыскердің келтірілген зиянға кінәсі.

4. Жұмыскер зиянды ерікті өтеуге құқылы, ұйым келтірілген зиянды қайтарып алу үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

6. Шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

7. Осы шарт Жұмыскер атқаратын қызметтің барлық жұмыстағы уақытына қолданылады. Жұмыскер басқа жұмысқа ауысқан кезде немесе еңбек шарты бұзылған кезде ол өзіне тапсырылған материалдық құндылықтарды тапсыру-қабылдап алу актісі бойынша ұйым басшылығы көрсеткен тұлғаға тапсыруы тиіс. Жұмыскермен қорытынды есеп айырысу басқа тұлғаға өзінің қарамағындағы материалдық құндылықтарды есеп беру арқылы тапсыратын, көрсетілген тапсыру-қабылдап алу актісін жұмыскер тапсырған соң және оны ұйым бекіткен соң жүргізіледі.

8. Осы Шарттың барлық қосымшалары, өзгерістері және толықтырулары егер оларды Тараптар жазбаша нысанда құрса және қол қойса ғана өз күшінде және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

9. Осы Шарт әр тарапқа екі-екіден берілетін бірдей заң күші бар төрт данада орыс және қазақ тілдерінде құрылған және еңбек шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Жұмыс беруші Жұмыскер

_________________________ Т.А.Ә.:__________________________

_________________________ ________________________________

_________________________ Мекенжайы: ____________________

__________________________________

Жеке куәлігі

№_______ берілген__________________

ҚР_______________________________

ИИН: _____________________________

_______________________ _______________________

қолы қолы

_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

8 қосымшасы




Жұмыскерлерге аттестаттау жүргізу тәртібі туралы ереже


Реттік нөмірі

Участок/ бөлімше атауы

Кәсіп (қызмет) атауы

Аттестаттау мерзімі





































_____________________________________

арасында жасалған Ұжымдық шарттың

9 қосымшасы



«Жұмыскерлерді және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қоолдау туралы»

Жұмыс берушінің актісі


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау